Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 13:13, реферат
Коммерциялык банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік опе-рациялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
"Банк ресурстары" термині "несиелік ресурсы" терминіне қарағанда кең үғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондык операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағ-дайында банк ісінің үйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сактауға тиіс болды. Банкке кэсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кэсіпорындарға гана жарты-лай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік карыз кор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының күрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті жэне тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы мен-шікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі қүралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту корлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюд-жет қаражаты, кэсіпорындардың, үйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары жэне халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осын-
дай жағдайларда банк ресурстары нарығы калыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарыктың бір бөлігін кұрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер кызметінің тұрақ-тылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындагы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Жоспар
Кіріспе ..........................................................................................3 – бет
1- БӨЛІМ. БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ............... 4 – бет
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.......... 4 – бет
1.2 Банктік меншікті капиталының көздері мен
Қызметтері........ 6 – бет
1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі........ 10 – бет
2 – БӨЛІМ. БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ................................ 13 – бет
2.1 Банктің тартылған қаражаттары............................. 13 – бет
2.2 Банктің депозиттік операциялары............................ 14 – бет
2.3 Қазақстандағы депозиттік нарықтың жағдайы..... 19 – бет
Қорытынды............................................................................... 21 – бет
Қолданған әдебиеттер.............................................................. 22 – бет
а) меншікті акционерлік капитал, ягни бұл жай жэне артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал жэне бөлінбеген пайдадан тұрады;
ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жа-буға арналады;
б) банктің ұзак мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, обли-гациялары).
Ашык
типтегі банктің акциясы
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивидент алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына катысып дауыс беруге күқылы.
Банктің артықшылыгы бар акцияларын иеленушілер түрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және онын жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға қүқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы,
банктің акционерлік
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шыға-рылады:
кор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында қүрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің түрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде қүрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың қүралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосьшша капиталдар - негізгі қүралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нэтижесінде қүрылатын қаражаттар.
Арнайы ңорлар - негізгі қорларды кайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел ва-люталары арасындағы айырма нэтижесінде кұрылады. Валюталық кара-жаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды калыптастыру барысында маңызды.
Келесі
қорға жекелеген банктік
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін жэне резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
Банк капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның каржылық тұрактылығына кепіл болады жэне банктің басынан кешетін эр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
Банктің меншікті капиталының ңорганыс ңызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне жэне тұрақтылығына тікелей бай-ланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалыкты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорганыс қызметі - банктің салым иелеріне жэрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі - меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
Банк
капиталының шүгыл
қызметі қорғаныс қызметіне карағанда
екінші дэрежелік маңызға ие болып табылады.
Оперативтік қызметі жер, ғимарат, кұрал-жабдықтар
алуға қажетті меншікті қаражаттарды
жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін
зияндар жағдайына байланысты резервтер
кұруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар
көздері эсіресе, банктік қызметтің басталуы
үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың
бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және
әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамсыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бүл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік үйымдар банктер кызметтеріне баға беріп, оган бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін жэне басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазакстан ¥лттық банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктін меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалык жэне инвестициялык операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін күрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мүндай қыз-меттер тэуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мүндағы қызметі тэуекел дэрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бүл қызметті меншікті капиталдың айналым кызметі деп атайды. Бүл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік жэне лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, қүрылғыларга жэне басқа да негізгі қорларға жүмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі. Тэуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тэуекелдерді болдырмау үшін банктер тар-тылатын каражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін қүрайды.
Банктердің төлем
ресурстарының мүмкін болар тапшылығына
бай-ланысты міндетті түрде қүрайтын резервтер
сияқты, активтік операцияларды болатын
тэуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы
меншікті капитал резервін қүруға мэжбүр
болады. Мүндай зияндар банк капиталының
ай-налым қызметіне жатпайтындықтан, оларды
басқа қызметі - резервтік қызмет арқылы
ғана қолдап отырады.
1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі үзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына жэнё банктер мен оны реттеуші үйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру ушін капиталдың төменгі мөл-шерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкрот-тықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде бблуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлыгынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жүмыс жасай алады деген пікірлер бар.
"Капиталдың жеткіліктілігі" термині банктің жалпы түрактылығын жэне оның тэуекелге бару дэрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бүл банк капиталының мөлшерінің тэуекел дэрежелері ескерілген банк активтеріне сэйкес болуға тиісті. Сондай-ак, коммерциялық банктер өз жүмыстарында банк капиталын шамадан тыс үлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері эсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан - кадағалау жэне бақылау үйымдары, екінші жағынан - банк капиталы мен коммерциялык банктердің баска да қызме-тіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен аныктауға болады:
МК = А - М
мүндағы,
МК - банктің меншікті капиталы;
А - банктің активтерінің жалпы сомасы;
М - банктің міндеттемелері.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде бо-луы да дүрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сэйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын үлғайтуға негіз болатын төмендегідей фак-торларды ескеру қажет:
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа агылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялық нормативтердегі
к2-нің мәні) қүрайды. Бүл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тэуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйе-сіндегі банктердің активтерінің сапасы элі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашакта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйе-сін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау киын, бірақ жоғарыда қарастырылған кызметтердің орында-луы үшін, салым иелері мен бақылаушы үйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тэуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің бер-ген ссудаларының тэуекел дэрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар күруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер түрады: тэуекелдің ар-туына байланысты өз капитал мөлшерін үлгайту кажет пе немесе тэуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа жэне банктің басынан кешетін тэуекелдерге тэуелді ме жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау эдістемесі туралы сүрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында хальщаралық каржы үйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен "Халықаралық біртүтас капитал есебі жэне капи-тал стандарты туралы келісімшарт" негізінде "Кук коэффициенті" деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жыл-дан бастап күшіне енген бүл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан ¥лттық банкінде, пруденциялык норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук
коэффициенті, банк капиталы мен оның
баланстан тыс активтері
Информация о работе Монополияныңмәнi, түсiнiгi және оныңтүрлерi