Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:09, курсовая работа
Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.
Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Маталарды алу технологиясы..................................................................
6
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар...............................................
6
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы............................................
8
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары............................................
12
2 Маталарды өндiру технологиясы...........................................................
14
2.1 Тоқыма өндірісі......................................................................................
14
2.2 Маталарды өңдеу...................................................................................
16
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю ..................................................
25
Қорытынды...................................................................................................
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
34
Әртүстілік – бояудың біртіндеп ашық түстен қоңыр түске қарай ауысуы. Әртүстілік матаның бір бөлігінде немесе бүкіл бір партиясында болуы мүмкін. Әртүстілік, әсіресе тігін бұйымдарьнда анық байқалады.
Кертпештер – дұрыс жайылмаған (жазылмаған) матаны бояғанда пайда болатын ашықтау жолақтар. Бұйымның көрініп тұратын жерлеріне таңбалар жіберілмейді.
Мата құрылымының біртекті болмауынан негіз бен арқауда толық жолақтар қалуы мүмкін. Бұйымның көрінетін жерінде жолақ болса онын сортын темендетеді.
Кіршеңдік – бояғаннан соң матаны дұрыстап шаймағандықтан матаның бояуының үйкеліске шыдамсыз болуы. Бұл ақау матаның сортын анықтағанда ескеріледі. Қола түсті бояу күкіртті бояу кезінде күкіртті натрдың жетіспеу салдарынан немесе бояғыштың өте көптігінен болады. Бұл ақауды түзету үшін матаны қайта бояйды. Бояудың рецептімен режимі сақталмай қара анилинмен боялған мата өте босап кетеді. Бұл ақау матаны ұзақ уақыт сақтағаннан да болады. Дақтар мен сатпак, бояғышты нашар еріткеннен болады. Құрал-сайманды дұрыстап күтпеу салдарынан май және тат дақтары болады.
Түрлі-түсті суреттерді матаға түсіруді басу дейді [12]. Мақта маталарға түрлі-түсті өрнектер баспа машинасының көмегімен түсіріледі. Баспа машинасының негізгі жұмысшы бөлімдері – басқыш білік қызыл мыстан немесе сырты мыспен жабылған болаттан жасалған іші қуыс жуан кенерелі дилиндр. Баспа білігінің бетіне ойылып сурет салынған. Көп уақытқа шыдау үшін басқыш білікті хромдайды. Арнайы деңгелек шөткемен қоюланған бояу ваннадан басқыш білікке беріледі. Басқыш білігі айналған кезде оған тығыз жанасып тұрған өткір металл жолақ – ракля біліктің тегіс жерін бояудан тазартады, ал ойығын да бояу қалып қояды. Құндақпен және шұғамен қапталған барабан – пресс матаны басқыш білікке жаныштайды. Ойықтағы бояу матаға түсіп – сурет пайда болады. Ракляға қарсы орналасқан қосалқы ракля басқыш білікке жабысқан қыл-қыбырды, жіптерді, құмдарды тазартады.
Баспа машиналары жалғыз білікті немесе көпбілікті (16-ға дейін) болып белінеді. Көпбілікті баспа машиналары көптүсті өрнектер салғанда пайдаланылады. Оларда бір барабан пресс болады да, оның айналасына баспа біліктері орналасады; барабан – престі қаптаған шұға матаның басқыш біліктеріне жақсы жанасуын қамтамасыз етеді. Құндақ – бояудың шұғаға баруына кедергі жасайды. Құндақ ретінде әдетте қара немесе дөрекі мақта матасы пайдаланылады. Көп уақытқа шыдауы үшін арнайы техникалық капронды және лавсан маталарды немесе мақта араласқан лавсан маталарын пайдаланған жөн.
Қазіргі кездерде басудың үнемді және өнімді әдісі чехолсыз әдіс кең қолданылуда. Құндақсыз басқанда кирзо жуғыш қондырғылары бар машиналар пайдаланылады. Шұға мен құндақтың орнына бұл машиналарда суға төзімді кабаты латекпен жабылған резеңке тектес немесе тері астында жаншымасы бар поливинилхлорид пленкалы бес қабатты мақта кирзалары пайдаланылады. Кирзаның біртутас 60 метрлік лентасын баспа машинкасынан шығарда бояуын кетіру үшін жуып, сонан соң кептіріліп баспа машинасында қайта боялады.
Басудың құндақсыз әдісін пайдалану 5 білікке дейін керек ететін өрнектерді салғанда тиімді. Біліктер саны одан көп болса сурет кескініні бузылып кетуі мүмкін. Басудың үш тәсілі бар: тікелей, жидіте және резервті. Тікелей басу – өрнекті ақ немесе ашық матаға салу. Жидіте басу тәсілі боялған мата баспа машинасы арқылы өтеді, оған бояуды талқандайтын улы зат жағады. Оны кейін ыстық бумен өңдегенімізде бояу түссізденеді де боялған матаның бетінде ақ өрнектер пайда болады. Егер улы затпен қоса матаға басқа құрамды бояғыш енгізсе түрлі-түсті өрнек шығады. Жидіте және резервті әдістер әдетте қара-қоңыр матаға ақ сурет салғанда пайдаланылады [12].
Баспадан кейін бояуды матаға бекіту үшін қыздыратын және булайтын аппараттарда ыстық бумен өңдейді. Басу барысындағы ақаулар бояудың ластығының, басқыш білігінің майысқан жердің ракляның кетік болуы, матаның дұрыс дайындалмауы, бояудың не сұйық, не өте қою болуы салдарынан болады.
Егер бояу өте сұйық болса – сорғалап ағып кетеді. Егер өте қою болса – бояу матаға тегіс жұқпайды, кейбір жерлері басылмай қалуы мүмкін. Егер бояу раклямен нашар тазаланса, ашық жерлер қоңырқай шығуына соқтырады.
Білік ұрылуы – басқыш білік бетіндегі майысқан Жердің таңбасы мата бетінде қайталанып түсе беруі.
Штриф – ракляның жүзінде кетік болуы салдарынан, матаның өң бойына түрлі-түсті жіңішке сызықтың пайда болуы. Растраф – көп түсті өрнек суреттерінің сәйкес келмеуі. Бұл ақау баспа машинасының біліктерін дұрыс орнатылмауынан болады. Шерту – ақ сызықпен екіге бөлінген дақ. Егер ракляньң жүзіне кұм түссе осындай ақау туады. Бұл жағдайда ракля майысып барып шырт ете қалады да басқыш біліктің бетінде бояғыштың біразын қалдырып қояды. Ол мата бетіне дақ болып түседі.
Сүйретпе (затаск) – ракляның жүзіне жіп немесе мамық ұлпа жабысса мата бетінде түрлі-түсті толқынды жолақ пайда болады. Кертпеш – егер мата жиналып, катпарланып қалса ақ жолақтар, сызықтар шығады. Суреттің кисық шығуы матаның негізгі және арқа жіптерінің ішінде қисық тоқылғандарының болуы, немесе басу кезінде жөндеп керілмеуі салдарынан. Матадағы жолақтар мен кереге көз сызықтардың қисықтығы жақсы байқалады. Дақ, таңба, акаулар – матаның өне бойына басылған суреттің нашар түсуі. Ол дайындалған матаның дұрыс кеппеуінен болады.
Ақаулардың матаның бір-ақ жерінде, немесе өне бойында болуы мүмкін. Мақта матаның соңғы өңдеуі өңдеуагшреттеу керу және жылтырату. Кейбір маталар басқа да арнайы өңдеуден өтуі мүмкін.
Аппреттеу, яғни өңдеу – арнайы құрамды (аппреттерді) матаға сіңдіру арқылы оған серпімділік, иімділік, қажетінше қаттылық, жылтырлық, ақ түстілік және де үйкеліске төзімділік беру. Өңдеу құрамына желімді заттар (крахмал, декстрин), гигроскопиялық заттар (глицерин, сірне, ас тұзы), аппақ түс беретін заттар (ультрамарин, оптикалық ағартқыштар) жұмсартатын және жалтырататын заттар (май, балауыз) кіреді. Аппреттеп-өңдеудің негізгі құрама бөлігі – крахмал. Аппреттегі крахмалдың мөлшеріне қарай мата не муслинді (жұмсақ), не дөрекі өңделеді. Крахмалды аппретті кемістігі – оның жуғанға тезімсіздігі – бір жуғанда-ақ кетіп қалады да, мата әзінің өңін жоғалтады. Өңін жоғалтпауы үшін маталарды жуғанға кетпейтін аппреттермен өңдеу керек.
Жуылғанда кетпейтін аппреттер ретінде кейбір синтетикалық шайырдың эмульсиясы мен әртүрлі целлюлозаның туындылары пайдаланылады. Целлюлозалык аппреттерді сіңдірген соң матаны қышқылмен өңдейді, шаяды және кептіреді. Синтетикалық аппреттерді сіңдірген соң термиялық өңдеуден өткізіп немесе кептіреміз. Синтетикалық аппреттер жуғанға төзімді матаның үйкеліске шыдамды және кұрамына байланысты матаға қаттылык, қыртыстанбаушылық, отқа төзімділік, суға қадамдылық сияқты қасиеттерін арттырады.
Керу – матаның қиғаштығын түзетіп, оны стандартты еніне келтіру. Бүріккіш машинада мата дымқылданады, сонан соң доңғалақты немесе шынжырлы машиналарда керіледі. Маталарды жылтырату – өңдеу каландрлерінде маталарды әдемілеу. Каландрдың қуатты біліктерінің арасынан өткенде матаның қатпары жазылады, ал егер аппреттін кұрамына балауыз бен стеарин кіретін болса, мата кұлпырып кетеді. Қаландр біліктері не жиналмалы иілгіш, не 170°С-ге дейін қыздырылатын металдан жасалуы мүмкін. Тым құлпырта өңдеу үшін сәтенді, ләстікті, кейде шытты күмістелген каландарда өңдейді, оньң металл біліктерінің біреуінің бетіне жіңішке еңкіш сызықшалар түрінде оймалар (гравировка) салынған. Каландрлеуді барлық матаға жасамайды. Мысалы шибарқыт, жартылай барқыт, костюмдік трико каландрленбейді.
Ақырғы өңдеу операциялары үздіксіз бір процеске біріктіріліп толассыз аппрет туралы еңдеу жүйесінде жүргізілуі мүмкін. Арнаулы өңдеу маталарға тиісті бір қасиет беру үшін жасалады. Қыртыстанбайтын апшымайтын мақта маталарын өңдеу балауызды пайдалану арқылы жүргізіледі. Қыртыстанбайтын өңдеуден өткен мата ешқашан мыжылмайды деуге болмайды. Өңдеу матаның қатпарланғыштығын азайтады, сондықтан мұндай өңдеу жейделік маталарға жүргізіледі.
Су өткізбейтін өңдеу брезенттерге, шатырларға, кейде плащтарға жүргізіледі. Матаның үстінгі бетінен тығыз әрі жүмсақ су еткізбейтін қабат алу үшін оған резеңке, кебетін май, битум, синтетикалық балауыз жағады. Су жұқтырмайтын өңдеу дегеніміз парафинді – стеарин эмульсиясымен немесе сірке қышқыл алюминиймен өңдеу. Су өткізбейтін өңдеуден өткенде талшықтар суды итеретін қасиет алады, бірақ ауа өткізетін қасиетін жоғалтпайды. Мұндай маталар плащқа пайдаланылады. Оттан қорғағыш еңдеу театр перделеріне жұмсалатын, кеме, самолет, қоғамдық орындарда пайдаланылатын маталарға және де ыстық цехтардағы жұмысқа арналған киімдерді тігетін маталарға жүргізіледі. Мақта – маталарға отка төзімді қасиет беру үшін оларға фосфорлы, борлы, кремнийлі кышқылды немесе целлюлозаның күрделі фосфорқышқылды эфирлерін сіндіреді.
Шіруге қарсы өндеу шатырларға, ауларға, плащтық маталарға жүргізіледі. Ол үшін мыс-аммиак ерітіндісін немесе мыстың әр түрлі тұздарын пайдаланады.
Кетпейтін басып салынған өрнек (тиснение) арзан мақта маталардың көрінісін жақсарту үшін колданылады. Кетпейтін бедерлі өрнектер алу үшін матаға синтетикалық балауыздарды (карбамол, метазин немес соның қосындыларын) сіңдіреді де, 15% ылғалдыкқа дейін кептіреді. Сонан соң матаны бедерлі өрнегі бар металл біліктері 180 - 200°С температураға дейін қыздырылған каландр арқылы өткізеді. Термикалық өңдеудің нәтижесінде матада салынған өрнекті мықтап ұстап қалатын синтетикалық балауыздың ерімейтін жұқа қабығы пайда болады. Ақырғы өңдеуде ақаулардың болуы мүмкін: тегіс еңделмеу, матаның тесіліп немесе ұзына бойына жыртылып кетуі, каландрлегенде матаның босауы, т. б.
Зығыр маталарды өңдеу. Зығыр маталарды өңдеу операцияларын жүргізу жүйесі және олардың мағынасы мақта маталардікіндей. Бірақ зығыр маталарды өңдеудің өзінше ерекшеліктері бар. Мысалы, мақта матаға қарағанда зығыр матаның табиғи бояуы көрнектілеу, қоспалары басымдау болғандықтан оларды қайнатып-пісіру, ағарту бірнеше рет қайталануы мүмкін. Талшықтарының қабырғасы калың және өзегінің екі жағы тұйық болғандықтан зығыр маталар мақта маталарға қарағанда қиын боялады. Өңдеу кезінде техникалық талшықтардың ыдырамауын қадағалау керек, себебі ол матаның мықтылығын төмендетеді.
Зығыр маталарды өңдеудің негізгі операциялары: отпен шарпу, шлихтовкасын кетіру, қайнатып ағарту, бояу немесе сурет басу, аппреттеу, керу, жалтырату.Өңдеу сипатына қарай зығыр маталар, көбіне өңделмеген, аз өңделген, ағартылған және аз мөлшерде боялған немесе суретті болып шығарылады.
Қайнатып-пісіру және ағарту процесінде мата желімдік заттардан тазарып, 30%-ке дейін массасы ке-миді, тығыздығы азаяды. Сондықтан матаны емес, иірілген жіпті қайнатып ағартады. Қайнатып-пісіру мен ағартуды өте мұқият және бірнеше рет қайталайды.
Өңделмеген жартылай ағартылған, ағартылған және боялған жіптердің қоспасынан шұбар-түсті зығыр матасы шығады. Меланж зығыр маталары боялған шта-пель және өңделмеген зығыр талшықтарынан иірілген меланж жіптерінен тоқылады.
Зығыр маталарына жүргізілетін ақырғы операциялар мақта маталардікімен бірдей. Зығыр маталар да: қыр-тыстанбайтын, апшымайтын, су жуықтырмайтын, оттан қорғайтын, шіруденчсақтандыратын т. б. өңдеудің арнайы түрлерінен өтеді [5].
Жүн маталары тарақтық (мауыты) және шұғалық болып бөлінеді. Тарақтық маталар жұқа, жеңіл, тоқылған өрнегі бетінде анық көрініп турады. Шұғалық маталар тарақтық матаға қарағанда ауыр әрі қалың. Шүғалық матаның бетінде киізтектес қабаты, түгі неме-се ерекше мамығы болады. Тарақтық және шұғалық маталарды өңдеудің ез ерекшеліктері бар. Кейбір опе-рациялар екеуіне де ортақ болады.
Жүн матаның тобын (партиясын) өңделгенге дейінгі сапасына және өндіріс жоспарына қарай таңдап алады. Жеңіл кейлектік және костюмдік маталарды 10-12 бөліктен біріктіріп тігеді. Топқа кіретін ауыр матаның әр бөлегі жеке-жеке өңделеді, тек кейбір операцияларды жүргізу үшін бірнеше белегін біріктіріп тігеді де, артынан қайта бөлектейді [1].
Жарамсызын алып тастаған соң, кендір матаны тазалайды, жамайды, қысқашпен немесе қайшымен түйіндерін алады, бунақталған жерлерін және т. б. ақауларын жөндейді. Жуықтығы, түйіні, кем-кетік тоқылғаны сияқты ақаулары болған жағдайда матаны тоқыма суретіне сәйкестендіріп тігін инесімен торлап жамайды. Торланып жамалған тұсы шүғалық маталарды өндеуден өткізген соң білінбей кетеді.
Тарақтық маталарды өндеудің негізгі операциялары отпен шарпу, кайнатып-пісіру, илеу (кейбір маталар үшін), шаю, ылғалдай декатирлеу, карбондау, бояу, кү. зеу және тазалау, аппреттеу, престеу, ақырғы рет ыстық суға ұстап жұмсартады.
Шұғалық маталарды өндегенде илеу, шаю, жұмсар. ту, карбондау, түктеу, бояу, күзеу және тазалау, прес-теу, және ақырғы рет декатирлеу жүргізіледі.
Кейбір жүн маталарға арнайы заттарды сіндіру ар-қылы су жүқпайтын, күйе түспейтін қасиет береді.
Отпен шарпу – тарақты маталардың әңіндегі шығьщ тұрған жүн талшықтарын күйдіру. Шарпу үйткіш (палилка) деп аталатын арнайы машинада жүргізіледі Жазылған мата газ шілтерісі жалынының үстімен 90 м/мин жылдамдықпен жылжып өтеді. Жалынның биіктігі 15 см-re жетеді. Тығыздығы аз маталарды үйіткен-де жалын матаның арғы жағына етіп кетеді де, жіптер-дің арасындағы талшықтардың үшын күйдіреді. Мүмкін болатын ақаулар. жидітіп алу, күйдіріп жіберу.
Термобекіткіш – синтетикалық талшықтары (капрон, лавсаң, нитрон) бар маталардын, құрылымын бекітіп және матаның тиянақты апшуы үшін жасалатын өндеу жұмысы. Термобекіткіш процесінде мата 110—190°С-ге дейін қыздырылған бетпен жылжып етеді. Синтетикалық талшықтар отырады, матаның қүрылымы сақталып, мөлшері тиянақты болады.
Термобекіткіш матаның келесі өңдеу операцияларын-да немесе пайдаланғанда отыруын болдырмайды.
Шаю – майды, шлихтаның қалдығын, кірін кетіру мақсатымен барлық жүн маталарға жасалатын өңдеу жұмысы. Көп өндеу операцияларынан кейін матаны бір-неше рет шаяды. Маталарды ыстық және суық сумен, сабынды-содалы ерітіндімен және әр түрлі жуғыш заттардың ерітіндісімен шаяды. Дұрыстап шайылмаған мата айғызданып түрады [12].
2.3 Маталарды маркілеу және буып-түю
Маталарды өңдегеннен кейін талшықты құрамы мен пайдаланылуы әртүрлі стандарт нормаларына сәйкес сорттау, орау, маркілеу, жинау және буып-түю жүргізіледі [10].