Маталарды алу технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:09, курсовая работа

Описание работы

Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Маталарды алу технологиясы..................................................................
6
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар...............................................
6
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................
8
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................
12
2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................
14
2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................
14
2.2 Маталарды өңдеу...................................................................................
16
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю ..................................................
25
Қорытынды...................................................................................................
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
34

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 815.50 Кб (Скачать)

 

Маркілеу – матаға тоқыма өнеркәсібінің маркасын таңбалау. Маталарды маркілегенде бояумен таңбалайды, немесе ярлык не этикет (таңба қағаз) желімдейді не тігеді. Матаның әр кесегінде үш таңба болуға тиіс. Матаның бір жақ шетінде метрмен алынған кесектің ұзындығын көрсететін таңба болуға тиіс; екінші басына екі тақта қойылады – бірінде фабрика аты және ОТК бақылаушысының нөмірі, екіншісінде матаның сорты болады. Егер кесекте матаның бірнеше бөлігі болса, онда әрқайсысына бөлек таңба салады.

Жинастыру – әр кесекті қаптама матамен немесе қағазбен орау.

Буып-түю – жұмсақ, жартылай қатты және қатты болып бөлінеді. Жұмсақ орағанда матаның бірнеше кесегін қаптама матамен орап тігеді. Жартылай қатты орағанда қаптайтын матаның сыртынан ағаш таяқшалар салып сыммен буады. Қатты орау – ағаш жәшіктерге салу. Әдетте түкті маталарды (бобриктер, «Велюр», «Ратин» драптарын т. б.) осылай орайды.

 

Қорытынды

 

 

Жалпы Қазақстанда  жүн иіріп, одан мата, киім тоқу ежелгі дәуірден дамыған. Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, мата, мақта жатады. Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салалар орналасу принціптеріне байланысты ел аумағында әркелкі таралған. Жеңіл өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі. Қазақстан экономикасында тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 2008 жылғы мәлімет бойынша 1,5% өскен. Жеңіл өнеркәсіп негізінен халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығарады. Мақтадан әртүрлі маталар шығарады. Матаны бояу, оған әртүрлі суреттер түсіру кәсіпорынның арнайы мамандануын қажет етеді. Мақтаны тазарту мен жүн жуу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналасады. Өндірістік жолмен тоқылған алғашқы жүн мата 1910 жылы құрылған Қарғалы шұға фабрикасында шығарылады. Онда 1913 жылы 110 мың метр шұға мата өндірілген. Одан кейінгі жылдары Семей шұға мата комбинаты, Қостанай костюмдік мата комбинаты, Семей мәуіті иіру фабрикасы, т. б. ірі өндіріс орындары салынды. Қазақстанда 1975 жылы 40 млн. метр жүн мата тоқылды. 1991 жылы жүн мата өндіру 31098 мың шаршы метрге жетсе, 2000 жылы жүн мата өндіру 259 мың шаршы метр болды [10].

2011 жылдың аяғына  қарай мақта өнімдері 50%-ға қымбаттады. Ал осы жылы сарапшылар мақта  бағасы соңғы 15 жылдағы шарықтау  шегіне жетуі мүмкін деп есептейді.  Мақта бағасы 2010 жылдың шілде  айында бірден қымбаттай бастады. Содан бері Чикаго тауар биржасындағы баға 2,5 есеге өсті. Яғни мақтаның бір тоннасы 1,5 мың доллардан 4,5 мың долларға дейін қымбаттады. Сарапшылар әлемдік нарықтағы мақта бағасы 2009 жылы 28%-ға, 2010 жылы 64%-ға қымбаттағандығын атап өтті. Әлем бойынша шикізат тапшылығы оның құнын шарықтатып жіберді. Тек қана бір аптада мақта саудасы 63%-ға артты, бұл жайында АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлап отыр.

Дағдарыс кезінде  Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіпорындар өндіріс ауқымын екі есеге  дейін қысқартты. 2007 жылы 38 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, 2009 жылы аталған көрсеткіш 20,5 млрд теңгемен шектелген. Белсенді жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың да саны азайды. Қазіргі уақытта мұндай компаниялар саны 500-ді құрап отыр [10].

Ал қазіргі таңда тоқыма-тігін саласы ел экономикасының бір %ына да жетпейді. Аталған саланы дамытуды Үкімет «Оңтүстік» әлеуметтік корпорациясына тапсырды. Дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіптің бұл тармағы экономиканың негізгі табыс көзі болып отыр. Мәселен, АҚШ, Италия, Германияда тоқыма-тігін саласы жалпы ішкі өнімінің - 8-12%, Қытайда – 13%, Түркия мен Португалияда 20%-ын құраған.

Таяуда Алматыда өткен  тоқыма-тігін саласын дамытуға арналған жиынға қатысушылар саланы дамыту үшін арнайы резолюция қабылдады. Осыған дейін де Үкімет жеңіл өнеркәсіпті дамытуға арналған көптеген құжаттар қабылдағаны көпшілікке мәлім. Бұл жолғы резолюция солардың заңды жалғасы. Құжат елімізде бәсекеге қабілетті өнеркәсіп ошақтарын құруды көздеген. Базарда көздің жауын алатын киім-кешектің көпшілігі Қытай, Түркиядан тасымалданады. Соңғы уақытта бұл екі елдің қатарына іргеміздегі Қырғызстан мен Өзбекстан қосылды. Орталық Азия аумағында көшбасшы мемлекет болуды мақсат тұтқан Қазақстан үшін тоқыма-тігін саласының кенжелеп қалуы көпшілікті түрлі ойға жетелейтіні ақиқат. Біздің бұлайша ой сабақтауымыздың өзіндік себебі бар. Жалпы алғанда, Қазақстанда тігін-тоқыма саласын дамытуға арналған алғышарттар жеткілікті. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан аумағында тоқыма-тігін саласына қажетті мақта жақсы өседі. Бұдан бөлек малдан алынатын жүн мен тері де жеткілікті. Еліміздің тоқыма-тігін саласын дамытуға арналған мүмкіндігі шектеулі болса, біз бұл тақырыпта әңгіме өрбітпес едік. Бұдан шығатын қорытынды тоқыма-тігін, тері өңдеу саласын жандандыру үшін Қазақстанда қажетті шикізат та, маман да жеткілікті [12].

Елбасының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата кластерін дамыту қолға алынғаны белгілі. Қазір оңтүстікте жылына 455 мың тонна мақта жиналады. Оның 80% сыртқа экспортталуда. Қалған бөлігі «Меланж», «Ютекс», Nimex Textile, Қазақстан-Ресей біріккен тоқыма-тігін кәсіпорнында өңделеді. 2006 жылы Қазақ-Ресей біріккен кәсіпорны 15 млн шаршы метр мата шығарған. Ал Nimex Textile компаниясы болса, жылына 12 мың тонна мақтаны өз кәделеріне жаратып келеді. «Меланж» кәсіпорны 2,5 мың тонна мақта өңдеп, қазіргі таңда 234 адамды жұмыспен қамтып отыр [1]. Отандық кәсіпорындар өндірген өнімін Түркия мен Ресейге экспорттап келеді. Өткен жылы тоқыма-тігін өнеркәсібі өндірілген өнімінің 0,4%-ын құрады. Салыстырмалы түрде айта кетсек, Ресейде бұл көрсеткіш – 1%. Шыны керек, еліміздегі тоқыма-тігін саласы жыл өткен сайын алға жылжып келеді. Өзімізде тігілген киім-кешектерді тұтыну көрсеткіші үстіміздегі жылы 10%-ға жеткенін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы Н.Сарыбаев мәлім етті. Бұл – отандық өндірушілер үшін үлкен қуаныш. Мамандар еліміздегі тоқыма-тігін саласының дамымай жатқанына заманауи технологиялардың жоқтығы және сапалы бұйымдар шығарудың жолға қойылмағаны кедергі келтіріп отырғанын алға тартып отыр. Шындығында да, аталмыш саланы жаңа инновациялық жобалар арқылы дамытатын кез келді. Қазір Үкімет еліміздегі өнеркәсібі пен өндіріс ошақтарына жаңа технологияларды еңгізуді мықтап қолға алып жатыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2003-2015 жылғы өнеркәсіпті-инновациялық даму стратегиясы туралы» жарлығы № 1096 17 мамыр 2003ж.
  2. Технология медноаммиачного волокна. / Под ред. А.Б. Пашкевера. – Москва, 1941 – 345с.
  3. Кукин Г.Н., Соловьёв А.Н. Текстильное материаловедение. – Исходные текстильные материалы, Москва, 1985г.
  4. Технология производства химических волокон. – Москва, 1965г.
  5. Характеристика химических волокон. – Справочник: Москва, 1966г.
  6. Роговин З. А., Основы химии и технологии производства химических волокон. – издание, т.1-2, 1964г.
  7. Книга для чтения по органической химии. Пособие для учащихся. № М., “Просвещение”, 1975г.
  8. Ермилова В.В., Ермилова Д.Ю. Моделирование и художественное оформление одежды. – М.: Академия, 2000.
  9. Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильных изделий. – Москва: Легкая и пищевая промышленность, 1981.
  10. Платов Ю.Т., Исаев С.М. Цвет, мотив, выбор. – Владивосток: Издательство Дальневосточного университета, 1990.

10. Интернет беттері: www.topreferat.kz, www.nur.kz

  1. Горина Г.С. Моделирование формы одежды. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981.
  2. Мальцева Е. П. Тігін өндірісінің материалтануы: қазақша аудармасы. Алматы: Ана тілі, 1992 - 256 бет.
  3. Кудимова Л.Н. Проектирование и моделирование коллекций одежды. Учебное пособие. - Л.: ЛВХПУ им. В. И. Мухиной, 1983.
  4. Пармон Ф.М., Бадеева М.О. Художественное моделирование промышленных образцов: Учебное пособие. – М.: Легпромбытиздат, 1986.
  5. Пармон Ф.М. Композиция костюма. Одежда, обувь, аксессуары. – М.: Легпромбытиздат, 1997.
  6. Черемных А.И. Основы художественного конструирования женской одежды. – Москва: Легкая и пищевая промышленность, 1983.
  7. Нешатаев А.А., Гусейнов Г.М., Савватеева Г.Г. Художественное проектирование трикотажных полотен. – М.: Легпромбытиздат, 1987.
  8. Насекин Н.А. «Хлопковое волокно, его добывание и свойства». – Москва, 1993г.
  9. ЦИТП «Основные свойства хлопкового волокна и методы их определения». – Москва, 1933г.
  10. «Хлопковое волокн, его классификация, технология, ислледование свойства и пороки». Сборник статей под редакцией Кондрашева С.К. – Москва, 1927г.
  11. Ф.Х.Садыкова, Д.М.Садыкова, Н.И.Кудряшова «Текстильное материаловедение и основы текстильных производств». – Москва, 1989г.

Информация о работе Маталарды алу технологиясы