Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа
Жергілікті салықтар мен алымдардың маңызды рөлі болып, олардың әртүрлі бағдарламалар негізінде аймақтар үшін маңызды қаржылық қолдауға кепіл беруі табылады.
Жұмыстың мақсаты жергілікті салықтар мен алымдардың аймақтық бюджеттерді құрудағы рөлін зерттеуде.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 ҚР жергілікті салық салу жүйесінің теоретикалық аспектілері..........................5
1.1 Жергілікті салықтар мен алымдардың сипаттамасы және Қазақстанның салық жүйесіндегі олардың рөлі...............................................................................5
1.2 ҚР-ғы жергілікті салықтар мен алымдарды есептеу механизмі..................9
2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК мысалында жергілікті салық салу жүйесін бағалау.................................................................................................16
2.1 Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі...............................16
2.2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК қызметіне сипаттама.........9
2.3 «Тазарту» МКК салықтық міндеттемелерінің динамикасы мен құрылымының талдауы.............................................................................................22
3 Қазақстанда жергілікті салық салу жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары........................................................................................................28
3.1 Аймақтың салықтық әлеуетін есептеу әдістерін жетілдіру жергілікті салық салу механизмінің тиімділігін көтеру ретінде.............................................28
3.2 ҚР-да жергілікті салық салу жүйесін дамыту перспективалары................30
Қорытынды.................................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................
Шығындардың жоспарлары әрдайым елдiң даму басымдылықтарына байланысты болмайды. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi орындауды жеткiлiксiз мөлдiрлiк мемлекеттiк шығыспен тиiмсiз басқаруға бағытталды.
Жоғарыда аталған жергiлiктi салық салу жүйесіндегі мәселелермен байланысты салық - бюджет саясатының негiзгi стратегиялық есебі болып табылады:
- салық жүйесінiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- 30% ЖІӨ деңгейiне дейiн бюджетке салықтық түсiмдерiнiң өсуiн қамтамасыз ету;
- салық заңын әбден жетiлдiру;
- салық жеңiлдiктерiнiң жүйелеу;
- бюджеттiк децентрализация қағидасының iске асырылуы;
- даму стратегиясымен өзара байланыстағы мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саласының дамуына бюджет саясаты бағытын жүзеге асыру;
- бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру;
- ЖІӨ қатысты мемлекеттiк қарыздардың бiртiндеп қысқартуына және тұрақтылыққа қол жеткізу;
- бюджеттiк жоспарлау жүйен жетiлдiру;
- бюджеттi мөлдiрлiгін қамтамасыз ету.
Салық заңнамасының тұрақтылық қағидасын заңнамалық бекiту керек, өйткені салық заңнамасына енгізілетін жиі өзгерістер елдің экономикалық ортасына терiс ықпал етеді.
Қаржылай-банктiк жүйені, аграрлық экономика секторын, қоғамның орташа сыныбы ретінде шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасуын, әлеуметтiк саланың экономикалық негiзін нығайту бойынша Салық кодексiнiң жаңа редакциясын қабылдау керек.
Мемлекеттiк бюджет мүмкiндiктерiнiң өсуі мен кіріс бөлiгiнiң күшеюi, экономиканың жеке секторларына салық жеңілдіктерін беру саясатынан әлеуметтік әлсіз тұрғындарға, сонымен қатар тиімсіз, бірақ әлеуметтік маңызы бар экономика секторларына мемлекетпен тікелей көмек көрсету ролін күшейту қажет.
Мемлекеттiк бюджетке салық түсiмдерiнiң өсуi салықпен басқару және салық заңының мiндеттi нормаларын сақтауды жақсарту есебiнен қамтамасыз етiледi.
Жақын арадағы жылдарда мемлекеттiк бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер деңгейі ЖІӨ-ге қатынасы бойынша, барлық дамыған елдерде үлестiрiлетiн ЖІӨ үлесі әрбiр он жылдық заңдылықпен өсiп, ЖІӨ-нің 50%-на жақындап келе жатқанын есепке ала отыра, 30% жетедi.
Осылайша, жергiлiктi салық салу жүйесін жетiлдiру заң шығару базасының жетiлдiруiнде, сонымен бiрге салым механизмін жетiлдiруiнде болады.
Мемлекеттiк бақылау органдары жағынан, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметімен қаулылар қатары қабылданып, мемлекеттік органдармен кәсіпкерліктің субъектілерін тексеруді тағайындау туралы актілерін тіркеу Ережесі жасалған, шаруашылық субъектілердің барлық тексерістерінің біртұтас статистикалық есебі енгізілген.
Негiзiнен, республикада тауарлар және қызметтердiң бәсекелестiк нарығы жасалған және шағын кәсiпкерлiктiң қолдау мен дамытуының институционалдық шаралары анықталған. Бұның барлығы шағын кәсiпкерлiктiң дамуыа оң ықпал етедi. Осылай 2009 жылдың басында Республикада 145, 1 мың шағын кәсiпкерлiктiң субъекттерi тiркелген, ол 2008 жылмен салыстырғанда 10, 9%-ға көбірек. Сонымен қатар шағын кәсiпкерліктің жұмыс iстейтiн субъектілерi, тiркелгендер сандарынан 71, 2% құрайды.
Шағын кәсiпкерлiктiң динамикалық дамуына ҚР-ның салық механизмі құралдары әсер етеді. Жергiлiктi бюджетке негiзгi салықтар мен алымдарды шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері төлейтінін атап өту керек, яғни келесілер: жеке табыс салығы; акциздер; әлеуметтiк салық; жер салығы; бiртұтас жер салығы; көлiк құралдарына салынатын салық; мүлiк салығы; заңды тұлғаларды тiркеу бойынша алым; жеке кәсiпкерлердi тiркеу бойынша алымдар; қызметтiң жеке түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым.
2005-2010 жылдары Қазақстан республикасының Салық кодексiне шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық ауыртпалығын ары қарай төмендету туралы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
Қазiргi кезеңдегi салық механизмінің қызметін талдау, қазiргi сөзсiз дамудағы басымдылық өндірісті жеделдетілген инновациялық жаңарту негізінде, бәсекелестiк артықшылықтарды құрастырумен өтуді растайды.
Өте өткiр мәселелер қатарына реттелмеген салық механизмінде әрекет ететін мәселелерді жатқызу керек:
- табыс салығымен салық салынбайтын шығындар арқасында негiзгi құралдарды қалпына келтiру;
- өндiрiстiң инновациялық дамуында инвестицияны жалпы қол жетерлік салықтық ынталандыру;
- табыс салығымен салық салынбайтын шығындарды арқасында кәсiби бiлiмді қаржыландыру шығыны;
Жаңа Салық Кодексiне (1.01.2011 жылдағы күйi бойынша) сәйкес амортизациялық төлемдер сәйкес топтарға кіретін негізгі өорлардың баланстық құнына амортизация мөлшерін қолдану жолымен алынады. Қазiргi заң негiзгi құралдардың орнын толтыруды тiптi қамтамасыз етпейтiндiгiнен, Қазақстан республикасындағы амортизациялық салық саясатын шұғыл өзгерту керек. Олардың жаңаруды, 2000 жылдан бастап, тауар өндiрушiлер таза табыс немесе айналымдағы ақшалардың негізінде өндіруде.
Жерге салық бойынша жеңiлдiктер толық түрде көрсетілмеген. жер телiмдерiн ұзақ немесе қысқа мерзiмді арендалық пайдалануға беру, келесi сатып алу шарттар сұрақтары жан-жақты зерттелмеген.
Мүлікке салық салу тәжiрибесін де жетiлдiру қажет. Анығында, аяқталмаған құрылыс объектілерін салықтан босатуға болады, себебі олар кәсiпкерлiк қызметте қолданылмайды, табыс әкелмейдi және амортизацияланбайды.
Соңғы жылдары салық жүйесін жетiлдiруге көп және салық әкiмшiлiгiнiң мәселелерiне аз көңіл бөлінетінін атап өткен жөн. Сонымен бірге салықтарды жинау бойынша күрделі жағдай салық инспекциясының бақылау және ұйымдастыру қызметінің деңгейін жетілдіруге мәжбүр етеді.
Әрекетті мемлекеттiк салық қызметiн құрастыру тиiмдi нарықтық экономиканың маңызды институттарының бiрін жасау тапсырмасы ретінде қарастырылатыны айқын. Сондықтан экономикалық реформа барысы барабар өзгерістері салық заңнамасы мен салық жүйесінде ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы салық органының қызметін ұйымдастыруда да себепші болды.
Республикадағы экономикалық жағдайды жақсарту шаралары бойынша, оның барысында салықтардың саны қысқарады, салық ауыртпалықтары төмендейді, салық салу ережелері жақсы жаққа өзгереді - салықты басқару және бақылау сұрақтары бiрiншi орынға шығады. Төмендетілген салықтар, мемлекет оларды төлеуді талап етуге құқылы, дегенмен бiр ғана салықтарды төмендету, өзiмен-өзi қараниетті салық төлеушiлердің өз салық мiндеттемелерін толық көлемде орындауға жеткiлiксiз. Ал бұлсыз нарықта салық төлемеуші, адал салық төлеушілер алдында анық бәсекелестік артықшылыққа ие болады. Басқа сөзбен айтқанда, салық ауыртпалығының төмендеуiмен бірге бақылауды да күшейту керек.
Осылайша, бүгiнгi күні бiздiң мемлекетте ерекше өзектiлiкті салық құқық бұзушылықтарымен күрес және оларды iске асыруына байланысты жауапкершiлiктi қаталдандыруы алады. Бұл салада тәртіп орнату мемлекеттің фискалдық мақсатымен қатар, мықты экономикалық ортаны және тартымды инвестициялық ахуалды құрудың маңызды элементі болып табылады.
Жергiлiктi салық салудың барлық жүйесі мынадай түрде оптимизацияланған болуы керек, яғни жеке салықтар экономикалық реттеуші мәндерін жоғалтпауы және реттеуші мен фискалды функциялар арасында тепе-теңдiкті орнатуға бағытталуы керек.
Осылайша, зерттеу барысында Қазақстан Республикасының жергілікті салық салу жүйесін талдау, жергілікті салықтар мен алымдар жергілікті бюджет кірістерінің тұрақты және дербес көзі болғандықтан, Қазақстанның салық жүйесінде маңызды орын алатынын көрсетті. Сонымен қатар, жергілікті қаржылық ресурстарды тартусыз, жалпы мемлекеттік әлеуметтік мақсаттар қатарын орындау мүмкін емес.
Жанама салық салудың жүйелерiн дамытудың перспективалы бағыттары болуы керек:
- салықтық басқару процесстерiн автоматтандыруды жалғастыру;
- сапаны бақылау және салық аудиті тиiмдiлiгін жақсарту, салық аудитін бақылаудың электрондық жүйесiн енгiзу;
- жергiлiктi бюджетке түсетін табыстардың есебі мен болжамдау әдістемесінің дамуы;
- iрi салық төлеушiлер қызметiнiң мониторингісі;
- акциз телемдері бойынша жұмысты әбден жетiлдiруi;
- салық апелляциялары процедураларының әбден жетiлдiрлуi.
Қорытындысында,
егер салық қызметі салық төлеушілермен
ымырасыз жаңа қатынастар орнатпаса, бiр
де бiр шара нәтижелі болмайтынын атап
өту керек. Салық төлеу туралы ескертулер,
қорқыту және еске салулар заман өтiп кеткен.
Салық төлеу әдеті - жақсы әдет. Және салық
төлеу тәртібін үйретуге салық органы
жауапты, өйткенi салық төлеу өмiрдiң нормасы,
ерiктi мiндеті, 21 ғасырда өркениеттi елдің
заңға бағынатын азаматының кәдiмгi әдетiне
айналуы керек.
Қорытынды
Құрылу және есептеу әдістерінде белгілі қағидалар іске асатын әртүрлі салықтардың жиыны еліміздің салық жүйесін құрастырады. Қазақстан Республикасында Салық Кодексімен кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғаларға салық салудың екі деңгейлі жүйесі енгізілген. Бірінші деңгей – Қазақстанның республикалық салықтары. Екінші деңгей – ҚР құрамындағы республикалық маңызды қалалар, аудандар, облыстардың салығы (жергілікті салықтар).
Қазіргі
кезде салық жүйесінде
Жергілікті салықтар – бұл жергілікті бюджеттер кірісіне түсетін, жергілікті билік органдарымен белгіленетін және қатысты аймақтары бойынша алынатын салықтар мен алымдар.
Жоғарыда аталған салықтар мен алымдардан жергілікті бюджетке түсуде маңыздырақ болып жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы мен акциздер келеді
Арқалық қаласы әкiмшiлiгiнiң «Тазарту» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны 2000 жылдың 29 қарашасында №300 Арқалық қаласы әкiмiнің шешiмі негiзiнде құрылған.
Бұл кәсіпорын келесі салық түрлерін төлеуші болып табылады: әлеуметтік салық, жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы.
«Тазарту» МКК-ның салықтық міндеттемелерінің құрылымына талдау жасап, келесі нәтиже шығаруға болады, яғни ең көп үлесті әлеуметтік салық бойынша міндеттемесі алады – 57,68%, одан кейін жеке табыс салығы – 33,75%. Меншікке салынатын салықтар ішінде жоғары үлеске мүлік салығы ие, жалпы міндеттемеде сомасында - 3,09% және меншікке салық құрылымында – 45,74%. Екінші орынды көлік құралдарына салық алады – 3,06% және сәйкесінше 45,28%.
Алынған мәліметтер бойынша «Тазарту» МКК-ның 2008-2009 жылдарға жалпы міндеттемелер сомасы 4305,438 мың теңге және 7186,803 мың теңгені құраған. Осы мерзімде өткізу бойынша табысы 15424050 теңге және 16254440 теңгені құрады.Осылайша, 2009 жылы салықтық ауырпалық 44,21 % құрады, ол өткен мерзіммен салыстырғанда 16,3%-ға жоғары.
Нарықтық экономиканы жаңаша басқару жүйесiн құрастыру жағдайында аймақтық және жергiлiктi деңгейдегi бюджеттердi басқарудың тиiмдiлiгiн жоғарылату тетiктері және ынталандыру ерекше мәнге ие.
Бюджеттiң
жағымсыз мәселелерінің бірі оның табыс
бөлiгi болжамдарының дәлдiгiмен
Тәжiрибе көрсеткендей, аймақтық бюджеттердi құрастыруда қолданылатын әдiстер және тәсілдер келешекте жергiлiктi бюджеттерге түсетін түсімдердің жеткiлiктi түрдегі нақты болжауларын беруге кепiлдiк бермейдi және олар беелгісіздіктің биiк деңгейімен байланысты, ол өз кезегінде басқарушылық және қаржылық шешiмдерiнiң қате қабылдануына алып келеді.
Теориядағыдай тәжiрибеде де, бюджеттік болжамдау механизмін құру – қаржылық басқарудың маңызды элементі болып келеді, ал оған біздің елімізде өте аз көңіл бөлінеді.
Сондықтан
бюджеттердiң жергiлiктi табыстарын
болжау әдiстемеде сияқты, әдiстемелiкте
де жетiлдiруді талап етедi, салық потенциалы
мен салықтарды жинау көрсеткiштерi бюджеттiк
- салық жоспарлауының негiзiн құрайтын
құралдары болу тиiс.
Информация о работе Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі жергілікті салықтар мен алымдар