Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі жергілікті салықтар мен алымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Жергілікті салықтар мен алымдардың маңызды рөлі болып, олардың әртүрлі бағдарламалар негізінде аймақтар үшін маңызды қаржылық қолдауға кепіл беруі табылады.
Жұмыстың мақсаты жергілікті салықтар мен алымдардың аймақтық бюджеттерді құрудағы рөлін зерттеуде.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 ҚР жергілікті салық салу жүйесінің теоретикалық аспектілері..........................5
1.1 Жергілікті салықтар мен алымдардың сипаттамасы және Қазақстанның салық жүйесіндегі олардың рөлі...............................................................................5
1.2 ҚР-ғы жергілікті салықтар мен алымдарды есептеу механизмі..................9
2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК мысалында жергілікті салық салу жүйесін бағалау.................................................................................................16
2.1 Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі...............................16
2.2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК қызметіне сипаттама.........9
2.3 «Тазарту» МКК салықтық міндеттемелерінің динамикасы мен құрылымының талдауы.............................................................................................22
3 Қазақстанда жергілікті салық салу жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары........................................................................................................28
3.1 Аймақтың салықтық әлеуетін есептеу әдістерін жетілдіру жергілікті салық салу механизмінің тиімділігін көтеру ретінде.............................................28
3.2 ҚР-да жергілікті салық салу жүйесін дамыту перспективалары................30
Қорытынды.................................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі жергілікті салықтар мен алымдар.doc

— 370.00 Кб (Скачать)

     Екiншi кезеңнiң мақсаты - балансқа түсiнiктемемен танысу. Бұл есептi мерзiмдегi жұмыс  жағдайын бағалау үшін, қызметтiң негiзгi көрсеткiштерiнiң тенденциясын анықтау, сонымен бiрге мүлiктiк және шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы жағдайындағы сапалы өзгерiстерді анықтау үшiн керек.

     Үшiншi кезең - экспресс-талдаудың негiзгiсі; оның мақсаты - объектінің шаруашылық қызметі мен қаржылық жағдайы нәтижелерiнiң қорытындыланған бағасы. Мұндай талдау әр түрлi қолданушылардың мүдделерiне не бiр нақтылау дәрежесiмен жүргiзiледi.

     Кәсiпорынның қарамағында болатын шаруашылық құралдарының сомасы 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы күйi бойынша 3 735 154 878 теңгені құрады, ол алдыңғы мерзiммен салыстырғанда 1, 46%ке ұлғайған.

     Жиынтық активтердiң құрылымы олардың құрамында айналымнан тыс активтер үлесінің көптігімен сипатталады, ол есептi мерзiмде алдыңғымен салыстырғанда 5,33%-ке қысқарған және 2009 жылы 68,64%-ды құраған. 

     «Тазарту» МКК iскерлiк белсендiлiктiң бағалары нәтижесіне сәйкес, есеп беру жылында базистiк жылмен салыстырғанда дайын өнiмді сатудан табыстың 83039000 теңгені құрап, үлкейгенін атап өту керек. Мұндай оң динамика болғанымен, негiзгi қызметтен табыс салық салынғанға дейін 33896000 теңгеге төмендедi. Қор қайтарымдылығы 68,9% құрады.

     2009 жылда компаниямен алынған таза табыс 1784000 теңгеге ұлғайып және 89885000 теңгенi құрады. Сонымен бiрге мұндай өнiмнiң, негiзгi қызмет тиiмдiлiгi, меншiктi капиталдың тиiмдiлiк көрсеткiштердiң терiс динамикасы байқалады. Бұл кәсiпорынның өз құралдарын қолдану тиiмдiлiгiнiң төмендеуi туралы куәландырады. 
 

     2.3 «Тазарту» МКК салықтық міндеттемелерінің динамикасы мен құрылымының талдауы 
 

     Көлiк  салығы кәсiпорында бар көлiк құралдарына сүйене отырып есептеледі.

       «Тазарту» МКК меншiгінде келесi көлiк құралдары бар, 4-кестеде талданатын кәсiпорын үшiн көлiк салығының есептеуiн жасаймыз.

     Кесте 4. 2009 жылы «Тазарту» МКК меншiгіндегі көлiк құралдары бойынша көлік салығының есебі: 

     Кесте 4. 2009 жылы көлік салығының есебі

Көлiк құралдары      Ескерту Ставка Түзету коэф-ті Салық сомасы, теңге
Газ -51 Жүк көтергіші 5 тонна, 1989 ж.ш., саны 10 бірлік 12 АЕК 0,3 42050
Газ-53 Жүк көтергіші 5 тонна, 1989 ж.ш., саны – 5 бірлік 12 АЕК 0,3 42050
Зил Жүк көтергіші 5,5 тонна, 1989 ж.ш., 5 бірлік 15 АЕК 0,3 26280
Камаз Жүк көтергіші 10 тонна, 1995 ж.ш., 3 бірлік 15 АЕК 0,5 26280
Маз Жүк көтергіші 10 тонн, 1996 ж.ш., 2 бірлік 15 АЕК 0,5 17520
Мтз-80 Жүк көтергіші 15 тонн, 1988 ж.ш., 4 бірлік 3 АЕК 0,3 14016
Дт-75 Жүк көтергіші 15 тонн, 1989 ж.ш., 2 бірлік 3 АЕК 0,3 7008
Т-40 Жүк көтергіші 10 тонн, 1989 ж.ш. 3 АЕК 0,3 3504
Қар жинаушы машина Жүк көтергіші 1,5 тонны, 1989 ж.ш., 3 бірлік      -      -      -
Автобуз ПАЗ Отыратын орындар  саны – 18, саны – 3 бірлік 14 АЕК      - 49056
Мұнаралы  кран Жүк көтергіші 30 тонн, 1987 ж.ш. 15 АЕК 0,1 1752
«Ивановец» краны Жүк көтергіші 20 тонн, 1989 ж.ш., 3 бірлік 15 АЕК 0,3 15768
  «ГАЗ – 3115» макасындағы жеңіл автомобиль Шығарылған  жылы – 2002, двигатель көлемі 2300 куб. см 12 АЕК + 7 тенге х 300      - 4835
«ВАЗ-2110» макасындағы жеңіл автомобиль Шығарылған  жылы – 2004, двигатель көлемі 2300 куб. см 12 АЕК + 7 тенге х 300      - 16116
Мотоцикл Двигатель қуаттылығы 50 кВт, 1985 ж.ш. 1 АЕК      - 1168
Барлығы      -      -      - 267403
 

     «Тазарту» МКК салық кезеңiне салықтың сомасын өз алдына әрбiр көлiк құрал бойынша салық салу объектiсi, салық мөлшерi және түзету коэффициенттерiнен сүйене отырып есептептейді. Салықтың төленуi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрілмей ағымдағы төлемдерді Арқалық қаласы бойынша бюджетке енгiзуi керек. Салық кезеңi күнтiзбелiк жыл болып табылады. Кәсiпорын жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей декларацияны ұсынады.

     5-кестеде көрсетілгендей, 2009 жылдағы «Тазарту» МКК жергiлiктi бюджетке төлеген көлiк салығы бойынша сомасы 267403 теңгенi құрауды, ол алдыңғы мерзiммен салыстырғанда 28,9% үлкейген. 2007 жылмен салыстырғанда салықтың өсуi 37,9% құрады. 

     Кесте 5. «Тазарту» МКК-ныі салық міндеттемесінің құрылымы мен динамикасы, теңге 

     Салық түрі      Жергілікті  бюджетке төленген салықтар мне алымдар, теңге
2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
Жеке  табыс салығы 421287 628988 2425896
Көлік салығы 193814 207384 267403
Жер салығы      - 43560 43560
Мүлік салығы 132723 181816 221862
Әлеуметтік  салық 1154849 3133251 4145033
Басқа да төлемдер мен алымдар 73413 110439 130856
 

     Сонымен бiрге «Тазарту» МКК мүлiктiк салықты төлеуi жергiлiктi бюджет алдында салық мiндеттемесi болып табылады. Салық салу объектілерiнiң жылдық орта мөлшердегi баланстық құны мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады.

     Салық кодексiмен салық салу мақсатында негiзгi құралдарды белгiленген активтер деп танып, төрт топқа бөлінетінін атап өту керек:

     - 1-шi топ - ғимараттар мен құрылыстар (мұнай, газ ұңғымақтары және берiлiс құрылымдарын қоспағанда);

     - 2-шi топ - машина мен жабдықтар (мұнай газ өндiрудi жабдықтары мен машиналарды қоспағанда);

     - 3-ші топ - канцеляриялық машиналар және компьютерлер;

     - 4-шi топ - басқа топқа қосылмаған белгiленген активтер.

     6-кестеде көрсетілгендей, 1.01.2009 жылдағы кәсiпорынның белгiленген активтерiнiң топтарының құн балансының келесi түрi:  

     Кесте 6. 01.01.2009 жылғы топтардың құн балансы  

     Белгіленген активтердің  атауы Топтардың құн балансы
ғимараттар мен құрылыстар (мұнай, газ ұңғымақтары және берiлiс құрылымдарын қоспағанда) 17875326
машина  мен жабдықтар (мұнай газ өндiрудi жабдықтары мен машиналарды қоспағанда 5564236
канцеляриялық машиналар және компьютерлер 515000
басқа топқа қосылмаған белгiленген активтер 101943
 

     Белгіленген  шектi амортизация нормалары бойынша (Қосымша А, Кесте Г.1.) 2009 жылдың әрбiр айының басына қалдық құндарының есептеуiн жасаймыз. Алған мәлiметтер бойынша «Тазарту» МКК мүлігінің орта жылдық құны 22186, 195 мың теңгенi құрады.

     «Тазарту» МКК-ның мақсаты пайда табу болғандықтан, таза табысы анықтайды, онда оны заң бойынша коммерциялық емес ұйымдарға жатқызуға болмайды. Сондықтан талданатын кәсiпорын салық салу объектiлерiнiң жылдық орта мөлшердегi құнына 1 пайыздық ставкасы бойынша мүлiк салығын есептейді. Осылайша, мүлiк салығының сомасы 2009 жылы 22186, 195 мың теңге х 1% = 221862 теңгеге тең. Ағымдағы төлемдердiң мөлшерi 55466 теңгенi құрайды.

     5-кестеде көрсетілгендей, 2009 жылы жергiлiктi бюджетке төленетін, «Тазарту» МКК-ның мүлiк салығы сомасы, алдыңғы мерзiммен салыстырғанда, 22% немесе 40046 теңгеге ұлғайған. Бұған есепті жылдағы  жоспарланған жабдықты сатып алуы ықпал еткен.

       Талданатын кәсіпорынның келесі  салықтық міндеттемесі болып  жер салығы төлемдері табылады.

     «Тазарту» МКК-ның меншiгінде елді мекендер жерлері сияқты, өнеркәсіптік жер учаскелері бар. 7-кестеде жер телiмдерi бойынша мәлiмет  көрсетілген. 

     Кесте 7. «Тазарту» МКК-ның меншiгінде жер учаскелері  

№ жер учаскесі      Жер участкесінің категориясы Жер участкесінің көлемі Бонитет баллы Жер учаскесі ставкасы
Арқалық қ.

Учаске №1

елді мекендер жерлері 1000 ш.м      - 1 ш. м үшін 8,2 теңге
Арқалық қ.

Учаске №2

елді мекендер жерлері 1500 ш. м      - 1 ш. м үшін 8,2 теңге
Арқалық қ.

Учаске №3

қоныстанудан тыс аймақ жерi 2 га 57 49,83 теңге
Арқалық қ.

Учаске №4

елді мекендер жерлері (нежилой фонд) 800 ш. м      - 1 ш. м үшін 8,2 теңге
Арқалық қ.

Учаске №5

елді мекендер жерлері (нежилой фонд) 1300 ш. м      - 1 ш. м үшін 8,2 теңге
Арқалық қ.

Учаске №6

елді мекендер жерлері (нежилой фонд) 700 ш. м      - 1 ш. м үшін 8,2 теңге
 

     Талданатын кәсiпорынмен осы жылдары төленетін жер салығы сомасы 43560 теңгенi құрады. Кәсiпорын ағымдағы төлемдер сомаларын есепті жылдың 25 ақпан, 25 мамыр, 25 қараша 25 тамыз мерзiмдерiнен кешiктiрмей тең бөлiктермен 10890 теңге көлемiнде төлеп тұрады.

     Жеке  табыс салығы және әлеуметтiк салық кәсiпорынның салық мiндеттемелерiнiң құрылымында маңызды орын алады. Жоғарыда 19 кестеде келтiрiлген мәлiмет бойынша, 2008 жылмен салыстырғандажеке табыс салығы және әлеуметтiк салық  бойынша кәсiпорынның мiндеттемесi 286% және сәйкесiнше 32%-ға өскенін көруге болады.

     Және  де 5-кесте мәлiметтері бойынша, «Тазарту» МКК осы салық түрлері бойынша салық міндеттемесінің өзгеру динамикасын көре аламыз:

     2009 жылғы талданып отырған кәсіпорынның салық міндеттемесін 1-суретте көрсете аламыз.  

       

     1-сурет – 2009 жылғы «Тазарту» МКК салық міндеттемесінің құрылымы  

     Осылайша, «Тазарту» МКК-ның салықтық міндеттемелерінің  құрылымына талдау жасап, келесі нәтиже шығаруға болады, яғни ең көп үлесті әлеуметтік салық бойынша міндеттемесі алады – 57,68%, одан кейін жеке табыс салығы – 33,75%. Меншікке салынатын салықтар ішінде  жоғары үлеске мүлік салығы ие, жалпы міндеттемеде сомасында - 3,09% және меншікке салық құрылымында – 45,74%. Екінші орынды көлік құралдарына салық алады – 3,06% және сәйкесінше 45,28%. Жер салығы барлық салық міндеттемелерінің, және де меншікті салық міндеттемелерінің құрылымында да ең аз үлеске ие: 0,61% және сәйкесінше 9%.

     Алынған мәліметтер бойынша «Тазарту» МКК-ның 2008-2009 жылдарға жалпы міндеттемелер сомасы 4305,438 мың теңге және 7186,803 мың теңгені құраған. Осы мерзімде өткізу бойынша табысы 15424050 теңге және 16254440 теңгені құрады.Осылайша, 2009 жылы салықтық ауырпалық 44,21 % құрады, ол өткен мерзіммен салыстырғанда 16,3%-ға жоғары.

     Осы тенденцияны терiс деп қарауға болатынын атап өту керек. Бiр жағынан, бұл салықтық жоспарлау әдiстінің арқылы «Тазарту» МКК-ның салық төлемдерін ықшамдау қажеттiлiн көрсетедi, екінші жағынан кәсiпорын қызметiне жергiлiктi салық салу жүйесі дегенмен жоғары деңгейлі қысымы ісер ететінін көрсетеді. Егер осы кәсiпорын республикалық бюджетке өтетін басқа мiндеттемелерді төлейтінін ескеретін болсақ, онда кәсiпорынға барлық салықтарды төлеуден кейiн қандай табыс қалатынын болжауға болады.

      

     3 Қазақстанда жергілікті  салық салу жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары

     3.1 Аймақтың салықтық әлеуетін есептеу әдістерін жетілдіру жергілікті салық салу механизмінің тиімділігін көтеру ретінде  
 

Информация о работе Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі жергілікті салықтар мен алымдар