Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:27, дипломная работа
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
Ал осы көрсеткіштер біздің елімізде де осындай деңгейде емес екеніне кім кепіл. Мұндағы ұқсастықтың басты себебі ең алдымен адамдардың ұқсастығы.[8,56]
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары зейнеткерлердің тұрғылықты жерлеріне байланысты, олардың қызығушылықтары деңгейінде әртүрлі клубтарды ұйымдастырады.
Жедел әлеуметтік көмек көрсетудің басты міндеті - қажетсінетіндерге жедел қолдау көрсету.
Осы аталған әрекеттің негізгі бағыттары мынандай:
- ыстық тағаммен немесе азық - түлікпен камтамасыз ету;
- ақшалай және заттай көмек көрсету;
- медициналық - әлеуметтік бөлімдерге жіберу;
- тұрмыстық, заңгерлік, психологиялык көмек көрсету, жұмыс іздеу және тіркелуте әрекеттесу;
- тұрмыстық техника мен шаруашылық бұйымдарын прокатка алуын ұйымдастыру;
- өзара көмектесу кассасын және т.с.с кұру.
Өз тұрмыс жағдайын ұйымдастыруда, шаруашылығын жүргізуде киыншылыққа ұшырайтындарғ, қандай да бір себептермен интернат -үйлерінде тұрғысы келмейтіндергеәлеуметтік кызмет көрсету орталықтары аймактық базаларында немесе денсаулық сақтау мекемелерінде арнайы медициналық - әлеуметгік бөлімдер ұйымдастырылады, онда ең алдымен жалғыз басты зейнеткерлер, соның ішінде өз - өзіне қызмет жасай алмайтын қарт адамдар жіберіледі.
Ресейде әлеуметтік көмектің түрлерімен жылына 6-7 млн пайдаланады. Қазақстан Республикасы территориясы бойынша бұл көрсеткіш 1 -- 1,5 млн-ға дейін жетеді.
Сонымен қатар, Тащев тобы жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі, қарт адамдар 31 түрлі әртүрлі қызметтерді қажет етеді онда азық -- түлікті жеткізуден бастап, шаштараздық қызмет пен моншаға жетектеуге дейін [203; 12].
Республикамызда және көршілес Ресей елінде факті түрінде 2-4 түрлі қызмет көрсетумен шектеледі. Бірақ осы аталған қызмет түрлері барлық қажет ететіндер мен тілек білдірушілерге жетпей де қалады.
Мәселен, ыстық тағамды жеткізіп беруде қарт адамдардың 24 пайызы қажетсінеді, ал осы қызмет түрімен тек 2,5 пайыз адамдар ғана қолданады. Бөлмеге ылғалды жинастыру жасауды 88 пайыз қарт адамдар қажет етсе, нақты түрде бұл көмекті тек 28 пайыз қарт адамдар ала алады.
Тұрғындардың қартаюына байланысты туындап отырған, әлеуметтік проблемелардың көптүрлігі мен көпкырлылығы, тек қана қарт адамдарға деген әлеуметтік көмектін минимальдісін кепіл етіп қоюды ғана талап етпейді, сонымен қатар, қартайған шақтағы жеке бастық потенциалын жүзеге асыруды
Міне сондықтан. психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік - мәдени, реабилитациялық, кеңестік және басқа да бағыттағы стационарлық емес әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін кеңінен дамыту қажет.
Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері арасында тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стационарлық мекемелер алады. оның негізгі түрі - үй -интернаттар. [19]
Қазірі таңда аталған мемлекет қызметіне зәру адамдар саны артпаса, кеміп отырған жоқ. Мәселен, қарт адамдардың шамамен 35 пайызы осындай мекемелердің қызметіне зәру.
Өкінішке орай, қарттардың барлығын үй - интернаттармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған қарамастан үй - интернаттарға тап болу үшін қарттар кезекте тұр.
Соңғы жылдары елімізде Ресей және басқа да дамыған елдер тәжірибелеріне сүйене отырып, қарттарға арналған ақылы мини -пансионаттар қызмет ете бастады. Онда өзіне көрсетілетін қызмет түрлерін төлей алатындар немесе балалары бар қарт адамдар қабылданады. Яғни, үй жағдайында қарт адамды күте алмайтындықтан, олар қарт адамды әлгідей мекемелерге орналастырып, ондағы көрсетілетін қызмет түрлеріне ақы төлейді.
Қарт адамдарды үй - интернаттармен қамтамасыз ету еліміздің аймағында біркелкі емес. Мұның себептері көп. Солардың ішінде негізгілерін атап өтетін болсақ, яғни демографиялық жағдай, тұрғындардың өмір сүру дәстүрлері мен бейнесі болып отыр.
Қарттардың үй - интернаттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру даулы мәселе. Мәселен, бізде 32 орындық үй - интернаттар 60 - жастан асқан адамдар саны 1000 адамнан асатын болса ғана ашылады. Ал немістің көрнекті әлеуметтанушысы ЭйтерХ. үй - интернаттарға зәруліктің халықаралық көрсеткішін былайша көрсетеді:60 тан асқан 100 адамға 40 - 66 орындық үй - интернат. Міне осы аталған екі көрсеткіштің өзі - ақ, еліміздегі әлеуметтік көмек көрсету мекемелерінің толық дамымағанын көрсетеді.
Осы қажеттіліктер деңгейі, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық факторына байланысты өзгеріп отырады.
Соңғы жылдары үй- интернаттар жұмысын ұйымдастыруға койылатын талаптар күрт өзгеріп отыр. Мұның себебін А.В.Бабушкин былайша атап көрсетеді:
- осы мекемелерге түсетін контингенттердін бірден қартаюы, ең алдымен жаңадан түскендер өте ересек жастағылар;
-олардың арасындағы ауыр науқастардын көбеюі:
-түскендердің әлеуметтік құрамының өзгеруі, олардың көпшілігі -зйнетақы алады;
-медициналық және әлеуметтік, сонымен қатар басқа да қызмет түрлеріне деген талаптардың жоғарылауы.
Қарт адамдардың үй -- интернаттарға түсу себептері де, өзгерді. Негізгі себебі - денсаулығының нашаралауына байланысты үнемі медициналық көмекті қажет ету. Осыдан барып қарттарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету үй - интернаттары гериатарлыққа, яғни көп мөлшерде медициналық қызмет көрсету мекемесіне айналып кетеді. [14,127]
Үй - интернаттардың көпшілігінде қарт адамдар жылдар бойы тұратын тұрақты баспанасына айналады. Осы мекемені ұйымдастырудан, оның сыйымдылығынана, орналасуынан, жобасынан, қызметкерлердің қарым -қатынасынан, медициналық көмектен, сыртқы дүниемен қарым - қатынас деңгейінен, мәдени шаралардың ұйымдастырылуынан қарт адамдардың физиолониялық және психикалық денсаулығы байланысты.
Шағын үйлерді қарттар өздері үйренген пәтерлік үйлер жағдайына жақындату оңайға түседі. Ал ірі мекемелерде мәдени - тұрмыстық және медициналық көмектерді ұйымдастыру оңайға түседі. Өйткені мұндай үйлерде қарым - қатынас жасау оңайға түседі және мұндай үйлер экономикалық тұрғыдан тиімді келеді.
Сонымен қатар, қарт адамдарға арналған үй - интернаттардың орналасқан жері де маңызды. Зерттеушілердің пікірнше, қарт адамдарға арналған үй -интернаттар кала маңында, шудан аулақ жерде орналасқан жөн дейді.
қарт адамдарды үй - интернаттарға орналастырудың тағы бір ең маңызды жағы, оларды қарттар үй - интернаттарына бейімдеу. Өйткені ересек адамдардың қандай да бір ортаға бейімделуі ауыр болады. Яғни өзінің өмір қызығушылықтарын және тәртібін жаңа жағдай мен мекеменің жұмыс тәртібіне бағындыру қажеттілігі қарттарға киындық туғызады.
Соңғы жылдары басқа елдердегі сияқты біздің елімізде де жалғыз басты адамдардың саны күннен күнге артуда. Мұның басты себебі, қарт адамдардың жалпы санының көбеюінен туындап отыр. Қарт адамдардың көбеюі әлеуметтік саясаттың түп - тамырымен өзгеруін талап етеді. Бұл әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қорғалған сантарғы адамдар үшін өте маңызды. Мұндай адамдар қатарына ен алдымен, қарт адамдарды және мүгедектерді жатқызуға болады.
Планетамыздың халқы қартаюда. Сонымен қатар ол үрдіс жылдам жүруде. Дүние жүзі бойынша егер 1950 жылы 60 жас шегіндегі адамдар-саны 200 млн болса, 1992 жылы ондай адамдар саны - 400 млн - ға жетті, ал 2001 жылы әрбір Оныншы адам қарт адам саналады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2025 жылы аталған адамдар саны 1,2 млрд - қа жетпек.
Қазақстан Республикасы бойынша қарт адамдар саны, яғни зейнеткерлер саны шамамен 2 млн - ға жуық екен. [14,28]
Қазіргі күрделі кезеңде зейнеткерлерді ауызға алсақ, олардың бұған дейін ел алдындағы еңбеңгін бағалап, карттарға қамқорлық көрсету керек.
«Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» демекші, біз ата -- ана парызы мен кейінгі толқын парызын жете бағалап, өскен халықтын ұрпағымыз. Сондықтан зейнеткерлерге жасалған қамқорлықты кең мағынасында қабылдайды.
Өкінішке орай, казіргі кезде қазақ санасына сыйлайтынын «қарттар үйлері, пайда бола бастады. Ал, тәжірибеде қарт адамдар өмір тауқыметін кайыспай көрсету мен қиыннан жол -табуды ойластырудың таптырмас маман екендігін бірі біліп, бірі білмес.
Осындайда Жан Жак Руссоның «Жастық шақ - даналықты меңгеруге арналған уақыт, кәрілік - оны қолдануға арналған уақыт» деген сөзін еске түсіруге болады.
Өткен жылдар легін ой елегінен өткізер болсақ, қарттардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында қыруар шаруалар тындырылған. Қарттарға қамқорлық тек мемлекеттің мойындағы ғана міндет болмай, бәрімізге ортақ болғаны абзал.
Әр жылдың 1 - қазанының Халыкқралық егде адамдар күні болып жариялануы адамдардың барлық буынына қатысты. Ол алдыңғы ұрпақтың Отан куатын, ғылымы мен мәдениетін өркендету жолындағы жан қиярлық еңбегін мойындау.
Тек мойындап кою аз, сол үшін, оларды кұрметтеу де керек. Қазақстанда қарт адамдарды корғау ерекше орын алған.
Қазақстанда 1 млн. 629 мың зейнеткер бар десек, соның ішіндегі 34301 Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ал олардын 12218 - і Ұлы Отан соғысының мүгедектері. Республика көлеміндегі барлық зейнеткерлер құрамын сараптайтын болсақ, олардың 38656 - ы Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы және майдандағы еңбектері үшін марапатталғандар, 144648 зейнеткер соғыс кезінде 6 айдың шамасында еңбек еткенмен, ескеруісз калғандар. [19,72]
Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап көбейіп келеді. Қазір Қазақстан Бойынша қала, аудан орталыктарында 35 қарттар мен мүгедектерге, 26 жүйкелері тозған үлкендерге арналған үйлер бар. Үкіметтің толық қамқорлығына алынған осындай қарттар мен мүгердектер үйінде 4684 зейнеткер мен 9690 мүгедек өмір сүруде. Солардың 350 -- ден астамы Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жалғызбасты қарттарға үйде қызмет көрсетіледі. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау. Жергілікті атқарушы органдар үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді дербес немесе әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет жалғызбасты жанның үйіне барып, азық - түлік, дәрі - дәрмек сатып алып беру, коммуналдық төлемдерін төлеу, үйін тазалау сынды жұмыстарын жүзеге асырады. Және қарттарға қоғамдық көліктерде жеңілдетілген тарифпен жүру қарастырылған.
Қазақстан әлеуметік қызмет көрсетудің бірден - бір - жолы - зейнетақы тағайындау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 - бабына сәйкес «Қазақтсан республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамыздандырылуына кепілдік беріледі». «Қазақстан Республнкасында зейнетакымен камсыздандыру туралы» заңының 9 - бабына сәйкес 2001 жылғы 1 - шілдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 53 жасқа толғанда зейнетақы тағайындалалы.
Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің маңызды жолы - бұл қарттарды медициналық әлеуметтік ұйымдарға қабылдау болып табылады. МӘҰ денсаулығының жай - күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің уақытша немесе тұрақты тұруына арналады. Қарттар үйіне карттарға тегін медициналык көмек көрсетіледіә. Мерекелік шаралар, олимпиадалар ұйымдастырылады. Мереке күндерінде сыйлықтар беріледі. Баларымен кездесуге, хат жазуға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктер берілген. Ай сайын зейнетақысының 25 пайызы қолдарына табыс етіледі.
«Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қарт ерке» дейді қазақ. Көне көздер бір айтпайды, бір айтса алыстан орағытып дөп айтатын әдеті ғой. Мұнда біздің қартайған ата - аналарымыздың алдындағы парызымызды ескертіп тұрғаны айтпаса да белгілі.
Өмірдің күзі - кәрілік әр адам баласының басына түсетін кезең. Осы кезеңді мәнді де мағыналы өткізудің амал - тәсілдерін қарастыру мәселесі дүние жүзі ғалымдарының негізгі зерттеу объектілерінің біріне айналғаны қашан. Ал Батыс елдері кәрілікпен күрес жолында бүгінде арнайы бағдарламалар бойынша нақты іске көшкен. Мәселен, ЮНЕСКО - ның «Ұрпақ жалғастығы» бағдарламасы бойынша әр мекемеге бірлі - жарым қарт қызметкерді жұмысқа тартып, олардың өмірлік бай тәжірибесімен жас мамандарды тәрбиелеу тәсілін біраз елдер қолға алған. Әр ел қарттарының кәрілік кезеңін жеңілдетуге айрықша көңіл бөлуі керек.
Шет елдермен салыстырғанда Қазақстанда қарттардың ұйымы немесе бірлестігі санаулы, біреу ғана деуге болады. Ол Кеңес Одағы тұсында құрылған Еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің ерікті қоғамдық бірлестігі «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы».
Батыстың өзімшіл психологиясы қазіргі жастарға әсер етпей қойған жоқ. Олар қартайған әке - шешелерінен бас тартып, қараусыз қалдыруға бой үйрете батады. Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап артып келеді. Қазір Қазақстан бойынша қала, аудан орталықтарында 356 қарттар мен мүгедектерге, 26 жүнкелері тозған үлкендерге арналған үйлер бар. Үкіметтің толык қамқорлығына алынған қарттар мен мүгедектер үйінде 4684 зейнеткер мен 9690 мүгедек өмір сүруде. Солардың 350 - ден астамы Ұлы Отан соғысының ардагерлері.