Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа
Жергілікті салықтар мен алымдардың маңызды рөлі болып, олардың әртүрлі бағдарламалар негізінде аймақтар үшін маңызды қаржылық қолдауға кепіл беруі табылады.
Жұмыстың мақсаты жергілікті салықтар мен алымдардың аймақтық бюджеттерді құрудағы рөлін зерттеуде.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 ҚР жергілікті салық салу жүйесінің теоретикалық аспектілері..........................5
1.1 Жергілікті салықтар мен алымдардың сипаттамасы және Қазақстанның салық жүйесіндегі олардың рөлі...............................................................................5
1.2 ҚР-ғы жергілікті салықтар мен алымдарды есептеу механизмі..................9
2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК мысалында жергілікті салық салу жүйесін бағалау.................................................................................................16
2.1 Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі...............................16
2.2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК қызметіне сипаттама.........9
2.3 «Тазарту» МКК салықтық міндеттемелерінің динамикасы мен құрылымының талдауы.............................................................................................22
3 Қазақстанда жергілікті салық салу жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары........................................................................................................28
3.1 Аймақтың салықтық әлеуетін есептеу әдістерін жетілдіру жергілікті салық салу механизмінің тиімділігін көтеру ретінде.............................................28
3.2 ҚР-да жергілікті салық салу жүйесін дамыту перспективалары................30
Қорытынды.................................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................
Әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік ай табылады. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етілуі тиіс.
Меншікке салынатын жергілікті салықтар қатарына көлік салығы, жер салығы және мүлік салығы жататынын атап өткен болатынбыз.
Бұрын аталғандай, жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың қызметіне байланысты болмайды. Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді, бір гектар үшін 0,48 теңгеден 202,65 теңгеге дейін. Ал шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді бір гектар үшін 0,48 теңгеден 50,18 теңгеге дейін.
Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
- көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері;
2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) Салық Кодексінің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Жер салығы салық төлеушіге берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерiнiң саны бiр бiрлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бiр жүк автомобилi босатылуға жатқызылады.
- мемлекеттік мекемелер;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
- ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
Көлік құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңі Салық Кодексінің 148-бабына сәйкес айқындалады. Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Жергілікті салықтардың келесі түрі мүлік салығы. Осы салықты есептеу және төлеу ерекшелігі болып жеке және заңды тұлғаларға салық базасын анықтау болып таблады.
Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;
2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.
бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.
Заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді. Ал мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша дара кәсіпкерлер, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді
Бюджетке
салық төлеу салық салу объектілерінің
орналасқан жері бойынша есепті салық
кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК мысалында жергілікті салық салу жүйесін бағалау
2.1
Жергілікті салықтардың
мемлекеттік бюджеттегі
рөлі
Жергілікті салықтар – бұл жергілікті бюджеттер кірісіне түсетін, жергілікті билік органдарымен белгіленетін және қатысты аймақтары бойынша алынатын салықтар мен алымдар.
Қазіргі
кезде салық жүйесінде
Көрсетiлген бағыттардың арасында ерекше орынды бiлiм беру, денсаулық сақтауды қаржыландыру, әлеуметтiк көмек, экономикалық қызметтi реттеу алады.
Осылай, бiлiм жүйесінде жергiлiктi бюджет қаражаттары мемлекеттiк облыстық бiлiм ұйымдары үшiн оқулықтар алу және жеткiзу, балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім және спорт бойынша қаржыландырулары үшiн, бастапқы, орташа кәсiби бiлiм беру; облыстық масштабтағы мектеп олимпиядаларын өткiзу; жергiлiктi деңгейде мамандығын жетiлдiру және кадрларды қайта даярлау; балалар және жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығының тексеруi және тұрғынға психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациялық көмек көрсету; балалар және жасөспiрiмдердiң даму мәселелерi шешу және әлеуметтiк бейiмделу.
Аймақтық
бюджеттерге жұмылдырылған
Информация о работе Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі жергілікті салықтар мен алымдар