Маталарды алу технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:09, курсовая работа

Описание работы

Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Маталарды алу технологиясы..................................................................
6
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар...............................................
6
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................
8
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................
12
2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................
14
2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................
14
2.2 Маталарды өңдеу...................................................................................
16
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю ..................................................
25
Қорытынды...................................................................................................
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
34

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 815.50 Кб (Скачать)

Біздің елде шығарылатын шөлнексіз тоқыма станоктарының негізгі типтері – шөлнексіз пневморапирлі станоктар. Пневморапирлі станоктің тоқыма саңылауына оң жақтан, сол жақтан бір мезглде екі қатты түтік – рапирлер кіргізіледі. Олар батанның ортасында кездесіп саңылау жасайды, ал одан арнайы механизммен дәл өлшенген арқау жібі өткізіледі. Содан кейін рапирлер саңылаудан шығып кетеді, арқау жіп оң жақ жиекте кесіледі де бердпен матаның шетіне нықталады.

 Шөлнексіз станоктардан шыққан маталардың екі жағында жалпақтығы 1 см-дей шашағы болады. Чехословакияда шығарылатын шөлнексіз гидравликалық тоқыма станоктарында арқау жіптері тамшы сумен еткізіледі [10].

Тоқыма өндірісінің ақауы. Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарында тоқыма ақауларьньң болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз болуына әкеп соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырысады.

Ақаулы маталарға төмендегілер жатады: жуықтама – негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі; өткінші аралық – арқаудың бір немесе қатарына екі жібінің жетіспеуі; негіздің шала өңделгені – негіз кейбір жерлерде матанын бетінде жатыр, арқаумен айқаспаған; сүңгіме – арқау жіп кейбір жерлерде матанын бетінде жатыр, негізбен айқаспаған; кем тоқылғаны – арқау жағынан сирек жерлер; жаншыма арқау жағынан тығыз жерлер; бірқалыпты ұрылмаған –  недосека мен забоинаның алмасуы; қосарлы жұп – негізгі екі жіп бір жіптей айқаскан; арқаудың ыдырауы – арқаудағы қысқа жуан жерлер, ол – арқау жібі бумасымен собықтан түсіп кетіп, сол бетімен тоқылған жағдайда болады, арқаулық ілмектер, ілмек ширатылмалар – арқау жіп әлсіз тартылғанда болады; жіптің түйіні –  арқаумен дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен бо-лады; жыртығы, ойығы, тіліндісі – тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсінен болған көлемі әрқалай тесіктер; былғану мен май дақтары – матаға немқурайды қарағандықтан және тоқыма станогін шылқылдата майлағандықтан болады; түрлі арқау – ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ; тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) – суреттің кейбір жерлерде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі [7].

Тігін бұйымдарының сортын анықтағанда тоқыма ақауын есептеу матаның талшықтың құрамы мен бұйымның қандай мақсатқа жұмсалатындығына байланысты жүргізіледі.

 

 

 

2.2 Маталарды  өңдеу 

 

 

Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп) дайын мата алу үшін жүргізілген физико-химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны өңдеу деп атайды [2].

Матаны өңдеудің мақсаты – олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай товарлық түр беру. Өндеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық құрамын ескереді. Мысалы, есімдік талшықтарынан жасалған маталарға өндеу жүргізгенде кышқыл қолдану керек болса ерітінді концентрациясы мен өңдеу уақытын мұқият қадағалау қажет, себебі матаның мықтылығы кеміп немесе бүлініп кетуі мүмкін.

Өңдеу операцияларының жүйелілігі әр матаға тағайындалған технологиялық желіге байланысты. Өңдеу процесінде кейбір операциялардың қайталануы да мүмкін. Мысалы, кейбір калың барқыт түкті драп артикульдерін алу үшін түктеу мен қырқу бірнеше рет қайталанады. Таза аппақ зығыр матасын алу үшін қайнату мен ағарту кезекпен 4 рет қайталанады.

Жұмсау мақсатына байланысты маталар арнайы өңдеуден өтеді. Мысалы, плащтық және шинельдік маталар су сіндірмейтін заттармен өңделеді, шатырлық маталар – шірітпейтін заттармен өңделеді, ал сәндік маталар металданудан өтеді, және т. б. [15].

Химиялық талшықтардың кең қолданылуына байланысты талшықтар мен жіптердің әрқалай отыруына негізделген өңдеудің бірнеше процестері бар. Соңғы жылдары өңдеу өндірісінде пайдаланылатын тамақ өнімдерін (крахмал, ұн және т. б.) химиялық заттармен алмастыру жүріп жатыр. Жоғарғы өнімді толассыз жүйелер орнатылуда: маталарды бұраулы күйінде ағартатын толассыз жүйелер, бояйтын бес аспап жүйелер, жазылып-жайылған маталарды үздіксіз ағартып отыратын агрегаттар, қыртыстанбайтын, отырғызбайтын өңдеу жүйелері және т. б.

Құрал-жабдықтарды жетілдіру, ағынды жүйелерді орнату, механикаландыру мен автоматтандыруды кен түрде енгізу, химиялық өнеркәсіптің соңғы жетістіктерін пайдалану – өңдеу өндірісінде еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мақта маталарын өңдеу. Өңдеу өндірісіне түскен өңделмеген мақта маталары жарамдылығына қарай бөлініп, тазалығына және ақау санына карай ағартуға, бояуға немесе сурет басуға жіберіледі [12].

Өндірістің жоспарына сәйкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір артикулдегі маталарды бірнеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады. Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) салады да өңдеудің барлық операциясынан өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді. Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу, шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту,  мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа сурет салу және соңғы өңдеу (аппреттеу, керу, каландрлеу).

Отпен шарпу – іш киімдік маталардың кірлеуін тездететін және баспа сурет салғанда ақаулар жіберетін сыртқы көрінісін бұзатын талшықтың ұштарын өңделмеген мата бетінен кетіру. Дәке мен тукті маталардан басқаларының барлығын отпен шарпиды. Ол үшін газбен шарпитын машиналар мен науалы шарпығыш агрегаттар пайдаланылады. Газбен шарпитын машиналарда мата газ жанарғысында күйдіріледі, жалынның үстімен талшықтардың ұшы етеді. Науалы шарпығыш агрегаттарда талшықтардың катты қыздырылған металл науанын бетіне жанасады да күйіп кетеді.

Үнемділігіне байланысты газбен шарпитын машиналар ендірісте кең қолданылады. Әдетте матаның бет жағы үйтіледі. Іш киімдік және көйлектік маталар екі жағынан үйтіледі. Жанарғы жалынының үстінен беттік тығыздығы төмен жұқа матаны өткізгенде матаның бетіндегі және жіптердің арасындағы талшықтың үштері де күйеді. Отпен шарпылғаннан соң мата бу ұшқын өшіргішіне немесе су құйылған ваннаға салынады [20].

Күйдіру процесінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: толық шарпылмау (матаның қозғалу жылдамдығы жоғары болса), тегіс шарпылмау (машинаның бұзылғандығынан), ұшқынды өшірмегендіктен немесе қозғалу жылдамдығының аздығынан матаның күйіп кетуі (жалпы немесе кейбір жері).

Шлихтамен кетіру – шлихталау кезінде жағылған крахмалды кетіру үшін жасалатын өңдеу операциясы. Маталарды 4-24 сағат су құйылған жәшікте ұстап, дымқылдап, артынан шаяды.

Жібіту процесін жеделдету  үшін крахмалдың ашуына жағдай туғызатын күкірт қышқылы, ащы натр, натрий гетохлориді және бактерия тектес басқа да препараттарды (биолаз, т. б.) суға қосады. Ашу процесінде крахмал қантты затқа айналады, ал бұрап жуғыш машинасы матаны жуғанда ол тез кетеді [12].

Шлихтамен кетіру кезінде  мынандай ақаулар болуы мүмкін: шлихтамен жөнді кетпейді, шлихта тегіс кетпейді, бүктетіліп не кептеліп қалу, ұзақ жатқандықтан немесе қышқылдың әсерінен матаның босауы. Қайнатып пісіру целлюлоза қоспаларынан (балауыз тектес, пектинді, азотты және минералды заттардан) және де кірден, шлихта қалдықтарынан тазарту мақсатымен маталарды сілті ертіндісімен өңдеу.

Қайнату үшін кальцийленген сода, бисульфит және натрий силикаты және т. б. қосылған күйдіргіш натр ерітіндісі пайдаланылады.

Маталарды кысыммен 4-8 сағат қақпағы тығыз жабылған пісіру қазандарында, немесе 98-100°С температурада 1-2 сағат уақыттай үздіксіз әсер ететін аппаратында қайнатады. Қайнатқан соң маталарды алдымен ыстық, сонан соң суық сумен шаяды. Қайнату нәтижесінде матанын массасы 4-8%-ке кемиді. Қайнап-піскен маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғары, суда және бояу ерітінділерінде жақсы жібиді әрі ағарады [1].

Қайнатып пісіру ережесін бұзу төмендегідей ақаулар туғызады: матаны қазанда дұрыс жайғастырып салмасақ, күйдіргіш натрдьң концентрациясы дұрыс болмаса, кайнатқыш сұйықтықтың айналымын жасамаса толық қайнап піспейді; суда магний мен кальцийдің тұздары болса матаның бетінде әк дақтары пайда болады, темірдің гидрототығы мата бетіне тұрса да дақ пайда болады; қазандағы ауа оттегінің артықтығы матаны босатады.

Ағарту – мата үнемі аппақ шаңқаң болып тұру үшін тотықтырғыш ерітіндімен жасалатын өңдеу. Ағарту барысында мақтаға сарғыш түс беріп тұратын табиғи бояғыш пигменттер тотығады. Ағарту үшін натрий гипо хлоритін, сутегі пероксиді тотығын, натрий хлоритін, асқын оксидті сірке қышқылын қолданады. Ағартуды ескі, химиялық әдіс пен жүргізуге де болады, бұл жағдайда мата үздіксіз, ұзақ уақыт жатады [13].

Ағартуды классикалық тәсілмен іске асырады, мұның өзі матаның үзақ уақыт жатуы және үзіліссіз ағынды әдіспен жүргізіледі. Үзіліссіз ағынды әдісте шлихтовканы кетіру, қайнатып пісіру және ағарту бірінен соң бірі үзіліссіз жүргізіледі. Маталарды толассыз ағартуда жоғарғы өнімді құрал-жабдықтары пайдалану өңдеу уақытын қысқартады және де шыққан өнімнің сапасын арттырады.

Ағартудан болатын ақауға мыналар жатады: мактаның босауы, ағарту сапасыньң төмендігі, қоспадан нашар тазартудың салдарынан матаның сақтағанға шыдамай сарғайып кетуі [20].

Мерсерлеу – керілген матаны 16-20°С-де күйдіргіш натрдың концентрацияланған ерітіндісімен өңдеп, ыстық сумен, одан кейін суық сумен шаю. Мерсерлеу матанын мықтылығын 20%-ке көтереді, оған жылтыр, жібек сияқты түр береді, гигроскопиялық қасиетін арттырады және боялу қабілетін жаксартады.

Түктеу – мата жұмсақ үлпілдек және жылу сақтағыш болу үшін оның бетіне түк салу. Матаға түктеу – инелі лентамен каптаған түксалғыш машиналарда жүргізіледі. Түктеу кезінде түкті біліктермен қапталған жіңішке металл инелері арқау жіптен талшықтарды суырып шығарады, соның нәтижесінде матаның бетінде түк пайда болады. Бәйке, фланель, помази, мақтадан тоқылған шұға, шибарқыт және тағы да басқа қыстық киімге арналған маталарға түк салынады. Түк салғанда туатын ақаулар: матаның босауы, нашар таралуы.

Бояу – матаға түгелдей бір түр беру үшін бояғышқа қолдану. Бояғыштар табиғи көбіне өсімдік текті және синтетикалык болуы мүмкін. Маталарды бояу үшін, негізінен, тас көмірден алынатын синтетикалық бояғыштар қолданылады. Бояғыштар майдаланған құрғақ ұнтақ немесе паста түрінде шығарылады. Бояғыштың түсі, ашықтығы, күнге, терге, ылғалға жууға және үйкеліске төзімділігі бояғыштардың химиялық құрамы мен молекулаларының құрылымына байланысты. Матаны бояудан бұрын бояғышты суға ерітеді. Бояу процесінің сатылары мынандай: судағы бояғыштың матаның бетіне сіңуі; бояғыштың талшыққа өтуі; бояғыштың талшыққа бекуі. Бояудың кейбір әдістерінде бояғыш зат тікелей талшықта пайда болады [16].

Бояғыштың түрлері мен бояу әдістері әртүрлі. Бояғыштың түрі мен бояу әдісін таңдау матаның талшықтық құрамына, бояғыштың қасиетіне және матаны бояуда қойылатын талаптарға байланысты. Астарлық маталарды үйкеліске, терге шыдамды бояғыштармен бояу керек. Сырт киімдік маталар күннің, ылғалдың, құрғақ және дымқыл үйкелістің әсеріне төзімді бояғыштармен боялады. Бояу үшін – жазылып керілген немесе бұралған мата бояғыш ерітіндісі арқылы өтуге тиіс. Үздіксіз істейтін бояғыш аппараттар кен қолданылады.

Целлюлоза талшықтарын бояу үшін мынандай бояғыштар қолданылады: тікелей, басытқылы (протравные) күкіртті, кубты, азобояғыштар, қара анилин және пигменттер. Тікелей бояғыштар суда жаксы еріп есімдік талшықтарын бейтарап немесе әлсіз сілтілі ортада бояйды. Матаның бояуы ашық, үйкеліске төзімді, бірақ жарықтың әсеріне шыдамсыз. Сондықтан тікелей бояғыштарды астарлық маталарды бояуға жұмсаған жөн. Тікелей бояғыштардың кемістігі – олар дымқыл үйкеліске шыдамайды. Бояудың дымқыл үйкеліске және жарықка төзімділігін арттыру үшін маталарды ДЦМ бекіткішімен (күрделі органикалық қосынды) өңдейді. Жарыққа шыдамды тікелей бояғыштардың соңғы маркалары әр мақсатқа пайдаланатын маталарды бояуға пайдаланылады [12].

Басытқылы бояғыштар суда ерігіш, бірақ матаны алдын-ала ауыр металдардын (темір, алюминий, хром) тұздарымен өңдеуді керек етеді, сонын нәтижесінде суда нашар еритін лактар қосындысы түзіледі. Негізгі бояғыштар суда ерігіш, бірақ матаны алдын-ала танинно-сурьмалы басытқымен өңдеуді қажет етеді, олар да суда нашар еритін лактар түзеді.

Кубты бояғыштар суда ерімейді. Гидросульфит тотықсыздандырғышының әсерімен бояғыш еритін күйге өтеді де, лейкоқосынды түрінде матаға сіңеді. Бояу кубтарда, сілтілі ортада жүргізіледі. Ауадағы оттегімен тотыққаннан соң лейкоқосынды бастапқы қалпына қайта өтіп, матада мықтап ұсталып қалады. Кубтық бояғыштар матаға ашық бояу, дымқыл үйкеліске өте төзімді мықтылық береді.

Күкіртті бояғыштар суда ерімейді. Күкіртті натрий тотықсыздандырғышының әсерімен бояғыш еритін күйге өтіп матаға сіңеді. Ауадағы оттегімен тотыққанда бояғыш бастапқы күйіне қайта келеді де, матада мықтап ұсталып қалады. Күкіртті бояғыштар онша көп түрге боямайды (қара, сұр, қоңыр, жасыл). Оларды астарлық және киімдік маталарды бояуға жұмсайды, себебі олар күннің сәулесіне төзімсіз.

Азобояғыштар талшықта түзіліп матаны кетпейтін ашық, жылы түске бояйды (күрең қызыл, қызыл, қызғылт, қызғылт сары т. б.). Бояу екі ерітіндіден тұратын бояғышқа матаны малып алған соң пайда болады. Бояу процесі төменгі температурада жүргізілетіндіктен азобояғыштарды суық бояғыштар деп, ал бояу әдісін суық (мұзды) деп атайды [18].

Қара анилин маталарды шымқыл қара түске бояйды. Матаны бояғанда анилин мен тұз қышқылының қосындысына салып, ыстық бу толтырылған зрельник деп аталатын арнайы аппарат арқылы өткізеді. Ауадағы оттегінін әсерінен матадағы анилин тотығып, бояу алдымен жасыл, күлгін көк сонан соң қараға айналады. Қара анилинді бояу жарықтың әсеріне, жуғанға, үйкеліске төзімді бояу береді. Қара анилинді бояудың кемшілігі – тұз қышқылының өсімдік талшықтарына әсерінің салдарынан матаның мықтылығы 10-12%-ке кемиді. Қара анилиндік бояудан кейін қышқылдың қалдықтарын түгел кетіру үшін матаны жақсылап шаю керек.

Пигменттер – суда ерімейтін органикалық бояғыштар мен минералды заттар. Бояу процесі арнайы байланыстырушы, синтетикалық шайырдың көмегімен мата талшықтарын пигменттермен қосу арқылы жүргізіледі. 100°С температурада шайыр ерімейтін күйге ауысады да пигменттерді мата бетінде мықтап ұстап қалады. Пигменттер жарықтың әсеріне шыдамды неше түрлі бояулар береді. Бояу кезіндегі акаудың себебі – мата құрылымының біртекті болмауынан, қайнату мен ағартудың дұрыс жүргізілмеуінен, бояудың рецепті мен режимін бұзғандықтан, құрал жабдықтардың бузықтығынан.

Толық боялмау – мата ақшыл, бояу матаға толық өтпеген. Ақау матаны бояуға дұрыс дайындамағандықтан, бояу режимінің бұзылуынан сонымен бірге пальтолық қальвд матаны қайта бояғанда болады. Толық боялмаған мата киімінің сырт көрінісін бұзады.

Информация о работе Маталарды алу технологиясы