Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом - Жетписбаева Асель ИЗМЕНЕН ПАРАМЕТРЫ СТРАНИЦЫ.doc

— 697.50 Кб (Скачать)

Ең алдымен, тарих көмбесіне “бүтіндей тастағымыз” келетін дәстүрлі мектепті алайық. Бұл мектеп оқушыға білімді де, білікті де, дағдыны да дайын үлгімен беріп, оның ойына түрткі салмайтыны, яғни мұнда оқушы интеллектісінің дамуына жеткілікті жағдай жасалмайтыны, оқу материалдарында мәдениет элементтерінің жетімсіздігі және барының өзі эстетикалық, эмоционалдық сезімге әсері жоқтың қасы екені үшін сыналады.

Мұнда, оқушы  оқу әрекетінің субъектісі емес, объектісі  ретінде қарастырылатыны, оның теориялық  ойларына, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға онша мән бермейтіні шындық.

Дегенмен дәстүрлік  мектептің өзіне ғана тән басқа педагогикалық жүйелерден бір артықшылығы бар: мұнда оқушы өмірге қажетті білік, дағдыларды тамаша меңгереді, сондықтан бұл мектептің оқушысын қазір “дағдының иесі ”, “дағдының кемеңгері” деп те атайды. Дәстүрлі мектептің бұл тамаша тәжірибесі жаңа әдістемелік жүйеден өзіне лайық орнын алуы әбден заңды.

Шынында да, мысалы, еңбекке баулудағы еңбек құралдарымен жұмыс, бұйымдар дайындау тәсілдерін игеру  немесе дене тәрбиесіндегі көптеген жаттығулардың автоматтануы тек  қана репродуктивті, тәжірибелік жолдармен жүзеге асады, ал мұндай сәттер барлық пәндерде де бар.

Сондықтан, әр пәннің жаңа бағдарламасындағы оқу нәтижесіне қойылатын талаптарда біліммен қоса білік, дағдылар да міндетті түрде көрсетіліп беріледі. Екіншіден, қазір жұрт назарын өзіне аударып отырған идея дамыта отырып оқыту идеясы.

Бұл идеяның  бірнеше түрі бар. Соның бірі “дамыта оқыту мектебі” немесе осы мектеп жұмысының негізіне алған идеяның – оқу әрекеті теориясы авторларының бірінің атымен аталатын “Давыдовтың дамыта оқыту мектебі”. Бұл мектепте мұғалім өзінің оқушымен қарым-қатынасын, оқу әрекетін құрып, оны оқушы бойына қалыптастыра отырып жүзеге асырады.

Оқу әрекеті  – бастауыш саты кезеңіндегі жетекші  әрекет. Оның жүзеге асырылуы үрдісінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылым, өнер, адамгершілік, құқық сияқты қоғамдық сананың дамыған түрлерінің мазмұнын және осыған сәйкес талаптар тұрғысынан әрекет ету біліктерін меңгереді. Қоғамдық сананың бұл түрлері білім мазмұнының (ғылыми ұғымдар, көркем бейнелер, адамгершіліктік құндылық, құқық нормалары) теориялық сипаты болады. Оқу әрекетінің мазмұнын осындай теориялық білім құратындықтан, осының өзі оның дамытушы қызметін анықтайды.

Адам білімі әр уақытта оның ойлау әрекетімен (абстрактылау, жалпылау т.б.) бірлікте болады. Сондықтан “білім” деген ұғым бірінші жағынан ойлаудың нәтижесін (шындықтың бейнесін), екінші жағынан, осымен бір мезгілде, оны алудың үрдісін (яғни ойлау амалын) көрсетеді. “Кез келген ғылыми ұғым - әрі ойдың құрылысы, әрі болмыстың бейнесі”, – дейді С.Л.Рубинштейн [5] Осы тұрғыдан ұғымды әрі болмыстың бейнесі, әрі ойлау амалының құралы деп түсінген орынды.

Эмпирикалық білімге (ұғымға) эмпирикалық ойлау амалдары, теориялық білімге (ұғымға) теориялық ойлау амалдары сәйкес келеді. Ал, бастауыш сатыда оқушының психологиялық дамуы теориялық ойлаумен байланысты.

Сондықтан “Давыдов мектебінде” білімнің теориялық деңгейін көтеру, яғни білім мазмұнын теориялық (ғылыми) ұғымдар жүйесімен құру дамыта отырып оқытудың басты шарттарының бірі деп қарастырылады (В.В.Давыдов) [3]

Теориялық білімді  меңгеру, оқу тапсырмаларын орындау (шешу) арқылы жүзеге асырылады; басқаша  айтқанда, оқу тапсырмасы теориялық  мазмұнды оқытудың немесе теориялық  білімді меңгерудің ерекше әдісі  болып табылады. Ол оқушының танымдық үрдістерін, ең алдымен теориялық ойлауын іске қосатын, бірінен соң бірі сатылап келетін төмендегідей оқу амалдары арқылы орындалады (В.В.Давыдов, Б.Д.Эльконин): оқу тапсырмасы шарттарын түрлендіру арқылы теориялық ұғымдағы объектінің жалпылық қатынасын тауып, бөліп шығару. Бұл қатынас тұтас объектінің барлық жеке ерекшеліктерінің генетикалық негізгі қайнар көзі болып табылады. Осы жалпылық қатынасты іздеу ойша талдау амалының мазмұнын құрады және қажетті теориялық ұғым қалыптасуының басы болады.

Мәселен, 1-сыныптағы  математика шамалар арасындағы негізгі қатынастарды анықтаудан басталады (Б.Д.Элькониннің сөзімен айтқанда бұл “сансыз” математика). Оқушылар ең алдымен, заттардың шамаларын білдіретін белгілерін (ұзындық, көлем, салмақ) табуға көмектесетін амалдарды меңгереді: біріңғай шамаларды өзара салыстыру тәсілдерімен, оның нәтижесін жазу жолдарымен танысып үйренеді.[10]

Әрине, шамаларды  салыстыру олардың не бірдей (тең), не бірдей емес (тең емес) екендігін  байқауға мүмкіндік береді. Оқушылар алғашқыда бұл салыстыру нәтижелерін өз дәптерлеріне сурет арқылы жазады.

Одан соң “тең”, “тең емес”, “үлкен”, “кіші” ұғымдарын сәйкес =, ¹, >, < таңбаларымен белгілеуді үйренеді. Сонда осы таңбаға көшудің өзінде біраз жалпылаудың барын байқауға болады. Бұл 4 таңба “ұзын”, “бірдей”, “қысқа”, “бірдей емес”, “үлкен”, “кіші”, “ауыр”, “жеңіл” т.б. бірнеше ұғымдарды алмастырады. Жазудың бұл түрінен біртіндеп қатынастарды өрнектеп (формула) беруге көшеді (оқу моделі): А = Б; А > Б, Б < А. Мұның принципиалды маңызы бар: шама – жалпылық қатынас түрінде бөлініп алынып, зерттеу объектісіне айналды, моделге түсірілді.

Екінші оқу амалы жалпылық қатынасты сызба немесе әріп түрінде модельдеу болып табылады. Оқу моделінің мазмұны обьектіні тікелей бақылап қабылдауға болмайтын ішкі ерекшеліктерін көрсетеді, ол ойша талдау үрдісінің нәтижесі ретінде жасалып, одан соң ойлау әрекетінің ерекше құралына айналады.

Енді осы моделді түрлендіру арқылы бөлініп алынған обьектінің жалпылық қатынасының (шаманың) қасиеттері зерттеледі: шамалардың өзгеруінен (көбеюі, азаюы) олардың арасындағы пайда болған жаңа қатынастар, теңдіктің теңсіздікке айналуы т. б.

А = Б; А + е > Б; А + е = Б + е; А – е < Б; А – е = Б – е модельдерін түрлендіру және сол арқылы шамалар қатынасының қасиеттерін зерттеу нәтижесінде оқушы объектінің бастау “тор көзі” туралы ұғымды түсініп, меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге оқу тапсырмасын шешудің жалпы тәсілін де біршама игереді. Енді осы жалпы тәсілмен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін құрады:

Ә + Х = Б   х + о = Ү

Ә < Б

х < Ү

х = Б - Ә    х = Ү – О

Ә + (Б - Ә) = Б (Ү - О) + О = Ү, т.б.

Әріп түріндегі модельдеу шамалар арасындағы (оның түрі қандай   екеніне – ұзындық, салмақ, көлем, т.б. қарамастан) қатынастарды, олардың қасиеттерін (қайтымдылық, ауысушылық, біртондылық) зерделеу объектісі ретінде бөліп қарастыруға мүмкіндік береді және ең бастысы – оқушыда теориялық талқылау, талдау, қабілетінің қалыптасуына алғышарт жасайды. Бұл бала интеллектісін дамытады.

Давыдов мектебінде оқу әрекетінің мазмұны, оны меңгеру әдісі түгелдей дерлік оқу тапсырмаларымен құрылады.

Бұл мектеп идеясының мәні төмендегіге саяды. Оқушы “дағдының  иесі” деп те, Гегельдің диалектикалық  “спиралімен” шындыққа өрлеп жететін  “оқу әрекетінің субъектісі” деп  те қарамайды, дүниеге өз көзқарасы  бар, өз ой-пікірінің авторы деп қарайды[3].

Оқушы авторлыққа қалай келеді? Алғашқыда (1-2 сыныптарда) оқушылар мұғалімнің көмегімен Сан, Сөз, Сөйлем, Жазу, Тіршілік, Өмір, Тарих, Қозғалыс, Жылу т.б. сияқты “болмыстың мәңгілік мәселелері”  туралы ой толғап, талдайды, талқылайды; “толғаныс, таңдану” сәттерінде ол мәселелердің әрқайсысы туралы сәл де болса өз пікірі, көзқарасы туады.

Оқушы осы пікірі, көзқарасы  тұрғысынан “мәселелермен” диалогқа түседі, нәтижесінде пікірі, ойы, көзқарасы  кеңейіп, бекиді.

Одан соң, кейіңірек  (3-4 сыныптарда) адамзат тарихында жасалған әртүрлі мәдениеттер элементтерін (мысалы, Эсхил – Евклид, Шекспир – Ньютон, Пикассо – Бор т.б.) диалогқа түсіріп, мұның барысында олар туралы тағы да оқушының өз ойы, көзқарасы туады. Осы арқылы ол диалогқа өзі де түседі. Нәтижесінде оқушы әртүрлі мәдениеттер элементтерін меңгеріп шығады, өзі үнемі өз көзқарасының авторы ретінде диалогқа түсіп отырады.

Дегенмен, бұл мектепте де оқушылар жазғанда қате жібереді; ал оқытудың тапсырмалық түрін жақсы көрмейді, яғни “жауабы адамзатқа белгілі тапсырмаларды” орындауға ынталы болмайды. Басқаша айтқанда, бұл мектепте оқушы интеллектісін дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейді.

Әрине, бұл мектептен біздің алғанымыз мәдениеттік ұстаным екенін айтпасақ та түсінікті болар. Бала дамуына ерекше мән беретін тағы бір мектептің түрі – “Жас мектебі”.

Бұл мектеп оқушыға “дағдының иесі” немесе “оқу әрекетінің субъектісі”, не “өз көзқарасының авторы” деп емес, кәдімгі өз жасындағы бала деп қарайды.

Бұл мектепте біркелкі жастағы балалар бірлестігі ұйымдастырылып, осы бірлестікте тәлімгердің көмегімен бала өз жасын өзі “құрумен” айналысады; ол оңай әлеуметтенеді. Бұл да – оқушы дамуының бір көрсеткіші. Сондықтан бұл тәжірибенің де пайдалы жағы бар. Алайда, мұнда білім мазмұнына, оны оқытуға жеткілікті көңіл бөлінбейтіндіктен оқушылардың білім деңгейі төмен болады.

Бұл мектептердің алды 70-жылдарда, арты 80-жылдарда дүниеге келіп, содан бері эксперименттік деңгейден аса алмай, бір-бірін сынаумен айналысып, басы бірікпей келеді.

Әрқайсысының күшті жағы да, әлсіз жағы да бар. Күшті жағы – өз алдына қойған мақсат шеңберіндегі міндеттерді ойдағыдай шеше алуы; әлсіздігі – мақсатының сыңаржақтығы: шынында да “дағдының иесі”, “оқу әрекетінің субъектісі”, “өз көзқарасының авторы”, ”әлеуметтік тұлға” – осының бәрі бір оқушының бойында қалыптасып тәрбиеленуі тиіс қабілеттер мен қасиеттер ғой.

Осыларды және бұлардың бастауыш сатыдағы оқытудың түбегейлі мақсаттарымен ортақтастығын ескере келіп жаңа білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін анықтаудың негізіне біз оқушыны оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениет элементтерімен өз көзқарас тұрғысынан диалогқа түсетін ой-пікірі бар автор, айналадағы дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, өзімен т.б.) өз жасына лайық сауатты қарым-қатынас жасау біліктері бар әлеуметтік тұлға, адамзат практикасында қалыптасқан білім мен іс-әрекеттің дайын үлгілерін дәл игеріп, өмірге қайталап қолдана алатын дағдылардың иесі деп қарастырылатын дамыта оқыту идеясын алдық.

Біздің пікірімізге, бұл идея 4 түрлі логиканы біртұтас педагогикалық үрдіске синтездеп, оқушының интеллектуалдық дамуын (оқу әрекеті арқылы), іскерлігін (дағдыларды қалыптастыру арқылы), адамгершілік-этикалық (балалар бірлестігіндегі ұжымдық еңбек, қарым-қатынас) және рухани тәрбиесін (өз халқының мәдениетінің иесі, басқа мәдениеттер құндылығын түсіну) қамтамасыз етеді.

Осымен байланысты білім мазмұнын, оның құрамы мен құрылымын, оқыту әдістерін анықтауда дидактиканың дәстүрлі ұстанымдарымен (жүйелілік, көрнекілік, түсініктілік т.б.) бірге дамыта отырып оқытудың білімнің теориялық деңгейін көтеру, ойлаудың барлық түрлерін диалектикалық бірлікте дамыту, мазмұнның интегративті сипатын сақтау, оқушыны жасына лайық ұжымдық іс-әрекетке түсіру мәдениеттік сияқты іргелі ұстанымдар басшылыққа алынады.

Қысқаша осы ұстанымдарға тоқталалық. Оқу әрекетін қалыптастыру білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру, оқушы ойлауының эмпирикалық және теориялық түрлерін диалектикалық бірлікте дамыту ұстанымдарымен тығыз байланысты.

Соңғы уақытқа дейін (дәстүрлі дидактикада қазір де солай) бастауыш сыныптардағы оқыту нақтылы-сипаттау мазмұнымен ерекшеленеді деген тұжырым басшылыққа алынып келеді. Бұл  тұжырым бастауыш сынып оқушыларына ойлаудың эмпирикалық түрлері ғана тән; сондықтан олар заттардың тікелей қабылдауға болатын сыртқы қасиеттерін ғана айырып, жалпылай алады деген зерттеулерге (П.П.Блонский, Ж.Пиаже) негізделді . Осыдан бастауыш сатыдағы оқытуға теориялық мазмұн енгізілмеді. Оқыту мазмұны оқушыларға ғылыми білімге ешбір қатысы жоқ эмпирикалық, утилитарлық білім (тұрмыстық деңгейдегі ұғымдар) беруге бағдарланды.

Ал мұндай білімді меңгеру үшін теориялық ойлаудың онша қажеті жоқ екені белгілі.

70-жылдардан бастап жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді өзгертті: бұл жаста оқушыларда ойлаудың эмпирикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеует бар екені дәлелденді.

Жаңа бағдарламалар мазмұны сыныптан сыныпқа өткен сайын біртіндеп күрделенетін, әрқайсысы эмпирикалық және теориялық ұғымдар жүйесінен тұратын ірі блоктармен құрылған. Бұл оқытуды оқу тапсырмалары түрінде құруға, жалпылық қатынасты бөліп модельдеуге, ойлаудың эмпирикалық және теориялық түрлерін диалектикалық бірлікте дамытуға жол ашады; оқушы абстрактылы ойлау арқылы құбылыстар мен заттар арасындағы байланыстарды, тәуелділіктер мен заңдылықтарды өздігінен ашып, түсінуге мүмкіндік алады, оқушыда зерделеу обьектісінің мәнді белгілерін анықтау, оны талдап, дәлелдеп талқылау, айқындау т.б. біліктер қалыптасады.

Жаңа оқу бағдарламаларының маңызды бір ерекшелігі – білім мазмұнының оқушының этикалық-адамгершілік, эстетикалық, экологиялық мәдениетін қалыптастырылып тәрбиелеуге бағытталып құрылуы. Ақиқаттың әр алуан салаларынан (ғылым, мәдениет, өнер, тарих, құқық т.б.) өз халқының озық өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бөлу арқылы басқа халықтар мәдениеті элементтерінен білім мазмұнын таңдап құруға негіз етіп алынатын мәдениеттік ұстаным бастауыш саты оқушысының жеке тұлғасын рухани және эмоционалдық жағынан тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

Мазмұнның негізіне алынған дамыта отырып оқыту идеясына және оның ұстанымдарына оқушының меңгеруі тиіс, білімнің мынандай үш құрам бөлігі сәйкес келеді:

дүниенің біртұтас бейнесі туралы білім (мұнда дүниенің ғылымдағы және әртүрлі көркем-мифтік, діни, т.б. түсініктердегі бейнесі өзара бірін-бірі толықтырады);

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері