Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:18, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады.
Кіріспе
1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі
1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
2 Эксперименталдық бөлім
2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау
2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну
2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Талап қоюмен ынталандыру. Кейде "қажет, керек" деуден тартынбаңыз. Бұл ынталандыру жолы біздің мектебімізде көп жылдар бойы қолданылып, жалықтырса да, оның мүмкіндіктері әлі де толық танылған жоқ. Тек қана бұл талаптың жеке тұлғалық мәнін күшейте түсіңіз: "Саған керек, Асан! Сен ерсің ғой!". Оқушы қандай да кедергіні жеңе тұрып, өзін ересек, ер адам сипатында көрсете білгенінен қанағаттану ләззатына бөленуі қажет. Сонымен бірге істің нәтижелі біткеніне қуанып, оны мақтаныш ете білуі тиіс. Бұл "керек" талабына міндетті қосымшалар.
Оқушыга үміт мүмкіндігін (шанс) беріңіз. Балаға сен ақымақсың, сенің ештеңеге қабілетің жоқ, істегеніңнің бәрі кері кеткен деп ескерту беретін болсаңыз, онда бір болашақтан айырлғаныңыз: алдыңыздағы оқушының барша өзін-өзі жетілдіру ынтасының жұталанғанының куәсі боласыз. Ал енді қарама-қарсы әдісті пайдаланыңыз. "Сенің қолыңнан келеді, сен табысқа жетесің" кеңестің мәні сан қырлы. Америка мектептерінде психологтар қолданған "жалған" нәтижелер тәсілі кең таралған. Зерттеушілер сынып балалары мен мұғалімге ең төмен деп есептелінген бірнеше оқушының жоғары балл алғанын жариялаған. Нәтиже күтілгенінен артық болды: аталған оқушылар өз үлгерімін біршама жоғарылатып, жыл аяғындағы қорытынды тестілеуде сыныптың беделді тобына қосылды.
Оқушы табыстарын көрсете біліңіз. Ұқыпты оқу істеріне ынталандырудың маңызды бір әдісі – нақты оқушының сынып-тастарымен салыстырғанда жоғары табысты болғаны жөніндегі шынайы ақпарат беріп тұру. Мұндайда қолданатын шара В.Шаталов ұсынған ашық рейтинг немесе "жарқын болашақ жүйесі" тәсілдерін пайдалану. Бұл тәсілдерді пайдаланған педагогтар оқу үлгерімінде үлкен табыстарға жеткен. Мұның себебі – балалардың көбі өздері жөнінде ұнамды әңгіме естігенді тәуір көреді: қандай да уақыт аралығында айтылған жылы сөз, "үлгерім экраны", жарияланған рейтинг балада сенім тудырып, оны өзіндік қанағаттануға келтіреді. Бұл арада маңызды болатыны мұғалімнің мақтауы ғана емес, одан бастау алып тұрған ұнамды қолдау-қуаттау. Әрбір сәтте өздерінің қаншалықты ілгерілегенін, қай дәрежеде білім деңгейінің көтерілгенін біліп тұру - әр балаға тән қасиет. Ақпарат оқушыға дер мезетінде жеткізілгені жөн. Сәрсенбі күні өткізілген бақылау жұмысының нәтижесі бейсенбі күні оқушыға жетсе – бұл дұрыс. Ал, егер мұндай нәтиже бір айдан соң хабарланса, оның түкке де пайдасы болмайды.
Бірге толғана, сын айтыңыз. Бұл орайда төмендегі тәсілдерді пайдаланыңыз:
- қолдау-қуаттау сыны ("Ештеңе етпес. Бұл рет болмай қалған. Ендігіде жақсылап орындарсың");
-сәйкес сын ("Сендей кезімде, мен де тап осы қателікке душар болғанмын. Ой!, сондағы мұғалімнен есіткенім-ай");
-сын-үміт ("Ендігі мәрте тапсырманы жақсы орындап келетініңе сенемін");
-мақтау сын ("Жұмыс жақсы орындалған, бірақ жағдайдан уақытынан сәл бұрын");
-бірге қинала, сынау ("Сені түсініп тұрмын, жағдайыңды да білемін, бірақ сен де мені түсінсейші. Жұмысы құрғыр жөнді орындалмаған ғой");
-сын-өкініш ("Өкінішті-ақ, бірақ айтпасам болмайды: жұмыс сапасыз орындалған");
-сынай, қателікті жұмсарту ("Мүмкін, істің бұлай болғанына тек сен айыпты емес шығарсың").
Өз оқушыларыңыздың аты мен беделін ардаңтай жүріңіз.
Қазақ мектептері мен отбасыларындағы мадақ-мақтау әлдеқайда сараң, ұсқынсыз және тік. Бастысы, олар көбіне жүртшылық алдында айтылмайды, айтылса да, жол-жөнекей бүкпеленіп жеткізіледі. Мадақтаудан жалықпаңыз, шаршамаңыз. Сіз байқаған қателіктің оңай, түзетілуі мүмкін екеніне, сіз тапсырған істердің бәрінің қиын еместігіне баланы сендіріңіз. Оқушылар ең алдымен өз күш-жігеріне сенетін болсын. Берілген тапсырмаларды орындаудан қуанышқа бөленетін болсын. Жақсы, табысты оқитын шәкірттерге ең жоғары "биліктерді" беріп, үлкен лауазымдарға жеткізіңіз. Жомарттығыңыздан таймаңыз! Балалардың кей бірі сіздің көзіңізде өз беделін танытып, сіздің айтқаныңызбен "тау қопарып" тастауға әрқашан дайын [22].
Сонымен біз осы бөлімде баланы артта қалушылар мен үлгермеуші оқушылар қатарына жатқызатын оқудағы қиындықтары кезінде көрсетілетін көмектің түрлеріне тоқталдық. Мектептегі қиындықтардың көбі бірінен кейін біріне ұласып, ұласқан сайын күшейе беретін жағымсыз факторлардан тұратын өзінше бір «кеселді шеңбер» құрайды. Осы «шеңберден» шығуға көмектесі үшін мектеп психологі әрбір үлгерімі төмен оқушының бір емес, бірнеше үлгермеушілік себептерін анықтап, солардың әрқайсысын жеңуге тырысуы тиіс. Мектептегі баланың үлгермеуіне, көбінесе бала емес, үлкендер (мектеп және ата- аналар) екендігін естен шығармау керек!
Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны