Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 13:13, реферат
Коммерциялык банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік опе-рациялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
"Банк ресурстары" термині "несиелік ресурсы" терминіне қарағанда кең үғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондык операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағ-дайында банк ісінің үйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сактауға тиіс болды. Банкке кэсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кэсіпорындарға гана жарты-лай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік карыз кор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының күрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті жэне тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы мен-шікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі қүралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту корлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюд-жет қаражаты, кэсіпорындардың, үйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары жэне халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осын-
дай жағдайларда банк ресурстары нарығы калыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарыктың бір бөлігін кұрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер кызметінің тұрақ-тылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындагы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Жоспар
Кіріспе ..........................................................................................3 – бет
1- БӨЛІМ. БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ............... 4 – бет
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.......... 4 – бет
1.2 Банктік меншікті капиталының көздері мен
Қызметтері........ 6 – бет
1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі........ 10 – бет
2 – БӨЛІМ. БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ................................ 13 – бет
2.1 Банктің тартылған қаражаттары............................. 13 – бет
2.2 Банктің депозиттік операциялары............................ 14 – бет
2.3 Қазақстандағы депозиттік нарықтың жағдайы..... 19 – бет
Қорытынды............................................................................... 21 – бет
Қолданған әдебиеттер.............................................................. 22 – бет