Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:18, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады.
Кіріспе
1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі
1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
2 Эксперименталдық бөлім
2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау
2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну
2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жаңа тақырыпты үйрену барысында үлгірімі төмен оқушылардың зейінін тақырыптың маңызды, қиындау бөлімдеріне аудару мақсатында, мұғалім оларға жиі сұрақтар қойып, түсінгендерін сұрап отырулары керек, оларды өздеріне көмекші ретінде тартып, жаңа материалды игерудегі қиындықта ынталандыру керек.
Өздігінен жұмыс істеу барысында қателерін түзетуге арналған жаттығу үлгілері берілуі тиіс.Жаңа тапсырманы күш салып, ынтамен жұмыс жасау үшін орындаған жұмыстарынның дұрыс жерлерін айтып отыру керек.
Осы тұрғыда өзіміздің ұлы педагог- психологтарымыздың көзқарастарын айтып кету әбден орынды. ХХ ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың еңбектерімен қаланғаны бәрімізге белгілі. Олар дәл осы үлгермеушілікке байланысты еңбек жазбағанмен, оқуда жетістікке жетудің мәселелерін кеңінен айтып кеткен. Мәселен, М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде, оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі – мұғалімге және сол мұғалімге байланысты оқушылардың білімді игеру мәселелеріне тоқталған: «...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, үкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді. ...баланы, заттарды, көріністерді тап- тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек. ...Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде»[25] деген пікірінің бүгінгі таңда маңызы зор. Ж.Аймауытов «Психология» атты еңбегінде тұтас сабақтың дәне оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін, сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындауға, пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындауға назар аудару керектігін айтады. «Нәрсені ұқтырмай, кітаптағыны жаттатып оқытқанның зияны болады. Өйтіп сөзді бұлтартпай, жаттатып оқытқаннан да кітапты көрсетпей, көрнекі жолмен қанағаттатқандықтың өзі игі. ...сөзді жаттатсын, бірақ мәнісін ұғып, ақылға салып, нәрсенің өзімен байланыстырып жаттатсын». Сонымен қатар «Көрнекі оқытыстың мақсаты – шәкірттерге деректі нәрселерді көрсету жәрдемімен барып, дерексіз ұғымдарға көшу» дейді ғалым [26]. Осылайша оқушылар мен жұмыс істеуде олардын сабаққа, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ынталандару мақсатында мұғалімдердін қолдау көрсетуі - үлгірмеушілікпен күресу, үлгірімі төмен оқушылар санын азайтуға септіктерін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта мектеп психологі пән мұғалімдермен жиі әңгімелесіп, кеңес – сабақтар өткізіп отыру керек.
Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс жасауға қажетті жағдайлар мен ұсыныстарды есте ұстаған жөн:
1. Балаға күтпеген жерден сұрақ беріп, тез жауап беруін талап етпеңіз.
2. Жауаптың жазбаша түрде берілгені жақсы.
3. Сабақ сұраудың және ынталандырудың дұрыс жолдарын таңдау арқылы оқушылардың өздеріне деген және өз білімдеріне деген сенімділіктерін қалыптастыру керек.
4. Оқушылардың сәтсіздіктері мен кемшіліктерін абайлап санау керек, себебі олардың өздері де өз кемшіліктерін ауыр сезінеді.
5. Жұмысқа тез кіріскенін талап етпеңіз, себебі олар бірте- бірте кіріседі.
6. Олардың өзін емес, іс- әрекеттерін бағалаңыз.
7. Олардың алдына нақты міндеттер қойғанда, мүмкіндіктерін ескеру керек.
8. Баладағы жақсы, жағымды қасиеттерді көре біліңіз, табыстарын дәріптеңіз.
9. Оқуға жағымды көзқарасын қалыптастырыңыз.
10. Үлгермеуші оқушымен жұмыс істегенде сызбалар, қосымша тірек көрсеткіштерін көп пайдаланыңыз.
11. Баланың денсаулық жағдайын ескеріңіз.
Жоғарыда қарастырылған үлгірмеушіліктің алдын алуға бағытталған іс-шаралар негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Дегенмен, оқу жұмысы дұрыс ұйымдастырылғанның өзінде де бірнеше нашар оқитын және үлгірмейтін оқушылар болатыны анық. Бұл құбылыс сан алуан себептерден тұратынын, ол себептер әрине, көптеген оқушының жеке бас психологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігін айтып өттік. Сол себептерге байланысты үлгірмеушілерге психологиялық қолдау көрсету мектеп психологінің міндеті болып табылады [27].
Оқуға, танымдық іс-әрекеттерге қызығушылығын ояту үшін алдымен оқушының өзіне деген сенімділігін қалыптастыру керек. Балаға өзінің сенімсіздігін жеңуге қалай көмек көрсетуге болады?
Психолог мұғаліммен бірлесе отырып, оқушының жетістікке жетуіне және содан жағымды эмоцияны сезіне білінуіне жағдай жасау керек. Ол үшін баланың алдына оның мүмкіндігі жететіндей өзінің «жақын даму аймағындағы» орындай алатын тапсырмалар мен міндеттерді қою керек. Іс-әрекеттер ішінен бала инициатива көрсете алатындай және мектепте таныла алатындай жұмыстарды бөліп алып беру керек. Ондай жұмыстарға: жазғы демалыс лагеріндегі жұмыстар, туристік жорықтар, спорттық шаралар және т.б. жатады. «Жетістікке жеткізетін» жұмыстарды бөліп беру үлгірмеуші оқушыларға қатысты мұғалімдердің, ата-аналарының, құрбыларының көзқарастарын жағымды жаққа өзгертеді [19].
Американдық педиатр Бенджамин Спок осы тұрғыда мыныдай әңгіме жазған: «Бала алғашқы екі сыныпта оқу мен жазуды қиындықпен меңгере алмай, екінші жылға қалдырылады. Өзінің сәтсіздігі үшін, ол қатты ұялады. Бірақ бұл туралы ешкімге айтпай, есесіне мектепті жек көретіндей әрекеттерге барады. Бұған дейін де оның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болмады. Барлығының оны «дым білмейтін, топас» деп санағандары, жанын күйзелтті. Осы үшін ол кейде, сыныптастары алдында батырсынып, бұзақыланатын. Мұғалім оны әдейі, қасақана жасайды деп ойлайтын. Ал, шын мәнінде ол өзінің осындай жаман әрекеттерін басқалардың назарын аудару үшін жасайтын. Бір күні бала басқа мектепке ауысады, ол мектепте жағдай басқаша болды. Ол жердегі мұғалім оны жазу мен оқуға үйретіп қана қоймай, баланың ұжымда өз орнын табуына жағдай жасады. Мұғалім баланың анасымен әңгімелесу барысында, оның сурет салуға және ұсталыққа қызығушылығы бар екендігін білді. Ол баланың осы ұнамды қасиеттерін пайдалануға болатынын ұқты. Мұғалімі үндістер туралы тақырыптық іс-шараға дайындалып жатқан сыныптастарының арасына баланы қосып, үнділер аулының макетін жасауға, сурет салуға көмектесетінін айтты. Ол жұмыстарды бала ықыласпен орындап шыққысы келді.Суреттері мен макеті ойдағыдай шығу үшін, олар туралы қосымша кітаптар оқығысы келді. Сүйтіп, кітап оқуға да ықыласы оянды. Оның жаңа сыныптастары оқи алмағандығы үшін «топас» деп санамады, себебі оның макеттері мен суреттері мақтан етуге тұрарлық еді, кейін балалар одан сурет салғанда көмек те сұрайтын болды. Баланың өзіне деген сенімділігі нығая түсті [28].
Баланың кішкентай жетістігін де мақтап, айтып отыру керек. Жаңадан кездесетін сәтсіздіктер орнығып қалмау үшін, баланы еркін тәрбиелей отырып, оны бастаған ісін аяқтатуға, алғашқы кездескен қателіктерге бола ісін кейінге қалдырмауға мәжбүр ету керек.
Үлгірмеуші оқушыны ұялту және мадақтау түрлеріне де ерекше мән берілуі керек. Оны ұялту қабілетіне байланысты айтылмау керек. Ұялту немесе құптамау нақты және оқушының өзінің сезінген кемшіліктерін жоюға бағытталуы тиіс (тәртіп бұзғанда, жұмысты ұқыпсыз істегенде т.б). Психологтар мұғалімдерге ұялту үшін қарапайым таңқалу сөздрімен білдіруді ұсынады(«Мен күтпеген едім», «Мені бұл қылығың таңқалдырды» т.б.).
Мұғалімнің ескерту кезіндегі дауыс екпіні де маңызды. Дауыс көтеріп, ашу, ызамен дөрекі сөйлеу оқушының жағымсыз қатынасын тудырады. Сондықтан олармен мейіріммен, салмақты, қызығушылық таныта сөйлесуге тырысу керек.
Үлгірмеуші оқушыларды бағалағанда, оларға түсінікті болу үшін, алған бағаларын негіздеп, қандай критерилерге сүйеніп қойылғандығын айтудың да маңызды екенін есте ұстаған жөн [29].
Белгілі педагог Ш.А. Амонашвили қолданған әдіс те нәтижелі болуы мүмкін. Ол артта қалған оқушыларды өздерінен төменгі сыныпта оқытын үлгірімі төмен оқушыларға «мұғалім» қылған. А.И.Липкина осы әдіс негізінде, яғни балаға таныс емес жаңа іс тапсыру арқылы (бұл жерде-«мұғалімдік»), оқуға дұрыс қатынас орнатып, баланың оқудағы жетістігін көтеру мақсатында эксперимент жасап көрген.
Эксперимент мазмұны бойынша үлгірмеуші оқушыларға өздерінен төменгі сыныпта оқитын үлгірімі төмен кішкентайларға көмектесу керек болатын. Осыған дейін барлығының алдында «артта қалған, нашар, әлсіз оқушы» позизициясынан бірден, «біреуді оқыта алуға қабылетті, өздігінен басқаның жетістігін бағалай алатын» адамның позициясына тұрғызылды. Бала үшін мұндай позиция оның тұлға болып құрылуына әсер етуі керек болатын. Сонымен бірге, «мұғалімдік» роль оны оқу материалдарын білуге мәжбүрледі. Басқаны үйрету үшін, ол алдымен өзі тапсырманың мазмұнын түсініп, орындау тәсілдерін меңгеруі керек болды. Сүйтіп сабаққа дайындала отырып, ол өзінің оқуындағы «кетіктерін», кемшіліктерін толтыра болады.
Эксперимент үшін 2-4 сынып оқушылары алынды. Төртінші сынып оқушылары үшінші сыныпқа, үшінші сынып оқушылары екінші сыныпқа, ал екінші сынып оқушылары, артта қалған бірінші сыныпқа бекітілді. Сыныптағыларға оқушылардың үлгірмеушіліктері туралы айтылмады. Эксперимент алдында психолог балаларға жұмыс мазмұнын түсіндіреді: «Сендерден мен көмек сұраймын, бір-екі баламен аптасына екі рет сабақтан соң қосымша сабақ жүргізіп, үйретесіңдер». Осындай ұсыныс балаларға күтпеген жерден болатынын байқауға болатын еді. Осы жерде оқушылардың өздерін бағалаулары, өскен сайын төмендейтіндігі байқалды. Мысалы, екінші сынып үлгірмеушілері көздері жайнап, күлімсіреп, үйрете алатындықтарына сенімді болып, келісе кетсе, үшінші, әсіресе төртінші сынып үлгірмеушілерінің көбі ойланып, қорқып, сенімсіздік білдірді. Психолог оларға жалғыз болмайтындықтарын, сол сыныптың мұғалімі көмектесіп отыратынын айтып түсіндіреді. Оқушы - «мұғалімдер өздеріне бекітілген үлгірмеуші оқушылардың мұғалімдеріне бекітілді. Алдын-ала, екі күн бұрын оқушы-«мұғалімдер» карточкалар алды, онда балаларға үйретілетін тапсырмалар жазылып тұрды, олар алдымен үйде өздері орындап, сосын бекітілген мұғалімдеріне көрсетіп отырды, содан соң өздері дайын болған соң, «сабақ» беруге кіріседі. Бұл сабақтарда педагог та, психолог та өз жұмыстарымен айналысқан болып, бақылап отырады. Бірақ олоардың сабақ үйретуіне араласпайды. Ал, оқушы-«мұғалім», өзіне бекітілген мұғалімнің оған керек кезінде көмектесу үшін отырғандығын біледі. Олар өздерінің бұл жаңа істерін қызығып, атқарды. Басқаларға үйретіп, баға берулері арқылы өздерінің басқалардан кем емес, үйретуге қабілетті екендеріне сенімдері нығая бастады. Олар қате тауып, баға қоюдың ұнайтындықтарын айтты, сонымен бірге мұндай сабақтардың пайдалы екендігін түсінді («өзім де оқимын», «өзім де қайталаймын»). Осы жұмыстың нәтижесі- үлгірмеуші балалардың оқу іс-әрекетінде жетістіктерінің алғы шарты болып табылатын - тұлғалық қасиеттерінің нығаюынан көрінді. Күннен күнге оларда өздеріне деген сенімділік қалыптасты. Олар өздерінің «оқушыларына» шын мәніндегі бағалар қойып, дұрыс, дұрыс еместіктерін нақтылап айтатын болды. Үлгірмеушінің «мұғалімдік» ролі өзінің оқуына да көп әсерін тигізе бастады. Олар өз беттерімен сыныпта қалып, мұғалім отырғанда үй тапсырмасын орындайтын болды. Қиындықтарға кездескенде мұғалімінен сұрайтын болды, бұған дейін, өзінің білмейтіндігін жасыру үшін, әр түрлі жолмен қашқақтайтын. Оған көрсетілген сенімділік, оқушының өзін бағалауын арттырды. Өзін бағалауының өсуі – оның оқуға деген ықыласын өзгертті, нәтижесінде оқу дағдыларын және оқуды жақсы меңгеруіне септігін тигізді [5(46-64б)]. Осылайша әр түрлі әдістермен үлгірмеуші оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін біртіндеп арттырғаннан кейін барып, олардың алдына оқудағы қиындықтарын жеңуге бағытталған нақты және айқын мақсаттар қоюға көшу керек. Мақсат олардың өз тілектерімен қабылдануы керек және олар сол мақсаттарының жетістігіне апаратын жағдайларды сезінуі тиіс.
Көбінесе үлгірмеушілік бастауыш сыныптарда балалардың оқу дағдылары дұрыс қалыптаспағандығынан, яғни оқу іс-әректінің дағдыларын дұрыс меңгермегендіктерінен болатынын айтып кеткенбіз. Енді, осындай жағдайда мектеп психологі балаларға қандай жолдармен көмек көрсете алады?
Мектеп психологі оқушымен жеке жұмыс жасағанда, оқу процесі кезінде бақылағанда және арнайы эксперементалдық тапсырмаларды орындатқанда оның оқу тапсырмаларын қалай орындайтыны жөніңде әнгімелескенде оқушының қателіктерін және икем-дағдыларынын дұрыс қалыптаспағандығын байқауы мүмкін. Осыдан кейін сол қателіктеріне баланы өзінің және ата-анасынын көңілін аударғызады. Баланы оқу жұмысының дұрыс тәсілдеріне үйретіп ал ата-анасын баласынын дұрыс жұмыс істеуіне бақылаушы ретінде ұйымдастырады. Көбіне психологтің міңдеті оқушыда оқу жұмысының дұрыс емес қалыптасқан әдісін толығымен жойып, жаңасын қалыптастыру емес, оны қайта қалыптастыру болады. Себебі бұрыннан қалыптасқан әдісін жойып, оңы жаңамен ауыстыру әрқашан да дұрыс бола бермейтінің есте ұстау керек. Егер сол әдісті жетілдіру керек болса онда, әдептілікті сақтай отырып, баланы өзінің жұмысын ерекше құқығынан айырмай, оңын өзімен бірге орындау керек. Мысалы, көптеген оқушылардың ( тіпті жоғары сыныпта да), мәтінді ұғу үшін, бірнеше рет сол мәтінді оқып шығу тәсілін пайдаланатындықтары белгілі. Ал, жалпы, оқығанды ұғу үшін, мәтінді топтастыру, тірек пунктерін ерекшелеу, жоспар құру, оқығаннының логикалық сызбасын жасау, негізгі ойды тұжырымдау сияқты ойша өңдеудің тиімді әдістерін пайдаланған дұрыс. Осы тәсілдерді, оқушының үйреншікті бірнеше рет қайталап оқып, ұқу әдісінен бірдей айырмай, оның оқу әрекетіне бірте-бірте енгізе білу керек. Мысалы, оның мәтінді бірінші оқын шығуы, сол мәтінмен жалпы танысып шығуы болса, екінші рет қайталағанда мәтінді аз ғана кідіріспен үзінділерге бөліп, ойша байланыстырып оқып шығу, үшінші рет қайта оқығанда баладан әрбір бөлген үзінділерінен негізгі ойды білдіретін сөздерді табуға, оқып болған соң, осы негізгі ойларды логикалық сызба түрінде бір-біріне жалғастырып айтып беруді сұрау керек. Осылайша оқу тәсілдерін коррекциялау міндетін шешкен кезде, мектеп психологі біріншіден, баланың үйреншікті меңгерген тәсілдерін табуға және ондағы ұтымды жақтарын сақтап қалуға, екіншіден, оқушының кейбір тәсілдерінің әлсіз немесе жағымсыз жақтарын саралап, талдауға тиіс екендігін білу керек.
Кейде оқу жұмысының дұрыс емес дағдысын түзету, оқушының үйреніп қалған әдетін өзгерткісі келмейтінінен білінетін наразылығын туғызуы мүмкін. Бұндай қиындықтарды жеңу үшін психолог Е.Д. Божович өз әдісін ұсынады: балаға екі-үщ апта бойы үйреншікті дағдысымен (бағаларына қарап), өзінің оқудағы нәтижелерін қадағалауды ұсынады, сонансоң, психологтың үйреткен әдістері бойынша өзін қадағалайды. Егер оқушы бұл кеңесті қолданғысы келмесе, онда сабақ беретін мұғалімінен сол оқушыға жаңа әдіс-тәсілдерді керек ететін жеке тапсырмалар беруін сұрайды.
Баланың оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, дағдысын мектепке келгеннен бастап, дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау, дұрыс меңгергендігін қадағалап отыру- осы себептерге байланысты болатын үлгірмеушіліктің алдын алуға септігін тигізеді [ 30].
Ойлау деңгейі төмен оқушыларға психологиялық көмекті ұйымдастыру.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орындайды. Бұл нақты қызметтер өзара байланысқан, бір-біріне ауысып отыратын ойлардың әр түрлі әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілеріне талдау, біріктіру, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, қорытындылау жататыны белгілі. Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша оқымай келген баланың оқуға кірген соң, ойы мен интеллектісі үлкен өзгерістерге ұшырайды: бала қарапайым, яғни нақты ойдан ұғым арқылы ойлануға көшеді Нақты ой, яғни нақты бейнелерге негізделіп ойлану, көбінесе көрнекі заттардың бейнесіне сүйеніп, операциялар жасау болып саналады. Осының өзі талдау мен топтаудан, салыстырудан, абстракциялау мен нақтылаудан құрастырылады. Осы ой операцияларын әрбір оқушы жақсы меңгеру үшін, олардың әрқайсысын бөліп көрсетіп, түсіндіріп, арнайы тәсілдермен үйрету қажет.
Ойлаудың осы әдістерін меңгермейінше оқу- білім дағдыларын меңгеріп, түсіну бекер әурешілік болуы мүмкін, себебі ойлау әдістерін бала қалай қолдануды білмейді. Сонымен ойлау белсенділігі төмен оқушының үлгермеушілігін жеңу үшін, оның интеллектуалдық икемін қалыптастыру керек, себебі үлгермеуші оқушының ақыл- ой белсенділігін өрістетуолардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды маңызды саласы болып табылады. Осы бағытта мектеп психологі не істей алады? Тұрақты үлгермейтін оқушылармен жұмыс істегенде көбінесе мұғалімдер, үлгермеуші оқушылардың ойлауындағы ерекшеліктер бәрінде бірдей және олардың бір ғана жолмен шешу керек дейді. Бұл, әрине, қате пікір. Шын мәнінде оларда (үлгерімі төмен оқушыларда) ойлау әрекетіндегі кемшіліктері әртүрлі болады, сондықтан да олармен жүргізілетін жұмыстарының әдістері де әртүрлі болуы керек.
Әрбір үлгермеуші оқушыға жекедара оқытудың арнайы жүйесін жасау керек (коррекциялық бағдарлама) [31]. Ол бағдарлама оның ойлау әрекетінің ерекшеліктерін талдау негізінде құрылады. Үлгермеушінің ойлау әрекетін дұрыс бағалау үшін, оқушының ойлау ерекшелігін анықтап алу керек, яғни балаға ойлаудың эмпирикалық (тәжірибелік) немесе теориялық әрекеті ме, соны білген дұрыс. Ол үшін «А.З. Зак есептері» әдістемесін қолдануға болады[32]. Ал, оқушылардың ойлау процесінің деңгейлерін талдау үшін, әртүрлі ойлау операцияларынан тұратын тапсырмалары бар әдістемелерді қолдану керек. Сондай тапсырмаларға бастауыш сыныптарға арналған «Артық сөзді алып тастау» әдісі, логикалық заңдылықтарға бағытталған «Липпман» тесті, «ШТУР» тесті, осы негізде құрылған кіші оқушыға арналған «Бесеудің біреуі» әдісі, «Төртінші артық» әдісі т.б. Бұл тапсырмалар арқылы оқушының ойлау операцияларының кемшіліктерін анықтауға болады. Осындай әдістермен анықталған ойлаудағы кемшіліктердің классификациясына қарай, түзеті жұмыстарының жобасын құруға болады, ол жұмыстар оқушының толық ойлауына кедергі келтіреітн олқылықтарды жоюға бағытталады. Сонан соң оқушылардың ойлау операцияларын түзеті мақсатында бағдарлама жасалыну керек. Сондай бағдарламалардың бірі «ШТУР» тестінің нәтижелері бойынша жасалынады. «ШТУР»- тесті бойынша жасалынған бұл түзету бағдарламасының 1- бөлімі балалардың вербальдық (сөздік) тәжірибесін байытуға, түсініктерін кеңейтуге бағытталған. Оқушылардың белсенді сөздік қорын дамыту үшін еркін түрде сөздік ассоциация құруға болады. Екінші бөлімі мұғалімдерге кеңес ретінде жасалынған, яғни нақты пәндер бойынша оқушылардың түсінбеген ұғымдарын түсіндіруге баытталған ұсыныстар берілген.
Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны