Маталарды алу технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:09, курсовая работа

Описание работы

Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Маталарды алу технологиясы..................................................................
6
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар...............................................
6
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................
8
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................
12
2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................
14
2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................
14
2.2 Маталарды өңдеу...................................................................................
16
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю ..................................................
25
Қорытынды...................................................................................................
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
34

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 815.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

Кіріспе...........................................................................................................

4

1 Маталарды  алу технологиясы..................................................................

6

1.1 Жіп иіру  жайында жалпы мағлұматтар...............................................

6

1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................

8

1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................

12

2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................

14

2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................

14

2.2 Маталарды  өңдеу...................................................................................

16

2.3 Маталарды  маркілеу және буып-түю ..................................................

25

Қорытынды...................................................................................................

32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................

34


 

 

Кіріспе

 

 

Жеңіл өнеркәсіп  – Қазақстан экономикасының, өнеркәсібінің  маңызды салаларының бірі болып  есептелінеді. Жалпы өнеркәсіп дегеніміз – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын, өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін аса маңызды саласы. Осының ішінде жеңіл өнеркәсіп, бұл – халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіп негізінен халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығарады. Жеңіл өнеркәсіп шикізат өндірісі, жартылай дайын өнімдер, дайын өнімдер болып бөлінеді. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары – мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп аяқ киім, былғары және аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар [12].

Мата – жіптер жүйесін өзара көлденең-тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Ертеде матаны жiптерден қолмен тоқыған. Қазiргi уақыттағы матаны машиналармен тоқудың ертеде қолданған тәсiлдерiнiң көп айырмашылығы жоқ. Матада жiптер екi бағытта орналасады: ұзынынан, көлденең. Жіп – қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге, арқан есуге пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан немесе әр түрлі талшықтан  иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңішкелілігі мен механикалық қасиеттері. Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді. Негiзгi жiптердiң саны көп, мықты болады, себебi, матаны тоқығанда оларға көбiрек күш түседi. Маталар жіптермен қатар химиялық талшықтардан жасалады. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан (әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан) жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады [9].

Матаның түрлерi жiптердiң түрлерiне байланысты болады. Сондықтан да, олар натуральды, жасанды, синтетикалық т.б. түрлерге бөлiнедi. Пайдалануына байланысты – тұрмыста қажеттi және техникалық. Тоқылғанына байланысты – қарапайым және күрделi. Әшекейленуiне байланысты – түктi және түксiз. Түсiне байланысты – бiр түстi және ала түстi [20].

Жүн мата – бірыңғай жүнен немесе басқа талшықтар қосылып арлас тоқылған маталар. Жүн маталар таза және жартылай жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтет. талшықтар көбірек қосылған. Бұл оның сапасын арттырады. Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай жүн мата мәуіті, шұға және аралас мата болып жіктеледі. Жүн матаны өндіру процесі күрделі де алуан түрлі. Жүн матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы шұға басқыш машинада жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т.б. жылы ерітіндіге малынған мата мех. өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі дәрмек сіңіріліп су өтпейтін, умаждалмайтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі [10].

 Кендір мата – кендір және кендір тәріздес өсімдіктер талшығынан тоқылатын мата. Кендір мата өндіруде мақта жіп және жасанды талшықтар да пайдаланылады. Кендір мата тоқылатын кендір жіптер иірілген талшығының түріне, иірілу тәсіліне, жіңішкелігіне және өңделу ерекшелігіне қарай топталады. Кендір мата тоқуда полотналық, атластық, саржалық, ірі әшекейлі, жаккардты, ұсақ әшекейлі тоқылым түрлері пайдаланылады. Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.

Мақта мата – мақта талшықтарынан тоқылған мата. Мақта талшықтары технологиялық және механикалық қасиеттері жағынан өте бағалы, күн сәулесі мен ауа райының әсеріне төзімді, сабын, сода ерітіндісімен жуғанда бүлінбейді, жақсы боялады әрі арзан. Арнайы өңдеу арқылы оның қасиеттерін өзгертуге, беріктігі мен үйкеліске төзімділігін арттыруға, ширалмайтын, умаждалмайтын, су өткізбейтін қасиеттер беруге болады.

Зерттеу тақырыбының  мақсаты – маталарды алу негіздері мен технологиясын және оларды өңдеу жолдарын, ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу тақырыбының  нысаны – маталарды алу технологиясының даму және қалыптасу үрдісі.

Зерттеу тақырыбының  міндеттері:

- маталарды алу технологиясының ғылыми қарастырылуын анықтау;

- жеңіл өнеркәсіп, оның ішінде мата ұғымының мәнін, түрлерін қарастыру;

- маталарды алу технологиясының қазіргі жай-күйін талдау;

- Қазақстан Республикасында маталарды алу, оларды тұтыну жағдайларын қарастыру;

- әлемдік жеңіл өнеркәсіп  жағдайына талдау.

Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 Маталарды алу технологиясы

 

 

1.1 Жіп иіру жайында  жалпы мағлұматтар

 

 

Иірілген  жіп дегеніміз – шектеулі ұзындығы бар талшықтарды иіргеннен пайда болған жіп. Талшықты массадан иірілген жіп алу операциясыньң жиынтығын иіру деп атайды. Иіруге пайдаланатын талшықтарды иірілетін дейді. Оған жататындар: жүн, мақта, зығыр, таза жібектің қалдықтары, әр түрлі штапель талшықтары.

Иіру әдісі мен иірілген жіптің түрі талшықтың ұзындығы мен жуандығына байланысты. Мақта мен штапель талшықтарын иіргенде темір тісті шөткені пайдаланады. Ұзындығы орташа талшықтар осы әдіспен өңделеді. Мақтаның, жүннің, таза жібектің ұзын талшықтарына тарау (гребень) әдісімен өңдеу ыңғайлы. Бұл – жіңішке, біртекті, тығыз және тегіс иірілген жіп алуға мүмкіндік береді. Мақта жүннің қысқа талшықтарын аппаратты әдісімен өңдеп, жуан, болбыр, жуандығы әртүрлі үлпілдеген жіп алынады [3].

Иіру процесінің негізгі операциялары талшықтарды қопсыту және түту, тарау, тегістеп созу, иіруге дайындау және иіру. Жіп иіру фабрикаларына талшықтар престеліп, 170-250 кг-дық бума болып келеді. Талшықты қопсыту және түту иірудің барлық үш әдісінде де жүргізіледі. Талшықтың престелген массасын шүйке-шүйке қылып қопсытады да, қосындыларынан біршама тазартады. Металл пластинкалардың соғылуы салдарынан қопсытатын және түтетін машиналардың әрекетінен престелген талшықтардың шүйкелері босап, болбыр массаға айналады. Тарағанда ішіндегі қоспалардан түгелдей тазарады да, шүйкелер бөлек талшықтарға жіктеледі. Шөткелі және аппаратты әдістерінде, яғни шөткемен тарағанда талшықтар өткір, жіңішке металл инелері бар екі тақта (кардолента) ортасынан өткізіліп, шөткемен тарау әдісінде талшықтың таралған жұқа қабаты (ватка), воронка арқылы өтіп лента есілген талшықтарға  айналады [15].

Аппаратты әдісте таралған ватка (кенеп) белдікті бөлгішпен өте көп жолақтарға ажыратылып, аздап ширатылған, тегіс бұрым тәрізді есілген талшықтарға айналады.

Тарақты әдісте талшықтар тарау машиналарында тағы да таралады да, қысқаларынан ажыратылылып, тек ұзын талшықтардан ғана лента түзіледі. Бөлінген қысқа талшықтар аппаратты әдіспен иіріледі. Бұл жіп жуан әрі бірқалыпты болмай шығады [4].

Лентаны тегістеу және созу лентаның жуандығын бірқалыпты ету мақсатымен оның бірнешеуін біріктіріп, ленталық машиналардан өткізу арқылы жүргізіледі. Ленталық машина айналу жылдамдығы біртіндеп жоғарылайтын бірнеше біліктермен жабдықталған, лента солардың арасынан өткенде біртіндеп жіңішкеріп, ал талшықтар бірнеше қатарға бөлінеді.

Иіру алдындағы дайындықты жүргізетін машина (ровничная) лентаны созып, ширатып тегіс бұрым тәрізді талшықтар жасайды. Ровницалық машина арқылы өтіп (зығыр біреуінен, мақта біреу-екеуінен, қылшықты жүн төрт бесеуінен, биязы жетеуінен) бұрым жіпкіп кереді, ал талшық бойын түзеп жазылады [9].

Иіру – иіру машиналарында іске асырылатын процесс. Ровницаны соңғы рет созып, жіп қылып иіреді де орап шығарады. Сақиналы иіру машиналарынан иірілген жіпті собық түрінде болады. Талшықтарды иірудің құрғақ және дымқыл әдістері бар. Мақта, жүн, таза жібектін қалдықтарын, штапель талшықтарын құрғақ күйінде иіреді (құрғақ иіру). Зығыр талшығын құрғақ та, ылғалдап та иіреді. Ылғалды әдіспен иіргенде тығыз әрі тегіс жіп алу үшін ровңицаны ыстық су құйылған ыдыста ұстап, пектинді заттарды жұмсартады [16].

Соңғы жылдары ұршықсыз иіру әдісі кең дамуда, бұл жағдайда аэромеханикалық, әсіресе пневмомеханикалық иіру машиналары қолданылуда. Пневмомеханикалык, әдісте иіру машинасына талшық лента түрінде беріледі де, ауа ағынымен шашыранды күйінде воронкаға сорылып, тығыздалады. Иіру камерасында талшықтар  жіп болып иіріледі.

Ең қарапайым әдіс – аппараттық, себебі оған лентаны және ровницаны өңдеу процестері кірмейді: тараудан соң тікелей иіру басталады. Ең күрделі әдіс - тарақтық, себебі оған тарақпен түту және тарақты машинамен түту алдындағы қосымша дайындық операциялары кіреді [19].

Ұзын және қылшықты жүн талшықтары ірі тарақты иіру әдісімен өңделеді – иірілген жіп тығыз және қатты болады. Ұзындығы орташа биязы жүн майда тарақты әдіспен иіріліп аздап мамығы шығып тұрған жіңішке жіп алынады. Ұзындығы орташа қылшықты және жартылай қылшықты жүн жартылай тарақты жүйемен өңделеді, яғни түтілмейді. Соның нәтижесінде сырттай тарақты әдіспен алынған жіпке ұқсас жартылай тарақты жіп алынады.

Ең қысқа жүндер аппараттық иіруге кетеді. Бұл жағдайда талшықтың нәзіктігіне байланысты өте жіңішке, мамықты әрі жұмсақ жұқа шұғалық жіп, немесе, жуан әрі қатты шұғалық жіп алынады. Аппаратты жіп иіруде талшықтарды тегістеу мен түзету процестері болмағандықтан жұмсақ әрі қальңдығы әрқалай жіп алынады.

Жүнді иірген кезде әр түрлі талшықтарды араластыру кең тараған. Аппаратты иіруде жүнге қосатын қоспалардың құрамына қойды қырқып алған жүн талшықтарынан басқа заводтық жүн, қалпына келтірілген жүн, мақта, штапельді талшық кіреді. Аппаратты иіруде талшықтарды араластыру тараудың алдында жүргізіледі [12].

Тарақты иіруде жүнге жасанды және синтетикалық штапельді талшықтар

қосады. Араластыру әр түрлі талшықтардьң таралған ленталарын біріктіру арқылы жүргізіледі.

Иіру процесінде штапельдік талшықтар таза күйінде де, таза натуральді талшықтармен аралас күйінде де пайдаланылады. Штапельдік талшықтарды таза күйінде иіру шөткелі әдіспен жүргізіледі. Таза штапельді иірілген жіп алу үшін 0,4 текстен 0,16 текске дейінгі вискоза талшықтары пайдаланылады. Штапельді талшықтарды иірудің ерекшелігі – иіру процестерінің барлық кезеңдеріндегі электрленуін азайту үшін міндетті түрде эмульсиялау болып табылады. Талшықтарының және тонинасының ұзына бойы бірқалыпты болуына байланысты штапель жіптер тегіс және біртекті болып шығады [4].

 

 

1.2 Иірілген  жіптер мен жіптердің топтасуы 

 

 

Иіру әдістеріне қарай мақтадан иірілген жіптер – шөткелік, тарақтық және аппараттық жүннен иірілген жіптер – аппараттық, тарақтық және жартылай-тарақтық, жібектен иірілген жіптер – тарақтық және аппараттық; зығырдан иірілген жіптер – құрғақтай иірілген зығыр жіптерге, ылғалды иірілген зығыр жіптерге, құрғақ және жіп, ылғалды әдіспен қалдықтан иірілген жіп болып бөлінеді [8].

Талшықтардың, құрамына қарай иірілген жіп біратты талшықтардан тұрса біртекті деп және әратты талшықтардан тұрса әртекті (аралас) деп бөлінеді. Өңделуі мен бояуына қарай иірілген жіп шикі түсті (өңделмеген), ағартылған, боялған, зерленген, меланжды (түрлі-түсті талшықтардан құрылған) болып бөлінеді.

Құрамы (конструкциясы) жағынан жалаң қабат ширатылған, қосарланған, үлгілі, сымаралас және үлкен көлемді болып бөлінеді. Жалаң қабат иірілген жіп – иіру нәтижесінде ширатылған жеке талшықтардан тұрады. Жалаң қабат иірілген жіпті тарқатсақ бөлек-бөлек талшықтарға ажырайды.

Ширатылып иірілген жіп екі және одан да көп жіптерден тұрады. Егер тарқататын болсақ, ол жіптерге ажырайды [12]. Қосарланып есілген өзара жіп екі не одан да көп көп жіптерден тұрады. Сәнді иірілген жіп – белгілі бір сыртқы көрініс үшін жасалады (1-сурет). Бұл ұзындығы әрқалай жіптерді ширату арқылы алынады.

 

 

1-сурет. Сәнді иірілген жіптер

a – шиыршықталған, 6 – түйінді, в – ілмекті, г – шатаспалы, д – орамды, е – құрастырмалы, ж – эпонж; з – тегістеу,  и – сыртқы орамамен, к – шашақ жіп.

 

Сымаралас жіптің өзегі болады, оның сыртын мақта, жүн, зығыр не химиялық талшықтар мен түсті металдан созылған жіптерді араластырып ұзына бойына орайды. Үлкен көлемді иірілген жіп (созылуы 30%, одан да көп) әрқалай синтетикалық штапель талшықтарынан жасалады [15].

Құрама тоқыма жіптер бойлық бойымен біріктірілген жәй жіптерді желімдеп не ширату арқылы алынады. Кокон жіптерін желімдеп жібек – шикізат аламыз. Жібек – шикізаттың бірнеше жібін қосып есу арқылы ширатылған таза жібек аламыз. Ширату қарапайым (бірнеше жіпті есу) немесе күрделі (бірнеше ширатылған жіпті есу) болуы мүмкін.

Информация о работе Маталарды алу технологиясы