Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады.

Содержание

Кіріспе
1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі
1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
2 Эксперименталдық бөлім
2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау
2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну
2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Үлгерім.doc

— 352.00 Кб (Скачать)

              Көбіне баладан оқу есептерін шығарғанда белгілі, үйреншікті шарттардан ауытқып, әдеттен тыс, ерекше байланыстар мен қатынастарды қолданып, жаңадан бір нәрсені көру дағдысы талап етіледі. Көбінесе осындай жағдайлар тапқырлыққа арналған логикалық есептерді шығарғанда, мұғалім соңғы тақырыпты сұрап қана қоймай, оны алдыңғы өткен сабақтармен байланыстыруды талап еткенде байқалады. Осының бәрі: «бір жақты» ойлауды жеңе білу, ізденудің жаңа бағыттарын табу, есеп шығарғанда ойдың оралымдылығын пайдалану – шығармашылықпен ойлаудың маңызды қасиеттері болып саналады.

              Бір қалыпты, бір сарынды үйреншікті жұмыс тәсілдерін қайта қарастырғанда, гипотезаларды ауыстырған кезде туындайтын қиындықтар – ойлаудың икемсіздігін көрсетеді.

              Балалардың ойлау әркетіндегі айтылған ерекшеліктер оқушылардың белгілі бір бөлігінің ғана үгермеушіліктеріне себеп бола алады. Оқудағы қиындықтарды жеңе алмау кейде белсенді ойлау жұмысынан бас тартуға әкеліп соқтырады. Ондай оқушылар оқу тапсырмаларын орындағанда әртүрлі дұрыс емес әдістер мен тәсілдерді қолданады, психологтар бұны «айналып өту жолы» («обходные пути») деп айтады. Осындай әдіске мағынасын түсінбей материалды жаттап алу да жатады. Олар мәтінді жаттап айтып береді, бірақ сол мәтін бойынша  сұраққа жауап бере алмайды.

              Тағы бір сондай «айналып өту» жолына есеп шығарғанда соған дейін шығарылған ұқсас есептерге қарап шығару жатады. Сонымен қатар ойлау әрекетінде кемшіліктері бар балалар ауызша сабақ айтқанда, біреулердің сыбырлап айтып жіберуін қалайды, жолдасынан көшіріп алады, т.б.              Белсенділікпен ойлай алмау және ойлағысы келмеу – бұл қарастырылып отырған үлгермеуші балалар тобына қатысты, кейде оларды «интеллектуалды белсенділік танытпаушылар» (интеллектально пассивные) деп атайды (Л.С.Славина). Психологтар мұндай балаларды дұрыс үйретіп, тәрбиелемегеннен дейді, яғни мектепке дейін бала  ақыл- ой дамуының арнайы кезеңдерінен өтпеген, үйренуге тиісті интеллектуадық икем мен дағдыларды меңгермеген [20].

              Енді үлгермеушіліктің үшінші факторын қарастырайық, ол баланың жеке-дара табиғи психикалық ерекшеліктерінен туындайтын қиындықтар.

              Мұндай оқушылар, психологияда жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері деп аталатын өздерінің тұрақты жекедара психикалық ерекшеліктерін дұрыс қолдана алмағандықтан, танымдық іс- әркеттерінде кемшіліктер туындап, үлгірмеушілер қатарына қосылады.

              Қазіргі заманғы ой- пікірлерге сүйенсек, жүйке жүйесінің қасиеттері генотиптік тұрғыдан қарастырылады. және осы тұрғыда адамның мінезіндегі ерекшеліктер көп жағдайларда өзгермейтін, тұрақты деп түсіндіріледі. Осы қағиданы ерекше бөліп көрсетуге болады, себебі бұл қағида баланың жекедара – типологиялық ерекшеліктерімен келіспеуге және педагогикалық процестерде ол жағдайды есепке алмауға болмайтындығын білдіреді.

              Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің ішінде мейлінше зерттелген және адамның үйренуіне әсер ететін оның күші мен қозғалғыштығы болып табылады. Жүйке жүйесінің күші оның төзімділігін, жұмысқа қабілеттілігін, кедергіге төтепберушілігін, табандылығын сипаттайды. Күштің қарама- қарсы полюсі – жүйке жүйесінің әлсіздігі. Жүйке жүйесі әлсіз бала жұмыс қабілетінің төмендігімен, күшті және сыртқы қоздырғыштарға босаңдығымен, жоғары сезімталдығымен сипатталады.

              Жүйке жүйесінің тағы бір қасиеті – қозғалғыштығы – негізгі жүйке процестері – қозу мен тежелудің жылдамдық сипатымен анықталады. Жүйке жүйесінің шапшаң, елгезектігіне селсоқтық қарсы тұрады. Жүйкесі селсоқ адам нерв процестерінің баяу өтуімен сипатталады.

              Көбінесе жүйке жүйесінің басқа қасиеттерімен (күшті, елгезек) ерекшеленетін оқушылармен салыстырғанда әлсіз және селсоқ жүйкелік қасиеттерімен ерекшеленетін балалар үлгірмеушілер немесе үлгірімі төмендер қатарынан көрінеді. Дегенмен, сондай қасиеттегі (әлсіз және селсоқ типтегілер) балалардың барлығы бірдей үлгермеушілер қатарында емес. Бұған дәлел, үздік және жақсы оқитын оқушылар арасынан да әлсіз, баяу жүйке қасиеттерімен ерекшеленетін балалар бар екендігі белгілі.

              Кейбір оқу тапсырмаларының әдістерінде және оқу іс-әрекеттерінің түрлерінде жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері әртүрлі болып көрінетін оқушылардың әлсіз жақтары да, күшті жақтары да байқалады. Сондықтан да оқудағы жетістік немесе кемшілік субъектінің өзіндік табиғи қасиеттеріне байланысты емес, оқу процестерінің талаптарын орындауға байланысты жекедара әдістері мен тәсілдері қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына байланысты. Яғни жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты жекедара типологиялық қасиеттерін дұрыс қолдана алуы. Одан басқа, мұғалімнің балалардың сондай ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру тәсілдеріне де  көп байланысты, себебі мұғалім оқушының оқу жұмысын қалай жеңілдете алса, солай қиындата алады [21].

              Жоғарыда біз оқушылардың танымдылық  іс- әрекеттерінен туындайтын үлгермеушіліктің үш психологиялық себептеріне байланысты оқушылар ерекшелектеріне тоқталдық. Оқудағы қиындықтар көп жағдайда оқушының тұлғалық қасиетіне кері әсерін тигізетінін айтпасқа болмайды. Бала қиындықтарды сезіне тұрып, олардың себептерін түсіне алмай, оқуға бар ынтасы мен талпынысын салса да, одан қажетті нәтиже шықпағандықтан не істерін білмей, шарасыздыққа түседі. Өзінің күшіне деген сенімділік біртіндеп өше бастайды. Егер осындай оқушыға қиындықтарын жеңе білуге дер кезінде көмек берілмесе, онда ол балада өзіне деген сенімсіздік қалыптасуы мүмкін және өз кезегінде оның тұрақты тұлғалық мінездемесі болып қалуы мүмкін (өзіне сенбейтін бала). Осындай өзіне сенбейтін бала қиындықтарды жеңе алмаймын деп қорқады. Бір тапсырманы орындай алмаған сәтсіздігінің әсерінен басқа тапсырмаларға да шамасы жетпейтіндей көрінеді. Оқуға деген қызығушылығы төмендейді. Үлгірмеушілік мұндай балаларды ұжымнан алшақтатуға әкеліп соқтырады, олардың әлеуметтік статусы нашарлайды. Ақырында мектепті жеккөрушілік сезімі пайда болып, мектепке барудан бас тартуы мүмкін. Осындай кездерде олар мектептен тыс жерлерде достар іздейді, көбінесе теріс бағыттағы балаларға тап болады.

              Енді оқушының мотивациялық дамуындағы кемшіліктерге байланысты психологиялық ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

              Оқушының оқу іс- әрекетіне тұрақты жағымды мотивациясы қалыптаспауы да оның сабақта үлгірмеуінің себебі болуы мүмкін. Оқудың мотивациялық аумағы оқу белсенділігін анықтайды. Оқу мотивациясы күрделі құрылымды, ол оқушының жекедара және жас ерекшелігіне байланысты даму барысында өзгеріп отырады. Психологтардың пікірінше, оқу іс- әрекеті көпмотивациялы болып келеді және оның негізінде жатқан әртүрлі арнайы құрылымдар мен иерархия құрайды. Мысалы, оқушыларда, танымдық әрекеттерге қажеттіліктен,  оқуға қызығушылықтарынан басқа, өзіне қолайсыз жағдайлардан «қашқақтау» мотиві болуы мүмкін.

              Әдетте бала мектепке оң мотивациямен келеді. Сондықтан баланың  мектепке деген жағымды мотивациясы өшіп қалмау үшін, бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру керек [22].

А.И.Липкина сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушылардың өзін бағалауы төмендейтінін анықтаған. Бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін өзін өте төмен санайтын үлгермеушілер саны үш есеге өсетінін айтқан. Оқудың ең маңызды ынталандырушы күші – жетістікке жету мотиві – мұндай оқушыларда жойылады. Жаман бағаларға үйреніп алады да, оны міндетті және шешілуі жоқ мәселедей көреді. Үлгермеушілердің бұл психологиясын бір зерттелушінің: «Мен бұрын екіге бола ренжитінмін, тіпті жылап, үйге барғым да келмейтін. Ал, қазір үйреніп алдым. Дәптерімді, күнделігімді алғанда, қарамаймында» деген сөзінен ұғуға болады [5]. Осындай өзін төмен бағалау, өзіне сенімділігін жоғалту оқушының танымдық белсінділігін арттыруға зиянын тигізеді.

  Осының бәрі оқушының үлгірмеушілігін жеңуді немесе алдын алуды мүмкіндігінше ерте жастан бастауды, яғни әлі де болса оқуда артта қалушылық келеңсіз жәйттерге апармай тұрғанда қолға алуды білдіреді. Егер уақыт өткізіліп алынса, мектеп психологі үлгірмеушіліктің алғашқы себептеріне байланысты жұмыс істеп қоймай, бір мезгілде оның барлық зардаптарынан құтылуға талпыну керек.

Осы жоғарыда қарастырылған деректер мен мәлімдемелер үлгірмеуші оқушыларға тән жалпы белгілермен қатар, үлгірмеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерін де білуге мүмкіндік туғызады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде үлгірмеуші оқушылардың типтерін анықтауға байланысты, олардың ойлау процестері мен оқу мотивацияларын негіз еткен, көптеген көзқарастар (Л.С. Славина-ның, А.А. Бударныйдың, Н.И. Мурачковскийдің және т.б.) берілген. Осы критерилерге сүйеніп құрылған үлгірмеуші оқушылардың ерекшеліктерін білу, оларға дер кезінде көңіл бөліп, психологиялық-педагогикалық алдын алу, тузету, дамыту жұмыстарын жасауға мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

              1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыс ерекшеліктері

 

 

              Психологтар мен педагогтартың үлгермеушіліктердің себептерін талдаулары, соған байланысты оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қызығушылық танытулары мектептің шешімін таба алмай келе жатқан мәселелерінің бірі – үлгірмеушіліктің алдын алуға және оны жеңуге байланысты мүмкіндіктерге жол ашады. Өкінішке орай, қазіргі кезде педагогтар мен психологтар үлгерімі төмен оқушылардың типтік ерекшеліктерін де және мектептің оқу жұмысының әртүрлі әдістерін де ескеретін жеткілікті дифференциалды ұсыныстар жасай алмай келеді. Бірақ бұл мәселелер таяу уақытта шешімін табады деуге негіз бар.

Соңғы уақыттарда «орында қалу» немесе бір сыныпты «қайта оқу» деген тіпті, жоқ деп айтуға болады. Бірақ бұл мектептегі үлгермеуші балалардың санының азайғандығының белгісі ме? Мектептер әлі күнге дейін үлгерімі төмен немесе үлгермеуші оқушыларға көмек көрсетуде тым кедей және дұрыс жетілдірілмеген әдістерді қолданып келеді. Ондай алдын алуға бағытталған  педагогикалық жұмыстардың барлық түрін екі топқа біріктіруге болады: сабақтан тыс қосымша сабақтарды ұйымдастыру (ол сабақтар дәстүрлі сабақтардың әдістерін қайталайды) және белгілі қысым көрсету әдістері: ата- ананы шақырту, ұжым болып талқылау, т.б.

Осындай үлгірмеушілікті жоюға бағытталған барлық тәсілдер нәтижесіз және көбінесе зиянды болып табылады. В.И.Зыкованың зерттеулері көптеген үлгірімі төмен оқушылардың жазалау әдістері мен қатаң талқылауға үйренісіп алатындықтарын көрсеткен. Кейбіреулерінде жанының жарақаттанған әсерінен сабақта тез тежеледі. Сабақ сұрағанда мұндай оқушылар сасқалақтап, жаңылысады, жауаптары нақты болмайды. Көптеген қатаң жазалаулардан кейін, баланың өзінің мүмкіндіктеріне сенімі жоғалады да, сабаққа тіпті дайындалмай қояды [23].

Психологиялық- педагогикалық жұмыс әдістерінің жетілмегендігі, әсіресе бастауыш сыныптарда, осындай балалардың ұжымнан бөлектенуіне жағдай жасайды. Осының бәрі баланың әлеуметтік теріс бағыттағы көше компанияларына қосылып, бірте- бірте танымдық қызығушылықтарының жойылуына әкеп соқтырады.

Үлгермеушіліктің алдын алуға және жеңуге бағытталған көптеген психологиялық- педагогикалық жұмыстардың тәсілдері құрастырылуда. Қазірдің өзінде көптеген эксперименттердің арқасында психологтар мектептерге осы мәселе жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар бере алады.

Үлгермеуші оқушыға тікелей көмек көрсету - әрбір жеке мұғалімнің міндеті. бірақ мұғалімнің көмегін қиындықтары оңай шешілетін артта қалудың эпизодтық түрімен ғана шектеуге болады. Егер артта қалушылық бір- біріне ұласып жатса, онда олардың себептерін сараптап, соған байланысты үлгермеушіліктің себебін жеңуге бағытталған шаралар қолдану керек. Ол үшін, жалпы мектептік сипаттағы іс- шараларды ұйымдастыру қажет.

Алдын алудың алғашқы шарасы – диагностика болып табылады. Онымен мектеп психологі (баланың немесе сыныптың диагностикалық картасын жасау), медициналық қызметкер (баланың денсаулық жағдайын анықтау), педагогтар, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог (отбасының жағдайын білу) айналысады.

Екінші – диагностика нәтижелерін есепке ала отырып, мектептегі психологиялық- педагогикалық әдістемелік жұмыстардың жоспарын құру.

Үшінші – ойластырылған, нақтыланған түзету- дамыту, тәрбие жұмыстарының жүйесі негізіндегі іс- шараларды жүргізу.

Біз осы бөлімде психологиялық қолдау көрсетудің үшінші буынына кеңірек тоқталамыз.

              Арнайы ашылған эксперименталдық сыныптардағы көптеген зерттеулердің (Н.А.Менчинская, А.И.Липкина) тәжірибе жұмыстары, «оқытылуы» төмен оқушылармен жұмыстың алашқы кезеңдерінде оқу жұмысына оң мотивация қалыптастыру мақсатында, іс- әрекеттің қарапайым түрлерімен жұмыс жасату қолайлырақ екендігін дәлелдеген. Бұл олардың өздеріне деген сенімділіктерін қалыптастырады, себебі ол істерді жақсы орындай алғандығының өзі қанағат сезімін туындатады («жетістікті қалыптастыру стратегиясы»). Өз күшіне сенімділігі және оқуға оң көзқарас қалыптасқаннан кейін ғана, баланы белсенді ойлау жұмыстарына бірте- бірте қатыстыра отырып, жүйелі түрде оларды ойлау әдістеріне үйрете бастау керек. Бұл жағдайда оқытушы әрбір бала өзін көрсете алатындай, ал мұғалім – оның кішігірім, қарапайым жетістігін де мадақтап, мақтап отыратындай жағдай жасап отыру керек. Мұндай оқушылар әдетте үлкендердің көмегімен бас тартпайды, олардың осы ерекшеліктерін де дұрыс пайдалана білу керек, яғни өздігінен істейтін әрекеттерінің аумағын кеңейте түсу үшін, біртіндеп көмекті азайту керек. Көмекші жауаптарды да құрылымына қарай өзгертіп отыру керек: тапсырмаларды нақтылау, ұқсас есептерді бірігіп шешу, қателерден сақтандыру, т.б. Үлгермеуші оқушыларға берілетін тапсырмалардың  ішінде шешілуі тез шығатын оңай тапсырмалардың болуы өздігінен жұмыс істеуге талаптандырады. Ол үшін мұалімдерге үлгірімі төмен балалармен сабақты ұйымдастыру бойынша психологиялық қолдау көрсетудің бір қатар ұсыныстары жасалған. Осындай жұмыстар жүйесі қосымшаларда берілген (қосымша №1.2.3.)

              Үлгерімі төмен оқушылардан сабақ сұрағанда шамамен жауап беру үлгісі ұсынылу керек, үйде құрастырылған жоспарын қолдануға рұхсат ету, тақта алдындағы жауапқа ұзақтау уақыт беру, көрнекі құралдарды пайдаландыру керек. Тақырыпты жүйелеп айтуына көмектесу үшін, оларға жетелеу сұрақтарын беріп отыру керек. Оқушының сабақ босатқан күндеріндегі материалдарды игергендігін жүйелі түрде тексеріп отыру керек. Жауап беру барысында және нәтижелерін талдағанда мейірімділік пен ақжарқындық жағдайын жасау керек [24]

Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны