Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:27, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56

Работа содержит 1 файл

708 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.doc

— 2.28 Мб (Скачать)

Құрылтайшы штат санын әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде қалыптастырады.

Директор медициналық және өзге де кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, медициналық персоналдың жұмысын басқаруды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-ды камқорлықтағы адамдармен жасақтауға қатысады.

Директор МӘҰ қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға ынталандыру және тәртіптік жазалау шараларын қолданады.

МӘҰ әкімшілігі мен қызметшілері қамқорлығындағы адамдардың құқықтары мен мүдделеріне нұксан келтірмеуге тиісті.

МӘҰ жанында қамқорлықтағы адамдар арасынан мәдени-тұрмыстық комиссия (бұдан әрі - МТК) кұрылуы мүмкін.

МТК МӘҰ директоры бекітетін Мәдени-тұрмыстық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді және оны төраға басқарады.

МТК туралы ереже уәкілетті органмен немесе кұрылтайшымен келісілуге тиіс.

МӘҰ-де міндетті түрде МТК төрағасында немесе МӘҰ әкімшілігінде сақталатын Шағымдар мен ұсыныстар кітабы болуға тиіс.

Шағымдар мен ұсыныстар кітабы камқорлықтағы адамдардың, олардың туыстары мен МӘҰ қызметкерлерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

МӘҰ директоры Шағымдар мен ұсыныстар кітабын апта сайын, ал уәкілетті орган немесе кұрылтайшы - ай сайын қарайды.

МӘҰ әкімшілігі, Құрылтайшы мен уәкілетті орган өтініштер мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерінің қүзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

Заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару ушін МӘҰ-ның демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

Қамқорлықтағы адамдарды ұстаудың, қамсыздандырудың, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды уәкілетті орган және құрылтайшы жүзеге асырады.[1]

Жалғыз басты адамдар әлеуметтік жұмыстың маңызды объектісі саналады.

Жоғары бөлімдерді нарыктық экономиканың кезеңінде жеке тұлғаға әлеуметтік, экономикалық өзөгерістердің негативті әсер етуі жайлы айтылды. Осының салдарынан жалғыз басты адамдар саны күннен - күнге артып, олар тұрғындардың көп бөлігін камтиды. Бір жағынан алып карасақ, жалғыздық табиғи сезім. Бірақ, ол ұзағынан болып, соның салдарынан ол табиғи емес, ауруға айналатын болса, онда үнемі одан емдеу мәселесі тұрады.

Әлеуметтік қызметкер жалғыздык терапиясынын әдістемеснін жақсы меңгеру қажет. Әрбір нақты жағдайда, тиімді модель таңдау, сол аркылы практикалык нәтижені жаксарту манызды.

Жалғыздық терапиясы мына үш принципті канағаттандыру қажет:

1. жеке адамды ортаға үйрету;

2. жеке тұлғаның психоәлеуметтік жасалуын өмірлік үрдіс ретінде түсіну;

3. жеке адамдның калыптасуының әлеуметтік - мәдени факторларын есепке алу.

Жалғыздыктын алдын алу оған диагноз қоюмен тікелей байланысты. Жалғыздықтың себебін білу, практикалық әрекеттің жолын аныктауға мүмкіндік береді. Осыған баиланысты, жалғыздықтың бір хаттамасы қарым -қатынас екенін білу маңызды.

Қазіргі таңдағы жалғыздыкты тудыратын факторлар қатарын сипаттап көрелік.

1. «Жеке автономия» факторы

Біз тәуелді болып отырған бүгінгі өркениет, әркімнің бойында өзіндік «Менді» қалыптастырады. Омірдің қандайда бір кезеңінде біз өзіміздің ата - бабаларымызбен қандық және рухани байланысымызды сеземіз.

2. Урбанизация факторы - бірнеше моменттерге таралады. Солардың екеуін алып қарайық. Бірінішісі - адамдар жағдайының жақсаруыны көтеру деңгейі. Қарт адамдар көп жағдайда коммунальді пәтерлер кезеңін үлкен ылтипатпен еске алады бұрынғы өткен кездегі қиыншылықтар ұмтылады, бірақ өткен өмірдегі кейбір жылы сезімдер сакталып қалады. Қалалықтардың өте ұсақ объектілерге деген кызығушылығы төмендейді. Ал басқаға көңіл бөлмеуден адамның өзіне деген көңілі баяулайды.

3. Көпшілік коммуникация факторы. Көпшілік коммуникация кұралдары ( радио, телефон) өз пәтеріңізден аттап шықпай - ак толыкканлы ақпараттар алуға болады. Бұл реальды әңгімелесетін серіктесті іздеуге қажеттілік туындамайды. Біреулер бұл жеткілікті деп ойлайды. Бірақ әңгімелеу шеңберін үнемі өзгертіп отыру қажет деп ойлаймыз.

4. «Ақпараттык жарылыс» факторы. Бүгінгі таңдағы ақпараттардың артык болуы, кей жағдайда біздің немкұрайлы қарауға әкеп соғады, тіпті бір, мамандықтағы адамдардың өзі бір - бірін алмастыра алмайды және бір - бірін түсінуге де мүмкіндік бермейді.

Сонымен адамдарды толыкканды қарым - қатынас жасауға калай шақырамыз?

Осы бағыттағы көп жұмыстардың арасында маңызды орынды адамдармен психологиялық жұмыс жасау әдістері алады.

«Дискоммуникация синдромымен» күресу үшін жақсы койылған және тармакталған психологиялык қызмет қажет. Ол қарт адамдарды урбанизация факторынан, көпшілік коммуникация мен акпарттық жарылыстан қорғау қажет. Осы бағыттағы алғашқы қадамдар біздің елімізде жасалды. Олардың мақсаты -- адамдарға жаңадан басқаларды және өзін - өзі қабылдауды қайтару, адамдардың ішкі жан дүниесін ашып, рухани атмосферада тіл табысуға қол ұшын беру. [5,145]

Қарым - қатынас адамдардың кәсіби әрекетінің түрлерінің бөлінбес бөлігі. Әсіресе бұл адамдармен тікелей қарым қатынас жасайтын мамандарға тікелей қажетті. Бұл мәдениет, білім беру, әлеуметтік сфера және т.б. саладағы мамандарға тікелей қатысты.

Қарым - қатынас жасауда маңызды орныды серіктесіңе кызығушылық таныту, оларды өз оптимизміңмен, сергектігіңмен, күш - жігеріңмен қаруландыру қажет.

Қарым - қатынас қарт адамдарды жалғыздықтан құтқарудың қаруы ретінде қарастыру барысында, оның кез келген адамға келе бермейтінін ескеру қажет. Сонымен қатар әлеуметтік, білім беру және басқа факторлар қажет.

Соңғы жылдары елімізде, Ресейде және де баска да елдерде қарым -қатынас жасау клубтары кен етек жайып отыр. Әлеуметтік дағды тренингтері оойынша жалғыздықтан жапа шеккен қарт адамдар үйретіледі.

Жалғыздыктың алдын алудың келесі факторы жеке болғысы келетін адамның қажеттілігін қанағаттандыру. Жеке калу қарым - қатынасты токтатапайды, тек адамның рухани формадағы қарым - қатынасын реттейді. Жеке қалуда классикалык шығармалар өнерінің мағынасы ашылады, табиғат әдемілігі көрінеді. Бірақ қарым - қатынас пен жеке қалудың арасында ұксастықтан карағанда айырмашылык көп.

Аталған проблеманы әлеуметтік қызметкерлер жүйеллілік әлеуметтік тұрғыдан қарастырады.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, кедейшілікке қарсы күрес, кемтарлар мен зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау ғаламдық мәселенің бір саласы. Дамыған капиталистік елдердегі халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету бағдарламасы жүйелі іске асырылуда, ал қайырымдылық та осы жүйенің бір құрамдас бөлігі. Қорлар мономолиялар мен үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын калыптастыруға үлкен үлесін тигізеді. Қайырымдылықты мемлекеттік деңгейде көтеруде алғаш ұйткы болған патша Екатерина II болды. Қайырымдылықтың одан әрі гүлденуіне үлес қосып, Қайырымдылық миничтрі атанған мария Федоровна патша Павел І-ніңәйелі. Түрлі көмектерге мұқтаж қоғам мүшелерін көрсетілетін ізгілік. адамгершілік қатынастардын бірден - бір көрсеткіші - қайырымдылық. 1830 жылдан бастап Ресейде қайырымдылық қорлары құрыла бастады. Оның негізін Князь Голицынның әйелі татьяна Васильевна салды.

Ескіден қалған бір тағылым - ақсак Темір Қожа Ахмет Яссауидің ескерткішін салдырғанда оның бір бөлмесіне казандық жасатып, оған 60 шелек су сиятын тайказан орнаттырған. Заманында осы казанға 2,5 батпан ақталған бидай, 2,0 батпан ет салып пісіріп, әр жұма мен дүисенбі күндері алыстан келген табынушыларға, сопыларға, мүриттерге, мүсәпірлерге, дәруіштерге тамақ береді екен. Бұл сонау 14 - 15 ғасырлардағы кайырымдылык, бай адамдар тарапынан кашан болсын кедей - кепшіктерге, жетім - жесірлерге, мүгедектерге, карттарға жәрдем көрсетіліп отырған. Оларға аурахана, мешіт, қонақ үй, мұражай, карттар үйі сияқты орындар салынған.

Қазіргі заманда кайырымдылық пен мейірімділік мәселерше жаңаша карау - ол осы үрдістің тарихына өзгелердің кызығушылығына рухани дем беру. Қайырымдылық -- адам баласы қоғамы дамуындағы даңғыл жол, қанша қоғам болса, олардың бәрінен де дамуы мен калыптасуының әр кезеңінде қалыптасады және дамиды, ұрпақтан ұрпакка беріледі, әлеуметтік өмірді байыта түседі, соның нәтижесінде қоғамды тұрақтандыруға, адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға әсер етеді. Әлеуметгік сипаттағы шараларға Қазақстан Республикасы да ерекше маңызды рөл атқарады. Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік корғау салаларының мамандары жергілікті әкімшілік орындарымен бірлесіп, соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерінің, мүгедектер қоғамдастарының белсенділері мен жиыны кездесулер өткізіп, «қамқорлық», «кайырымдылык» акцияларын өткізу барсыныда тұрмысы төмен зейнеткерлерге, мүгедектерге ақшалай, азық - түліктей көмек көрсете бастады. Барлық облыстар қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын ұйымдастырып, кіріптар жандарға материалдық жағынан түрлі жәрдемдер беріле бастады. Алматы каласы бойынша қариялар тікелей материлдық көмек алса, Ақмола облысы аудандарында жалғызбасты зейнеткерлерге т тегін отын -су, жем - шөп таратып, қарттар үйіне жәрдем жасалған. Астана қаласы бойынша айлық табысы үш мыңнан аспайтын қарт адамдарға материалдық көмек ретінде 1 миллион 400 мың теңге бөліп берілген.

«Қайырымдылық» республикалық акциясын өтуі Батыс Қазақстан облысында жалғызбасты карттарға киім - кешек жинауға ықпал етіп, 177739 адамға материлдық көмек жасаған. Тікелей адрестік көмек тәжірибесі Жамбыл облысында тиімді ұйымдастырылып, онда жыл басынан бері 1576 адам материалдык көмек алып, 97 бекетте 868 адамға арнап күнделікті тегін тамақтандыру орындары ашылды.

Шымкент каласында 40 коммерциялық нүкте, 85 жалғызбасты карттар мен мүгедек жандарға күндеікті түскі тегін ас ұйымдастырылыған.

Мүгедектерге кайырымдылық кемек коры: түрмьісы төмен азаматтарды қолдау жалпы Ұлттык кайырымдылык коры; Республикалық «Бибі - ана» мүтедек әйелдер қоры; Ғ «Жан» атты мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; Республикалык мүгедектер қоғамы; Ауғанстан ардаргерлер комитеті кайырымдылык коры: "Эльдорадо» Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер кайырымдылық қоғамы: Казакстан Республикасы Ардагерлер қоғамы.[9,142]

Рухани қорлар: «Шапағат» қайырымдылық қоры; «Иман» қайырымдылық коры; «Қазығұрт» қайырымдылық коры; Казакстан Мұсылман Орта Азия Комитетт қайырымдылық қоры; «Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы.

Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары: тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі ұлттық кор: Д.А. Қонаев атындағы зейнетақы қоры.

 

2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі

 

Өскемен калалық аймақтық медико - әлеуметік «Ульба» зейнеткерлік қоғамы ‡лбі аудандық әкімшіліктің шешімімен 1992 жылы 10 шілдеден бастап жұмыс істейді. 1996 жылы оның мәртебесі облыс әкімінің нұсқаумен және калалық әкімнің жарғысымен берліді. Орталық мына мекен жайда орналасқан: Ленин даңғылы 26/2.

Негізгі функционалдық міндеті - жалғызбасты және жаслғызбасты қартайған адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету және материлдық көмек көрсету, зейнеткерлер мен мүгедектердің әлеуметтік бейімделуі мен реабилитациялауын жүргізу, өмрідің киын жағдайларына тап болған және мүмкіндіг шектеулі балаларды кешенді реабилитациялау және интеграциялау.

«Ульба» орталығынын әрекеті Республикалык кедейшілікке карсы стратегиялык жоспар, Республикалык жағдай және «Әлеуметтік көмек бөлімдері туралы» 11 шілде 2002 жылғы кабылданған Қазақстан Республикасының Заңына «Мүмкіндігі шектеуіл балаларды медико -коррекциялық әлеуметтік шектеутуралы» Занға, калалық кешенді бағдарламларға сай, Өскемен Қаласының әкімі шешімдері мен жоғарыда аталғандардың құжаттарына, қартайған аз камтылған адамдар мен мүгедектерге арналған әлеуметік бағдарлама мен психологиялық реабилитациялау бағдарламасына сүйене отырып жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда «Ульба» орталығында қызмет атқаратындар:

1. Зейнеткерлер мен мүгедектерге үйден қызмет көрсету бөлімі, онда жалғызбатылар мен аз қамсыздандырлғандарға жалғыз тұратындарға әлеуметтік реабилитация мен көмек көрсетілді, 770 зейнеткерлер мен І34 мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтиды.

2. Күндізігі бөлім, онда жалғызбасты адамдар ГУСЗН жолдамаларымен

- 30 адамнан 15 күнге және 3 балалардың демалатын орнына -мүмкіндігі шектеулі 15 бала 15 күнге демалуға жіберіледі.

3. «Құрдастар» клубы, онда 35 зейнеткерлер әр түрлі қызығушылықтары бойынша секцияларға қатысады.

4. «Рябинушка» атты қалалық ардагерлер хоры. Хордың мүшелері 30 адам. Хор үнмеі қаладағы барлык мерекелік шараларға қатысады. Республика күінен арналған хорлық ұжымдар арасындағы көркемдік конкрусқа катысып, онда кұрметті екінші орын алды.

5. 5 мамыр 2003 жылдан бастап мүмкіншілігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін балалар бөлімі жұмыс аткарады.

«Ульба» орталығында барлығы 149 адам еңбек етеді.

‡йге қызмет ету 770 жалғызбасты және жеке тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді камтиды.

Кесте 2

‡йге қызмет ету саны

Бақыланатын кезең

Көмек көрсетілетін адамдар саны

Саны бойынша

2001

760

10,2

2002

762

10,0

2003

770

10,0


 

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігінің №57 Жарлығын ескере отырып, бір әлеуметтік қызметкерге үйде қызмет ету үшін 10 адамнан бекітіледі, жоғарды көрсетілген мәліметтер осы аталған нормаға жуық.

Аталған орталықта бақыланатын мүгедектер мүгедектігіне байланысты топтарға былайша бөлінеді :

 

Кесте 3

Мүгедектер тобы

Мүгедектер

2001ж

2002ж

2003ж

 

саны

%

саны

%

саны

%

Барлығы

327

 

323

 

320

 

I топ

мүгедектері

61

18,6

60

18,57

50

16,6

II топ

мүгедектері

217

66,3

214

66,25

197

61,6

III топ

мүгедектері

17

5,2

15

4,64

15

4,6

Бала кезден мүгедектер

14

4,3

17

5,3

16

5,0

Соның ішінде ИОВ және УВОВ мүгедектер

18

5,6

17

5,3

42

8,7

Жалғызбасты енбекке қабілетсіз

адамдар

433

 

439

 

470

 

Информация о работе Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс