Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады.

Содержание

Кіріспе
1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі
1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
2 Эксперименталдық бөлім
2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау
2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну
2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Үлгерім.doc

— 352.00 Кб (Скачать)

Оқушының үлгермеуінің тағы бір себебіне отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін жатқызуға болады. Сондай себептерге отбасындағы ұрыс- жанжалдар, дөрекі қарым- қатынастар, ата- ананың ажырасуы, олардың қоғамға жат қылықтары (ішімдік ішу, есірткі қолдану, т.б.) жатады. Ата- аналардың балаларына және олардың оқуына салғырт қарауы, тәрбиедегі қателіктері, баларына дұрыс көмек бере алмауы да үлгермеушілік себептері болып табылатыны анықталған.

Оқуда артта қалып қойған балаларға ата- аналардың көңіл аударуы, көмегі, аяулары, ал қабілетті оқушыларға – білімдеріне, оқуларына дұрыс көзқараста болу керектігі өте маңызды екендігі белгілі болып отыр. Ата- ана көбінесе балаларының оқуларына және жетістіктеріне қызығушылық танытады, бірақ ол негізінен тек бағаларын білумен шектеледі. Баланың адам ретінде, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өсіп- жетілуіне мектептегі білік пен дағдының, білімділіктің маңыздылығында екендігі кейінге ығыстырылады, балаларынан мектепте қандай қызықтар болғандығы жөнінде, қандай жаңа нәрселер білді, қандай жетістіктерге жеткендігі туралы, өз жұмыстарына өздерінің және мұғалімдерінің көңілі толатындығы жөнінде сұрамайды. 

Ата- аналары балаларының оқудағы іс- әрекеттерінің мазмұнына жете көңіл бөлмейтіндіктен. олар білімінің сапалық жағын көре алмайды (тек сандық жағынан көреді, яғни сабақта аз болды ма, көп болды ма, жақсы немесе жаман баға алды ма, т.б.), сондықтан да балаларды өздерін дұрыс бағалауа баули алмайды. Кейбір ата- аналар балаларын өздерін төмен немесе жоғары бағалауға үйретіп, осы тұрғыда өздері де мектеппен жиі конфликтіге түседі. Өздерін төмен бағалаға итермелейтін ата- аналар, көбінесе балаларын ең жақсы, қабілетті оқушы ретінде көргісі келеді, бірақ сәтсіздіктерін көргенде: «Мінекей, сен тағы да басқалардан жамансың, тағы да «беске» жазыпсың», «Сенен еш нәрсе шықпайды, сен нағыз түк білмессің, басқалардай болу қайда, саған» т.с.с. сөздермен сынап- мінейді. Ал, ұлының немесе қызының өздерін асыра көтермелеуін қолдайтын ата- аналар балаларының мектепте дұрыс баға қоймағандығы жөніндегі пікіріне әрқашан келісуге дайын тұрады. Істің мән- жайына бармай, мұндай ата- ана мектепке тек мұғалімдерге кінә тағуға ғана келеді.

Сонымен, баланың оқу іс- әрекетіне зейінің шоғырландыра алмауы, алаңғасарлығы тек қана ми қызметінің жұмысының бұзылуынан немесе оқу мотивациясының жеткіліксіздігінен емес, ол отбасындағы маңызды адамдардың (ата- анасы, сабағына жауапты кісі, т.б.) дұрыс емес әрекеттерінен де болады, мысалы, жаңа жаңалықтарға, ақпараттарға мән бермеулері, оларға қызығушылық танытпауы. Ал, бала солара еліктеп, олардың қылықтарын қайталап, солар сияқты өздерін ұстайды. Сыйласымды және қайырымды қатынас орнаған, бір- бірінің қызығушылықтарын есепке алып отыратын отбасы – баланың жақсы оқуының маңызды айғағы болып табылады [12].

Жоғарыда айтылған педагог-психологтардың ой-тұжырымдарын зерделей келе, келесідей қорытынды шығаруға болады:  мектептегі үлгірмеушілік көбінесе білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуінен деп айтуға болады. Ол оқу үдерісімен және оның мазмұнымен тікелей байланыста болатын оқудың нәтижесінен білінеді және ол арнайы көрсеткіштермен анықталады.  Ал, оның себептері көптеген сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты болатын себептердің жиынтығынан құралатындығы көрсетілген. Жоғарыда атап көрсетілген физиологиялық, психологиялық факторлар және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайлары мен отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері – үлгермеушіліктің пайда болуында жетекші роль атқаратындықтары белгілі болды.

 

 

              1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі

 

 

Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптаспауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т.б .

              Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруға болады.

Үлгермеуші оқушыларға тән жалпы ұқсастық болғанмен, олар бір- бірінен айрықша ерекшеленеді. Күнделікті олармен жұмыс тәжірибесінде, үлгермеушіліктің әрбір нақты жадайында, әрбір үлгермеуші оқушымен жекеленген жұмыс істеу жолдарын талап ететіндей, үлгермеушіліктің түрлі ерекшеліктерімен кездесіп отырамыз.

Оқушылардың үлгермеушілігін ұзақ уақыт зерттеу, оның түрлі типтік тұрғыдан көрінуінен деген қорытындыға тіреледі. Үлгермеуші оқушының түрі (типі) оның оқудағы жетістігін анықтайтын, көп уақыт бойы үлгермеудің нәтижесінде пайда болған тұлғаның маңызды қасиеттерінің өзіндік үйлесімділігімен сипатталады [13].

              Көптеген авторлар үлгермеуші оқушыларды әр түрге топтаудың негізі етіп өздері зерттеп анықтаған үлгермеушілік  себептерін алған. Көбінесе, осылайша Л.С.Славина ұсынады: үлгермеуші оқушылардың түрлері Славина бойынша басымырақ себептерге байланысты бөлінеді. Үлгермеушіліктің бір тобын оқуға деген түрткісі (әрекеті) жоқ оқушылар құраса, ал екінші тобын – оқуға деген қабілеті жоқ балалар, ал үшіншісін – оқу дағдылары дұрыс қалыптаспаған, дұрыс жұмыс істей алмайтын балалар құрайды. Осындай әдістерді Ю.К.Бабанский, А.А.Бударный және т.б. авторлар қолданады.

              Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың үлгермеушілік себептеріне көзқарастары да әртүрлі.

              Бастауыш сыныпта балалардың білімге құмарлығы, айналасын- дағыларға қызығушылығы, қоғамдық маңызды іс- әрекеттерді орындауға талпыныстары оқуға деген оң көзқарасты және соған байланысты эмоционалдық мазасыздықты тудырады. Оқуда артта қалу, жаман бағалар көбінесе оларды жылауға дейін апарып, күйзеліске түсіреді. Оқуда артта қалушылық, олар үшін жаман баға алу болып табылады.

              Ал, жасөспірімдердегі үлгермеушілік – бұл оқушының оқу тапсырмасына деген зейіннің аз болуы. Бірақ олардың өмірге деген іс- әрекеттері кеңейеді, яғни спортпен щұғылданады, ойындарға көп барады т.б. көрінеді. Көптеген жасөспірімдер орта мектеп жасында үлгерімі төмендер қатарына ілігеді.

              Жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарына, мұғалімдеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Олар көбінесе өздері таңдаған мамандыққа керек пәндерге қызығушылық танытады. Егер алған «жаман» бағасы өзінің таңдаған мамандығына қатысты болмаса, оған олар мейлінше сабырлылықпен қарайды [14].

              Үлгермеуші оқушыларды түрге бөлгенде кейбір зерттеушілер  оқушылардың тұлғалық құрылымына және оқу оқуының сипатына негіздеген. Осындай жолмен П.П.Блонский оқушылардың жалпы типологиясын құрып, үлгермеушілердің түрлерін бөліп көрсеткен. Бұл, біріншіден, олар «жаман жұмыскер» деп атаған түр (тип). Ондай оқушыларға келесі қасиеттер тән:

1.      Тапсырмаларды зейін қоймай қабылдайды, көбінесе оларды түсінбейді, бірақ мұғалімге сұрақ қоймайды, түсіндіруін сұрамайды;

2.      Белсенділікпен жұмыс істемейді (жұмыстың келесі түріне ауысу үшін

      үнемі ынталандыруды қажет етеді;

3.      Өзінің сәтсіздіктері мен қиындықтарын ескермейді;

4.      Мақсатын айқындай алмайды, өз жұмысын жоспарлап, ұйымдастыра

     алмайды;

5.      Өте сылбырлықпен жұмыс істейді;

6.      Жұмыс нәтижесіне индифферентті  қарайды.

Келесі тип патологиялық деп аталған – эмоционалдық тип, оқуда сәтсіздіктері жиі болатын оқушылар, олар айналасындағылардың өзіне тән қатынаста болғанын қалайды. Олар жұмыс істеу алдында «істей алмаймын» деп айтып, басқалардың қолдауын қалайды, сәтсіздіктер мен қиындықтарды ауыр көтереді [2].

Көптеген жылдар бойы үлгірмеушіліктің мселелерін Н.А. Минчинская басқаран ғалымдар тобы зертеп келген. Олар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің негізіне «үйретілу» түсінігін алған, яғни оқу іс-әреткетінің әдістері мен оқуды меңгеруіне байланысты оқушының алғырлығы. Олар үлгерімі төмен оқущыларды үйрете отырып және олардың ойлау деңгейін зерттей отырып, олар дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алмайды, оларға көптеген қасиеттері бойынша (әсіресе, ортақ қасиеттері бірнешеу болса) ұғымдарды жалпылау қиындық туғызады деген қорытындыға келген. Ондай оқушылардың абстракциялау және жалпылау деңгейі әдетте өте төмен болатындығын дәлелдеген.

Үлгермеуші оқушлардың сөздік-логикалы ойлау қызметі көрнекі іс-рекеттік түрінен әлдеқайда артта қалып қояды, бұл ережелердің тұжырмдамаларын түсінбеуінен немесе ережелерді құр білгенмен тапсырмаларды орындай алмауынан білінеді. Кейбіреулеріне тіпті, көрнекі құралдар бөгет болады, себебі оларды ол көрнекіліктегі басқа да керексіз белгілер алаңдатады.

Көрсетілген психикалық процестерінің ерекшелігі оқушылардың өздерін ұйымдастыра алмауынан, өз еркімен зейінін басқара алмауынан және зейінін шоғырландырғысы келмейтіндігімен тығыз байланысты. Олар көбінесе ой жұмысынан қаша отыра, оларды белсенді ойлаудан құтқаратын, «айналып өтетін» жол іздейді. Осының себебінен ойлау жүйесіне жүйелі интеллекталдқ жүктеме түспеуінен ойлау деңгейі бірте-бірте төмендейді. Осы кезді байқап, дер кезінде көмек көрсетілмесе оқытылуы төмен деңгейдегі бала бірте-бірте сыныптастарынан артта қала бастайды. Оған деген сыныптастарының көзқарастары да өзгереді, мұғалімдерінің таптаурын (стереотиптік) пікірлері қалыптасады, ең бастысы өзіне деген сенімділігі жоғалады да, өзін төмен бағалаушылар қатарына қосылады.

Психикалық процестерінің ерекшеліктеріне тән үлгермеушіліктің психологиялық типологиясын Н.И.Мурачкевский  ұсынған: бұл жағдайда ол негіз етіп келесі қасиеттерді алған:

1. Ойлау қасиетіне;

2. Жеке адамның бағыттылығына;

Бұл қасиеттердің арасында бір- бірімен байланысты үш сәйкестік бар. Олар төмендегілер:

1.      Оқушының ойлау әрекетінің, санасының төмендігі, оқуға деген дұрыс қатынасының сай болуы және оқушылық бағытының сақталуы;

2.      Оқушының ойлау әрекеті сапасының жоғарылығы, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым- жартылай жойылуы;

3. Оқушының ойлау әрекетінің  сапасының төмендігі, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым- жартылай жойылуы;

Осы ерекшіліктер үлгермеуші оқушылардың типтерін анықтайды және үлгермеушіліктен құтылудың жолын көрсете алады.

Үлгермеуші оқушылардың бірінші түрі.

Үлгермеушіліктің осы түріне жататын оқушылардың бәріне ойлау операциясының төмен деңгейімен байланысты болатын төменгі оқу үлгерімі тән болып келеді. Ойлау процесінің (сараптау, синтездеу, салыстыру, жалпылау және нақтылаудың) нашар дамуы оқушыларда оқу материалдарын игеруде көптеген қиындықтар туғызады да, олар ойланатын тапсырмаларды шешуде жеңіл жол іздестіретін дағды қалыптасады. Осындай жолмен оқушылар оқу тапсырмаларын өздерінің шектеулі мүмкіндіктерімен келістіруге ұмтылады немесе ойлау жұмыстарынан қашқалақтайды, соның нәтижесінде ақыл- ой дамуында кідіріс болып, оқу іс- әрекеті дағдылары қалыптаспай қалады.

Оқуда жетістікке жетпеуі және сыныппен бірігіп жұмыс істей алмауы олар үшін моральдық конфликтің көзі болып табылмайды, себебі өздерінің артта қалушылықтарын, жекеленген пәндерден басқалармен бір деңгейде игере алмаушылықтарын танымдық мүмкіндіктерінің шектелуі негізінде екендігін дұрыс түсінеді. Моральдық конфликтінің болмауы оқушы позициясының қалыптасуына және моральдық оң бағыттың қалыптасуына жағдай жасайды, себебі сәтсіздіктердің себептерін түсіну кемшіліктерде жою үшін жақсы стимул болып табылады. Осы типтегі оқушылар, сондықтан да ата- аналар мен жолдастарының көмегін жақсы қабылдайды.

Үлгермеуші оқушылардың бірінші түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты екіге бөліп көрсетуге болады (түрасты түрге бөлудің негізі етіп оқушының екі көрсеткіші алынған: оқудағы кемшіліктерін толтыруы және келешектегі белгілі-бір іс-әрекетке бағытының болуы немесе болмауы):

а) Бұл балалар болашақтағы таңдаған мамандығы туралы аз- кем болса да біледі және соған байланысты аз да болса бағыты бар. Әдетте осы бағыт іс-жүзіндегі әрекеттерінің мазмұнына байланысты, осымен олар өздерінің оқуындағы сәтсіздіктерінің орнын толтыруға тырысады. Осыған байланысты мұндай оқушылар өздерін объективті бағалайды.

б) Бұл түрдегі оқушыларға оқудағы барлық қиындықтардан қашқақтау тән. Оқуда жетістікке жету үшін, олар барлық «мүмкіндіктерді»: көшіріп алуды, біреудің көмегімен орындауды, т.б. пайдаланады. Олардың қоршаған орта туралы ой- өрістері шектелген. Алғашқы айтылған оқушылардан айырмашылығы сол, олар оқу тапсырмаларының мағынасына үңілмейді де. Негізінде, олар келешегі туралы ойламайды.

Үлгермеуші оқушылардың екінші түрі.

Бұл оқушылар мектепке жақсы интеллектуалдық дайындықпен, жақсы оқимын деген ниетпен келеді. Олардың оқу сапасында тұрақты мотивация болмай-ақ, ең алдымен, өздеріне ұнайтын пәндерін ғана  оқуға үйреніп алғандығы байқалады. Оқу оқығанда бұл оқушылар көбінесе жүйелі және ширығып еңбектенуді қажет ететін пәндерден (тілдер, математика) белсенді ойлау жұмыстарынан қашқақтайды, ауызша пәндерден тапсырмаларды үстіртін меңгереді. Осының нәтижесінде оларда оқу дағдылары, қиындықтарды жеңу әдістері қалыптаспайды. Осымен қатар оларда жұмыс істеуге белгілі бір қатынас қалыптасады: жұмыстарды тиянақсыз орындау, баяу қарқын, т.б.

              Осы типтегі мектеп оқушыларында оқудағы сәтсіздіктер оларды моральдық қақтығыстарға алып келеді. Бұндай қақтығыс (конфликт) олардың біршама кең интеллектуалдық мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерін жеткілікті қолданбау арасындағы қарама- қайшылыққа байланысты пайда болады да, ал бұл оларда өздігінен жұмыс істеу дағдыларының болмауымен түсіндіріледі.

Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны