Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады.

Содержание

Кіріспе
1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі
1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
2 Эксперименталдық бөлім
2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау
2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну
2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Үлгерім.doc

— 352.00 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

Кіріспе

2

1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері

 

1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау

 

4

1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі

12

1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері

 

25

2 Эксперименталдық бөлім

 

2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау

40

2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау

51

2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну

53

2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі

 

Қорытынды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

 

              Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға  бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.              

              Мектептегі оқушылардың үлгермеушілік мәселелерімен көптеген психологтар мен педагогтар: И.В. Дубровина, П.П. Блонский,                          Н.И. Мурачковский, Ю.З. Гильбух, С.Н. Костромина, З.И. Калмыкова,                  П.П. Борисов, Ю.К. Бабанский, В.С. Цетлин, Г.М. Гульнев, С.Д. Замбрамняя, А.Я. Иванова, К.С. Лебединская, А.Р. Лурий, С.С. Ляпидевский, Г.Е. Сухарева және тағы басқалар айналысты.

              Әйгілі психологтар Ю.К. Бабанский және В.С. Цетлин үлгермеушіліктің ішкі - әлеуметтік және сыртқы – оқу орындарындағы оқу процесінің кемеліне жетпеген ұйымдастыру себептерін көрсетеді. Ал, И.В. Дубровина,                  П.П. Блонский және Н.И. Мурачковскийдің еңбектерінде үлгермеуші оқушылар оқуды білмейтіндігі, олар оқу материалдарының тақырыптарын меңгеруде логикалық өңдеу жасау алмайтындығын көрсетеді.

              Бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарындағы әріптерді қалдырып кету, ережелерді жақсы білуде орфографиялық қателер жіберуі, зейінсіздік пен ұмытшақтық, математикалық есептерді шығарудағы, тексті айтудағы қиындықтар, көбейту кестесін нашар білуі, дербес тапсырмаларды орындауда оқу іс- әрекетіндегі қиындықтардың бала үлгерімінің төмендеуіне әсер ететіндігін психолог С.Н. Костромина қарастырған.

              Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау  процестері баяу өтеді. Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда мектептегі психолог жұмысының басты мәселесі болып табылады.

                            Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептерін диагностикалауда нақты психологиялық кеңес беру және коррекциялық жұмыс формалаларын ұсыну.

Зерттеу объектісі: мектептегі үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны.

Зерттеу пәні: үлгеремі төмен балалармен психологиялық жұмыс жасаудың мазмұн ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Зерттеу болжамы: егер біз бастауыш сынып оқушыларының оқу

үлгерімдерінің төмен себептерін дер кезінде анықтап, олармен дамыта- түзету жұмыстарын жүргізсек, онда оқу- тәрбие процесіндегі тұлғалық мақсатқа бағытталған дамуын тиімді ұйымдастыруға, сонымен бірге нақты психологиялық кеңес беруімізге және коррекциялық жұмыс формаларын ұсынуымызға мүмкіндігіміз бар.

              Зерттеу міндеттері:

-         үлгермеушіліктің психологиялық ерекшеліктері мәселелерінің теориялық негізін қарастыру;

-         оқушылардың үлгермеушілік себептеріне талдау жасау;

-         психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу.

              Зерттеу әдістері: Теориялық талдау мен эмпирикалық әдістер: бақылау, психодиагностикалық зерттеу мен деректерді статистикалық талдау әдістері.

              Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.

              Кіріспеде зерттеу мәселесінің өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, объектісі анықталады. Зерттеу болжамы құрылып, зерттеудің тәжірибелік мәні анықталады.

              Зерттеу базасы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері

             

 

              1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау             

 

              Мектептегі үлгермеушілік пен оның себептерін түсіндіру мақсатында көптеген классик педагогтар және психологтар өз көзқарастарын білдірген. Солардың бірі П.П.Блонский  мектептегі үлгермеушілікті мектептің тәрбиелік және дидактикалық талаптарына тәртіп пен оқудың нәтижелерінің сәйкес келмеу жағдайы деп түсіндіреді [1]. Ал, Педагогикалық- психологиялық сөздікте (1998 ж.): оқушылардың үлгермеушілігі – бұл жалпы білім беретін мектептерде жылдық оқу бағарламасын меңгермеген және екі не одан да көп пәндерден академиялық үлегрмеушілігі бар оқушылармен айқындалатын педагогикалық әдістердің дұрыс емес, теріс құбылысы деп көрсетіледі [2].

Дубровина И.В. үлгермеушілікті білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуі деп мәлімдеген [3].

Үлгермеушілік оқушының оқуға, санауға деген қабілетінің төмендігінен, ойлау әрекеттерінің (талдау, топтау т.б.) кемдігінен көрінеді.

Тұрақты үлгермеушілік қоғамның, мектептің талаптарына қайшы келетін тұлғаның теріс қасиеттерімен түсіндірілетін педагогикалық бетімен кетушілікке   әкеліп соқтырады. Бұл жағдай әрине құптарлық емес және моральдық, әлеуметтік, экономикалық тұрғыда өте қауіпті құбылыс. Ондай оқушылар мектепті жиі тастап кетумен қатар, қауіпті топтарды көбейтеді. Сондықтан да үлгермекшілікті дұрыс түсініп, оның алдын алу қоғамның басты міндеттерінің бірі.

Үлгермеушілік – жан- жақты зерттеуді қажет ететін қиын да көп салалы мектеп мәселеріне қатысты шынайы құбылыс.

Үлгермеушілік түсінігі, ең алдымен, оқу мазмұны – дидактиканың негізгі категорияларымен байланысты дидактикалық түсінік. Білім мазмұны оқу бағдарламаларында, оқулықтарда және әдістемелік құралдарда берілген. Оның компоненттері: білім, дағды, икем, оқуға деген эмоционалды- еріктік қатынас. Үлгермеушілік көрсеткіштері туралы айтқанда, алдымен әрбір компонентке қатысты талаптарды білу маңызды.

Білім мазмұнының компоненттерін біле отырып, үлгеру көрсеткіштерінің жүйесін құрастыруға болады. Осы талаптарды орындау үлгеру туралы көптеген ережелерді шығарады:

біріншіден – ең болмаса бір ортақ шешім жасау керек, жаңа білімді іздестіруде өзіңдегі бар біліміңді, икемің мен дағдыңды қоса білу (құрамалау);

екіншіден – білім, икем, дағдыны жаңа жағдайларға таңдап, дұрыс құрастырып қолдана білу;

үшіншіден- теориялық мазмұндағы білімге ұмтылу, оны өз бетімен іздестіріп, таба білу;

төртіншіден – шығармашыдық жұмыс барысында қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу;

бесіншіден – танымдық іс- әрекетте өз жетістіктеріңді бағалауға ұмтылу.

Осы аталған негізгі талаптарды  орындай алмау баланың үлгермеушілігіне алып келеді [4].

              Оқушылардың оқуға, оның қиындықтарына және оларды жеңуге деген қатынасы олардың өздерінің жетістіктерін бағалауына байланысты. Оқу процесінде бұл аспектінің маңыздылығын мамандар атап көрсеткен. А.И.Липкина «Оқудағы оқушының алға басу жетістігін сараптағанда оның  интеллектуалдық қасиеттері мен білім жүйесін меңгеру ерекшелігін ғана емес, өзін бағалауда көрінетін жеке мінез- құлқымен ой еңбегінің күрделілігін де ескеру» қажеттігін жазады. Оқу мен тәрбие жүйесі табысты болу үшін оқушыларды өздерінің жетістіктерін дұрыс бағалауға, өз күштеріне сенімділіктерін қалыптастыруға баулу керек. Тек осындай өзін бағалау оқушының өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге талпынысын туғызып, оқуда жетістіктерге жеткізеді [5]. 

Оқу мазмұнын игеруде үлгермеушіліктің көрсеткіштері ретінде келесі кемшіліктер айтылады:

1)     шығармашылық іс- әрекеттердің аз да болса керекті операцияларын, үйренген білім, икем және дағдыларын жаңа жағдайларда дұрыс ұштастыруды, қолдануды меңгермеу;

2)     теориялық негіздегі білім алуға ұмтылмау;

3)     шығармашылық істердің қиындығынан қашу, қиыншылықтарға кездескенде белсенділік танытпау;

4)     өз жетістіктерін бағалауға ұмтылмау;

5)     өз білімін кеңейтуге талпынбау, икем мен дағдыны жетілдірмеу;

6)     ұғымдарды меңгермеу.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер «үлгермеушілік» түсінігінің көрсеткіштері – білімділікке, икем мен дағдыға негізделген, шығармашылық мазмұндағы  оқу пәндеріне арналған .

Үлгермеушілік шығармашылық іс- әрекеттердің аталған барлық көрсеткіштерімен сипатталады. Оқу оқу барысында үлгермеушіліктің жекеленген кейбір элементтері пайда болуы мүмкін, ал олар артта қалушылық деп көрсетіледі [6].

«Үлгермеушілік» түсінігі мен «артта қалушылық» түсінігі тығыз байланысты. Артта қалушылық – бұл белгілі бір уақыт аралығында талаптар мен тапсырмалардың (бір немесе бірнеше) орындалмауы. «Артта қалушылық» түсінігі орындалмаған талаптардың жинақталу процесін және әрбір осындай орындалмаған жеке талапты, яғни осы процестің орындалмаған бір бөлігін білдіреді [2].

Жалпы артта қалушылық үдерісі (процесі) жекеленген артта қалушылық бөліктерінен құралады, яғни ол жеке артта қалушылықтардан синтезделген. Сондықтан, жекеленген әрбір артта қалушылықтың дер кезінде себептерін анықтап, жойып отырмаса, олар олар ұлғайып – жалпы үлгермеушілікке алып келеді.

«Оқушылардың «артта қалушылық» себебі неде?» деген сұраққа жауап беру үшін, біз алдымен үлгермеушіліктің факторларын білуіміз керек.

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек үлгерудің 3 негізгі факторлары бар екен:

- мектеп талабына байланысты, оқушыларға қойылатын міндеттер;

- оқушылардық психофизикалық мүмкіндіктері;

- олардың мектептегі және мектептен тыс оқуы мен тәрбиесінің және өмірлерінің әлеуметтік жағдайлары.

Оқушыларға қойылатын міндеттер олардың физикалық және психикалық мүмкіндіктерінен асып түспеген жағдайда ғана және оқыту тәрбиелеу жағдайларымен сәйкес келгенде ғана, білім беру жүйесінің талаптары орындалуы мүмкін.

Үлгермеушіліктің элементтерін анықтағанда бағдарламалар мен оқулықтарды, сонымен қатар педагогикалық процестердің байқау нәтижелерін қолдана отырып, дидактикалық, әдістемелік және психологиялық  әдебиеттерге сүйену керек.

Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны