Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом - Жетписбаева Асель ИЗМЕНЕН ПАРАМЕТРЫ СТРАНИЦЫ.doc

— 697.50 Кб (Скачать)

Зейіннің тұрақтылығы  мен қажуды зерттеу

 

Тәжірибені  жүргізуге өлшемі 60*60см картоннан жасалған кесте дайындау керек. Онда 1-ден 25-ке дейінгі сандар ретсіз орналастырылады.

Кестелер мынадай болу керек:

 

 

21

12

7

1

20

  6

15

17

3

18

19

4

8

25

13

24

2

22

10

5

9

14

11

23

16


9

5

11

23

20

14

25

17

19

13

3

21

7

16

1

18

12

6

24

4

8

15

10

2

22




 

14

18

7

24

21

  2

1

10

9

6

16

5

8

20

11

3

2

25

3

15

19

13

17

12

4


22

25

7

21

11

6

15

20

9

24

17

2

10

3

23

1

12

16

5

18

19

13

4

14

8




5

14

12

23

2

16

25

7

24

13

11

3

20

4

18

8

10

19

22

1

21

15

9

17

6




 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

Кестеден басқа тағы секундомер (немесе секунды бар сағат) және кішілеу белгі қажет. Сыналушыға келесі нұсқау беріледі: “Мына кестеде (кестені көрсетеді) 1-ден 25-ке дейін сандар ретсіз орналасқан (кестені жабады да, нұсқауды әрі қарай жалғастырады). Осы кестедегі барлық сандарды рет-ретімен 1-ден 25-ке дейін көрсете отырып, ауызша айтып өтуің керек. Тезірек айт және қателеспеуге тырыс. Түсінікті ме?” (Егер оқушылар нұсқау шартын түсінбесе, кестені ашпастан тағы бір қайталап түсіндіру қажет). Кесте 70-75см ара қашықтықта баланың алдына тура қойылады, секундомерді кестені ашқан сәтте бірден іске қосады.

Қосымшада балалардың санау  кезіндегі тоқтауы, кідіруі, қателесуі  жазылады.

Денсаулығы жақсы оқушы  бір кестеге 30-дан 50 секундқа дейін, ал көбінесе, 40-42 секундқа дейін уақыт кетіреді. Зейін баланың жас ерекшелігіне байланысты болғандықтан, жаттыға отырып, сыныптағы бір кестеге кеткен уақыттың ортақ мөлшерін шығару керек. Бұл норма көрсеткішін құрайды.

Егер оқушы сандарды іздеу кезінде кідіріс жасап, бір санды ұзақ уақыт таба алмаса, немесе сол санның мүлде жоқ екенін айтса, бұл – зейіннің бөлінбеуі немесе оқтын-оқтын бөлінуі. Осындай бірнеше жағдай зейіннің тұрақсыздығын байқатады. 4, 5-кестелердегі сандарды іздеуге уақыттың ұзақтау кетуі зейіннің шаршауының, үдеуін байқатады. Әрбір кестеге кеткен уақыт мөлшері бірдей болуы керек. Соңғы кестеде уақыт аз кетуі де ықтимал. Бұл іске оқушы әрекетінің баяу қосылуы мен зейіннің күштілігін көрсетеді. (кесте.21 – кесте )

 

«Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағытыжәне тұрмыстық білімінің  қоры» әдістемесі

  1. сыныпқа арналған сұрақтар:

 

1. Атаң мен  әжеңнің аты-жөні кім?

2. Атаң мен  әжеңнің жасы нешеде?

3.Алыс туыстарыңның аты – жөні кім?(бұл сұрақтың жауабына тым

болмағанда  туысқандарының біреуінің аты дұрыс аталуы керек)

4.Сен тұратын қаладағы аудан қалай аталады?

5.Сенің ата-анаңның туған жері қалай аталады? 

6.Сенің туыстарыңның үйіндегі телефон номері қандай?

7.Өзенде мекендейтін балықтарды қалай атайды?

8.Жердің қай бөлігіндегі мемлекеттерде қыс немесе жаз болмайды?

9.Таңғы және кешкі асты күнделікті қай уақытта ішесің? (дұрыс жауапқа сағатты және минутты айтқанда саналады)

10.Көліктің қандай түрлерін білесің? (дұрыс жауапқа кем дегенде үш түрлі көліктің атауын айтқан жатады.( ҚОСЫМША А, КЕСТЕ 2.24 – кесте )

 

 

 

 

2.2 Теориялық  және тәжірибелік зерттеуінің нәтиже көрсеткіштері

 

 

Зерттеу барысында  жүргізілген жұмыстың нәтижесін  сараптайтын болсақ, мынандай көрсеткіштер алынды:

1-кесте бойынша,  қимыл-қозғалыс жаттығуларына байланысты І тоқсанда     1- сынып оқушылары мынандай дәрежені аңғартты:

1 сурет І тоқсандағы көрсеткіші:

 

Нәтиже барысына сүйенетін болсақ, ІІ тоқсанда 20%-ға өсіп, өз дәрежесіне жетті. Тапсырманы орындау деңгейінде, баланың оқыту  әрекетінде есту арқылы шарттарды қаншалықты дұрыс қабылдаған мүмкіндіктері тексеріліп, нәтиже диаграмма көрсеткішінде көрсетіліп отыр. 

І тоқсанға қарағанда  ІІ тоқсанда 12%-ға дейін жоғарылады.

Оқушылардың зейін  еріктілігінің қалыптасуы ІІ тоқсанда 12%-ға жетті.

Ал, ережеге  сай жұмыс істеу қабілетіне тоқталатын болсақ, жұмыс істеу қабілеті ережеге сай, бір уақытта бірнеше ережені ескере алады.

:

2 - сурет. 2-ші тоқсанның көрсеткіштері

 

Нәтиже қорытындысы  бойынша, ІІ тоқсанда 2-сынып 5%-ға, 3-сынып    2%-ға, 4-сынып 4%-ға өсіп, оқушының ақпаратты қабылдау деңгейі жақсы қалыптасты.

Эксперимент жұмыстары  І және ІІ тоқсан аралығында өткізілді. Зейіннің деңгейіне байланысты жұмыстың нәтижесін қарастырайық.

Анықталған  жұмыстың түрі – зейіннің сапасына байланысты Рубинштейннің құрастырған әдістемесі қолданды.

 

 

3 – сурет.ІІ тоқсанның нәтижесінің көрсеткіш

 

Аталған зейіннің деңгейі осындай сапаны көрсетті. Нәтиже бойынша сараптама жасайтын болсақ, І тоқсанда 1-сынып 45%-ға, ІІ тоқсанда 66%, яғни, зейін деңгейі 21%-ға өсті. Сол сияқты 2-сынып І тоқсанда 60%, ІІ тоқсанда 69%-ға өсті. 3-сыныпта І тоқсанда 60% болса, ІІ тоқсанда 80%, бірден 20%-ға өзгерді, 4-сыныпта І тоқсанда 65%, ІІ тоқсанда 70%-ға дамыды.

Қорытындылай  келе, І тоқсанда оқушының оқуға  дайындығы орташа дәрежеде қалыптасты. Ал ІІ тоқсанда оқуға деген ынтасы, зейіні бірте-бірте артып, жақсы нәтиже көрсетті, әсіресе, 3, 4-сынып оқушыларында аңғарылады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе, баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын  жойып алмай, оның алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждықтарын ескеру, білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасап, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру қажет. Ал дамыта оқыту барысы бойынша дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Сонымен қатар, оқушының өз бетінше орындайтын жұмысының түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп, күн бұрын жоспарлап, әр тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруына болады. Сонда ғана оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысы сапалы болады.

Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голлант, Д.Н.Богоявленский және тағы да басқа  көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі  бақылауын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту құралы ретінде анықталды. Көрнекті психологтар Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеуінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьев оқыту мен дамудың өзара байланысын ашып көрсетті. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерімен ғалымдар А.Х.Аренова,      Н.Н.Светловская, А.Я.Савченко айналысты.

Тұлға дамуы  туралы ізденушілігі психология ғылымының  айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға  болады.

Осы пікірден білім беру мақсатының басқа да тұжырымы шығады. Оқушы тұлғасын дамыту оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Жалпы алғанда, оқушы өзіндік жұмысты орындау  арқылы өзінің бойындағы жеке қасиеттерді  аңғарып, оны іс жүзінде асырады. Егер де ол тапсырманы жоспарлағандай толық, дұрыс орындайтын болса, онда оның бойындағы жауапкершілік сезімі оянып, тиянақтылық, жинақтылық қабілеттері көріне бастайды. Ал дамыта оқытуда, біз оқушыларды шығармашылық жұмысты орындауға баулимыз. Оқушылардың білім деңгейі қаншалықты нәтиже беретінін айқындадық. Осы мақсатты негізге ала отырып, дамыта оқыту негізінде диагностика жұмыстары жүргізілді. Білім негізі қалану үшін, әрине, оқушының жас еркешеліктері ескерілді, оқу дағдысы, дайындығы, іс-әрекетке бейімделу дәрежесі анықталды. Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жетелдете, қарқынды барлық сапалар мен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған. Оқу әрекеті саналы болу үшін теория мен тәжірибенің бірлігін әрекет дамуының көзі екендігі, қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімділік, дамушылық сипатын, оқу мақсаты мен сәйкестігін нақты білу керек.

Бүгінгі жалпы  білім беретін орындардың алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру  үшін баланың қабілетін дамытып, қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді әрекет жасайтын жеке тұлғаны қалыптастыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатынын көрсетіп берді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс- әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда бұл арада ерекше көңіл бөліп, ойлануды талап ететін мәселе, бұл оқушылардың шығармашылық бағытта дамуына жете мән берілді.

Оқушының өз білім сапасын жақсарту үшін өзіндік  бақылауға бейімделудің маңыздылығы  мен қажеттілігін ұғынуына және оқыту  үрдісі барысында оқушының бұрыннан қалыптасқан өзіндік бақылау  білігін саналы түрде пайдаланып бекітуге ықпал етілуі керек.

Бастауыш сынып  оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі  болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Сол себепті, баланың қабілетін кеңінен өрістетіп дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Бастауыш сынып  оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі  дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздерінің маңыздылығы – үздік білім беруде белгілі бір көлемде білік, білім, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың даралық бейімділіктерін, қасиеттерін қалыптастыру. Қазіргі жағдайда адамға қажетті білім көлемі күрт артып отыр. Сондықтан оқушының өзінің белсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып отыруға үйрету аса маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер тізімі

 

1 Давыдов В.В. Теория  развивающего обучения. –М.: “Владос”,2006г.

2 Давыдов В.В. Принципы  обучения в школе будущего . –М.2004г.

3Давыдов В.В. Ломпшер И.К., Маркова А.К.Формирование учебной деятельности  школьника. –М.: “ Владос”,2002г.

4 Давыдов В.В. Проблемы  развивающего  обучения.-М.:” Владос”,2006г.

5 Рубинштейн С.Л. Основы  общей  психологии. –СПб:” Питер”,2007г.

6 Возрастная  и педагогическая психология / Под  ред. А.В.Петровского. – М., 2004г.

7 Жутикова Н.В. Психологичесие  уроки обыденной   жизни. –М. 2000г.

8 Қазақстан  Республикасына  10 жыл  / Құрастырған  Г.Сапарғалиев.-Алматы.”Жеті  жарғы”,2005ж.                           

9 Тойбазарова Н.Е.  Дамыта оқыту  технологиясы – сабақта // Бастауыш  мектеп. –2006 ж.-№4. –б.17.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері