Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:09, курсовая работа
Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.
Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Маталарды алу технологиясы..................................................................
6
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар...............................................
6
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................
8
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................
12
2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................
14
2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................
14
2.2 Маталарды өңдеу...................................................................................
16
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю ..................................................
25
Қорытынды...................................................................................................
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
34
Кайнатып-пісіруді тарақтық маталарға ғана жасайды. Жазылған матаны 20-30 минуттай ыстық немесе қайнаған сумен өңдейді де суыту үшін суық сумен шаяды. Қайнатып-пісіру процесінен соң мата отырады, құрылымдары бекиді, одан әрі еңдегенде оның киізденуі азаяды. Қайнатып-пісіру маталардың қыртыс-тыртыс болмауынан сақтандырады.
Илеп-басу барлық шұғалық және кейбір тарақтык маталарға жүргізіледі. Илеп-басу жүргізердің алдында матаның әр бөлегін қабаттайды да жиегі бойымен көктейді. Сонан соң шеттерін біріктіріп үзіліссіз полотно жасайды. Маталарды алдына ала сабындайды, яғни сабын-сода немесе сабын ерітіндісі арқылы өткізеді. Ширатылған матаны илеп-басу машинкаларында өңдейді.
Тарақтық маталарды илеп-басып жұмсарту 15-20 минутқа созылады. Шұғалық маталарды олардың тығыздығын арттыру үшін, жүн талшығы қабыршақтарының ілмесуінен болатын мата бетшін киізденуін тудыру үшін илеп-басады. Шұғалық маталарды бұл әдіспен өқдеу ұзақтығы 2-6 сағатқа созылады. Бұл жағдайда шұғалық маталар негізі бойынша 20%-ке, ал арқауы бойынша 40%-ке отырады [7].
Дымқылдап жұмсарту – матаны отырғызу үшін бумен және ыстық сумен өңдеу. Жазылған матаны (4-6 бөлегін) ваннаның ортасына орналасқан іші қуыс тесікті цилиндрге (жұмсартқыш) орайды. 5-10 минут уақыттай мата арқылы цилиндрден бу жібереді; сонан соң 20-30 минут ваннадан ыстық су, 10 минуттай суық су айдайды. Дымқылдап жұмсарту матаның құрылымын бекітеді және серпімділігін арттырады.
Карбондау – таза жүн маталарын өсімдік қоспаларынан тазарту үшін сүйытылған күкірт қышқылымен жасалатын өңдеу. Матаға 4-5%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін сіңдіреді де 70-110°С температурада кептіреді Қепкен сайын қышқылдың концентрациясы артып, өсімдік белшектер жидиді, ал жүннің талшықтары бүлінбейді. Жидіген бөлшектер мен қышқылдан матаны тазарту үшін оны илеп-басатын машинадан өткізіп, жақсылап шаяды.
Түктеу – талшықтарды тарап шығару аркылы матаның бетіне түк салу. Түкті драп, драп, шұға, пальтолық маталарына түк салынады. Дымқыл матаны кордолента немесе есімдікті түксалғыш бүршіктермен қапталған барабаны бар түксалғыш машина арқылы өткізеді.
Бояу – жүн маталарды қышқылды, хромды, металы бар бояғыштармен, қышқылды антрахинонды бояғыштармен, тіке бояғыштармен бояйды.
Кейбір көйлектік маталар мен бөлек бұйымдар (орамалдар, бөкебайлар) өрнек басу процесінен өтеді.
Тарақтық маталарды күзеу олардың үлпілдек мамығын алып тастау үшін жүргізіледі. Түк салынған шұға маталардын. түгін тегістеу үшін де оларды күзейді. Маталарды арнайы машиналарда күзейді, ол машиналарда спиральды бекіткен пышағы бар цилиндрлер орнатылған. Күзеген соң маталарды тазартады.
Түкті драптар (пальтолық ірі шұғалы мата) арнайы өңдеуден өтеді. Түкті копсытады, соның нәтижесінде матаның бетіндегі түктері тік тұрады. Кейбір драптардың («Ратин», «Флаконэ», «Велинс», т. б.) түктерін арнайы машинада әдейі домалатады (түктендіреді). Түктерді қопсытып, ширатқаннан кейін олардың кейпін сол күйін-де сақтау үшін кептіреді [10].
Тарақтық жартылай жүнді костюмдік және көйлек-тік маталар аппреттелініп өңделеді. Матаға иілгіштік, жұмсақтық, созылымдылық, қасиет беру үшін амид пен карбамол қосындылары бар крахмалды және берік аппреттер пайдаланылады. Жартылай жүнді маталарды өңдегенде жұмсартқыш есебінде полиэтилендік эмульсия қолданылады. Аппреттеліп өңделіп болғаннан соң маталар кептіріп-кергіш машина арқылы өтеді.
Престеуді матаны нығыздап, тегістеп, оған жылтыр түр беру үшін цилиндрлі престерде жүргізеді. Престеуді құрылымы тығыз және беті тегіс болуға тиіс маталар өтеді. Бобриктер, ратинделген драптар және басқа бұдыр бетті маталар престелмейді.
Ақырғы рет жұмсарту – отырғызу үшін матаның құрылымын бекіту үшін және де ласты (престеуден пайда болған жылтыр жерлер) жою үшін маталарды кысымы жоғары ыстық бумен өңдейді. Металл қаптамамен жабылатын іші қуыс тесікті цилиндрге матаның бірнеше бөлігін бос орайды. 5-10 минут уақыт қысыммен цилиндрге бу жібереді, сонан соң қайта сорып алады.
Кейбір жүн маталар арнайы өңдеуден өтуі мүмкін. Су жуқпайтын қасиет беру үшін шинельдік және пальтолық маталар парафин-стеарин эмульсиясымен және сіркеқышқыл алюминиймен өнделеді.
АМСР препаратын сіңдіру матағa cy және шаң жұқпайтын қасиет береді. Крмений органикалық қосындылардың эмульсиясы сіңген вискозды талшықтары бар жүн маталардың отыруы азаяды. Матаның қыртыстанғыштығын азайту үшін «Марвелан» өңдеу препараты қолданылады.
Барлық тарактық лавсаны бар жүн маталары МА және ОС-20 препаратымен антистатикалық және жұмсартатын өңдеуден өтеді. Күйе түспеу үшін «Молантин П» және басқа препараттарды қолданады.
Таза жібек маталарды өңдеу – матаның құрылымы мен оған қойылатын талапқа қарай таза жібек маталар әртүрлі өңдеу операцияларынан өтеді [17].
Өңдеудің негізгі операциялары отпен шарпу, қайнатып пісіру, ағарту, бояу, сурет басу, аппреттеу, керу және кептіру, каландрлау.
Өңдеу алдында сапасы бойынша қабылданған құрылымы және салмағы жағынан бірдей 6-10 бөлік мата ұзындығы бойынша біріне бірі жалғасып тігіледі. Үзіліссіз ұзын лентаға айналады.
Отпен шарпуды тек жібек жіптен тоқылған мата мен арқауына мақта жіп қосылған мата ғана өтеді. Ол үшін газ үйткіш машиналары қолданылады.
Қайнатып-пісіру серицинді, бояғыш, минералды және май заттарды кетіру үшін керек. Матаны 92-95°С температурадағы сабын ерітіндісінде 1,5-2 сағат ұстап өңдейді [19].
Ағартуды жібек жіптен тоқылған маталарға ғана жасайды өңделіп біткенде түсі аппақ болуы тиіс. Дөрекі өңделген жібек матаның сарғыш түсі ашық түрге бояуға кедергі болмайды. Матаны сілтілік ортада сутегінің асқын тотығымен ағартады.
Бояу – тікелей, кубтік, белсенді (активный) бояғыщ. тармен жүргізіледі. Активті бояғыштар жана класты бояғыштар тобына жатады. Маталардың бояуы ашық, дымқылдай өңдегенге, үйкеліске және органикалық ерітінділердің әсеріне шыдамды [5].
Таза жібек маталарға басып өрнек салып торкөзді үлгілерді пайдаланып арнайы машиналарда жүргізіледі Торкөзді үлгі дегеніміз жібек, капрон немесе мыс тор керілген рамка (көлемі әртүрлі болады) Тордың кейбір жерлері бояғыш жібермеу үшін пленкамен жайылған Ашық жерлерге сурет басылады. Көп түсті өрнек салу үшін бірнеше үлгі болуға тиіс. Өрнек үлгіге фотосуретке түсіргенде салынады, сондықтан бүл әдіс фотофильм-печать деп аталады.
Торкөз үлгімен басып өрнек салу машиналары кете-ріліп төмен түсетін бірнеше үлгілері бар ұзын столдан түрады. Мата бір үлгінің ұзындығындай әлсін-әлсін жылжып тұрады.
Машинадағы ракля негіз бен арқау бойымен жыл-жып отырып торкөз үлгі арқылы матаға бояғышты жағады. Столдың аяқ жағында кептіру камерасы орналасқан. Үлгілері жазық емес цилиндрлі машиналар да бар. Қоюланған бояғыш цилиндрдің ортасынан арнаулы шөткелердің көмегімен тор арқылы матаға етеді. Дара бұйымдарға ернек салу үшін аэрографиялық әдіс пайдаланады. Салынатын өрнектің кейпі бар трафарет бүйымнын, бетіне койылады да пульверизатормен қоюланған бояғыш бүркіледі. Сонан сон. трафаретті алып, бүйымды кептіріп жуады.
Құлпыртуды таза жібек мата ағартқаннан, боялғаннан және өрнек салғаннан кейін өтеді. Бұл – 30-35°С температурада 15-30 минут сірке қышқылымен өңдеу [18].
Таза жібек маталарын ақырғы өңдеу олардың құрылымына байланысты. Креп маталар сұйылтылған сірке қышқылының ерітіндісімен өнделеді де инелі керіп-отырғызу машинасында кептіріледі. Таза жібек мата және арқауы мақта жартылай жібек мата тағы да отқа шарпылады, сонан соң каландрленеді, өңделеді және қайтадан каландрленеді.
Түгін көтеру үшін түкті маталарда қағатын машина арқылы өткізеді. Сонан соң түктердін, ұзындығы бірдей болу үшін күзеу машинасында күзейді, матаның астына аппрет жүргізеді де инелі кептіргіш керу машинасында өңдейді.
Химиялық құрамы мен құрылымына байланысты химиялық талшықтардан жасалған маталар өңдеудің әртүрлі операцияларынан өтуі мүмкін. Бұл маталар өтетін өңдеудің негізгі операциялары таза жібек маталар өтетін өңдеудің операцияларына ұқсас, дегенмен талшықтардың химиялық қасиеттеріне негізделген өңдеудің кейбір арнайы түрлерінен өтуі де мүмкін: жидіту, гофрлеу, термоөңдеу және т. б. [5].
Өсімдік талшықтарынан жасалған маталарды өңдеу процесінде олардың ылғалданғанда мықтылығының кемитіндігін ескеріп өңдеу кезінде қатты кермеу керек.
Химиялық талшықтан жасалған маталардын натуральды маталарға қарағанда бөгде қоспасы ағарту сондықтан да шлихтаны кетіру үшін сабын ерітіндісінін, сұйықтау концентрациясында немесе синтетикалық жуғыш препараттардың ерітіндісінде онша ұзақ емес, 30-45 минуттей қайнатады.
Жасанды және синтетикалық маталарды әдетте ағартылған немесе боялған талшықтардан жасайды, сондықтан гипохлоритпен немесе оптикалық ағартқыштармен сирек жағдайда, матаны өте ағарту керек болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Капрон матаның құрылымын бекіту үшін міндетті түрде термобекіткіш жасалынады. Бұл матаны 15-20 сағат уақыт 130-135°С температурадағы ыстық бумен немесе 12-15 сағат 190°С-де инфрақызыл таратқыштарымен өңдеу.
Вискоз және мыс-аммиак талшықтарынан жасалған маталарды тікелей немесе кубты бояғыштармен бояйды.
Ацетатты немесе синтетикалық талшықтардан жа-салған маталарды бояу үшін дисперс, диазотталатын Дисперс, капронды дисперс, полиэфирлі дисперс, катионды бояғыштар пайдаланылады [10].
Егер вискоза мен ацетатты талшықтардан жасалған матаны тікелей бояғыштармен бояса ацетатты талшықтар боялмайды, мата ала-құла болып қалады. Сондықтан да, тегіс боялу үшін, вискоза мен ацетатты талшықтардан жасалған матаны тікелей бояғыштарды ацетат талшықтарын бояуға арналған бояғыштармең (азоацетаттар) араластырады.
Креп маталарға басып өрнек салу торкөз үлгілердің көмегімен, ал тегіс, жылтыр маталарға торкоз үлгілерімен қатар баспа машиналарымен де жүргізіледі.
Вискоза жіптерінен тоқылған матаға өрнектері ерімейтін азобояғыштармен, тіке бояғыштармен, кубозолдармен, қара анилинмен, активті бояғыштармен, пигменттермен салынады. Ацетатты және капрон, басқа да синтетикалық маталарға ернек салу үшін қүрамында дисперсті металы бар бояғыштар мен пигменттер пайдаланылады. Пигменттер әмбебап бояғыш заттар больщ есептелінеді, олар байланыстыратын (желімдейтін) арнайы препараттардың арқасында кез-келген химиялық құрамды тоқыма материалдарға мықтап бекиді.
Алтын немесе күміс тектес өрнектерді матаға салу үшін сол металдардың ұнтақтарын жапсыру керек. Титан екі қышқылымен өрнек салғанда химиялық талшықтардан жасалған матада «Матовая бель» пайда болады [4].
Таза жібек және химиялық талшықтардан жасалған маталарды бояп және оларға басып өрнек салғанда кездесетін болатын ақаулар мақта маталардікіндей.
Химиялық талшықтардан жасалған маталардың' ақырғы өңдеуі – күзеу, тазалау, аппреттеп-өңдеу, керу, кептіру, жүмсарту, каландрлеу, арқауын түзету. Аппреттеп-өңдеу және өндеудің келесі операциялары бірнеше машинаны қамтитын аппретті-өңдеу агрегатында іске асырылады. Өңдеудің арнаулы түрлерінің де қолданылуы мүмкін.
Штапель маталардың қыртыстанғыштығын азайту үшін қыртыстанбайтын өңдеу жасалынады. Ол – мочевина және меламино-формальдегидты шайырмен өңдеу. Маталарға сіңдіру үшін карбамол және метазин деген химия өнеркәсібі шығаратын препараттар пайдаланылады. Өндеу нәижесінде матаның қатпарланғыштығы, суланғанда талшықтардың ісінуі де, жуғанда отыруы да азаяды. Түкті өрнектер алу үшін маталарды флокирлейді – электростатикалық өрісте ұзындығы 0,5-2 мм қысқа талшықтарды матаның бетіне желімдейді. Магниттік күш өрісінің әсерінен тік тұрған талшықтарды сол қалпында матаға бекітеді [8].
Мұндай әдіспен жасанды күдері (замша) дайындалады, ол орамалдарға, жаулықтарға, ленталарға, т. б. түкті өрнектер түрінде салынады.
Вискоза, полиамид талшықтары бар тегіс және түкті маталарға жұқа, торлы өрнектер салу үшін жидіту әдісі қолданылады. Торкөз үлгілердің көмегімен маталарда қышқылдын, қоюланған ерітіндісі жағылады. Кептірген кезде қышқыл тиген жердегі вискоза талшықтар жидіп жуғанда кетіп қалады.
Торкөз үлгілердің көмегімен матаға жағылатын фенолдын. сұйытылған ерітіндісін капрон маталарға жаққанда гофре эффектісі пайда болады. Кептірген кезде фенолдың концентрациясы артады да фенол тиген жерде мата жиырылады.
Металдау – ауасыз кеңістікте мата бетін жұқа металл қабатпен жабу. Үстіңгі беті капрон, астыңғы беті вискоза жіптерінен тоқылған екіқабатты ірі өрнекті маталардын, көлемдік құрылымын алу үшін оларды 2-3 минут уақыт суық сілті ерітіндісінде өңдейді. Вискоза жіптерінің қатты отыруына байланысты бетіндегі капрон мата дө-ңес өрнек тудырады («Космос», «Марсианка», «Мелодия», т. б. маталар).
Жылуға әрқалай отыратын талшықтардан дайындалған маталар термикалық өңдеуден өтуі мүмкін. Ыстықтың әсерінен талшықтардьщ бір бөлігі отырады да матаның беті бедерлі болып шығады. «Лаке» - өңдеудің нәтижесінде лактелген былғарыға ұқсас жылтыры жуғанға, өтектегенге төзімді мата. Штапель маталарға бедерлі өрнектер салу үшін метазинмен өңдегеннен кейін каландрда жаншиды. Таза мехқа ұқсастыру үшін қыжымды да жаншып өңдейді.
Маталарды әдетте ұзыннан алып оң жағын ішіне қаратып екі бүктейді де кесек түрінде қаттайды. Қалың жүн матаны бума-рулон етіп орайды. Жұқа жүн, мақта және жібек маталарды домалақтап ағаш үлгіге (тақтайшаға) орайды. Мақта маталардың көпшілігін ұзындығын 1 м-дей етіп ілмектеп (кітапшалап) қаттайды да, бірнеше рет бүктеп матаның шеттерін орайды. Қаттау кезінде матаны маркілейді.
3-сурет. Маталарды орау.
а – кесектеп, б – шиыршықтап, в,г – қалауынша,
д – жазып, е – бүктеп, ж – қатарластырып.