Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады.

Содержание

Кіріспе
1 Үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
1.1 Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі
1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
2 Эксперименталдық бөлім
2.1 Зерттеу әдістерін ұйымдастыру және сипаттау
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау
2.3 Түзету- дамыту жұмыстарын ұсыну
2.4 Түзету- дамыту жұмыстарының нәтижесі
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Үлгерім.doc

— 352.00 Кб (Скачать)

Моральдық конфликт оқудың бастапқы кезеңінде пайда болады. Ол оқушының тек қана оқуға теріс көзқарасын анықтап қана қоймай, теріс моральдық бағыттың себептерін туғызатын сынып ұжымынан бөлінуге әкеп соқтырады.

Екінші түрге жататын оқушылардың өзін де екіге бөліп көрсетуге болады:

а) өздерінің оқудағы сәтсіздіктерінің, ұжымдағы қолайсыз жағдайларының орнын сыныптан тыс интеллектуалдық іс- шаралармен толтыратындар. Мысалы, оларды бағдарламаға сәйкес емес, жануарлар әлемі, астрономия, космонавтика жөніндегі кітаптар қызықтыруы мүмкін. Олардың келешектегі армандары осындай салалармен байланысты болады. Оларда оқудың кең әлеуметтік мотиві қалыптаспаған.

б) Екінші түрдің бұл түріне жататын оқушылардың үлгірмеушілігі олардың мектептен тыс байланыстарды іздеуіне байланысты, бұл балалардың көбінесе қызығушылықтары теріс әлеуметтік бағытқа икемделеді. Оқушы позициясын жояды. Олар өрескел қылықтарымен жиі тәртіп бұзады да мұғалімдер алдында абыройсызданады.

Үлгермеуші оқушының үшінші түрі.

Бұл түрге, бірінші түрдегі оқушылардікіндей төмен оқу үлгерімі тән. Ойлау процесінің әлсіздігі оқу материалын меңгеруде әжептәуір қиындықтар туғызады. Оқу тапсырмаларын орындауда бұл оқушыларда сыни көзқарас болмайды. Тіпті олар өз нәтижелерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстыруға тырыспайды да. Бұл жағдай оқушының оқуды меңгеру қиындығы немесе оқи алмағандығын ғана емес, сонымен бірге оның оқуға деген бейқам көзқарасынан болады. Мұндай оқушылардың ойлау ауқымдылығы да өте тар. Танымдық әрекеттерге деген мотивацияларының әлсіздігі тұлғаның жалпы бағыттылығынан, танымдылық қызығушылығының жоқтығынан көрінеді. Осы қасиеттердің жиынтығы оқуға, мектепке, мұғалімге деген теріс көзқарасты, сонымен бірге оқушының мектептен кетуге деген ұмтылысын білдіреді. Үлгірмеушіліктің осы түріне жататын оқушыларды көбінесе мектептегі денешынықтыру, еңбекке баулу сияқты пәндер қызықтырады [15].

Әрине бұл классификация да әлі жетілмеген. Онда физикалық дамуының әлсіздігіне байланысты тез шаршайтын және жұмыс қабілеті төмен оқушылар есепке алынбаған. Сонымен бірге, алғашқы үлгірмеушілігі денсаулығына байланысты сабақты көп босататын оқушылар да жатқызылмаған.

              Педагог- ғалым Толешова зерттеулерінде үлгермеуші оқушылардың келесі сипаттамаларын көрсеткен:

      Өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп тапсырмаларын орындауға қабілетсізділігі;

      Мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы;

      Үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық;

      Бала үй тапсырмасын орындамаса да, оны орындалғаны туралы айтады немесе үй тапсырмасы берілген болса да, мұғалімнің ешнәрсе бермегендігін айтады;

      Бала сабаққа жеңіл қарайды;

      Бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді «ұмыт қалады»;

      Бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды;

      Оқушы мектепке барудан бас тартады;

      Мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды;

      Мектепте «ауырдым» деп өтірік айтады;

      Тапсырмаларды түсінуге қиналады және оқымайды;

      Тұйық, оның достары өте аз;

      Өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге қабілетсіз;

      Мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің жасына тән орындай алмайды.

              Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың көпшілігі оқушыда мүмкіндігінше онда мектеп үлгермеушілігінің қалыптасатындығын көрсетеді. Әлеуметті қоршаудағы баланың үлгермеушілігінің психологиялық сипаттамасы келесіден көрінеді: жалпы мектептің педагогтары мен психологтарына мектеп бағдарламасын толық меңгере алмайтын балалардың мінез-құлқының бұзылуымен және тәртіпсіздігімен ерекшеленетіні белгілі. Үлгерімі төмен окушылардың психикалық дамуының ерекшеліктерін жан-жакты зерттеулерде (диагностикалық, психологиялық эксперимент, толык биографиялық зерттеу, сабақтарда және сабақтан тыс іс-әрекетте мінез-кұлқын бақылау, ата-аналарымен және мұғалімдермен сұхбаттасу) ғалымдар оқушылардың тұлғалық дамуының калыптасуының бұрмалануына әсер ететін бірқатар жағдайларды көрсетеді [14].

              Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор ретінде окуға деген немқұрайлық,  қандай да бір оқу жұмысына деген үлгерімі төмен баланың жек көрушілігі болып табылады. Материалды меңгерудегі қиындықтары мен сәтсіздіктерін үнемі сезінушілік мынаған алып келеді: мұндай балалар сабақтарды орындау үрдісінде қашады, дәптерлерін жыртады, кітаптарын тығып қояды, мектептің талаптарына жауап беруге қиналады. Олар сабақтарға қатысуды қояды, үйдегілеріне өтірік айтады, "сабақтан ешнәрсе берілгек жоқ" деп алдайды, ал мектепте "кітаптарымды үйде ұмытып калдырдым" деп сылтаулар көп айтады. Осы іс-әрекетгерден оқудың бір жылдық көлемінің өзінде-ақ мінез-қүлқын теріс жағы айқындала түседі. Екінші сынып оқушылары көлемінде келесі фактор оқушылардың мүғалімдермен конфликттік қарым-қатынастары косылады. Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-әрекетті керсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға үстіртін карайды дейтін пікір калыптасады. Мұғалімдер оларға қатал қарайды, оларға айқайлайды, намысына тиетін ескетулер айтады, ата- аналарына шағымданады т.б. Тұрақты конфликттік жағдайлардың әсерінен үлгерімі төмен балалар аз уақыттың ішінде ашық түрде сабақтан шығып кетуге, оқушының мұалімге сөз қайтара бастауы оқу үрдісінің бұзылуына алып келеді.

Тұрақты үлгерімі төмен оқушылардың ата-анасына деген аналогиялық мәселелері туындайды. Ата-аналарының мінез-құлкы қиын және қарама-қайшылықта болады. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды, бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу мәселесімен сөгіп ұрысады. Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалык жазалауларды колданады. Осының нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады, күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебі оларды (үлгермейтін окушыларды) көшеге кетуге мәжбүр етеді [16].

                Сонымен, үлгермеуші оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттай келе, үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіруге болады:

1-топ – жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшіліктер;

2-топ – таным әрекетіндегі жетіспеушілік;

3-топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;

4-топ – өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;

5-топ – оқуға басқалардың әсері.

              Психологтар И.В. Дубровина, М.К.Акимова және В.Т.Козлова зерттеулерінде үлгермеушіліктің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:

1.      Балалардың танымдық іс- әрекеттеріндегі кемшіліктер;

2.      Балалардың мотивациялық дамуындағы кемшіліктер.

              Бірінші топтың себептерін сараптай келе, бұл топтағы себептерді үшке бөліп, соларға байланысты оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ашуға болады:

1.      Оқу іс- әрекеттерінің әдістері дұрыс  қалыптаспаған оқушылар;

2.      Психикалық процестердің дамуындағы кемшіліктері, әсіресе ойлау процесіндегі кемшіліктері бар балалар;

3.      Өзінің танымдық іс- әрекеттерінде білінетін жекедара - типологиялық ерекшеліктерін дұрыс қолдана алмауы (жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты).

              Оқу іс- әрекеттері дұрыс қалыптаспаған үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталсақ, олар оқу оқудың әдістерін шын мәнінде нақты білмейді деп айтуға болады. Басқа іс- әрекеттер сияқты, оқу әрекеті де белгілі бір дағдылар мен тәсілдерді игеруді талап етеді. Ойша санау, үлгіден әріптерді көшіріп жазу, өлеңдерді жаттау сияқты ересектерге оңай болып көрінетін іс- әрекеттер бір ғана емес, бірнеше әдістермен орындалуы мүмкін. Мектепке жаңа келген және өзіне орындау керек оқу іс- әрекеттерімен кездескен оқушы, көбінесе ол жұмыстардың дұрыс тәсілдерін өздігінен таба алмайды. Егер оны дер кезінде дұрыс орындау дағдылары мен тәсілдеріне үйретпесе, ол өз бетімен басқаша, өзіне ыңғайлы тәсілдерді қолданады, бірақ оның қолданған әдістері мен машықтары әрдайым дұрыс бола бермейді. Бұл тек бастауыштарға ғана тән жағдай емес, ересектеу сыныптарға да қатысты жағдай.  Оқу жұмысының кеңірек тараған нәтижесіз, дұрыс емес әдістеріне: тақырыпты алдын ала логикалық түрде түсінбей жаттап алу, алдын ала белгілі ережелерін білмей тұрып, жаттығуларды орындау т.б. жатады. Оқу іс- әрекеттерінің дұрыс емес тәсілдері жекеленген сипатта болуы мүмкін. Мысалы, психолог К.В.Бардин кішкентай бірінші сынып оқушысы әріптерді көшіріп жазғанда мұғалім жазып берген үлгіге қарамай, өзі жазған алдыңғы әріп үлгісіне қарап жазатынын сипаттаған. Үлгірімі нашар оқушылар оқу дағдыларын меңгеру процесін көбіне оңайлатады. Мәселен, мәтіннің негізгі бөлімдерін мағынасына байланысты айтпай, абзацтарға бөледі, картамен жұмыста негізгі картадан жобаға тапсырманың ережелерін ескерусіз, параллель мен меридиандардан құралған квадраттар бойынша түсіреді. Тұрақты жұмыс әдістері жоқ және тапсырма мазмұнына сәйкес емес кез келген, кездейсоқ тәсілдерді қолданатын да оқушылар бар.

              Оқу әдістерін дұрыс меңгермеуден болатын үлгермеушілік жекеленген пәндерден ғана қатысты болуы мүмкін. Бірақ кейде бірнеше немесе барлық оқу пәндерінде де білінуі мүмкін.

              Егер дер кезінде оқушының оқу іс- әркетіндегі дұрыс емес дағдылары мен икемдеріне көңіл бөлінбесе оқудағы тұрақты үлгермеушілікке әкеп соқтырады. Сондықтан оқу әрекетінің дұрыс тәсіліне үйрете білу керек.

              Оқу іс- әрекеттері дұрыс қалыптаспаған балаға қалай көмектесуге болады. Әрине, балаға үлкендердің көмегі керек, дегенмен мұғалімнің көмегі бұл жерде аз, себебі мұғалім оқушының оқу әркетіндегі кемшіліктерінің себептерін аша білу керек, ол үшін ол бланың жұмыс істеудегі барлық әркетін мұқият бақылап отыруы керек. Бірақ сыныптағы 20-25 баланың бәрін бақылап отыру мүмкін емес, ал үлгермеуші оқушыларға арналған қосымша сабақтар үлгермеушіліктің себептерін жоюға емес, оқу материалдарын бекітуге арналған. Сондықтан да, бұндай оқушыларға мектеп психологінің де көмегі керек [17].

              Негізгі психикалық процестердің дамындағы кемшіліктеріне байланысты үлгермеуші оқушыларды сипаттайық. Үлгермеушіліктің осы себептері көбіне жасырын түрде болып, бақылаушыға анық байқалмайды. Бұл себептер негізінен баланың ойлау әдістері мен тәсілдеріне, сонымен қатар есі мен зейініне байланысты болады.

              Әрбір мұғалімге барлық оқушыларды бірдей, бір деңгейде оқытудың оңай еместігі белгілі. Оқытудың кез- келген әдістерімен, тіпті сол әдістерді тиімді ұйымдастырып оқытқанның өзінде, бір оқушылар оқудағы жетістіктері мен алдыңғы қатарда болып, енді басқалары қиындықпен баяу меңгереді.

              Біреулері көп күш жұмсамай, аз ғана уақытта жоғары жетістіктерге жетсе, кейбіреулері қанша талпынса да сондай жақсы деңгейге көтеріле алмайды. Әдетте мұндай жағдайлар туралы оқушылардың қабілетінің әр түрлілігінен, дәлірек айтсақ оқи алу қабілетінің әртүрлілігінен деп айтады. Психолог З.И.Калмыкова да «үйретілу» («обучаемость») деген арнайы түсінікті алған, ол түсінік оқушының алғырлығына қатысты алынған. «Үйретілу» оқу жетістігіне әсер ететін баланың интеллептуалдық ерекшеліктеріне байланысты. Ол ойлауға байланысты көптеген процестерден – ойлау үнемділігінен, ойлау әрекетіндегі жалпылаудан, ойлау икемділігінен және т.б. ойлауға байланысты көптеген процестерден құралады.

              З.И.Калмыкованың зерттеулері «үйретілудің» жалпы (оқуға деген жалпы қабілеттілік) және арнайы (қандай да бір пәнде оқуға қабілеттілік) түрлерінің болатынын дәлелдеген [18].

              Оқи алуына әсер ететін барлық психологиялық процестердің ішінде ең маңыздысы оқушының ойлау процесі болып табылады. Үлгермеушіліктің кең таралған себептері болып, оқушының ойлау қабілетінің дамуындағы кемшіліктер болып табылады, бірақ көбіне мектепте есте сақтау мен зейінге байланысты деп есептейді. Н.И.Мурачковский есте сақтау мен зейінге байланысты зерттеулер жүргізген. Ол үлгірімі нашар оқушылардың өздеріне таныс, мазмұны өздеріне жақын, өмірде қолданатын сөздер мен сандарды есте сақтауда жақсы нәтиже көрсететінін көрсеткен. Дегенмен, ойлау процесіне тығыз байланысты логиканы керек ететін қиындау мәтіндер мен сөздерді есте сақтауда үлгермеуші оқушылар сол сыныптағы басқа балалармен салыстырғанда төмен нәтиже көрсеткен.

              Үлгірімі төмен оқушылар есте сақтаудың тиімді әдістерін меңгермеген, себебі олардың бұл кемшіліктері ойлау деңгейінің дамуындағы кемшіліктермен тығыз байланысты.

              Сол сияқты, зейінге байланысты жүргізілетін тапсырмаларды (корректурная проба) орындағанда да, үлгірімі төмен оқушылардың көрсеткіштері басқалармен салыстырғанда кем болмаған. Олардың зейін шоғырлануының төмендігі өздерінің ойлау ерекшеліктерінің төмендігінен белсенді оқу әрекеттеріне кірісе алмайтындықтарына байланысты. Оқу әркеттеріне қатынасу оларға қиынға соғады. Сондықтан олар сабақта басқалардың әңгімелеріне жиі алаңдайды, мұғалім сұрақтарын зейінмен тыңдап отыра алмайды.

              Сонымен, үлгермеуші оқушылардың көпшілігінде болатын қиындықтары есте сақтауға да, зейінге де емес, ойлау жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты екендігі дәлелденген [15].

              Үлгермеуші балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктерін сипаттағанда олардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Әрине, жас ерекшеліктері өздігінен үлгермеудің себептері бола алмайды, бірақ ойлаудың жас ерекшеліктерін байланыстылығын ескермесе оқуда қиындықтар мен артта қалушылық болуы мүмкін.

              Мектепке алғаш келген баланың көрнекі ойлауы басым болады. Бала неұрлым кішірек болса, соғұрлым оның түсінігінде (ойлануды қажет етпейтін) қоршаған ортаның тікелей қабылданатын белгілері бейнеленеді. Оның сөйлеуі де жеткілікті дамымаған. Сөйлеудегі кемшліктер де – бастауыш мектептегі үлгермеушіліктің маңызды себептерінің біріне жатады.

              Мектептегі оқу баладан абстрактылы ойлауды және жалпылай білуді талап етеді, ал бұл, әсіресе алғашқы кезде қиынға соғады. Мысалы, бастауыш сынып балалары грамматиканы оқығанда етістік деп етістіктен жасалған зат есімдерді айтады, яғни іс- әркеттерді білдіретіндіктен зат есімдер – «жүгіріс», «жүріс», «оқу» сөздерін ажырата алмайды. Бұндай оқушыларға жекеленген түсініктерді біріктіретін жалпы түсінік табу қиынға соғады. Олар керек емес ұғымдарды алып тастап, керек, маңызды ұғымдарды бөліп ала алмайды, олардың бұл қиындықтары мәтіннің мазмұнын айтқанда, ауызша сабақтарға дайындалғанда, мазмұндаманың жоспарын құрғанда байқалады. Сабаққа дайындалғанда үлгірмеуші балалар маңызды, маңызды емес ұғымдарды айыра алмай, бәрін бірдей есте сақтауға талпынады. Сондықтан ұғымдарды  мағыналық жағынан байланыстыра алмай, кейін тез ұмытылады. Балалардың ойлау әрекетіндегі осы кемшіліктері білімді меңгеруде қиындықтар туғызады.

              Балалар ойлауының басқа ерекшелігі – олар затты немесе жағдайларды (ситуация) жан- жақты қарастыра алмайды, берілгендері бойынша есеп шығару үшін бір мезгілде керек шарттармен жұмыс жасай алмайды, талап етілген барлық ережелерді бір мезгілде орындай алмайды. Мысалы, сөйлемдегі қаратпа сөзді бөлгенде, тыныс белгілерді бірде қойса, бір жерінде ұмытады, ауызша жауап бергенде бір ойды айтып тұрып, басқасын ұмытып қалады. Себеп- салдарлық байланысты анықтайтын бірнеше себептерден тұратын жағдаяттарды қарастырғанда бір ғана себебін айта алады, ал егер бір себептен бірнеше салдар туындайтын болса, көбінесе бәрін айта алмай бір- екеуін ғана айта алады. Мысалы, үшбұрыштың тең қабырғалы болатынын айтқанмен, бұрыштарының да тең болатынын айтуды ұмытады, бір затты сипаттағанда оның түсін ғана айтып, басқа қасиеттерін (иісін, салмағын, қолдануын) айтуға қиналады [19].

Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны