Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:27, дипломная работа
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің әрекеті, өмірдің киын жағдайларына душар болған адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету аркылы сипатталады.
Кез - келген қоғамда өмірде әртүрлі қиыншылыққа тап болған адамдар қатары жеткілікті. Осындай жағдайларға душар болған адамдардың ел қатарлы өмір сүруі үшін, қоғамда өз орнын табу үшін және осы қоғамда өзінің құқықтарын корғай білу үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі әрекет етеді.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету -тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа бағыты екенін анықтау. Сол арқылы әлеуметтік қызмет көрсету сферасының маңыздылығын және оның мәнін жете түсіну.
Қазіргі жағдайда қандай мемлекетті алып карасақта, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінсіз саясат жүргізбейді. Өйткені бүгінгі таңда әркімге әлеуметтік көмек көрсету қажет.
Бүгінгі таңда әркім әртүрлі жағдайларға байланысты қиыншылыққа тап болады. Көбі еліміздегі жүргізіліп отырған жаңа реформаның салдарынан қиын жағдайларға душар болып отыр.
Солардың арасында тұрғындардың кейбір санаттарына әлеуметтік қызмет көрсетуге зәру адамдар, отбасылар мен адамдар тобы көп.
Қазіргі заманда басына түскен ауыртпалыкпен күресуге әрбіреуінің күш - жігері жете бермейді. Көпшілігі өзіне - өзі деген сенімділігін, жақсы өмірге деген үмітін жоғалтып алды.
Әсіресе қарт адамдардың қал - жағадйы мүшкіл. Олардың қартаюына байланысты мүмкіндіктері шектеліп, олар біреуге тәуелді болып қалады.
Қарт адамдардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету олардың толыкканды өмір сүруінің кепілі. Кейбір қарт адамдар денсаулығына байланысты қоғамдық өмірден шеттетіліп қалады. Сонымен қатар, қарт адамдарға психологиялық тұрғыдан да демеу көрсетудің маңызы зор. Өйткені қарт адамдардың психологиясы, жас келген сайын өзгеріп, олардың ішкі және сыртқы жан дүниелеріне тікелей ықпал жасайды.
Осындай жағдайларда бұл адамдарға біреулердің көмектесуі қажет. Мұндай жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын білудің маңызы зор.
Яғни, әлеуметтік жұмыстың клиенттерін аныктап, оларға қажетті көмек деңгейін анықтап алу, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жұмысын тиімді етеді деген пікір пайда болады.
Қарт адамдардың қоғам өміріне араласып кетуін қамтамасыз ететін ұйымдардың бірі - әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері. Олар қарт адамдардың күнделік ті сұраныстарын мен қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай сонымен қатар, олардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында да қызмет атқарады.
Қарт адамдар үшін ең маңыздысы олардың күтімдерін қамтамасыз ету.
Кез -- келген шараның жүзеге асуы үшін, ең алдымен оның бағыты мен мақсатын анықтап алу қажет.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы:
1. Қарт адамдардың проблемаларын анықтау.
2. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
3. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың сапасын жақсартуға ұсынылатын ұсыныстар
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: қарт адамдар
Дипломдық жұмыстың зерттеу болжамы: егерде қарттар мәселелерін анықтап, олардың қолайлы жолдарын қолдансақ, онда қарт адамдарды оңалту жеңіл өтеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу көзі: әлеуметтік жұмыс, психология, геронтология салалары бойынша әдебиеттер, ғылыми еңбектер мен зерттеулер
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Дипломдық жұмыстың зерттеу құрамы: кіріспе, екі бөлімнен, ұсыныстардан, корытынды және пайдаланған әдебиеттер
Қарт адамдардың проблемасы XX ғасырдың әсіресе, соңғы онжылдың әлеуметтік феноменіне айналып отыр. Қарттық жеке адамның дамуындағы ұзақ та мәнді үрдіс, әлеуметтік даму үрдісі бағытының өзгеріс бағытының индикаторы макроқұрылымдық деңгеиде жүзеге асады, ғасырлар тоғысындағы әлеуметтік саясаттың негізін салды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, егер Батыс елдерде 1990 жылдары зейнеткерлік жастағы адамдар саны барлығы 18% болса, 2030 жылдары ол көрсеткіш 30 % артпакшы екен.
Көршілес Ресей елінің статистикалық мәліметтері бойынша, 1939 жылы карттар саны барлық тұрғындардың 4% болса, 1996 жылы осы аталған көрсеткіш 12% артып отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтамасына сүйенсек, мемлекеттегі 65 - тен асқан адамдардың саны 4% болса, жас саналады, ал бұл көрсеткіш 7 пайыздан артық болса қартайған деп саналады. [15,224-226]
Тұрғындардың еңбекке қабілетті қабатына түсетін күш көбейеді, өйткені олар еңбекке жарамсыз карттарды аспауға мүдделі болып келеді. Қазірдің өзінде бір қарт адамға 1,8 жұмыс істейтіндер келеді.
Дамыған мемлекеттерде 65 жастан асқан қарт адамға 4-5 жұмыс істейтін адамдар келеді екен.
Міне, сондықтан кездейсоқ емес 1991 жылы БҰҰ қарт адамдарға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Принципін қабылдаған жоқ, 1992 жылы - он жылға «Қартаю проблемаларына байланысты 2001 жылғы кезеңге дейінгі ғаламдық мақсаттар» практикалық стратегиясын қабылдады, ал 1999 жылды БҰҰ халыкаралық карттар жылы деп кабылдады.
Жер бетіндегі тұрғындардын козғалыс тенденциясы олардың кеңістіктегі және уақыттағы өмір сүру дәрежесін зерттей отырып, танымал А.Сови былай деп көрсетті, тұрғындардың қартаюы қазіргі үлкен феномендердің бірі болып табылады. Осы аталған құбылыстың кеңінен таралуы және қоғамдық -экономикалық деңгейге байланыстылығы көптеген авторлардың ол өзінің табиғи жағынан жетістікті құбылыс екеніне сендірді.[15,245]
Қазіргі замманның атаулы өзгерісі ретінде, ол демографиялық қатынастардың жаңа даму сатысының бастамасын сипаттайды және шынайы деморафиялық, -экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік - психологиялық, мәдени және медициналық салдар туғызады.
Дүниежүзі халық тұрғындардың демографиялық құрылымының тамырының қозғалысы, яғни «демографиялық пирамиданың селдіреуі» үрдісі жүруде, осы мәселе дүниежүзілік қоғамның бастысы болып отыр. Осы мәселемен күресуге он жылдан астам уақыт өтті. Қартаю мәселесі халықаралық ұйымдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарастыру объектісі ретінде XX - ғасырдың 80 - жылдардан бері келе жатыр.
Европада өткен ғасырдың 70 - жылдарынан бастап, қоғамның қартаюы салдарынан шынайы әлеуметтік және экономикалық салдары болатынана көздері жеткен. Көптеген ғылыми сипозиумдарда, прессаларда, саяси арыздамаларда бұл үрдіс әлеуметтік, экономикалық және мәдени кұбылыс ретінде каралады. Көп жағдайларда бұл үрдіс әлеуметтік дамуға, гүлденуге, әлеуметтік жаксаруға, ұрпактар арасындағы байланыстарға, технологиялық даму мен инновацияға қауіп төндіреді.[20,158]
2001 жылы дүние жүзіндегі тұрғындар саны 6,2 млрд. адамға жетті, ал әрбір жер бетіндегі Оныңышы адамнын жасы 60 жас және одан ересек болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымның ұзақмерзімдік болжамына сай 2025 жылы дүниежүзілік тұрғындар саны 1950 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе, ал қарт адамдардың саны -- 6 есе, ал қартайған адамдардың саны (80 жастан асқандар) 10 есеге артады.
Қоғамның қартаюы салдарын көптеген қоғамның мамандарының және қоғам кайраткерлерінің -- ғалымдардың, практиканттардың, саясаткерлердің, экономистердің, әлеуметтанушылардың және т.с.с. зерттеу объектісіне айналды.
Олардың көпшілігін мына сұрақтар мазалайды: қоғамның қартаю үрдісі қоғамға қалай ықпал етеді, ол әлеуметтік дамуға қалайша ықпал етеді?
Ең алдымен аталған мәселе қоғамның әлеуметтік дамуына тікелей ықпал ететіні айдан анык жағдай.
Сонымен, қоғамның қартаюы жеке адамдардың дамуымен қатар жалпы барлық тұрғындардың дамуындағы қосалкы элемент болып қала береді. Қоғамның дамуында, жастық, орта жастық, қарттық және қартайғандық кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Соңғы екеуінің арасындағы шекара шартты түрде деп айтуға болады.
Қоғамның қартаюынын белгісі ең алдымен, оның кұрылымына олардың қатысуы, сонымен қатар , бұл көрсеткіш пайызбен анықталады, ал қарт адамдар қатарына 60 - 65 жастағылар жатады. Ал өте қартайған адамдар қатарына 80 жастағы және одан асқан адамларды жаткызамыз. Олардың қоғамның кұрылымға қатынасы жалпы сандық көрсеткіштерге қатысты, сонымен қатар 60 жастағылар және одан ересектер есебіне сай анықталады. [16,142]
Қоғамдық - экономикалық қоғамның зерттеулерінде қоғамның жалпы құрылымындағы зейнеткерлік жастағылардын есебінен анықталған. Кейбір жағдайда демографиялық қартаюды анықтаудың басқа әдістерін қолданады. Мысалы, қарт адамдардың санын жастар мен балалар санына қатысты анықтайды.
Россет бойынша, тұрғындардың қартаю үрдісі, 60 жас және одан ересек адамдардың кұрылымын төрт фазамен анықтайды:
1) демографиялық қартаюдың белгілерінің болмауы - 8% - дан төмен;
2) демографиялық жастық пен қарттық арасындағы ерте өтпелі күй фазасы-8- 10%;
3) демографиялық жастық пен қарттық арасындағы кеш өтпелі күй фазасы-8 - 10%;
4) демографиялық қартаюдың күйі - қоғамдағы жалпы адамдардың 12%
және одан артық.
Соңғы статистикалық мәліметтер, дамыған елдер мәліметтерінен алынған, осы үрдістің енді бір фазасын көрсетуге мәжбүр етеді. Осы фазаға демографиялық қартаюдың 60 жастағы және одан ересек адамдардың саны 15% - дан асып кеткенде көрінеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша қарттық жас тек 65 - тен басталады, осы жастан асқандардың көрсеткішін жастарға шағып есептейді де, үш фазаны атап көрсетеді. «Жас» қоғам деп, 65 жас және одан ересектер саны 4 пайыздан төмен болса, «орта жаста» деп - 4 - 7 пайыз болса, «қартайған» деп - 7 пайыздан жоғары деп көрсетеді. Демогарфиялық «терең қартаюдың» табалдырығы деп тұрғындардың жалпы құрылымының 10 пайыздан астамы қарт адамдар болса танылады. [15]
Қазіргі дамыған әлеуметтік ғылымда қарттық жайлы үш бағытты бөліп көрсетуге болады. Олар:
-қартықты биологиялық және психологиялық өлшемдермен үрдіс ретінде зерттеу;
- қартайған адамдардың әлеуметтік рольдер мен әлеуметтік -экономикалық мәртебесі мәселелерін институционалдық тұрғыдан қарастыру;
- қарттық туралы әр халықтарға тән әртүрлі тарихи - мәдени сараптамалар жасау.
Осы бағыттар шеңберінде әлеуметтік - геронтологиялык білімнін модельдер жасалуда, олардың пәндері ретінде әлеуметтік тарихи динамикадағы қартаю үрдісі, сонымен қатар қарттар тәжірибесіндегі әлеуметтік жағдай мен психологиялык тәжірибені арнайы әлеуметтік жастық топ, ретінде қарастыру қажет.
Қарттықты өмірдің соңғы мәресі ретінде карастыру өзгеріссіз калып отыр.Тек қана картык жастық табалдырығы ғана өзгеріп отыр. Мәселен, 1962 жылы геронтологтар сипозимумы жастық градицияны төмендегідей бекітіп еді:
- 60 - 75 қарттайғандар;
- 75 - 90 кәрілер;
- 90 - жастан жоғары ұзак өмір сүрушілер.
Өркениет орташа өмір сүру жасын - 70 жаспен қамтамасыз етті, ал тарихи уакытқа дейін бұл көрсеткіш - 35 жас қана еді.
Қоғамдағы қартаю мәселелерін геронтология ғылымы зерттейді, ол қарттықты биологиялык, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан зерттей отырып, олардың пәнаралық байланысын анықтай отырып зерттеу аумағын анықтайды. [14,25]
Биологиялық тұрғыдан қарстырған кезде, карттықтың физиологиялыкқ жағы, ал психологиялық тұрғыдан - картыктың ойлау және психикалық аспектілері қарастырылады, ал әлеуметтік тұрғыда - әлеуметтік контестегі қарттық зерттеледі.
Бұл өлшемдер, өз кзезегінде үш әртүрлі бағытты иемденеді:
- қартайған адамдардың жеке бастық қобалжуы, (бұл жерде қарттық отбасы, қоғам және мәдениетті тұтастай алғанда әлеуметтік шеңберде қарастырылады);
- қарттайған адамдардың қоғамдағы ұмтылыс дәрежесін анықтау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясаты деңгейінде карттық проблемалары мен оларды шешу жолдарын зерттеу.