Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа
Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.
Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................
Себебі, сабақ қанша сапалы өтсе де, мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын да, бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел – оқушыны дамытуға бағыттала құрылған бастауыш мектептегі білім берудің жаңа мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі – ағартушы-ғалым А. Байтұрсынов.
А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның “Бастауыш мектеп”, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты мақалаларында ашылған.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек[9].
Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін түсіндіріп беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Оқушылардың өзіндік
жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары
бойынша оқушының оқу жұмысының
жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік
тапсырмаларды орындау
Дидактикалық
мақсатына қарай өзіндік
Оқушылардың өзіндік
жұмысының педагогикалық
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі – оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы.
Өзіндік жұмыс – шығармашылықтың жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:
Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма;
1.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.);
2.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.
Мұнда басты назар аударатын мәселе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеуге болады.
Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды.
Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да, шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптамасы
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі
Мектеппен байланысты
психология саласында орындалатын
ғылыми зерттеу жұмыстарының басым
көпшілігі психологиялық
Өкінішке орай, содан бері осы салада біраз жұмыстар жүргізілгенімен, педагогикадағы бұл сарын сол қалпында сақталып келеді. Мектеп оқушыларымен жүргізіліп келген жүздеген “жаңашыл” эксперименттердің барлығы бірдей сәтті аяқталған. Ал сәтсіз эксперименттер ше? Неге олар туралы ғылыми жұртшылық ештеңе білмейді? Эксперимент сәтсіз, нәтижесіз аяқталса, оны сол оқушылармен қайталап жүргізу деген болды ма? Сәтсіз эксперименттің салдары анықталып, соның нәтижесінде оқушыға келтірілген рухани залалдың мөлшері табылып, оны жоюға бағытталған шаралар қабылданып, қажетті әрекеттер жүргізілмесе, мұндай “тәжірибелердің” болашақта тағы да кездеспеуіне кім кепілдік береді?
Сондай жағдайда эксперименталдық материал түрінде тәжірибеге қатыстырылған балалар осындай жауапсыздықтан кейін өзін қалай сезінеді? Сол оқушылармен тек психологиялық эксперимент жүргізу ғана орын алып отырған жоқ.
Денсаулық сақтау мекемелері, қарулы күштер саласы, тіпті, әр түрлі дінді уағыздаушылар да оқушылармен тығыз байланыста болғысы келетінін жасырмайды. Неге халықтың болашақ ұрпағын осыншама рухани зақымдауға жол беріледі және кез келген тәжірибеге (қаншалықты ол құнды, маңызды болсын) оқушы өзінің еркімен қатыстырылмайды? Бұл сұраққа “Оқушыдан оның нені оқып, нені білгісі келетінін ешкім сұрамайды” деп жауап беруге болар еді.
Мысал ретінде дамыта оқыту негізінде жүргізілген психологиялық эксперимент нәтижесіне көңіл аударайық.
Психологиялық диагностиканың мақсаты:
- бірінші эксперименттік сыныпта оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескерілген жалпы оқу дағдысын, мектептегі оқуға дайындығын, оқу іс-әрекетіне бейімделу дәрежесін анықтау;
- екінші, үшінші
және төртінші сыныптарда –
оқу үрдісінің өлшемдерінің
Оқудың нәтижесін қадағалауға арналған мониторинг эксперимент жұмыстарының бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Әр оқушының оқу жетістігі, білім, білік дағдысының қажетті меңгерілу жағдайы қадағаланады, сонымен қатар оқу жүйесі оқушылардың интеллектуалдық дамуына және оқу іс-әрекетінің қалыптасуына қаншалықты ықпал ететінін анықтайды.
Оқушылардың оқу мүмкіндіктерінің мазмұнын қадағалауға төмендегілер кіреді:
- бірінші сынып оқушыларының мектептегі оқуға дайындығы;
- бірінші сынып
оқушыларының мектепке
- оқушылардың психологиялық қалыптасуының ерекшеліктері.
- оқу-дағды әрекеттерінің қалыптасу дәрежесі;
- оқушылардың даму деңгейіне педагогикалық технологиялардың әсері;
- танымдылық үрдісінің даму дәрежесі;
- оқыту процесіне
оқушылардың қанағаттану
- дидактикалық
тәсілдердің оқушылардың
Эксперимент жұмыстарының сапасын сараптау үшін осы әдістемеде қарастырылған нұсқауларды қолдану қажет.
Мониторинг 1, 2,
3 және эксперименталды сынып
Мониторинг төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді: оқушылардың қозғалысы, денсаулығы, оқушылардың психологиялық қалыптасу ерекшеліктері, оқу жетістіктерін бағалау және қадағалау, жаңа технология мен баға қойылмай оқыту бойынша мәлімет алу.
Бастауыш сынып оқушысының дамуындағы ең маңызды жетістіктер оқу іс-әрекетінің шеңберінде психологиялық біліммен қалыптасады да, келесі жас ерекшелік дамуына негіз болады.
Оқушылардың мектепке бейімделу кезіндегі қабілетсіздіктерінің көріну критерийлері:
1.Оқу дағдысының және оқу әрекет элементтерінің қалыптаспауы;
2.Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығының және мектептен тыс әрекеттердің бағыттарына қалыптаспауына қабілетсіздігі;
3.Мінез-құлқының зейінсіз, үлкендерге тәуелді, өздігінен жұмыс жасай алмау қабілетсіздігінің байқалуы;
4.Мектеп өміріне қабілетсіздігі.
Мектеп өміріне қабілетсіздігі оқуға дайындалу уақытының ұзақтығынан, мектепке үнемі кешігіп келуінен, апта және әр күннің соңына қарай баланың шаршауынан байқалады.
Балаға үлгі бойынша диаметрі 3–3,5 см шеңберді қолды бір бағытта айналдыра отырып салу. Егер бала қолының ұсақ буыны баяу дамыса, онда бала шеңбердің орнына доғал салады немесе мүлдем кіші мөлшердегі шеңбер салады немесе қолын қозғау арқылы т.б. әдістерді қолданып тапсырманы орындай алмайды. ( кесте 2.1)
Тест 2
Саусақтардың ұсақ қозғалыстарының дамуы туралы баланың суретті қалай салып немесе бояп жатқандығынан-ақ пайымдауға болады. Егер бала үнемі парақты бұрып, саусақтар мен буындардың ұсақ қозғалыстары арқылы сызықтар бағытын өзгерте алмаса, онда ол ұсақ буындардың даму деңгейі жеткіліксіз және сәйкес жаттығу қажет екендігін білдіреді. Әйтпесе жазудың графикалық дағдыларын меңгеруден айтарлықтай қалып қоюы мүмкін.(кесте 2.1 )
Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасы
Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасы баланың оқудағы жаңа әрекетіне бағытталған. Ойын әрекетіне қарағанда оқу әрекеті өзіндік бірнеше ерекшеліктерді құрайды. Ол нәтижелі, міндетті және ерікті бағытты жоспарлайды.
Балалар оқуының алғашқы жылында кездесетін оқу тапсырмаларының көп бөлігі ережелер мен үлгілерді, бір қатар шарттарды, кейбір талаптарды орындауға бағытталған. Міне, осы шеберлік оқу іс-әрекетінде жатқанмен олар әлі де толық оқу әрекеті бола алмайды, бірақ шеберліктің негізін құруға қажет.
Осыған байланысты 6-7 жасарлар жоғарыда көрсетілген шеберліктерді саналы игереді, мектеп қойып отырған талапқа және оқуды меңгерудің алғашқы сатысында осы жетістіктер маңызды рөл атқарады.
Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасын өткізу үшін төмендегі әдістемелер қолданылады (бұл диагностикалар шеберлікке бағытталған үй талаптарына сай) :
үлгіге қарап бағытталу шеберлігіне арналған “Моншақ” әдістемесі
ережеге сай әрекет жасау шеберлігіне арналған “Үйшік” әдістемесі
саналы даму деңгейіне арналған “Өрнек” әдістемесі
Д.Б.Элькониннің “Графикалық диктанты” әдістемесі
“Моншақ” әдістемесі
Тапсырмаларды тағайындау: Баланың оқу әрекетінде есту арқылы шарттарды қаншалықты дұрыс қабылдау мүмкіндіктерін табу.[10]
Тапсырманы ұйымдастыру: жіппен бейнеленген қисық сурет бөлек парақтарда орындалады.
Тапсырманы орындау үшін әр балада кем дегенде түрлі түсті алты фломастер немесе қарындаш болу керек. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: І бөлім (негізгі) – тапсырманы орындау (моншақты салу), ІІ бөлім – жұмысты тексеру қажет жағдайда қайтадан моншақ салу.
І бөлімнің нұсқауы: “Балалар, әрқайсыларының парақтарыңда жіптің суреті салынған. Осы жіп бойына 5 дөңгелек моншақ салу керек, ол моншақтардың ортасынан жіп өту керек. Барлық моншақтар түрлі түсті, ал ортаңғы моншақ көк түсті болу керек (нұсқау екі рет қайталанады). Салуды бастаңдар.”
ІІ бөлімнің нұсқауы (бұл бөлімнің тапсырмалары барлық балалар бірінші бөлімді аяқтағаннан кейін орындалады): “Балалар, мен қазір жаңағы салған моншақтардың салу тәртібін қайтадан қайталаймын, ал сендер салған суреттеріңді тексеріңдер. Барлығымыз дұрыс салыппыз ба, соны тексерейік. Қате салынған сурет болса, онда қайтадан жанына саламыз. Мұқият тыңдаңыздар.” (тест шарттарын баяу темппен, әр шартты жекелеп бөліп ерекшелейді).
Тапсырманы бағалау (мұғалім тапсырманы бағалау үшін екі берілген нұсқалардан ең жақсысын таңдап алады). (ҚОСЫМША А, КЕСТЕ 2.2)
І деңгей – тапсырма дұрыс орындалды, барлық бес шарт қарастырылған:
жіптегі моншақтың орналасуы, моншақтардың пішіні, олардың саны, әр түрлі яғни бес түсті қолдану, ортаңғы моншақтың түсінің белгіленуі.
ІІ деңгей – тапсырманы орындау кезінде 3 – 4 шарт қарастырылған.
ІV деңгей - тапсырманы орындау кезінде 1 ғана шарт қарастырылған.