Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:27, дипломная работа
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
Қарттыққа қатысты әлеуметтік экспектация, қараңғы түстерге боялып. қарттық кедейілікпен, нашар тұрғын үймен, «быт - шыт» медициналық қызмет көрсетумен, әлсіз денсаулықпен және әлеуметтік ескерілмеумен сипатталады. Қалыптасқан стереотиптер өз кезегінде, қартайған адамдардың дүниетанымына ықпал етеді: белсенді қартаю, пассивтілік пен аурашаңдылық мөлшер ретінде қарастырылады.
Мәселен К.Винтор қартайған адамдар жайлы стереотипті пікірлер жинағын атап көрсетеді:
1) барлык карттар бір - біріне ұксас;
2) картайған адамдар әлеуметтік тұрғыдан ескерусіз қалады;
3) олардың көпшілігінің денсаулығы әлсіз;
4) жұмыстан босатылу әйел адамдарға карағанда, ер адамдарды қатты күйзелтеді;
5) көптеген қарт адамдар өз отбасыларын шектелген;
6) қарт адамдар жыныстық өмірге қызығушылық танытпайды және оған қабілетті емес;
7) қарт адам оқуға қабілетті емес;
8) жас келген сайын ақыл - ойлық сапа төмендей түседі. Қазіргі қоғамдағы қартаю салдарынан проблемалардың төрт тобын атап көрсетуге болады. Олар:
Біріншіден, бұл мына сипаттамаларды қозғайтын демографиялық және
макроэкономикалық проблемалар:
- тууды көрсететін көрсеткіштер;
- өмір сүру ұзақтылығы, әсіресе, ұзақ өмір сүрудің жоғары шегі, сонымен қатар, соған жетемін деген қарттар саны;
- әртүрлі ұрпақтар арасында материалдық ресурстарды тарату;
- қартайған адамдар зейнеткерлердің өмір сапасын жақсарту және қажетті стандарттарды қамтамасыз етуде ұжымдық жауапкершілікке деген жауапкершілік;
- еңбек ету өнімділігінің деңгейі.
Екіншіден, әлеуметтік қатынастар сферасында атаулы өзгерістер болады:
- отбасылық - туыстық қарым - қатынас кұрылымында:
-әртүрлі ұрпактардың бірін - бірі қолдау құрылымында;
-болашак мамандыкты таңтау сипатында;
- потенциалдық еңбекпен камтамасыз ету кұрылымында:
‡шіншіден, демографиялық кұрылымның өзгеруі еңбек нарығына ықпал етеді:
-саналы және дене еңбегі қатынастарында өзгеріс болады және қоғамның еңбек әрекетіне деген қарым - қатынасы;
- қартайған шақта еңбек етушілерді кайтадан мамандандыру қажеттілігі туындайды;
- қартайған еңбек адамдарының қарым - қатынасы өзгереді және зейнеткерлікке шығу жөніндегі жұмыс берушілердің еңбек әрекетіне деген қарым -- қатынасы өзгереді;
- қартайған шақта адамдардың кәсіби бағыттылығы мәселесі туындайды;
- ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тепе - теңдік бұзылады, өйткені қартайған шақта ер адамдарға қарағанда әйел адамдар көбірек болады;
- бастауыш және орта білім беру ұзақтылығы көбейеді, яғни, өндірістегі еңбекпен қамтылмаған жас адам мен белсенді қарт адам арасындағы қатынастар өзгереді;
- жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік пробелмалардың сипаты өзгереді және оны шешу үшін жаңа ізденістерге қажеттілік туындайды;
- зейнеткерлікке шығудың жастық шекарасы артады.[15],[16]
Төртіншіден, өзгерістер қартайған адамдардың функциональды қабілеттерін және денсаулықтарының күйін өзгертеді, оның салдарынан әлеуметтік қызметтері үшін күрделі ықпал етеді. Мысалы, мыналарды күтуге болады:
- қартайған адамдардың алынған білімдерінің функциональды түрде ұсталады, қарта адамдардың іскерліктерә мен дағдыларының, сонымен қатар негізгі және қосымша ғылымдады меңгеруге, жаңа кәсіби білімдерді меңгеруге мүмкіндіктері кеңейеді;
-қарт адамдар еңбек нарығында және макро - немесе микродеңгейлерде қоғам өмірі үшін қажетті ресурстар болып келеді;
-қарт адардарға көмек көрсету мен оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің қажеттіліктері де өзгереді:
- қарт адамдарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудің тиімділігі мен нәтижесі, жиілігі өзгереді.[15,154]
Әрине біз атап өткендеріміз, қоғам өмірінің объективті өзгерсітерінің толык емес тізімі. Осы аталғандарға сонымен қатар, субъективті факторлардың кең гаммасын. адамның ішкі дүниетанымының өзгерісін, қай ұрпақтың өкілі болмасын, яғни «карттар қоғамына» қатыстылардың барлығының ішкі әлемі жайлы білу де маңызды.
Ғалымдардың басқа топтары, керісінше, қарт адамдардың бар болуы қазіргі қоғамның дамуының факторы деп есептейді. Қартайған қоғамдағы өмір курсын өзгерту қажеттілігігі аталап көрсетіледі - және ең алдымен әлеуметтік белсенділіктің түрлері мен көбейту есебінде, яғнм еңбектік, саяси, қоғамдық және басқа да әлеуметтік рольдердің түрлілігін өзгерту есебінде деп көрсетеді.
Кейбір аймақтарда жүргізілген «қарт адамдардың әлеуметтік ұстанымдары» атты зерттеулер нәтижесінде, ересек ұрпақ тұлғаларының проблемалары анықталды. Олардың қатарына:
-өмірлік жетістіктерге деген, пессимистік көзқарастар, сананың фрустациясы;
-қазіргі билік басыларына деген негативті қатынас («бұрын жақсы болып еді»);
-мемлекет саясатына деген субъективтік қызығушылықтың жоғарлығы және оған ықпал ету мүмкіндігін төмен бағалау;
-өмірге көңілдің толмаушылығы;
-өмір стандарттарының төмендеу: кедейшілік, маргинальдылықты кәдімгі дүниедей қабылдау.
Адамдардың бұл санаттарына жататындарда, жалпы және топтық нормаларға, дәстүрлерге деген жоғары бағынушылық, борыштық сезімнің жоғары бағасы, өзін өзі кұрбан ету және матеиралдық құндылықтарға деген қарым - қатынастың салдырлығы басым келеді.
Қарт адамдардың мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері қоғамға материалдық және рухани пайда әкеледі, сонымен коса оның дамуының белгілі факторына қоғамның қарт адамдарға стереотипті қатынастар мен қарт адамдарды әлеуметтік корғауға дайындығына байланысты.
Осы тұрғыда мынандай маңызды сұрактың туындауы мүмкін: жаңа жағдайлардағы әлеуметтік дамудың негізгі мүмкіндіктері қандай болмақ?
Дүниежүзілік бірлестіктің қарт адамдар орны мен рольдеріне қатысты концептуалды көзкарастары Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында «Қартайған адамдар өмірін толыққанды жасау» деген атаумен орын тапты. Осы құжаттың жалпы мағынасы берік әлеуметтік дамудың негізіне, онда қарт адамдар, қоғамнын ауыртпалығы ретінде емес, позитивті фактор ретінде қабылданады.
Қарт адамдар өміріне жақсы жағдай жасау мықты әлеуметтік дамудың басты мақсаты, сонымен қатар, жоғары деңгейде әлеуметтік даму қызығушылығындағы Дүниежүзілік кездесудің кұжаттарының қортындысы ретінде ‡кімет пен мемлекет міндеттері қатарына қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу мен оларға қамқор болумен сипатталады.
Соның ішінде, қарт адамдарды олардың құқықтары жайлы құлақтандыру, соның ішінде тегін заңгерлік көмек, басқа да әлеуметтік көмектерге физиологиялық қол жеткізуді қамтамасыз ету ерекше аталып көрсетілген.
Соңғы жылдары қарттар күнінің аталып өтуі жасырын емес. Жыл сайын Халықаралық қарттар күнін атап өту, «қартайған шақтағы адамдар мен олардың жетістіктерін демографиялық мойындау, яғги келесі жүзжылдыкта жалпыға бірдей дүниенің дамуы кызығушылығында қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани дамуының мүмкіндіктерінің дамуына жол ашу» болып табылады. [13,256]
Қарт адамдарды қолдау мақсатындағы тиімді шаралар іздеу мен жүзеге асыру бүгінгі әлеуметтік әрекеттің мағынасын ұлттық деңгейде көтереді. Геронтолог - ғалымдар арасында ұлттық әлеуметтік саясатты кайтадан карастыру ұсынысы бар. Ол мәселе әсіресе, қарт адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік амортизцияларын толтыруға арналған.
Бұл мыналарды өзгертуден туындайды:
-қартаюдын калыпты, патологиялық және оптимальды үрдістерін айыра білу;
-жеке тұлғалык әргүрлілікті есепке алу (қарт тұрғындардың гетерогенділігі);
-қарт адамдардың потенциалды кор қабілеттіліктерінің ыңғайлысын есепке алу;
-қорлық қабілеттіктердің жастық жаму мүмкіндіктері мен қоршаған ортаға өзгешіліктерін есепке алу:
-пысықталған теория мен практиканы есепке алу, сонымен қатар жеке және қоғамдық білім орын толтыратын жастық мүмкіндіктің шектелуін толықтыру;
-жастық негативтік өзгерістерді есепке алу;
-қарт адам психикасының ыңғайлылығы мен созылмалылығы.
Қарт адамдардың әртүрлі болуы олармен әлеуметтік жұмыс істеудің әртүрлілігін қажет етеді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік саясаттың стратегиясы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру үш элементтен тұрады: селекция, оптимизиция және компенсация.
Енді осы аталғандарға жеке -- жеке тоқталып өтеміз.
Ресей ғалымдарының пікірінше, селекция қарт адамдардың жасы келген сайын өмірінің стратегиялық маңызды элементтерін немесе негізгілерін іздестіруді білдіреді.
Мұнда жеке бас сұраныстары нағыз шындыкпен сәйкестендірілуі қажет, бұл қарт адамдардың өз өмірін бакылау мен қанағаттану сезімін сезінуге мүмкіндік беретін еді.
Оптимизация әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың көмегімен қарт адамдар өздерінің қосымша мүмкіндіктерін ашады, өз өмірлерін сандық және сапалық қатынастарда теңестіруіне жол ашады.
Компенсация - бұл қосымша көздерді жасау, бейімделу үрдісінде жастық шектелуді казіргі жаңа мнемоникалык техникалар мен технологияларды колдану аркылы толыктыру. Мысалы, есте сактауды жақсарту, естуді жақсарту және т.б.
Осылайша, егер қоғам қарт адамдарға әлеуметтік практика стратегиясын қабылдауға дайын тұрса, онда қоғамдық пайдалылық пен нәтижеліліктің артатыны сөзсіз. Мұнда қоғамның даму факторы қалай ықпал етсе, солай қарт адамдардың өмірі жақсарады.
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасаудың- мәні неде? Жалпы қарт адамдармен жұмыс жасаудың қажетілігі қанша? Оның маңыздылығы неде? Тізе берсек осы сияқты сұрақтар туындай береді.
Ең алдымен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері тораптарын жасау, тұрғындар арасындағы қарт адамдардың маңызды қабаты ретінде олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдалы байланыстар табу, олардың қалыптасуына қолайлы жағдай жасау және оларды қажетті деңгейде қолдау үшін жақсы атмосфера туғызумен сипатталады.
Әлеуметтік жұмыс «үшінші жастағы» адамдардың жағымды потенциалдарын шығаруға ықпал ету, сол арқылы ұлттық саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды қартайып келе жатқан ұрпақтың қажеттіліктерін қанағатандыруға бағыттау, жинақталған практикалық тәжірибені бағалауға көмек болады.
Қарт адамдармен жұмыс істеудің арасында мңызды орынды қарт адамдармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері алады. Казіргі таңда Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсетудің мынандай бөлімдері жұмыс істейді:
1) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі;
2) күндізгі бөлімдегі әлеуметтік қызмет көрсету;
3) жедел әлеуметтік көмек көрсету бөлімі.
‡йде әлеуметтік көмек көрсету мыннадай қызметтерді жүзеге асырады:
- үйге азық - түлік, ыстық тағам және алғашқы қажеттіліктердегі заттарды жеткізу;
- тұрғын - үй төлемдерін, коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ықпал ету;
- үй - жайында пайдаланган заттар мен нәрселерді жууға, химиялық тазартуға және жөндеуге беру;
- медициналық көмек алуға әрекеттесу, соның ішінде сауықтыру - алдын алу мекемелеріне, басқа да стационарлық мекемелерге жетекету;
- әлеуметтік - медициналық экспертизадан өтуге әрекеттесу;
- санаториялық - демалу мекемелеріне жолдама алуға, соның ішінде жеңілдікпен жолдамалар алуға көмектесу;
- зейнеткерлік камсыздандыру сұрактарын шешуге және басқа әлеуметтік төлемдерді алуға көмек көрсету:
- үйді жөндеуді, отынмен қамтамасыз етуді, үй алдындағы телімдерді өңдеуді, су жеткізуді қамтамасыз ету;
- кітаптармен, газет - журналдармен камтамасыз ету және концерттерге, киносеанстарға және көрмелерге баруын ұйымдастыру;
- хат жазуға, құжаттарды толтыруға соынн ішінде үйді айырбастау және жекешелендіру және тағы да солсикты кұжаттарға байланысты шараларды атқару.[7,15-18]
Қазіргі таңда мыңдаған жалғыз қарт адамдарға үйден қызмет көрсетіледі. Шамамен әрбір мың адамдның ішіндегі 100-іне үйде қызмет көрсетеді.
‡йде қызмет көрсетлітін қызметтердің көпшілігі тегін аткарылады, кейбір қызметтерді зейнеткерлер өздері төлейді, Бірақ олар өз зейнақыларына қызмет көрсетілгені үшін қосымша акы алады.
Қызмет көрсетуден түскен қаржы, орталык есебіне түседі де, оны қарай дамытуға бағытталады. Осы еспке түскен қаржы есебіне әлеуметтік қызметкерлер үшін арнайы киімдер, аяқ киімдер алынады, ал ауылдық жерлер үшін - велосипедтер алынады: ал қаржының бір бөлігі сыйақыға жұмсалады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталыктарының көпшілігінде стационарлық, бөлімдер жұмыс істейді. Онда қарт адамдар бір аптадан үш айға дейін бола алады.
Күндізгі бөлім қарттардың жалғыздығымен, момындығымен күреседі. Мұнда дәрігерлік алды көмек, тегін және жеңіл тамақтану, еңбек терапиясының әртүрлі түрлерін меңгеру (колөнер, шеберлік және т.б.) мүмкіндіктері болады. Күндізгі бөлім клиенттері мейремдарды, туған күндерді және т.б.б атап өтеді. Ресей тәжірибесі бойынша Еңбек мен әлеуметтік камсыздандыру Минитстрлігінің зерттеулеріне сай, күндізгі бөлімге келушілердің басты мотивтері 74 пайызы қарым - қатынас жасау; 26 пайызы -- тегін тамақтану; 29 пайызы - ас дайындау үрдісінен босатылу мүмкіндігі үшін екен.