Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:09, курсовая работа
Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.
Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Маталарды алу технологиясы..................................................................
6
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар...............................................
6
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................
8
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................
12
2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................
14
2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................
14
2.2 Маталарды өңдеу...................................................................................
16
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю ..................................................
25
Қорытынды...................................................................................................
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
34
Қарапайым ширатумен: осал есілген жібек-арқау аламыз, қатты есілген жібек-муслин және өте қатты есілген жібек-креп алынады. Күрделі ширатудан жібектің негізі жасалынады.
Химиялық қарапайым жіптерді есу арқылы жайдақ ширатылған жасанды және синтетикалық құрама жіптер, қатты ширатылған (муслин), өте қатты ширатылған (креп), сәнді (түйінді, шиыршықталған т. б.), ерек-ше ширатылған (мооскрептер, текстураланған) жіптер алуға болады. Мооскрептер мен текстураланған жіптер матанын мамықтығын арттырып, көлемді көрсетеді, жылу сақтау қасиетін жаксартады [13].
Мооскреп – күрделі ширатылған жібек өзектік (негізгі) және оның сыртын орайтын қума жіптен тұрады. Өзектік жіп ретінде вискозды крепті, ал қума жіп ретінде ширатылмаған вискозаны (вискозды мооскреп) немесе ацетатты (ацетатты мооскреп) жібекті пайдаланады.
Текстураланған жіптер химиялық талшықтардан алынады, қосымша өңдеудің салдарынан құрамы өзгерген. Олардың ширатпасы тұрақты, үлпілдек, жұмсақ, серпімді.
Созылу дәрежесіне қарай текстураланған құрама жіптер үш түрге бөлінеді: қатты созылатын (100%, одан да жоғары), жақсы созылатын (100%-ке дейін) және әдеттегідей созылатын (30%-ке дейін).
Қатты созылатын жіптердің (эластик, акон, комэлан) құрамындағы барлық талшықтардың ширатпалы келеді. Созылымды жіптердін созылуы 400%-ке дейін жетеді, серпімділігі де жоғары.
Эластик (созылымды) жіптер – термопластикті полиамид талшықтарын ширатпасын жылумен ұстап қальш ескеннен шығатын өнім. Кейін қарай таратқанда жіптердің арасы ажырайды да, иірілген жібіміз көлемді болып көрінеді [18].
Акон – екі мәрте ширатылған, капрон және ацетат жіптерінен тұратын қатты созылатын жіп. Қомэлан – ҚОМЭ машинасында жасалатын капрон мен құрама ацетат жіптерінен тұратын қатты созылатын жіп. Машинаның ерекшелігі – онда майысқан белдік түрінде айналмалы механизм бар.
Майысқан белдікке жанасканнан соң жіп ширатыла бастайды. Жіпті қыздыру арқылы оның бұралаңын сол күйінде сақтап қалуға болады.
Жақсы созылатын жіптер (мэрон, мэлан, рилон, гофрон) сырттық, спорттық және іш киімдік тоқыма бүйымдарға, маталарға, тігін жіптеріне (гофрон) жүмсалады. Мэрон (құрама капрон жіптерден) және мэлан (лавсан жіптерден) жіптерін бір процесті жалған ширату әдісімен және одан соң автоклавада тиянақтау нәтижесінде аламыз.
Пластинканың қызған жиегімен капронды созу әдісін пайдаланып рилон алынады. Гофрон жіптерін ал« ғанда беті тегіс күрама капрон жіп арнайы роликтер мен иректелген тақтаньщ ортасынан етіп толқынданады да, қызған түтікті камера арқылы өтіп ол өз кейпін сақтап қалады [14].
Әдеттегідей созылатын жіп (аэрон) – текстурланған жіптердің арасындағы ең тығызы; құрама капрон жіптерге қысыммен ауа ағының бағыттағанда олардың бетінде ілмектер пайда болады. Бұл ілмектер қолға жүн жіптері сияқты сезіледі. Маталар, трикотаждар және жасанды мех өндіргенде кең қолданылады.
Текстураланған құрама жіп (трикон, такон) әртүрлі текстураланған жіптерді ширатылмаған құрама жіптермен қосып ширатқаннан алынады. Трикон капрон – эластик пен триацетат, ал такон – капрон мен ацетат жіптерімен түрады [17].
Дара жіптер синтетикалық талшықтардан алынады. Көбіне көлденең қимасы дөңгелек кейде жалпақ не кескінделген болуы мүмкін. Дара жіптің жуандығы оның қаттылығына, серпімділігіне және пайдаланылуына байланысты. Оның ең жіңішкелерін желімдік жіп ретінде және блузалық, көйлектік маталарға, трикотажға қолданады.
Стандартта көрсетілген иірілген жіп пен жіптердің қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістігі жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен жіптердің сызықтық тығыздығы текспен сипатталады.
Иірілген жіптің жуандығы текс жүйесінде 1000 м жіпке келетін грамм өлшеміндегі массаньң шамасымен анықталады. Текстің сандық мазмұны неғұрлым жоғары болса, жіп те солғұрлым жуан. Штапельді мақта және шеткелі иірілген аралас жіптің сызықтық тығыздығы 12-85 текс, биязы жүннен иірілген тарақты жіптің (бір қабаты да, араласы да) сызықтық тығыздығы 16-41 текс, қылшық және жартылай қылшық жүннен иірілген тарақты жіптін, сызықтық тығыздығы 28-85 текс, зығырдан иірілген жіптін, сызықтық тығыздығы – 18-300 текс [9].
Аппаратты иірілген жіптің сызыктық тығыздығы – мақтанікі – 85-250 текс, биязы жүндікі – 125-670 текс. Текс пен метрикалық номерді анықтау үшін иірілген жіпті таразыда немесе квадрант деп аталатын арнайы аспапта өлшейміз.
Квадранттар салмақтық және номерлік болып бөлінеді. Рычагтің ілгегіне жүз метрлік пасманы ілгенімізде рычагтың екінші басындағы стрелка тиісті массаны не номерді көрсетеді.
Жіптердің диаметрін жуандық өлшегіш немесе сызықтық тығыздық бойынша есептеу арқылы анықтауға болады. Иірілген жіптің ширатпасы оның 1 м ұзьндығына келетін сұралу санымен сипатталады. Ширатпаның өсуіне байланысты иірілген жіп тегіс, мықты, серпімді болады. Ары қарай жіптің мықтылығы артпай кемісе, оны ширатудың шегі дейді.
Ширатылған мөлшерді анықтау үшін иірілген жіптің үлгісін арнайы аспапта ширатпа өлшеуіште тарқатады. Ширатпа өлшеуіште иірілген жіптің үлгісін бекітуге арналған екі қысқаш, тарқатқан кезде жіптің ұзаруын көрсететін тартылу күшін өлшегіш , жіптің тарқатылуын қарауға арналған лупа және айналу санын есептегіш бар. Қысқаштың біреуі қозғалмайды, екіншісі, айналатыны, есептегішпен жалғанған. Мақта штапель жіптерінің басқа талшықтардың барлық түрінен жасалған құрама, бұралған иірме, сонымен бірге жалаң иірілген жіптердің ширатпасын анықтау үшін талшықтардың параллель түсуіне дейін тарқату әдісі қолданылады [17].
2-сурет. Әмбебап ширатпа өлшегіш УК-2
Жіптерді оң және сол ширату бар. Егер тарқату оң қолмен өзіңнен сыртқа қарай жүргізілсе оң ширату дейді. Оң ширату Z латынның әрпімен, ал сол ширату S латынның әрпімен белгіленеді [11].
Иірілген жіп пен жіптерді, талшықтарды көргендегі мықтылық мөлшері оларды үзуге жеткілікті ең аз салмақпен сипатталады. Үзу салмағы жіп улгісін үзу машинасында көру арқылы анықталады. Бұл жағдайда үзу салмағын ұзындығы 100 м бір тал жіп үшін де, бүкіл ширатылған жіп үшін де анықтауға иірілген жіптің созылғыштығы динамометрде жіптің үзілердегі мықтылығымен қоса анықталады.
Созылғыштық жіптің үзілер кездегі ұзаруымен сипатталады және талшықтың құрамына, жуандығына және иірілген жіптің – ширатылымына байланысты. Тегіс еместік – иірілген жіп пен жіптердің жуандығыньң, ширатылуының, мықтылығының және ұзаруының бірдей еместігі. Иірілген жіптің тегіс еместігін лабораториядағы эталондармен (үлгілермен) қатар қойып салыстыру арқылы немесе олардың тиісті аспаптардағы бірнеше керсеткішін өлшеп сонан соң формула бойынша тегіс еместік процентін есептеу арқылы анықталды [17]. Таза талшықтан иірілген жіп пен құрама жібек жіптерге қарағанда химиялық және штапельдік талшықтардан жасалған жіптер қасиеті жағынан біркелкі.
Иірілген жіптер мен жіптердің ақауының негізгі себебі төменгі сапалы және қоқым шикізаттан, механизмдердің бұзылуы мен машиналардың күтімінің жоқтығынан [3]. Қоқым жіп – шала тазаланған шикізаттан дайындалған жіп. Қоқым мақтадан иірілген жіпте тұқымньң қабы, жапырақтардың немесе қауыздың қалдығы, қоқым жүннен иірілген жіп те – ошаған қалдығы, ал зығыр жіпте оталшықтың қоқымдары болады.
Майлы және кір жіптер талшықтарға машина майыньң тамуынан және түрлі былғаныш заттардың қосылуынан болады. Иірілген жіптер мен маталарды қайнатқанда кірі кетеді, бірақ майлы дақтар қалып қояды.
Басылған және кедір-бұдыр жіптер – иірілген жіптерде жуан немесе жіңішке жерлердің кездесуінен болады. Мұндай ақау – лента мен ровницаны бірқалыпты тартпаудың салдарынан болады. Кентектер – талшықтарды жеткілікті ширатпаудан жіпте пайда болған жуан жерлер.
Сызықтық тығыздығы жағынан бірқалыпты емес жіптің шығуы бір немесе әр түрлі собықтардың жіптерінде қалындықтың әжептәуір ауытқуынан болады.
Түйін – иірілген жіпке түбіттін оралып кетуінен пайда болатын жуан жерлер. Жуан жіп – ровница үзіліп, ұшы жанындағымен бірігіп кеткенде пайда болады. Жібек шикізатының негізгі ақаулары мынандай: Түйін жіптің қысқа кесіндісінде кездесетін жуанданған жері; Қатпарлар жіптің ұзын кесіндісінде кездесетін жуан, тығыз жерлері, қылкан – желімі ұстамай ұшы сыртқа шығып тұрған жібек жіп.
Шатасу – кокон жіптерін бірқалыпта тартпаудын салдарынан бір немесе бірнеше жіп ортадағы жіпке оралып қалады. Жасанды жіптердің негізгі ақаулары мынадай: вискоза жіптерінің біртегіс жақсы жылтырамауы. Ол – жіп түзілген тұндырма ваннада бос қышқыл мөлшерінің артықшылығынан болады; Жіп ерітіндісінің лас және біртектілігінен туатын әр түстілік; Түктілік – үзіліп, жіптің сыртына шығып тұрған жәй жіптердің ұшы ол – жіп ерітіндісін ауа түйіршіктерінен жақсы тазартпағандықтан және оның жөнді тұтқыр болмауынан; бұйралылық – жіптің қысқа кесіндісіндегі толқынды иілу.
Иірілген жіп пен жіптердің ақауы маталар мен тігін бұйымдарының сапасын төмендетіп, сырт көрінісін бұзады. Ақау жіптен жасалған мата да ақаулы болып шығады. Қоқым жіптен жасалған мата теңбілді болады. Жуандығы түрлі жіптерден жасалған мата жолақты болады. Жіптің ақауы матаны бояғанда анық байқалады. Майлы жіптер бояу алмайды [9].
2 Маталарды өндiру технологиясы
2.1 Тоқыма өндірісі
Мата – жіптер жүйесін өзара көлденең–тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз дейді. Матаға көлденең түсетін жіптерді арқаулық жүйе немесе арқау дейді. Негіз бен арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі [11].
Негізгі тоқыма өндірісіне дайындау үшін мынандай операциялар жүргізіледі: жіпті қайта түсіру (орау), арқау шыбыққа орау, шлихта жасау, ремиз бен бердоға теру. Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қайта түсіру жіп түсіретін машинада істеледі, ол иірілген жіптің ақауын түзетін, ұзындығын арттыру үшін жасалады.
Сновка – иірілген жіпті көптеген бобиналардан бір арқау шыбық білтікке немесе тоқыма ұршыққа қайта түсіру. Жіптердің керекті саны алынады да, олардың ұшы тоқыма ұршыққа бекітіліп, бір-біріне қатарласа оралады. Бұдан негіз шығады. Жұқа жібек маталарды жасау үшін негізге 9000-ға дейін және одан да көп қатарланған жіптер кетеді.
Шлихталау – яғни негізге желім жүргізу – негізгі жіптің мықтылығын, иілгіштігін, тегістігін арттыру үшін негізді белгілі бір құраммен (шлихта) сіңіреді, себебі негіз тоқыма станогында қатты керіледі, ремизге, бердоға және өзі де өзіне үйкеледі [13].
Шлихтаның құрамына ұн, крахмал, глицерин т. б. кіреді. Қазіргі кезде шлихтадағы тағам өнімдерін полиакриламид, натрий силикозы сияқты химиялық заттармен алмастырады.
Негізді ремиз бен бердоға теру қолмен жүргізіледі. Ремизка дегеніміз екі таяқша ортасында негіздің жіптерін өткізетін тесіктері бар галевтер орналасқан. Мата шығарғанда ремизкалар саны әрқалай болады, ол тоқыма өрнегіне байланысты. Тиісті тоқыма өрнегіне сәйкес алдымен ремизге содан соң бердоға өтеді.
Бердо – екі жағы тұйық жалпақ пластинкалардан жасалған металл тарақ. Сонымен қатар негізді әр жібі ламельдің тесігіне киіледі. Ламель жіп үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады.
Арқауды дайындау – иірілген жіп пен жіптерді собықтан, орамадан немесе бобинадан арнайы арқаулық ағаш шпульге түсіру [18].
Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы. Ұршықтан келетін негіз скалоны айналып етіп ламель, ремизкалардың галевтерінің тесіктері, батанға бекітілген бердо тістерінің арасымен өтеді. Дайын мата станоктың алдыңғы бел темірін (грудица) айналып өтіп товар реттеуіштін көмегімен товар білігіне оралады. Негіз үнемі керілген күйде тұрады. Шыт, бөз, полотно сияқты маталарға керек қарапайым тоқыма өрнектерін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп, екіншісіне барлық тақ жіптері өткізіледі. Егер тоқыма станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі бір ремизка төмен түссе, негіздің барлық жіптері жылжиды да шөлнек өтетін тоқығыш саңылау тудырады.
Тоқыма өрнектерін жасаған кезде ремизкалар саңылау тудыратын эксцентрикті механизмнің көмегімен көтеріліп түседі. Механизмге басқыш және эксцентрик кіреді. Иінді білік бастаушы арқылы батан мен оған бекітілген бердті қозғалысқа келтіреді. Ортасында арқаулық шпулі бар шелнек қуғыштың ұрғанынан саңылауға сүңгіп кетіп арқау жіпті өткізеді. Батанның тербелмелі қозғалысы бердтің көмегімен арқау жіпті матаның жиегіне қарай нықтайды. Сонан соң ремиз өз жағдайын өзгертеді де, саңылау қайта пайда болады. Шөлнек қайтадан жүріп тағы бір жаңа арқау жіпті өткізіп, батанның тербелмелі қозғалысы осылай қайталана береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата товар білігіне орала береді [18].
Товарлы реттеуіш жылжытып тұратын матаның қозғалу жылдамдығына оның тығыздығы байланысты: жылдамдық ұлғайған сайын матаның тығыздығы кемиді.
Эксцентрикті станоктарда тек полотнолық маталар шығарылады. Майда тоқыма өрнектерді алу үшін ремиз көтеретін кареталары бар станоктар пайдаланылады [20]. Үлкен өрнекті тоқыма маталар беттік (жаккардты) машиналары бар станоктарда шығарылады. Түкті маталарды шығару үшін арнайы түкті тоқыма станоктары пайдаланылады.
Тоқыма құрал-саймандардың негізгі дені автоматты тоқыма станоктары, олар шөлнектегі шпульді арқау жібі біткенде немесе үзілгенде автоматты түрде ауыстыратын механизммен жабдықталған.
Соңғы жылдары арқауыньң шағын габаритті металл төсемі бар СТБ станоктары мен шөлнексіз станоктар көп шығарылып, кең пайдалануда: пневматикалық, гидравликалық, рапирлі және пневморапирлі. Шөлнекті тоқыма станоктарына қарағанда шөлнексіз станоктардың шуы аз, жіпті аз үзеді, өнімділігі жоғары.