Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:47, курсовая работа
Бүгінгі күнде турист туристік шара (қүбылыс) өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта оған үсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бүл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Турист өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны (туристік аймақ) үсынған қызмет болып саналады. Қызметтер жинағы көрсетілетін аймақ, нақты белгіленіп қоршалуы міндетті емес.
Кіріспе з
I тарау. Аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері
1.1 Аймақтық туризмнің дүниежүзілік
жағдайы 9
1.2 Аймақтық туризмнің қазақстандық
жағдайы..................................................................................................................................................17
II тарау. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
Аймақтық туризм дамуындағы туристік ресурстар....................................................................25
Аймақтық туризмді экономикалық талдау...................................................................................31
III тарау. Аймақтық туризмді дамытудың экономикалық
ерекшеліктері
Аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы.......................................................40
Аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы.........................................................................47
Қорытынды...........................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................59
Қосымшалар.........................................
Шөл зонасы Қазақстан аймағында 40 пайызын алып жатыр. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінің Маңқыстау түбегін үстіртті, солтүстік Арал маңын, батпақ даланы, Сырдария ойпатын Қызықлқүм мен Мойынқүм массивтерін, солтүстік және оңтүстік балқаш маңын қамтыған шөл Іленің, Алакөлдің, Зайсанның тауаралық жазықтықтарына енген. Вегетациялық кезең 200 күнге созылған. Мүнда қоңыр топырақты астық түқымдастар өскен сораңды жусанды шөлдер орналасқан. Барсалды төбешікте қүмдары да дамыған. Альвеселді топырақтарында тоғай типтес өсімдіктер өседі. Ландшафт қүрылымында көбінесе шөл адырлар, тақырлар, сусымалы грунттар, түзды көлдер кездеседі. Қазақстанда тасты, қүмды, сазды, қиыршық тасты, сазды көлдер қалыптасқан. Туристерге арнайы қиыншылықтар көруге байланысты шөлді жерлерде көшіп-қону элементтерімен байланысты турлар үйымдастырылса, көп жетістіктерге жетуге болады. Мүндай жерлерде туристік койфарийлер үйымдастыруға болады. Енді Қазақстан Республикасының туристік рекресациялық алғышарттарының нысаны ретінде туристер көп баратын көрнекті аймақтарға тоқталамыз. Қазақстанға келетін туристердің көп барып жүрген табиғи көрнекті жерлерінің бірі - Түрген шатқалы, Іле Алатауы. Үлттық паркінде табиғаттың керемет жері - Түрген шатқалы (Алматыдан 90 км қашықтықта) орналасқан. Шатқалда ыстық су көздері, форель питомнигі, сарқырамалар және көптеген ормандар бар. Қылқан және аралас жапырақты орманға альпілік және супальпілік көгалдарға, көлдер мен бақтарға, дәрілік өсімдіктер мен жидектерге тола аймақ. Ассы үстірттікке дейін 44 шақырымға тереңдеп кіреді. Ежелден хан қақпасы арқылы Европадан шығысқа, Қытай мен Үндістанға қарай көш өтетін кең аңғар шығысқа қарай 600 шақырымға созылып жатыр. (Нарын пансиондарына немесе Көксай көлдеріневелосипедпен баруға болады.) Түрген шатқалы сарқырамалары мен танымал. Олардың саны жетеуге жуық. Ағалы сарқырамасы 30 метрлік биіктігі мен жэне аспалы жартастар мен жасыл шыршалар арасында орналоасуымен көз тартады. Ал Бозгүн сарқырамасы тастан жол тесіп, шыққан суының қатты тасқынымен белгілі. Шатқалдағы жартастар жер сілкінісінің салдарынан жарылған және оларда мүз дәуіріне дейінгі өсімдіктердің қалдықтары сақталған. Шатқал сирек кездесетін Чин-түрген мүмктік шыршалар өсімдіктерімен әйгілі олар жерге жамылғы түрінде өсіп, түтас шырша кілемін түзеді.
Шатқалдағы ең әйгілі жер — Ботан орманшылар станциясының Қырғыш өзені тоғысқан жерде, Түрген шатқалының тереңдігі 920 метр. Ассы өзенінің бойында ежелгі қорғандар мен тас бетіндегі суреттер кездеседі. Шатқалда біздің эрамызға дейінгі 500 жыл, б.э. 300 жыл көрсетілген ежелгі сақтар мен үйсіндердің зираттары көптеп кездеседі. Шатқалда "Синегорье" демалыс үйы теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте. Минушенко шатқалында жоғарырақта кішігірімс тау көлдері бар. Онда суға түсуге және балық аулауға болады (қаладан 70 шақырым).
Солтүстіктегі "Інжу-маржан" деп аталатын Көксай көлдерін атайды. Биік таулы үш көл күнгей Алатау жотасының тармағында орналасқан. Бұл жер жаяу жүруге немесе тауға велосипедпен саяхаттау үшін таптырмайтын ойпаң. Ең жақын елді мекен Саты ауылы (Алматыдан 370 шақырым). Бірінші көл 1818м биіктікте 1 шақырымға созылып жатыр. Оған бар ойын шөп салынған, маңында қонақ үиі орналасқан. Ортаншы Көлсай көлі (1232) ең үлкені және әдемісі ол бірінші көлден 3 шақырым жерде орналасқан. Жоғары Көл сай 4 шақырым қашықтықта және 6000 метр биіктікте орналасқан.
Шарын Каньоны - адам дем алатын экзотикалық орындарының бірі. Жер бедері жоқ, сумен шайылған және мүжілген формалары адамды құймақтан жасалған керемет бейнелер - бекіністер аңғары жалжауыздар шатқалы" сияқты ертегілер әлеміне жетелейді.
Қазақстан табиғи көрнекі аймақтарымен қоса Мәдениет пен өнермен ерекше айқындалады. Қазақстан жер өсіндегі бейнелеу өнерінің бастау тегі жартас суреттерімен, тас мүсіндерімен байланысып жатыр, таңбалы тастар ежелгі кезден дамып келе жатқан елдің тарихы іспетті. Толыға шатқалы табылған 2000-ге жуық суреттерден күнбасты құдайлар, таңбаларынан бастап тасқа қашалған. Будда мүсінін де көруге болады. Бұл суреттерден Азиялық көріністердің суреттерін үлкен ғажайып бейнедегі жан-жануардың мүсіндерін, сәндік қолданбалы өнердің түрлерін түсінбеген кезеңдер де болды. Сақтардың сәулетшілік шеберліктердің біздің жыл санауымызға дейінгі ескерткіштерге қарап бағалауға болады.
Жеті-Асар, Шірік-Рабат, Бағыш-Молла мазарлары сияқты ғимараттардың салынудағы талғам-тәсілдер Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс сәулет өнерінің дамуына ықпал еткен. Өкінішке орай осы күнге жеткен кешенді тарихи жерлердің жағдайы нашар күйде. Бұлар үлкен капиталды рестоврациялық шараларды қажет етеді.
Орта ғасырдың ең әйгілі қалалары: Испиджаб, Отырар, Тараз, Қолан, Суяб, Мерке, Баласағұн, Яссы, Түркістан және тағы басқа. Аймақтық туризмді дамыту бағдарламасы "Отырар қаласын жаңғыртып, үлкен туристік орынға айналдыру" мәселесін шешуде туристердің ең қызығатын обьектілерінің бірі мәдени көрнекі аймақтар болып табылады. Өзіндік ерекшелігі бар қазақтардың өмір салты, ол - көшпенділік өмірімен байланыстылығы аймақтық туризмді дамытудың ерекшелігі. Туристердің көпшілігі танымдық мақсаттарда келетінін ескере отырып, қазақи әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді дамыту басымдығына ие аймақтарға мән беруіміз керек.
Сонымен қатар Қазақстанның тарихи көрнекі аймақтары дені Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің негізі трассасындағы обьектілер болып табылады. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Тараз - ортағасырлық сәулет өнерінің әйгілі ескерткіштері (Тараз қаласындағы Айша бибі, Қарахан, Бабаджа Хатун мазары, Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кешені, Жетісуда (Алматы облысы) айрықша скиф қорғандары бар ежелгі тарихи және мәдениет аймағы. Әлемдік ғарышқа саяхат потенциалы бар Байқоңыр ғарыш аймағы орналасқан [15].
Қазіргі кезеңде қоғамның реприациялау қажеттілігінің үнемі өсуі (дем алу және денсаулықты қалпына келтіру. Сондай-ақ, туризмді аймақтық экономиканың реприациялау) ресурстарды пайдалана алатын дербес саласына айналдыру реприациялауға арналған анағұрлым перспективалық ресурстарды реприациялау жетістіктерді бағалау негізінде неғұрлым дәл бірдейлендіруді талап етеді. Әлеуметті реприациялық ресурстарды пайдалану бүгінде табиғи ортаға және ресурстардың өзінің жай-күйіне әсер етудің елеулі факторына айналуы, бұл олардың сақтануы мен ұтымды пайдаланылуының қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.
Аймақтық туристік ресурстарды тиімді пайдаланудың аса маңызды шарты табиғи ортаға экологиялық әсерлерді азайту болып табылады. Бұл аймақтардың табиғи (табиғи кешендер және олардың құрауыштары бедер, климат, өсімдіктер және басқалар) әрі социогенді (мәдени-тарихи ескерткіштер) сәулет обьектілері және басқалар) сипаттағы рекреациялық әлеуметіне, оның жай-күйіне кешенді бағалау жүргізу қандай мақсаттта пайдалану перспективаларын (курорттық санаторийлер, сауықтыру, экскурсиялық, туристік, спорттық) және маңызын (аймақтық, ұлттық, жергілікті) анықтау керек.
Рекреакциялық ресурстардың ірі шоғырланған базасында рекреакциялық шаруашылыққа маманданған аймақтарды қалыптастыруды қажет етеді. Маңызды аймақтық туристік рекреакциялық ресурстар үшін аумақтардың экологиялық сыйымдылығына негізделген табиғи ландшафтарға рұқсат етілген рекреакциялық жүктемелер (маусымына, адам, гектар) әзірлеу одан асып түсуі табиғи кешендердің деструкциясына байланысты. Сонымен аймақтық туризмді дамытудың алғы шарттары ретінде талдау рекреакциялық мамандану үшін мынадай аймақтар перспективалық болып табылатындығын көрсетеді:
Осындай туристік аймақтардың тиімді ұстанымдануын және кеңістіктің дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенділікті ынталандырудың жалпы экономикалық шараларын іске асырумен қатар мемлекеттің күш-жігерін мынандай нақты міндеттерді шешуге шоғырландыру қажет.
Бірінші міндет - аймақтық туризмнің аса маңызды факторы ретінде аймақтық туристік ресурстардың әлеуетін ұтымды пайдалану.
Екінші міндет - елдің жеке аймақтың бәсекеге қабілетті аймақтық туризмнің экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған бизнесті тиімді аймақтық экономикалық ұйымдастыруды құру керек.
Үшінші міндет - аймақтық экономикалық өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қамтамасыз ететін толыққанды аймақтық туризм инфрақұрылымын қалыптастыру және адами капиталды сапалы дамытуды қолдау
Қазіргі кезде аймақтық туризмді дамытудың әлеуетті ресурстары Қазақстанның үлкен сомада капиталды қажет етеді. Түрлі мақсатта дамытуға болатын аймақ туризм ресурстарын пайдалануда кейбір олқылықтар кететіндігіне шүбэміз жоқ. Сол себепті 2006 жылдың шілденің 7-де Қазақстан Республикасының заңы: "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы" заң қабылданды. Бұндай перспектива рекреакциялық туристік аймақтарға инвестиция тартуда жағымсыз мәселелер туындауы мүмкін. Яғни мұндай мәселелер қоршаған ортаны мөлшерден тыс пайдаланудың әсерінен пайда болады. Сондықтанда біз туризмді құрайтын элеметтерді мемлекттік деңгейде сақтауға мәжбүрміз.
2.2. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы КСРО-ны халық шарпуашылығы кешенінің шеңберінде айқындалды. Және орталықтандырылған директивті жоспарлау негіщінде жүзеге асырылды. Жалпы Кеңестік кезеңнің өзінде қалыптасқан елдің экономикалық әлеуетін орналастыру экономика құрылымының бұзылуы ішкі экономикалық кеңістіктің сақталып отырған құлдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретінде дамыту орнықтылығының қазіргі заманға қажетті талаптарына жауап бермейді.
Қазақстанның бүкіл әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруі Қазақстанның әлемдік және аймақтық еңбек бөлінісінде тар мамандануымен негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алыстығымен тежеліп отыр. Бұл тұтастай елдің де және оның жекелеген аймақтарының да сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететін көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының дамымауымен тереңдей түседі [17].
Аймақтық туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды. Және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етті. Осы заманғы әлемдік экономикада аймақтық туристік сала аса жанды және перспективалы салалардың бірі. Кейбір мемлекеттерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1,5 пайызды құрайды. Жалпы аймақтық туристік нарығы әлі де қалыптасу үстінде. Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында болғанымен дүниежүзілік туристік ұйым анықтамасы бойынша ең алдымен туристі қабылдайтын елдер және турист жіберетін елдер болып екі сипатқа бөлінеді. Ал еліміз бұл жіктеу бойынша туристерді жіберетін елдер сапында. Барлық аймақтық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да еліміз туристік сала, елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді. Аймақтағы туризм дамуын талдай келе Қазақстанда соңғы үш жылда Ақтөбе облысының белгілі туристік имиджі қалыптасты.
3.2.Аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы
Әлемде соңғы жылдары кластерге деген ықылас құрт өсіп кетті. Германия АКДІ, Жапония тәрізді дамыған елдерде және Латын Америкасының, Азияның, Африканың дамушы елдерінде кластердің әкелетін пайдасының көптеген мысалдары бар.
Кластер негізінен «кластер» байлам, блок, бума деген ұғымдарды білдіреді. Компьютер жадындағы ақпарат осылайша реттелсе, экономика саласында да табысты бәсекеге түсуші фирмалар тап сондай құрылым түзей алады, сол арқылы салалық, ұлттық, әлемдік нарықта өздерінің бәсекелік ұстанымдарын қамтамасыз етеді. Экономикалық әдебиеттерде кластер баламалық секторлық тәсіл ретінде көрінетін және технологиялық тізбекпен байланысты мамандандырылған жеткізушілердің, негізгі өндірушілер мен тұтынушылардың аумақтық шоғырлану жүйесіндегі қалыптасқан кешен ретінде айқындалады
Кластер үшін жеке меншіктің болуы, монополиясыз бәсекелестік, еркін баға қою принципі ақша қаражатының тұрақтылығы, экономикалық дербестік және кәсіпкерлердің жауапкершілігі болуы керек. Ол біртұтас интеграциялық механизм ретінде өндірістің іркілісін төмендетеді, бір бірін қайталауды болдырмайды. Фирмалар жекеленген түрден гөрі бірге болған кезде әлдеқайда бәсекеге төтеп бере алады, ал мұның өзі кластер құрудың алғышарты болып табылады.
Соңғы онжылдықта әлеуметтік-экономикалық дамудың кластерлік тұжырымдамасы әлемдік экономикада көш бастаушы болуда және елдердің де жекеленген аумақтарында да бәсекелестігінің көтерілуін айқындап береді. Бұл орайда әзірге аздау көрінген қазақстандық тәжірибе кластерлерді болашақта қалыптастыру да және жаһандық бәсекелестік күшейген жағдайда өндірістің дәстүрлі нысандары мен оның мүмкімдіктерімен салыстырғанда олардың артықшылықтары бар екендігіне көз жеткіземіз.
Әлемдік қауымдастықта кластерлік философияны ұғыну тез қаркын алуда, ал кластердің өздері экономикалық дамудың ұлттық және аймақтық жоспарларының маңызды құрамдас бөлігіне айналуда.
Бәсекелестік нарығында белсенді ойыншы болу үшін өзге белсенді компаниялармен ынтымақтасуға ерекше мән бере білу керек, құрылымдық желісінде жұмыс істеуге әзір тұру қажет, онда желінің әрбір қатысушысы бір бірін толықтырады, бұл орайда олар өзінің қосылған құнының үлесін құрайды. Соңғы 20 жыл ішінде бәсекелестік қысымының күшейгені соншалық, бірле бір өндірістік коммерциялық компания өзінің келешекте жұмыс ұтымды жұмыс істей алатындығына толықтай сене алмайды.
Мұндай жағдайда төтеп беру мен бәсекелестікке қабілеттіліктің ұтымды нұсқасы инновациялық өнеркәсіптік кластер болып табылады. Әр алуан әлеуметтік экономикалық жүйелері бар елдердің экономистері өздерінде кластердің қалыптасып дамып және өркендей түсуде екендігін айтады. Кластерлер жыл санап аймақтық немесе муниципальды экономиканы дамытудың негізгі қозғаушы күші ретінде тұрақты әрі қуатты идентификацияланады. Кластерлер көптеген жағдайда құрылымдық кемшіліктері бар жекеленген аймақтардың экономикасы үшін тиімді түрде қарастырылады. Кластрлеудің тәжірибесі оларды ұтымды және қазіргі заманғы қаржылық және ғылыми теориялық қолдау қызметінің аймақтық бағыттарының, саяси бәсекелестіктің, кәсіпкерлік ортаның дамуының, иновациялық инвестициялық және әлеуметтік саясаттың кең ауқымды жиынтығының белсенділігін арттыруға түрткі болады. Кластерлер әлемдегі барлық елдердің әрине өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің саясатын қалыптастыру мен экономикасының өсуіне маңызды рол атқарады. Кластерлік құрылымның көмегімен артта қалған аймақтардың шаруашылығын дамытып немесе тоқырап қалған аймақтардың экономикасын дамытуға жаңа қарқын беруді қамтамасыз ету мүмкіндігін туындайды. Кластерлік бастамалар өтпелі экономикасы бар елдерде ерекше түрмен көрінеді. Сонымен бір мезгілде бұл елдердің басым бөлігі өздерінің негізгі күштерін макроэкономикалық құқықтық, әлеуметтік және саяси проблемаларды шешуге шоғырланады,олардың неғұрлым озық түрлері реформа жүргізудің қиын қыстау сәтінде жағдайды нақты және айтарлықтай жақсарту үшін қоғамның микроэкономикалық негіздерін жетілдірудің маңызды жобаларын экономиканы қайта құрудағы өздерінің бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндіктеріне ие болады.