Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:27, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56

Работа содержит 1 файл

708 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.doc

— 2.28 Мб (Скачать)

Заңның басты көңіл аударатыны, адамның қоғамда өмір сүруі үшін әлеуметтік қызмет көрсету қызметі тораптарын жасау. Негізгі акцент -адамның әлеуметтік қызмет көрсету мекемсінен алынатын әлеуметтік көмексіз ары қарай күн кқөріп кетуіне жағдайжасалады. Заң әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінен арызданған адамның барлық қажеттіліктерін жан -- жакты-анықтайды. Алынған ақпаратар арызданушыға әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін барлық негізді қамтуы қажет. Сонымен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің мамандары адамның мәселесін зерттегенде, оның жеке бас факторларына (физикалық дамуына, денсаулығына, ақыл - ойына, сезіміне, писхикасына, бұрынғы еңбек жолына), әлеуметтік факторларға (арызданушының материалдық жагдайын жақсартуға ықпал ететін қоғамның негізгі тенденцияларына, тұрмыс жағдайына, жұмысына, біліміне және т.б.). ерекше көңіл бөледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің мамандары арызданушының қиыншылықтарына жалпылама сипаттама алғаннан кейін, осы мәселелерді шешу бағытында әртүрлі әлеуметтік қызмет көрсету түрлерін анықтайды.

Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері өздері көмек жасаған адамдарды катаң бақылауға алып, оған әртүрлі кеңестер, яғни мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламасынан бастап, жеке тұлғаға қатысты мәселелерді түсіндіруге тырысады. Одан әр түрлі мәсәлелер бойынша кеңес алуға болады.

Дамыған елдер әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша адам мынандай жағдайларда әлеуметтік қолдау ала алады:

1. арызданушының өзін камтамасыз ететін қоры болмаған жағдайда;

2. арызданушыға күтім немесе бақылау қажет болған жағдайда. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, арызданушының шындығында әлеуметтік көмекке зәру екенін аныктап алғаннан кейін ғана, әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасына сай арызданушыға әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетеді

Дамыған елдер практикасында атап айтқанда, Германия, Америка, Англия және тағы да басқа елдерде қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасауда маңызды орынды әлеуметтік мекемеллер алады. Онда да алдын ала жасалған тапсырыс бойынша әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде қабылданады. Сол кабылданғаннан бастап, сол адамның тілегі бойынша өмірінің соңғы күніне дейін аталған мекемеде болады. Шетелдер тәжірибесі бойынша қарт адамдарға арналған мекемелер ақылы және акысыз мемлекет қарауында болып келеді.

 

2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар

 

Бүгінгі таңда планетамыздағы өзекті мәселелердің бірі, планетадағы тұрғындардың қартаю дәрежесінің өсуі болып отыр. Осы тұрғыда дүниежүзі ғалымдар әр түрлі пікірлер айтуда. Оның себебі неде болса да, осы қартайған адамдар қай қоғамда болмасын толыққанды тұлға ретінде өмір сүруге құқылы.

Қарт адамдар мәселесін шешуде, әр түрлі ғылым салалары ат салысуда. Атап айтсак психология, геронтология, элеуметтану, әлеуметтік жұмыс және т.б.

Осылардың зерттеулеріне сүйенетін болсак, бұл проблеманың одан әрі етек жаюы мүмкін.

Қарт адамдар қоғамымыздағы кез келген тұлға сияқты, қолайлы өмір сүруге құкылы. Олардың өмірінде, казіргі заман талабына сай әр түрлі жағдайлар жасалуы қажет. Олар үшін кәдімгі адамдар сиякты тегін медициналық көмек алуға, қуануға, кыдыруға және демалуға жағдайлар жасау қажет.

Осы тұрғыда, қарт адамдарға әлеуметтік қызметкерлер көмекке келеді.

Біздің пікірімізше, Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік көмектің жағдайы әлемдік стандарт деңгейінен төмен болғандыктан, еліміздегі әлеуметтік жұмыс жағдайы жақсартуды талап етеді.

Бұның себептері, елімізде бұл күндерге дейін әлеуметтік жұмыс аясында тәжірибеміздің аз болуы, әлеуметтік жұмыска зәру адамдардың талаптарын қанағаттандыра ала алмай отырмыз.

Осыған орай осы жұмысымызда шетелдік тәжірибеге сүйенуді жөн көрдік. Атап айтқанда, Ресей және Норвегия елдерінің әлеуметтік көмек көрсету тәжірибелерін біздін елімізде колдансак, қарт адамдардың өмір жағдайлары одан да әрі жақсаратыны сөзсіз.

Өскемен қаласында орналасқан «Ульба» орталығының жағдайы, шетел әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына әлдеқайда артта қалып отыр. Әсіресе материалдық - техникалық жабдықтау, білікті мамандардың жетіспеуі осы кемшіліктерді толықтырып отыр.

Сондықтан ұсынатынымыз біріншіден, қарт адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет орталықтары шетелдік орталықтар деңгейінде жабдықталса.

Екіншіден, мамандардың білім деңгейін одан әрі көтеру, олардың да жағдайын жақсарту мәселелерін кайтадан қарастыру. Атап айтсақ, мекемелерде, банктерде және т.с.с. әлеуметтік қызметкерлер кезектен тыс қабылданса, олардың жұмыстары жеңілдірек болар еді.

‡шіншіден жалғызбасты адамдарға арналған орталықтар жеке сипатта болғаны абзал. Өйткені, олардың тұратын орындары үй жайындағыға ұқсас болуы маңызды.

Казакстан Республикасындағы карттарға әлеуметтік көмек көрсетуді әлемдік денгейле көтеру үшін, осы карттарға нақты көмек бере алатын кәсіби мамандарды дайындау қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмысымды «Қарт адамдармен жүрігізілетін әлеуметтік жұмыс» тақырыбта зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Дипломдық жұмысымыздың бірінші бөлімінде қарт адамдардмен әлеуметтік жұмыстың теориясы

Дипломдық жұмысымыздың екінші бөлімінде қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс практикасы жайлы қарастырдық.

Осы жұмысты тұжырымдай отырып, мынандай қортындыға келеміз.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік іс- әрекет - басқа да мемлекеттердегі сияқты тұрғындардың қажеттілігін қанағатандырып, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан окшауланып калған тұрғындар қабатына әр түрлі әлеуметтік көмек көрсету, олардың жақсы өмір сүруі үшін, жағдайлар жасау болып табылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің клиенттеріне тұрғындардың әлеуметтік көмекке зәру барлық топтары ұлты мен жынысына, жасына карамай айналады.

Казакстан Респубикасы территориясында кабылданған әртүрлі заңдар мен нормативтік - кұкықтык актілер, осы территориядағы әлеуметтік көмекке зәру әртүрлі топ өкілдерін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің клиенттеріне жаткызады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің объектілеріне жататын барлық тұрғындар қатарына, Қазақстан Республикасының ‡кіметі қабылдаған нұскаулар мен заңдарға байланысты әлеуметік көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.

Әлеуметтік қызмет көрсету объектілеріне әлеуметтік көмекке зәру жеке адамдар, адамдар тобы және ұйымдар жатады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жұмысы тиімді болуы үшін, әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері өзінің клиенттері жайлы жан-жақты білулері қажет

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде объектлерден, яғни әлеуметтік қызмет көрсету клиенттерінен басқа әлеуметтік қызмет көрсету объектілері де болады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жұмысы «оңға» басуы үшін объектілік - субъектілік қарым- қатынастар өзара тығыз түрде жүргізілуі қажет.

Әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің біріне және бастысына қарттар жатады. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасаудың маңыздысы, ең алдымен сол әлеуметтік жұмысқа зәру адамдардың санаттары мен мұқтаждықтарын анықтап алу қажет.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің бағыты мен мақсаттары қарт адамдардың ең негізгі қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудің бірнеше бағыттары бар. Солардың арасында, атап өтетін болсак, жалғызбастыларға арналған әлеуметтік көмек, мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек және тағы да басқалар. Осындай адамдарға көрсетілетін медициналық - әлеуметтік ұйымдардың негізгі функциялары мыналар болып келеді:

1) камқорлықтағы адамдардың дербес кұкыктылығын және қауіпсіздігін камтамасыз ету;

2) әлеуметтік қызметтер көрсету

3) медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды жүргізу;

4) қолайлы моральдік-психологиялық ахуал жасау;

5) камқорлықтағы адамдарды олардың құкықтары, әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері. Ішкі тәртіп ережелері туралы хабардар ету;

6) келушілерді қабылдау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

7) қамқорлықтағы адамдардың сақтауға тапсырған жеке заттарының және құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

8) қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қатысты МӘҰ әкімшілігіне жүктелген функцияларды заңнамада белгіленген тәртіппен орындау;

Қамқорлықтагы адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайларда және заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікке қамқоршы тағайындалады;

9) қызметшілер еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және оның біліктілігін арттыру;

10) қамқорлықтағы адамдарға қызмет көрсетудің және оларды ұстаудың сапасын арттыру;

11) МӘҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

12) МӘҰ Жарғыларына сәйкес өзге де функциялар.

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде заң бойынша оларды ұстауға және қамкорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұракты көмекпен және күтіммен камтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сыркаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) туыстары бар адамдар (ерлі-зайыпты адамдар) ұсталады.

Ерекше жағдайларда Ардагерлер кеңесінін, мүгедектер істері жөніндегі кеңестердің шешімі бойынша, жанжал себебінен олармен бірге тұру мүмкін емес, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жақын туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер ММӘМ-ге тұруға кабылдануы мүмкін.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті, кәмелет жасқа толған жакын туыстарының болуына қарамастан ММӘМ-ге бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

Зейнеткерлер мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер қатарындағы тұру құны толық төленетін шартпен қабылданатын адамдардың

тізбесін мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың әкімшілігі дербес белгілеуі мүмкін.

ММӘМ-ге әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберуді облыстық халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:

1)өтініш

2) уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);

3) жеке басы куәлігі;

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;

6) медициналық карта

7) амбулаториялық картадан үзінді көшірме;

8) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);

9) ҰОС мүгедектерінің, қатысушыларының және соларға теңесгірілген адамдардын мәртебесін растайтын куәлігі (ҰОС мүгедектері мен катысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін);

мүгедектер үшін қосымша:

10) мүгедектігі туралы аныктамадан үзінді көшірме;

11) мүгедекті жеке оңалтудың бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

Қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, кауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

МӘҰ ғимараты оған кедергісіз баруды, онда болудың, ғимараттың ішінде жүріп-тұрудың қолайлылығын, оңалту және ойын-сауық іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнаулы құралдармен жабдықталад.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Закон РК от 21 июня 1991г№ 692-ХІІ О социальной защищенности инвалидов в РК. ЭБД «Юрист»,2007

2. Закон Республике Казахстан от 30 июня 1992г,№ 1468-ХII О соцальной защите граждан, пострадавших вследствие эклогического бедствия в Приаралье. ЭБД «Юрист»,2007

3. Закон Республике Казахстан от 18 декабря 1992г,№ 1787-ХII О соцальной защите граждан, пострадавших вследтвие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне

4. Закон Республике Казахстан от 20 июня 1997 года О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан. ЭБД «Юрист»,2007

5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 1999 года №394 Вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. ЭБД «Юрист»,2007

6. Анатомия человека., М, 1973

7. Анатомия и физиология человека., М,1978

8. Анатомия человека., М, 1973

9. Анатомия и физиология человека., 1978

10.Городская программа по социальной защите населения.. Усть -

Каменогорск, 2002ж

1І.Жұмағұлов Қ. Әлеуметтік қамсыздандыру А., 2006ж

12.Право социального обеспечения / учебное пособие. Буянова М.О., Кондратеьева З.А./М,1997

13.Сонина В,А, Государственная политика в сфере бесплатного обслуживания: уроки и перспективы М.,1994

14.Сансызбаева Г.Н Система Социальной защиты населения и ее проблемы А., 1998

Информация о работе Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс