Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом - Жетписбаева Асель ИЗМЕНЕН ПАРАМЕТРЫ СТРАНИЦЫ.doc

— 697.50 Кб (Скачать)

Жоғарыда айтылған тақырып бойынша оқушыларға жаңадан енгізілетін жақша туралы түсінік беру және көк қоршауға алынған, қызылмен жазылған қағиданы есте сақтау керек екендгі жөнінде нұсқау берілсе, жеткілікті. Қалған тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындай алады. Айталық, 1-тапсырма бойынша оқушылар берілген екі өрнекті (10 - 4) + 1 және 10 – (4 + 1) салыстыра келе, ондағы берілген сандар бірдей екендігін, бірақ өрнектердің мәндері әртүрлі екендігін байқайды. Өрнектердің мәндерінің әртүрлі болуы өрнектерде қойылған жақшаларға байланысты екендігін ешқандай қиындықсыз түсіне алады. Осы ұғымды бекіте түсу үшін оқулықта берілген №2 жаттығудың:

 

 

6 – (3 + 1)  (80 - 20) + 30

(6 - 3) + 1   80 – ( 20 + 30)

 

тапсырмаларын және 4 – 1 + 2 = 1, 6 + 3 – 2 = 7, 8 – 5 + 1 = 2 сияқты өрнек көрсетілген мәнге ие болатындай етіп жақшалар қою тапсырмаларын беруге болады. Сол сияқты оқулықта берілген қалған тапсырмаларды да оқушылар өздігінен орындай алады. Мұғалім тек әрбір тапсырманың орындалу барысын қадағалап және нәтижесін тексеріп отырса болғаны.

Жалпы, шағын  комплектілі мектепте өздік жұмысты  ұйымдастыруға мүмкіндіктер көп. Мұғалім  оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысының түрлерін әр пәннің ерекшелігін  ескеріп, күні бұрын жоспарлап, әр тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруына болады. Сонда әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысы сапалы болады. 

Оқушыларды  өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесі “Білім беру заңында” көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы білім беру үрдісінің жаңартылуы тұрғысынан көкейтестіленіп отыр. Заңда осы заманғы білім беру жүйесінің басымдық міндеттері “тұлғаның рухани және физикалық мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің берік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады” деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасында өзіндік жұмыс және өзіндік бақылауға байланысты мақсаттар мен міндеттер нақтыланған. Ол міндеттерге мыналар жатады:

-оқушылардың тұлғалық пісіп-жетілу деңгейін қалыптастыру, өзін тәрбиелеуге, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуына, өз бетінше білімін толықтырып, тереңдетуге ынта-ықыласын тудыру;

-санасын ашу арқылы нарықтық-экономика жағдайында оқушылардың өз ойларын жүзеге асыруға жағдай туғызу [8]

Қазіргі жағдайда адамға қажетті білім көлемі күрт артып отыр. Сондықтан оқушыны өзінің белсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып отыруға үйрету аса маңызды. Толыққанды өзіндік оқу әрекетін қалыптастыру үшін мектепте оқушының өзіндік білім алуды қажетсінуін ояту және таным әдістерімен таныстыру керек. Оқу мақсаттары оқушының оқу әрекетінде іске асырылады.

Өзіндік бақылауға бейімдеу – оқушының өзін-өзі дамытытын белсенді тұлға ретінде өзін тануға, өзіндік дамуға, өзін бақылап, бағалауға қабілетті, мұғаліммен тең диалогтік қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.

Өзіндік бақылау күрделі және кешенді сипатта іске асатын әрекет, өйткені оның әрбір құрамдас бөліктерінің өзіндік құрылымы бар.

Өзіндік бақылауға  кіретін өзіндік әрекеттер жүйесіне өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу, түзету, өзінің танымдық әрекетін білім маршрутына сай жоспарлау жатады. Аталған бөліктер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.

Оқыту үрдісіндегі өзіндік бақылау үш блоктан: өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалаудан тұрады.

Өзіндік бақылау  мен бағалау толыққанды үрдіс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады. Демек, бұл ұғымдар әр алуан өзіндік жұмыстармен тікелей байланыста болады.

Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік бақылауға бейімделуді жүзеге асыратын әрекет-қимылдарды оқушының таңдап алуы, оларды алдын ала жоспарлауы кіреді. өзіндік әрекет білім беру үрдісінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс. Өзіндік әрекеттің мақсатын айқындаудағы мұғалімнің мұраты – оқушының оқыту үрдісіндегі өзінің рөлін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Өзіндік әрекеттің екінші бөлігі оқу-танымдық тапсырмаларды орындаумен байланысты болып, қимылдардың жиынтықтарының құрылым элементтерін, яғни операциялардың орындалу реттілігін анықтаумен сипатталады. Ал өзіндік әрекеттің үшінші бөлігі – құралға танымдық оқу әрекеті жатады. Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты – тұлғаны қалыптастыру.

Осы үрдістің іс-әрекет жүйесіндегі  субъект рөліндегі оқушы, ең алдымен, өзіндік бақылауды жүзеге асыруға қажетті өзінде бар білім мен білік деңгейін анықтап алуы керек. Бұл кезеңдегі мұғалімнің міндеті – оқушының өз білім сапасын жақсарту үшін өзіндік бақылауға бейімделудің маңыздылығы мен қажеттілігін ұғынуына және оқыту үрдісі барысында оқушының бұрыннан бар өзіндік бақылау білігін саналы түрде пайдаланып, бекітуге ықпал ету.

Осыған орай, біз өзіндік  әрекет қимылдарын ашатын өзіндік бақылаудың 4 бейімдеу шарттарын жасадық. Әрбір бейімдеу шартының өзіндік мазмұнын оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан тұратындығын атап өткен жөн. Әрбір бейімдеу шарты дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады.

Өзіндік бақылау және оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық жүйені құрайды. Осы тұрғыдан алғанда өзіндік басқару мен өзіндік бақылау ұғымдарын ішкі үрдістері жағынан қарастыру оқушының оқу – танымдық әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді. Енді осы мәселені теориялық түрде негіздеп көрейік.

Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге, оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды қажетсінуді әдетке айналдыруды және ойлау әрекетін дамытып, өзіндік бақылауға бейімдеудің тиімді әдіс-тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.

Біздің пікірімізше, оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу тиімді болу үшін мынандай шарттар орындалу керек:

-өзіндік бақылаудың мәні мен қызметтері нақтыланып, ашылуы;

-өзіндік бақылауға бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе жасалынуы;

-тиімді қызмет ететін және дамитын арнайы жүйе анықталып, тәжірибелік сынақтан өтілуі.

Оқушыларды  өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінің  басты мақсаттарына өзіндік әрекет, өзіндік басқару арқылы өзіндік  бақылаудың құрылымдық бөліктерін қалыптастыру жатуы тиіс. Осы үш бөліктен өзіндік бақылауға бейімделуге байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді.

Оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесін зерттеу стратегиясының өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.           Теориялық-әдіснамалық стратегия кез келген зерттеу міндеттерін шешуде басты рөл атқарады. Теориялық-әдіснамалық ізденістер бізді арнайы дидактикалық жүйеге әкелді. Бұл жүйенің мәні – адам өзінің жеке басының дамуының, позитивтік өсу ресурстарының және өзін өзектендіру механизмдерінің орталығы болып табылады.

Қазіргі заманда  дүниенің даму динамикасы күрт өзгеріп, соның нәтижесінде адамдар тұлғалық беделінен айырылғандай күй кешуде. Мұндай жағдайда адамға көмектесудің бірден бір жолы – өзін тануын дамыту, өзін мойындау, өзін түсіну қабілетін ашу, өзгермелі дүниеде өз мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету.

Оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық тұжырымдамасының басты мақсаты баланың өзіндік еркін дамуына педагогтың кәсіби көмек көрсеті болып табылады. Бірақ, қандай да бір дарынды педагог болғанымен оқушы тұлғасын дәл өзі ойлағандай етіп қалыптастырып шығара алмайды. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалімнің басты мұраты оқушының белсенді, толыққанды және шығармашылықпенөзіндік әрекетіне жол ашу, өзін дамыту, өзін өзектендіру, өзіндік бағалауын жеткілікті қамтамасыз ететін қажетті жағдайларды жасау және оны сақтау, яғни өзіндік дамуына жол ашу. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасын объектілік-субъектілік қатынастан диалогтық, субъектілік-субъектілік қатынасқа айналдыру өзіндік әрекет (өзіндік жұмыс, өзіндік бақылау, өзіндік бағалау) арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші орынға оқушының дамуы емес, оның өзіндік дамуына түрткі болу, ояту қойылғаны жөн.

Өзіндік бақылау  жүйесін жүзеге асырудың әрі мазмұны, әрі басты   құралы – оқу-танымдық тапсырмалар жүйесімен, яғни дидактикалық құралдармен жұмыс істей білу. Біздің зерттеулеріміз бен педагогикалық тәжірибеміз оқу-танымдық тапсырмалардың мән-мағынасы жайлы мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

-тапсырма оқушы әрекетінің әрі мазмұнды, әрі процессуалды жақтарын бейнелейтін жаңа ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе элементтерін берудің ең тиімді дидактикалық құралы;

-тапсырма білім беру мазмұны тұрғысынан білімнің, қимыл тәсілдердің тасушысы;

-тапсырма мақсатқа сәйкес білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың құралы;

-тапсырма оқушының оқу әрекетін басқару мен ұйымдастыру тәсілі;

-тапсырма дамыта оқытуды жүзеге асырушы, өзіне қызығу және өз қабілетін, мүмкіндіктерін, мінез-құлқын зерттеу көздері.

Оқу-танымдық тапсырмалар  мен есептер жүйесі оқушының білім  алу үрдісін құруға екі жағынан  келуге мүмкіндік береді. Оның бірі – тапсырмалар мен есептер жүйесі болса, екіншісі – оқытудың мазмұнымен байланысты. Осы ұстанымдарға орай оқушыларды өзіндік бақылауға бейімделуге қажетті оқыту мазмұнын құрастыру арнайы жасалынған оқу-танымдық есептер мен жаттығулар жүйесімен, демек оларды шешуге қажетті тұлғаның білім, білік сапаларының кешенімен анықталады. Бұдан оқыту үрдісі барысында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеудің басты құралы ретінде дидактикалық, яғни оқу-танымдық тапсырмаларды пайдалану орынды деген қорытынды шығады.

Оқу-танымдық тапсырмаларды орындау әрекеті өзімен, сыныптастарымен, мұғалімімен диалог түрінде орнатылған ахуалды шешу үрдісі арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Бұл оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеу үшін “субъект - субъект” деңгейіндегі өзіндік таным үшін аса маңызды.

Өзіндік бақылауға тиімді бейімдеуге арналған оқу-танымдық  тапсырмалардың біз төмендегідей үш типін анықтадық:

1.Оқушының өзіне қатынасын тудырып, өзіне әр түрлі тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар тек пәндік білімді ғана игеріп қоймай, оқушының өзінің оқу-танымдық әрекетін бақылап, бағалауын, өзіндік бақылаудың нәтижесін алдын ала біліп отыруды таңдау білігін де арттырады;

2.Белгілі бір жағдайда орындалатын тапсырмалар (оқу-танымдық тапсырманың шарттары, оқушының мотивациялық күші, тапсырманы шешуге қажетті білімнің болуы және т.б.);

3.Өзіндік бақылауда жоғары табыстарға қол жеткізуге, оны әрі қарай мойындап өз әрекетінде қолдануға жол ашатын есептер мен тапсырмалар. Бұндай тапсырмалар өзіндік жұмыстарды орындауға оқушының         ынта-ықыласын, қызығуын туғызды.

Аталып өткен  тапсырмалар типтері оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеудің  арнайы жүйесінің барлық бөліктерінде жүзеге асырылуы тиіс. Біз анықтаған  өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінің  осы үш бөлігі жеке алынбай, бәрі бірге қолданылғанда ғана тиісті нәтижеге қол жеткізіледі, себебі әрбір бөліктің өзіндік атқаратын қызметі бар, бірін бірі алмастыра алмайды.                                                                                                                             Бастауыш мектеп –  оқушы тұлғасын мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан да, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да, қадірлі жұмыс.

 

 

1.4 Бастауыш  сынып оқушыларының өзіндік жұмысын  қалыптастыру түрлері

 

 

Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс  көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік  – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырып, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек  оқыту үрдісі кезінде үлкендердің  басшылығымен жүзеге асады. Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі – көп жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің пікірталасын тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.

Педагогикалық-психологиялық  бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 факторға сай жүзеге асады. Олар:

1.биологиялық фактор;

2.әлеуметтік немесе қоршаған орта;

3.тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни           оқу-тәрбие үрдісінің рөлі зор.

Көптеген ғалым-педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізіндегі дамыту мәселесінде басты рөлді, ең алдымен, оқушының өзіндік әрекеті, белсенділігі атқарады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері