Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа
Жергілікті салықтар мен алымдардың маңызды рөлі болып, олардың әртүрлі бағдарламалар негізінде аймақтар үшін маңызды қаржылық қолдауға кепіл беруі табылады.
Жұмыстың мақсаты жергілікті салықтар мен алымдардың аймақтық бюджеттерді құрудағы рөлін зерттеуде.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 ҚР жергілікті салық салу жүйесінің теоретикалық аспектілері..........................5
1.1 Жергілікті салықтар мен алымдардың сипаттамасы және Қазақстанның салық жүйесіндегі олардың рөлі...............................................................................5
1.2 ҚР-ғы жергілікті салықтар мен алымдарды есептеу механизмі..................9
2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК мысалында жергілікті салық салу жүйесін бағалау.................................................................................................16
2.1 Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі...............................16
2.2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК қызметіне сипаттама.........9
2.3 «Тазарту» МКК салықтық міндеттемелерінің динамикасы мен құрылымының талдауы.............................................................................................22
3 Қазақстанда жергілікті салық салу жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары........................................................................................................28
3.1 Аймақтың салықтық әлеуетін есептеу әдістерін жетілдіру жергілікті салық салу механизмінің тиімділігін көтеру ретінде.............................................28
3.2 ҚР-да жергілікті салық салу жүйесін дамыту перспективалары................30
Қорытынды.................................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................
Сонымен қатар, жергiлiктi бюджеттер қаржысы арқасында жетiмдерді, ата-аналар қорғауынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруды iске асыру, оған қоса қартайған және мүгедектер, мүгедек балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру. Жергiлiктi бюджет қаражаттары өлкедегi кәсiпкерлiкке жағдай жасап, қолдауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге облыстық бюджеттерден мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуi, оған қоса кадрларды қайта даярлауды және мамандығын жетiлдiру шығындарын; әр түрлi бағыттар бойынша (бағдарлама) бюджеттiк инвестициялық жобалар қаржыландырады.
2009
жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер
көлемі алдыңғы мезіммен салыстырғанда
44,19%-ға ұлғайған. Сонымен бірге, 2010 жылы
1 қазандағы жағдай бойынша алдыңғы жылмен
салыстырғанда 30,75%-ға өскен.
Кесте
1. 2006-2009 жылдары Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің
түсімі (млн. теңге)
Ай | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | ||||
Сома | Үлесі, % | Сома | Үлесі, % | Сома | Үлесі, % | Сома | Үлесі, % | |
Қаңтар | 3 393 | 9,03 | 2 987 | 6,30 | 4 793 | 7,01 | 7 034 | 10,94 |
Ақпан | 3 186 | 8,48 | 3 494 | 7,37 | 5 455 | 7,98 | 7 295 | 11,35 |
Наурыз | 2 739 | 7,29 | 2 997 | 6,32 | 5 741 | 8,39 | 7 223 | 11,24 |
Сәуір | 3 306 | 8,80 | 3 331 | 7,02 | 5 690 | 8,32 | 5 615 | 8,73 |
Мамыр | 3 266 | 8,69 | 3 705 | 7,81 | 6 086 | 8,90 | 7 999 | 12,44 |
Маусым | 2 606 | 6,93 | 3 413 | 7,20 | 4 581 | 6,70 | 5 500 | 8,56 |
Шілде | 2 769 | 7,37 | 4 078 | 8,60 | 4 362 | 6,38 | 7 338 | 11,42 |
Тамыз | 2 865 | 7,62 | 4 188 | 8,83 | 6 165 | 9,01 | 7 971 | 12,40 |
Қыркүйек | 3 179 | 8,46 | 3 821 | 8,06 | 6 291 | 9,20 | 8 307 | 12,92 |
Қазан | 2 943 | 7,83 | 4 350 | 9,17 | 6 596 | 9,64 | - | - |
Қараша | 3 222 | 8,57 | 4 681 | 9,87 | 6 887 | 10,07 | - | - |
Желтоқсан | 4 111 | 10,94 | 6 387 | 13,47 | 5 749 | 8,41 | - | - |
Барлығы | 37 585 | 100,00 | 47 434 | 100,00 | 68 397 | 100,00 | 64 282 | 100,00 |
Ары қарай 2009 жылы Қостанай облысы бойынша салықтық түсімдерді бөлу кестелері көрсетілген.
2-
кестеден көріп отырғанымыздай, Қостанай
облысы бойынша жергілікті бюджет түсімдері
жалпы мемлекеттік бюджеттің жалпы сомасынан
36,6% құрайды.
Кесте
2. 2009 жылғы Қостанай облысының салықтық
түсімдерін бюджеттер бойынша бөлу (мың.
теңге)
Барлық салықтық түсімдер | Мемлекеттік бюджет | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | ||||||
жоспар | факті | орынд. % | жоспар | факті | орынд. % | жоспар | факті | орынд. % | |
69662159 | 73158340 | 105,0 | 43130792 | 46378588 | 107,5 | 26531367 | 26779752 | 100,9 |
2010
жылдың 1 қараша жағдайына Қостанай
облысы бойынша салықтар мен
төлемдер түрлері, 3 кестеден көріп
отырғанымыздай, келесі түрге ие:
Кесте
3. 2009 жыл 31 желтоқсандағы Қостанай облысы
бойынша салықтар мен төлемдер түрінде
жергілікті бюджетке түсетін мемлекеттік
кірістер түсімдері
Төлем атауы | Жергілікті бюджет | Түсімдердің үлесі, % | ||
жоспар | факті | % орындалуы | ||
Барлық кірістер, оның ішінде: | 26 531 367 | 26 779752 | 100,9 | 100,00 |
Салықтық түсімдер | 24 386 028 | 24 824942 | 101,8 | 92,70 |
Жеке табыс салығы | 5 165 158 | 5 092 212 | 98,6 | 20,51 |
Әлеуметтік салық | 8 892 289 | 8 943 841 | 100,6 | 36,03 |
Меншікке салықтар | 3 394 638 | 3 827 947 | 112,8 | 15,42 |
Акциз | 4 232 080 | 4 399 630 | 104,0 | 17,72 |
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер | 2 429 347 | 2 250 066 | 92,6 | 9,06 |
Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар | 157 106 | 184 347 | 117,3 | 0,74 |
Басқа салықтар | 2 | 111 | 5 550,0 | 0,0004 |
Осылайша,
жергілікті бюджет кірістерінде салықтық
түсімдер, бюджеттің барлық кірістерінің
98,7%-н құрап, негізгі орынды алады. Сонымен
бірге салықтық түсімдер құрылымында
әлеуметтік салығы 36,03% және 20,51% жеке табыс
салығы алады. Жергілікті бюджетке түсімдерді
қамтамасыз етуде екінші орынды акциздер
алады - 17,72%. Меншікке салынатын салықтар
15,42% құрайды. Жергілікті бюджет түсімдерінде
ең аз үлесті басқа да салықтар мен алмдар
алады - 0,51%.
2.2
Арқалық қаласы акиматының
«Тазарту» МКК қызметіне
сипаттама
Арқалық қаласы әкiмшiлiгiнiң «Тазарту» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны 2000 жылдың 29 қарашасында №300 Арқалық қаласы әкiмiнің шешiмі негiзiнде құрылған.
Арқалық қаласы әкiмшiлiгiнiң «Тазарту» МКК мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын формасында құрылған, шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген, және де өз қызметiнде Қазақстан республикасының заңдарын, Қазақстан республикасының Президентінің жарлықтарын, басқа нормативтiк құқықтық актілерді және осы жарғыны басшылыққа алады.
Кәсiпорынның уәкiлеттi органы болып Арқалық қаласының әкiмшiлiгi табылады. Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып «Арқалық қаласы әкiмшiлiгiнiң тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiктері және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі табылады.
Кәсiпорынның қызметінің негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғаудың төңiрегiнде өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсiпорын қызметтерінің пәні болып қаланың тұтынушыларымен анықталатын көгалдандыру, қоршаған орта сапасына тiкелей әсер ететiн, коммуналдық шаруашылық пен сәулеттендiру объектілерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын өткізуі, сонымен бiрге экономиканың жеке секторлары жеткiлiксiз қамтыған жұмыстарды өткізу болып табылады.
Кәсiпорын қызметтiң келесi түрлерiн жүзеге асырады:
- ортақ пайдаланудағы қалалық жерлерді (көше, саябақтар, аудан, бақтар) санитарлық тазарту бойынша жұмыс жасау;
- жиын, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың өңдеу, тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтардың (қоқыс тастайтын жерлер) қалалық полигондарын экплуатациялау бойынша жұмыс жасау;
- қалалық суарғыш су құбырлары жүйелерін ұстау және басқа да коммуналдық инженерлiк ғимараттарды ұстау бойынша жұмыс жасау;
- Арқалық қаласының қалалық шаруашылық объектілерiн сақтау және сәулеттендiру бойынша жұмыс жасау, атап айтқанда: бақтар, саябақтар, жағажайлар, демалыстың тағы басқа аймақтары;
- коммуналдық шаруашылықтың ғимараттары мен инженерлiк объектілерін (жол өтпелер және тағы басқалар) ұстау, жөндеу, құру және қайта құралымдау бойынша жұмыс жасауы;
- мемориал кешендерi, басқа ескерткiштер және тарихи және мәдени мәні бар кіші сәулеттiк формаларды, сонымен бiрге жұмыс iстемейтiн зираттарды ұстау, жөндеу және қалпына келтiру;
Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының келесi өкiлеттiгi бар:
Кәсiпорындар заңды тұлға ретіндегі органы, мемлекеттiк басқару органына жауапты, оның директоры болып табылады. Мемлекеттiк басқару органы кәсiпорын басшысымен қатынасты, еңбек туралы Қазақстан республикасының заңына сәйкес, жеке еңбек келiсiм шартының шешiмi арқылы рәсiмдейдi.
Кәсiпорын
директоры кәсiпорындағы жай-
Кәсiпорын мүлiгiн негiзгi қорлар мен айналым қаражаттары, сонымен қатар құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетілген, құндылықтар құрайды. Кәсiпорын мүлiгi оған шаруашылық жүргiзу құқығымен тиесілі және ол мыналардың арқасында қалыптасады:
- меншiк иесi немесе уәкiлеттi органмен берілген мүліктер;
- жеке қызмет нәтижесінде алған ақша және басқа мүліктер;
- заң тыйым салынбаған басқа көздер.
Кәсiпорын негiзiнен мүлiктiк кешен ретінде жылжымайтын мүлiкпен танылады және мемлекеттiк коммуналдық меншiктiң құқықтық объектiсі болып саналады.
Кәсiпорынның жарғылық капиталы 2 400 000 теңгенi құрайды. Қазір Арқалық қаласы әкiмшiлiгiнiң «Тазарту» МКК-ның тұрақты қызметкерлерiнiң орташа саны 134 адамды құрайды, бұл былтырғыдан 28 қызметкерге жоғары.
Бөлiм өз қызметінде қаржылық қызмет сұрақтары бойынша нұсқаулармен, қолданыстағы заңмен, үкiметтiң қаулыларымен, кәсiпорын басшысы және экономика бойынша директор орынбасарының бұйрықтармен, нұсқаулар, жұмыс жоспары және бөлiм туралы ережемен басқарылады. Экономика және жоспарлаулар бөлiмдерiмен бiрге өнiм өндiрiсi, жаңа техниканы енгiзуi, күрделi құрылыс және басқа да жоспарлы шығындар бойынша тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, сонымен бiрге бюджет, банктер және жабдықтаушылар, кәсiпорынның ағымдағы қаржылық қызметіне талдау алдында қаржы мiндеттемелерiн міндетті түрде орындауында өндiрiс резервтерiн iздеу, пайданы үлкейту және тиiмдiлiктi жоғарылатумен шұғылданады, кәсiпорынның қаржылай шаруашылық жұмысын жүзеге асырады.
Кәсiпорынның бухгалтериясымен бiрге салық заңына тұрақты талдау және бақылау жүргiзедi, сонымен бiрге салықтарды және басқа да міндетті төлемдердi бюджетке және бюджеттен тыс қорларға уақытылы төлеуiне, сонымен қатар бюджет және қорлар алдындағы қарыздарына бақылау жасайды.
Табысын бақылау үшiн, қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін кәсiпорын өз қызметi нәтижелерiнiң есебін жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте бухгалтерлiк және статистикалық есебін жүргізеді.
Кәсiпорын қызметiне толығырақ баға беру үшiн кәсiпорынның қаржы күйiне экспресс-талдау өткiземiз. Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектiнің қаржылық даму динамикасы және қолайлығының көрнекi және оңай бағасы болып табылады. Талдауд процесінде әр түрлi көрсеткiштердi есептейді және оларды маманның тәжiрибесі мен бiлiктiлiгіне негiзделген әдiстерiмен толықтырады.
Экспресс-талдауды үш кезеңде орындау орынды: даярлайтын кезең, қаржы есеп беруiне алдын ала шолу, есеп берудi экономикалық оқу және талдау.
Бiрiншi кезеңнiң мақсаты - қаржылық есеп беру талдауының лайықтылығы туралы шешiм қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткiзу. Ол үшiн үстiрт белгiлер және негiзi бойынша есебіне визуалды және оңай есептiк тексеру жүргiзiледi: барлық қажеттi формалар және қосымшалар, реквизиттер және қол қоюлардың бар болуы анықталады, барлық есеп беру формаларының дұрыстығы мен анықтығы тексеріледi; баланстың валютасы және барлық аралық қорытындылар тексеріледi.
Информация о работе Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі жергілікті салықтар мен алымдар