Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 13:13, курсовая работа

Описание работы

Квалиметрия обьектілері «сапа» деген түсінікті қолдануға болатын кез келген обьекті болып табылады. Обьектілер туралы түсінікте мына жағдайды есте ұстау керек. Өнеркәсіптік өнімдердің обьектілерінде қолданылатын көптеген ережелері мен әдістері ауылшаруашылық өнімдерінің обьектілерінде де пайдаланылады.

Содержание

Аннотация...............................................................................................................
Нормативті сілтемелер..........................................................................................
Кіріспе......................................................................................................................
Негізгі бөлім
1.Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері..........
2.Өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі терминдер................................................................................................................
3.Квалиметриялық шкалалар................................................................................
4.Сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы.................
5.Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы............................................
6.Өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі......................................................................................................................
7.Салмақтылық коэффициентін анықтау............................................................
8.Сапа деңгейін бағалау........................................................................................
9.Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы..............................................................
Қорытынды............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Работа содержит 1 файл

Курс. Квалиметрия.docx

— 313.40 Кб (Скачать)

Сонымен бірге, осы модельге белгілі бір  өнім түрінің нақты сапа қасиетінің көрсеткіштерінің мәнін қою жалпы  сапаның абстрактілі моделінен  нақты бар өнім түрінің белгілі  бір сапа моделіне өтуге мүмкіндік  береді.

Сонымен, қазіргі уақытта әртүрлі еңбек  өнімдеріне іс жүзінде кең қолданылатын зерттеу қызметінің саласы қалыптасуда. Бұл саланың математикалық, физиологиялық  және әлеуметтік сипатты өзінің спецификалық зерттеу объектісі (сапаны бағалаудың жалпы принциптері мен әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәні (адам еңбегі өнімдерінің қасиеттерінің  жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық  аппараты, өзінің спецификалық мәселелері бар.

Бұл жүйенің басқа ғылыми пәндерден  айырмашылығы оның атауын білдіретін терминнің жоқытығы болған.

Қойылған  мәселені шешу үшін жаңа ғылыми терминдердің пайда болу оңайлығы және жеңілдігі  тұрғысынан ежелгі грек және латын  тілдері жарамды болды. Сонымен  бірге, термин салааралық ғылымды білдіруі тиістігін ескере көптеген мамандарға түсінікті болғаны дұрыс. Бұл  оны құру кезінде ғылым және техника  саласында әдетте қолданылатын ежелгі грек және латын тілдерінің тамырын  алу керектігін білдіреді.

Аталған талаптарды ескере, ғылымның бұл саласын  «квалиметрия» деп атау ұсынылды, латын тілінің «квали» (qualitas –  сапа, қасиет, сипаттама және qualis –  қандай сапада) және ежелгі грек тілінің  «метрео» - өлшеу сөздерінен алынды.

«Метрео»  түбірі халықаралық ғылыми лексиконда жаппай қолданылатын болды. «Квали»  түбіріне қатысты орыс тілінде туынды сөздер (квалификация, квалифицировать  және т.б.) жасалды және көптеген әлем елдерінде «сапа» мағынасын білдіреді. Мысалы, ағылшынша – quаlity («кволити»), испанша – cualidad («квадидад:»), французша  – quаlitе («калите»), итальянша – quаlitа («квалита»), голландша – kwaliteit («квалитайт»), немісше – quаlitаt («квалитет»).

Сонымен, «квалиметрия» термині өте ыңғайлы: локальді және «сапаны өлшеу» түсінігің  мазмұнын толық сипаттайды; әртүрлі  тілде сөйлейтін адамдар үшін құрамдас бөліктері түсінікті; термин сипаттамасы кез келген туынды сөздерді жасауға мүмкіндік береді: мысалы, квалиметриямен айналысатын ғалым, зерттеуші – квалиметролог, сапаны өлшеу тұрғысынан бір пәнді зерттеуге  тәсіл – квалиметриялық тәсіл  және т.б. Термин логикалық байланысты түсініктер мен терминдер жүйесінің  құрамдас бөлігі – мысалы, сапа туралы ғылым – квалиномия; сапаны өлшеу  және бағалаумен айналысатын байланысты пән – квалиметрия. (бұл жерде  басқа ғылымдармен ұқсастық бар: экономика – эконометрия; биология – биометрия; психология – психометрия).

3.Квалиметрияның  негізгі ережелері

Квалитология  және квалиметрия

Квалитология  – сапа туралы ғылым. Квалитология құрылымында мынадай бір-бірімен  өзара байланысты және өзара әрекеттесетін  құрылымдық бөлімдерді атауға болады:

  • сапа теориясы, сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән;
  • сапаны басқару теориясы – бұл сапаны қамтамасыз ету және басқару ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеумен айналысатын ғылым саласы;
  • квалиметрия – сапаны сандық бағалау әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы;
  • метрология – сапаны өлшеу әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы.

Квалиметрия ғылым ретінде өлшеу және бағалау  құралдары мен әдістерінің ортақтық дәрежесімен ерекшеленетін өзара  байланысты теория жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай теорияларға мыналар жатады:

  • жалпы квалиметрия;
  • арнайы квалиметрия;
  • пәндік квалиметрия;

жалпы квалиметрия – жалпы теориялық  мәселелерді қарастырады: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен  әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар және ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (сонымен қатар ранжирлеу, салмақтылық).

Арнайы  квалиметрияда – бағалау модельдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі  мен сенімділігі қарастырылады: эксперттік квалиметрия, ықтималдық-статистикалық  квалиметрия, индекстік квалиметрия, квалиметриялық таксономия, әдетте иерархиялық  құрылымды болатын күрделі-бағдарланған объектілерді жіктеу және жүйелеу теориясы.

Пәндік  квалиметрия – бағалау пәні бойынша. Өнім және техника квалиметриясы, еңбек  және қызмет квалиметриясы, шешімдер және жобалар квалиметриясы, процестер  квалиметриясы, субъективті квалиметрия, сұраныс квалиметриясы, ақпарат  квалиметриясы және басқалар.

Квалиметрияны жетілдіру оның пәні және мазмұны  туралы әртүрлі көзқарастардың нәтижесінен  болды, олардың басты ерекшеліктеріне  мыналар жатады:

  • бағалаудың сандық әдістері теориясы туралы ғана квалиметрия туралы көзқарас;
  • квалиметрия пәнін объект сапасын өлшеу және бағалау саласына дейін тарылту, еңбек өнімдері болып табылады немесе кешенді сапа көрсеткіштерін мәселесіне дейін тарылту;
  • квалиметрия пәнін кеңейту, оны сандық – өлшенбейтін объектілерге тарату;
  • экономикадан тыс бағалау әдістеріне квалиметрия пәнінде акцент.

Бұл кезде квалиметрия пәніне көзқарастар  эволюциясы орын алады. Әлеуметтік, педагогикалық, географиялық және басқада бағыттар пайда болды.

Квалиметрияның  құрылымдығы, динамикалылығы, анықтылығы және біртұтастығы өзара әрекеттесі механизмімен қамтамасыз етіледі: жалпы  квалиметрия арнайы квалиметрияны  қолданылатын бағалау әдістері мен  модельдерінің ерекшелігін ескеріп  ауыстырады, ал соңғысы пәндік квалиметрияда  көрініс береді. Сонымен бірге, жалпы  квалиметрия, арнайы квалиметрия және пәндік квалиметрия өзара байланысы  жалпы ерекше және бірегей динамикасын  сипаттайды.

Ғылым ретінде квалиметрияның мыныдай  статустарын атауға болады:

  • экономикалық;
  • технико-экономикалық;
  • жалпы ғылымдық;
  • жүйелік.

Экономикалық  статус тұтынушылық құны және құнының  сапа категориясының өзара әрекеттесу политэкономикалық мазмұнымен негізделген. Экономикалық статус позициясынан квалиметрия  объектілер және процестер құратын  экономикалық қасиеттерді теориялық  өлшеу, эконометрия әдістерін қамтиды. Квалиметрияның технико-экономикалық статусы нәтижелік-шығындық тиімділік  өлшемдерінде, технико-экономикалық көрсеткіштерде, технико-экономикалық деңгейлерде  және т.б. сипатталатын объектілем мен  процестердің экономикалық және техникалық қасиеттерін кешенді бағалауға бағытталғандығын сипаттайды.

Жалпы ғылымдық статус сапа категориясының философия-әдістемелік және жалпы  ғылымлық функцияларымен анықталады және пәндік квалиметрияның (өнім, техника, еңбек және т.б.) көпшілігін қалыптастырумен  расталады.

Квалиметрияның  жүйелік статусы оны жүйелі теория ретінде анықтайды. Бұл сапа категориясы  құрылымдылық, динамикалық, анықтылық, тәртіптілік – жүйенің барлық негізгі белгілеріне иелігімен  байланысты. Сонымен, мұнда бағалауға  да, талдауға да, басқаруға да жүйелік  тәсілдеме болуы мүмкін.

Сапаны  сандық бағалау маркетингтік зерттеуден өндірістен алу туралы шешім қабылдауға дейін өнімнің тіршілік циклының барлық кезеңдерінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажет. Сапа квалиметриясы  бәсекегеқабілеттілікті анықтауға, сапа және баға байланысын орнатуға, өндіріс  процестерінің сапасына талдау жүргізуге, өнімді жетілдіру және шығындарды азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, процестер, жобалар  және шешімдер сапасына квалиметриялық әдістер мен тәсілдерді тарату сапаны басқарудың барлық салаларында көп  критериялы шешімдердің жақсы нұсқаларын таңдаудың қызмет ететін аппаратын  жасайды.

                               Квалиметрияның қолдану саласы

Басында квалиметрия өнім сапасын өлшеу  және бағалау туралы ғылым ретінде  анықталды. Бұл түсінікті жағдай, себебі, халықшарушылық өнімдері сапасының  мәселесі – маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі уақытта квалиметрия қайда қолданылады? Оның қолдану саласы кеңейді ме?

ХХ  ғ. екінші жартысында техникалық ғылымдарға ғана емес, гуманитарлық ғылымдарға да қатысты негізгі ғылыми категориялар алғашында қалыптасса, кейін сандық сипат (квантификация) алып жатыр.

Қазіргі уақытта сапаны кешенді сандық бағалау  адам әрекетінің әртүрлі салаларына көптеп ендіріліп жатыр. Отандық  және шетелдік ғылыми-техникалық, ғылыми-атақты және де қоғамдық-саяси әдебиеттерде еңбек өнімдері болып табылмайтын  әртүрлі түрдегі объектілердің  сапасын кешенді бағалау және әртүрлі процестердің жүру сапасын  бағалау мәселелері қарастырылуда.

Қазіргі кезде бар сапаны бағалау әдістері (олардағы бағалау объектілерінің әртүрлілігіне  қарамастан) ішкі бірегейлігімен сипатталады. Бұл осы әдістердің квалиметрияның негізгі принциптеріне негізделетіндігімен  түсінідіріледі. Сондықтан, теориялық  квалиметрия тұрғысынан, осы әдістер  біртекті және олар бір алгоритммен  сипатталуы мүмкін.

Сонымен, былай айтуға болады:

  • сапаны кешенді сандық бағалау әдістері тек еңбек өнімдерінің бастапқы қолдану саласынан артта қалатын барлық жаңа салаларды қамтиды;
  • олардың негізделетін әдістер мен прициптердің алгоритмі теориялық квалиметрияда қабылданғандардан айырмашылығы жоқ;
  • осы әдістердің көпшілігінің қолдану саласы, мысалы мамандардың сапасын бағалау өте маңызды.

Сондықтан, халықшарушылығының әртүрлі салаларында  сапаны бағалау мәселесімен айналысатын  зерттеушілер жұмысында бір бағыт  туралы мәселені қоюға болады, бұл  мұндай зерттеулердің ғылыми деңгейінің жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар, квалиметрия саласының кеңеюі ғылыми базаны еңбек өнімдері болып табылмайтын  әртүрлі процестер мен заттардың  сапасын бағалау бойынша мәселелерді  шешу әдістерінің кешеніне алып келуі  мүмкін, бұл үлкен халықшаруашылық  мәнге ие.

Қазіргі уақытта квалиметрияәртүрлі өнім түрлерінің сапасын бағалау әдістерін ғана емес және өнім болып табылмайтын  заттардың, сонымен қатар әртүрлі  процестердің сапасын бағалау әдістерін  біріктіре бастады деп айтуға негіз бар.

Квалиметрияда екі термин қолданылады - өлшеу және бағалау. Егер метрологияда өлшеу бағалаудың жеке түрі ретінде қарастырылса, квалиметрияда  олар екі тәуелсіз түсінікті сипаттайды. Квалиметрияда сандық бағалау деп  қарастырылатын өнім сапа көрсеткішін  эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткішіне қатысты (көбінше пайызбен сипатталады) функция ретінде қарастырылады.

Қандай  бағалауларды квалиметрия қолданады? Кешенді бағалаулар үлкен роль атқарады, яғни өнім қасиетінің жиынтығына қатысты  өнім сапа көрсеткіштерін бағалау. Кешенді  бағалаудың маңыздылығы және зерттеушілердің  оған назар аударуы, квалиметрия  бір тәсілмен есептеу нәтижесінде  алынған кешенді өлшемсіз бағалауларды ғана  қолданады деген көзқарастың  тарауына алып келді. Бұл квалиметрияның саласын тарылтады, себебі квалиметрия  саласынан сапаны бағалаудың дифференциалдық  әдісін (яғни сапа қасиетінің жеке, бірлік көрсеткіштері) алып тастайды. Квалиметрия  атауының өзі оның аппараты әртүрлі  тәсілмен алынған кез келген өлшемдегі  барлық бағалау түрі болып табылатындығын көрсетеді.

Дифференциалдық бағалау квалиметрияның құралы ғана болып табылмайды, онсыз кешенді  бағалау мүмкін емес. Іс жүзінде, кешенді  әдістер негізделетін жеке көрсеткіштерді бағалау дифференциалды бағалау  болып табылады.

Квалиметрияның  міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және жетілдіру. Сапаны кешенді бағалау барлық жағдайда қажет емес. Кейбір жағдайларда сапа қасиетінің бірін дифференциалды бағалау (мысалы, екі үлгінің жақсысын таңдау мақсатымен оларды салыстыру кезінде  бір үлгінің басқа барлық қасиеттері келесі өнімнің сәйкес қасиеттеріне тең болады) жеткілікті болады.

                            Квалиметрияның принциптері

Квалиметрияның принциптері  өмірде бар объектілердің сапасын  маңызы бойынша анықтау,олардың  маңызды қасеттерін тану. Квалиметрияда  тану теориясы гносеологияға жататын  әр түрлі комплексті әдістермен бірге  методологиясы болып табылады. Квалиметрия зертеудің барлық мүмкін объекттердің қолданбалы сапаны тану теориясы болып табылады.

Квалиметрияда кез-келген ғылыми дисциплина сияқты төмендегідей құралды құрайтын өзінің методологиялық прнинциптері бар:

  1. Өнім сапасын бағалу үшін анықталатын көрсеткіштерді таңдау тұтынушылар жағында болады. Сапаның сандық бағасы ереже бойынша өнім қасиетін сипаттайтын мүмкін көрсеткіштер бойынша іске асады. Өнімдер тұтыну сферасы үшін құрылады,сондықтан квалиметрияда тұтыну қасетінің көрсеткіштерін жоғары бағалумен ерекшеленеді.
  2. Квалиметрияға адамдардың шаруашылық қызметіндегі тәжірибеде әртүрлі объектерді зерттеудің квалификационды және сандық сапа бағаларын,қоғамдық пайдалы әдістер беруге тиіс. Өнімнің сапа бағалары қатынасындағы мәселелері өнімді тұтынушылар мен өндірушілердің әр түрлі қызығушылықтың болуынан тұрады. Өндіруші сапалы өнімдерді жиі шығара алмайды,ал оны аса жоғары бағаға сатуға тырысады. Тұтынушы сапалы өнімнің арзан бағада болғанына қызығады.Сондықтан өнім сапасындағы сәйкес әдістер әр түрлі болуы мүмкін. Квалиметрия тапсырмасы осындай әдістерді тұтынушылар мен өндірушілер қызығушылығын жалпы қызығушылықты өнімдерді сапасын бағалау әдістерін және қабылдауларды өңдеу.
  3. Бұл принципті келесідегідей пішіндеуге болады: өнімнің сапасының квалиметриялық бағасын толық сапа қасиетін анықтайтын көрсеткіштер мәнін базалық емес салыстыру үшін эталонның болмауынан алу мүмкін емес.

Информация о работе Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару