Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом - Жетписбаева Асель ИЗМЕНЕН ПАРАМЕТРЫ СТРАНИЦЫ.doc

— 697.50 Кб (Скачать)

Бұл тұтастық үш түрлі ұстаным  негізінде жүзеге асырылады:

1.“Қосарлана ену заңы” (ұстанымы) – білімнің базистік салалары жалпы білім мазмұнына екі түрлі жолмен 1) жеке курс (пән) және 2) басқа пәндер мазмұнының бөлінбес бір бөлігі түрінде енгізіледі. Мысалы, ана тілі пәні әрі өз алдына жеке пән, әрі оның оқушы тілін дамыту, сөздік қорын байыту т.б. сияқты мәселелері барлық пәндерде де ұдайы қолданылып, бекіп, жетіліп отырады. Сол сияқты, математиканың өлшемдер жүйесі, заттардың кеңістіктегі салыстырмалы орны, т.б. сияқты мағлұматтары басқа пәндерде үнемі қарастырылады, т.с.с.;

2.Зерттеу объектісінің немесе әдісінің ортақтығы “Түпкі мақсат түрлі мақсат бірлігі” ұстанымында көрініс табады;

Мысалы, қазақтың киіз үйі дүниетану пәнінде халықтың көшпенді өміріне тән тұрмыс-тіршілігінің бір басты сипаты ретінде қарастырылса, бейнелеу өнерінде архитектуралық ғимарат, еңбек пәнінде – киіз үйдің ши тоқу, киіз басу, әртүрлі баулары сияқты бөліктерін дайындау біліктерін меңгертудің объектілері ретінде қарастырылады; олардың өлшемдерін, мөлшерін, пішінін белгілеуге математика қатысады. Ал оқу әрекетін қалыптастыру тәсілдері барлық пәнде жүргізіледі.

3.Бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуда тірек ету, яғни кәдімгі пәнаралық байланыс ұстанымы. Мысалы, дүниетануда жыл мезгілдері туралы алған ғылыми түсініктерді бейнелеу өнерінде “Күз бояулары”, “Жапырақ мозаикасы” т.б. сияқты тақырыптарда пайдалану, еңбек пәніндегі ауылшаруашылығы еңбегімен байланыстыру.

Білім берудің мақсатына орай, қазіргі заманғы психологияда зерттеліп анықталған бастауыш саты кезеңіндегі баланың жасымен байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып және оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, ең алдымен, мектеп ұсынатын оқу материалының базалық (инварианттық) деңгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс, бұл деңгей бастауыш сатыда қандай типті екеніне қарамастан кез келген мектептің әр оқушыға ұсынатын білім мазмұнын жан-жақты толық ашады және оқу бағдарламасы осы мазмұн негізінде құрылады.

Оқу үрдісінде, бұл мазмұнды оқушылардың меңгеруі біркелкі болмайтыны белгілі: бір оқушылар оны толық, жан-жақты меңгереді.

Бұл білім мазмұнының жоғарғы (максимум) деңгейіне сәйкес келеді, екінші біреулері оны толық меңгеруге шамасы жетпейді. Осымен байланысты білім мазмұнының ең аз (минимальды), бірақ әрбіреуі үшін меңгерілуі қажет деңгейі оқушы дайындығының ең аз міндетті деңгейіне қойылатын талаптар түрінде анықталады. Бұл екі деңгейдің арасында бірнеше деңгейлер болатыны сөзсіз.

Бірақ оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылар міндетті деңгейден төмен болмауы керек.

Базалық мазмұнның жоғарғы шегінен артық білім алуға әлеуеті жететін оқушылар үшін арнайы факультативтік курстар, т.б. жасауға болады.

Осымен байланысты оқушылар жеткен оқу нәтижесінің міндетті деңгейдегі мазмұннан төмен еместігін анықтауға арналған белгілі бір объективті өлшеулер жүйесі – білім стандарты жасалады және олардың білім, біліктерін күнделікті бақылап бағалаудың диагностикалық, тәрбиелік, дамытушылық, басқарушы қызметін қамтамасыз ететін рейтинг жүйесінің талаптары анықталады.

Білім мазмұнында оқушы дамуы мен тәрбиесінің басымдылық ретінде алынуымен байланысты оқытуды өздігінен бақылау жүргізу, тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, модельдеу, жекеліктен жалпыны шығару, жалпыны жекелікте қолдану сияқты оқушыны іскерлікке баулитын, ойына түрткі болып шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен әрекеттестік қарым-қатынасқа түсіретін, “жаңалық ашу” қызығына, іздегенінен, істегенінен “қажетті нәтижеге жету” қуанышына бөлейтін әдіс-тәсілдермен, мазмұндық ойындар, иммитациялық сабақтар, танымдық-тәрбиелік топ саяхаттар, т.б. түрінде ұйымдастырып жүргізуге ерекше мән беріледі.

Мазмұнның басымдылық мақсатын іс жүзіне асыруды          дидактикалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін әр пән бойынша жасалатын оқу әдістемелік комплекстің құрамы, құрылымы, оқыту жүйесіндегі орны, рөлі анықталып берілді.

Республикамыздағы білім саласында жүргізіліп жатқан келелі өзгерістердің бірі ретінде білім берудің іргетасы салынатын бастауыш саты үшін жасалып, Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің алқасында жалпы талқылауға ұсынылған жаңа білім мазмұны – оқу бағдарламалары жобасы дүниеге келді [8]

Бұл мазмұнның жаңалығы оны  оқыту мақсатының жаңалығымен және негізіне дамыта отырып оқыту идеясының  алынуымен түсіндіріледі.

Дегенмен, бұл идеяның  бағдармалар деңгейінде көрініс  табуы (мұның өте маңызды екені  даусыз) мен оқыту үрдісінде тікелей жүзеге асырылып, күтілетін нәтиже беруі арасында едәуір дистанция бар екенін айтуымыз керек. Оқытудың нәтижелілігі: 1) мұғалімнің бұл идеяны қаншалықты іске асыра алу шеберлігіне, 2) бағдарламалар идеясын толық, дұрыс ашып бере алатын       оқу-әдістемелік кешеннің жасалып берілуіне байланысты. Қалай болған күнде де мазмұнның негізіне алынған идея мен оның ұстанымдары туралы мол хабардар болудың артықтығы жоқ.

Бастауыш мектеп – оқушы  тұлғасы мен санасының дамуы  қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта          жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл әрине, мұғалімнен көп ізденісті талап етеді. Соңғы кездері бастауыш мектептерде дәстүрлік емес сабақ түрлері, соның ішінде кіріктірілген сабақтар ерекше орын алуда.  Бұған сондай-ақ 1997 жылы “Атамұра” баспасынан шыққан “Әліппе”,  “Ана тілі”, “Математика”, “Дүниетану”, “Ұлттық дүниетаным” сияқты оқулықтар да дәлел бола алады. Мысалы, “Ана тілі” оқулығы екі пән негізінде, яғни қазақ тілі мен ана тілінің материалдары мазмұнының негізінде құрылса, ал “Ұлттық дүниетаным” пәні ана тілі, қазақ тілі, математика, әдеп сияқты пәндердің материалдары негізінде құрылған және онда халықтық педагогикаға қарай бетбұрыс жасалған. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Себебі, жоғалтып ала жаздаған ана тіліміздің, мемлекеттік мәртебе алып, өркендеу кезеңінде жас бүлдіршіндерді халықтың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары арқылы оқытып, тәрбиелеу өте ұтымды жұмыс. Себебі, жастайыннан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз. Алайда, “Ұлттық дүниетаным” пәні оқу жүктемесінің көптігіне байланысты жеке пән ретінде оқытылмауда, тек басқа пәндер негізінде кіріктіріліп оқытылуда. Жалпы кіріктіріп оқытудың тиімділігін біз бірнеше өзіндік себептерімен түсіндіре аламыз. Біріншіден, пәндерді жеке дара бөлмей, бір пәнге жүйелесе, екіншіден, әдеп, ұлттық дүниетаным пәндерін кіріктіру арқылы, оқушыларға этика, эстетикалық бағытта білім беру ісі қамтылады. Ал үшінші жағынан, мұғалімге уақытты үнемдеуге көмектессе, төртіншіден, оқушы санасында дүниені біртұтас күйінде қабылдауына мүмкіндік туғызады. Бұл әрине, оқушы ойының, санасының әлі де толық қалыптаспаған кезінде үлкен жеңілдік екені мәлім.

Алайда бұл арада ерекше көңіл бөліп, ойлануды талап ететін мәселеге – оқушылардың шығармашылық бағытта дамуына жете мән берілді.

И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің, келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ұмытпай, оқушылардың бейімдіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамытуы тиіс [4].

Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оны тек оқыту үрдісі кезінде ересектердің басшылық етуімен жүзеге асыруға болады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Енді осы бірінші сыныптан бастап балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қандай жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады деген мәселе. Бұнда, ең алдымен, оқушыға түрлі тақырыпта мазмұнды шығарма жаздырту жұмысы орын алады, ескеретін тағы бір мәселе – оқушыға алдымен шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек сызба беру. Себебі, кез келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында оқушыға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы іште, яғни сыныпта жаздырту. Үшіншіден, ерекше бір ескеретін мәселе – оқушы еңбегін бағалау. Бұнда мұғалім, ең алдымен, оқушының ізденісін, айтайын деген ойын бағалай білуі тиіс. Себебі, бұл жастағы балалар көптеген грамматикалық қателер жіберетіні белгілі. Сол себепті де уақытты үнемдей отырып, оқушылармен жеке дара жұмыс ұйымдастыру өте тиімді және бұл арада мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, тіл табысуы да ерекше рөл атқарады. Өйткені, оқушының     ар-намысына сын келтірмей, оған керісінше, кеңесші бола отырып, жіберген қателіктерін сыпайы да саналы түрде жеткізе білу кез келген мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын жұмыстардың екінші түрі – өлең құрастыру. Бұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері орын алады. Бұл орайда, оқушыларға сондай-ақ “Санамақ” өлең жолдарына сүйене отырып, оның жаңа нұқасын өз ойынан сөз ұйқастарын келтіре отырып құрастыру өте тиімді. Бұл бағытта ерекше орын алатын жұмыстардың бірі – ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен, бұл жұмыс түрі ауызша түрде өткізіледі де, кейін оқушылардың өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттықтырады. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастала отырып, оқушы қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарға дейін қамти алады. Бұнда мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыға әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беріп отыруы, оқушы қиялын дамытуға мүмкіндік жасауы. Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегіні өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп жұмыс жасай алады.

Баланың ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулитын жұмыстың тағы бір түрі – жұмбақтар, ребустар құрастыру. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты бала үшін қиындау тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да мұғалімнің үлгі, тірек сызбасы, кеңесі қажет болатыны сөзсіз. Алайда мұғалім оқушыны шығармашылық бағытта өз бетімен жұмыс істеуге тек бағыт беруші екенін естен шығармауы керек. Сол себепті де шамадан тыс қамқорлық пен көмектің пайдасы мен зияны бар екенін ұмытпауы тиіс. Аталған жұмыс түрлеріне бөлек сағат бөлінбейтіні сөзсіз. Сондықтан бұл жұмыс түрлерін күнделікті сабақ кезінде сабақ тақырыбына сәйкес немесе сергіту сәттерінде, сабақтан тыс кезде тиімді пайдаланған мұғалімге беретін нәтижесі мол.

 

 

1.3 Оқу  үрдісіндегі өзіндік жұмыстың  маңызы және оны ұйымдастыру  жолдары

 

 

Оқушылардың өзіндік  жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының  жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.

Дидактикалық мақсатына қарай өздік жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып, үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Оқушылардың өздік жұмысының педагогикалық тиімділігі – мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсаты да айқын болса, онда орындалған өздік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.

Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі – оқушыларда өздік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың өздік жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Өздік жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім оқушының іскерлігін, дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын, есепті шешу жолдарын, дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.

Шағын комплектілі мектептің негізгі белгісі – бір сынып бөлмесінде мұғалімнің басшылығымен бірнеше сыныптардың қатар оқуы. Ендеше, шағын комплектілі мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары болуы тиіс.

Қазіргі таңда шағын комплектілі мектептер үшін арнайы дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, т.б. дидактикалық материалдар жоқ. Дегенмен, қолда бар мүмкіндікті мейлінше тиімді пайдаланған дұрыс. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда математикадан қолданып жүрген төл оқулығымыз (авторы Т. Қ. Оспанов) оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың бірден-бір негізгі құралы болып табылады. Оқулықта берілген тапсырмалар, жаттығулар жүйесі  оқушының ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, білімді өзгеше қабылдау мақсатын көздейді. Ендеше, бұл оқулықты шағын комплектілі мектептер жағдайында біршама тиімді пайдалануға болады. Шағын комплектілі мектептерде оқушыларды         1-сыныптан бастап жеке жұмыс істей білуге, жаңа білімді өз бетінше игеруге, қарастырылып отырған ұғым бойынша заңдылықты,ережені, қорытындыны өзінше тұжырымдай білуге, есептерді шеше білуге, берілген есепке кері есеп құрастыра білуге, логикалық тапсырмаларды орындай білуге т.б. үйретеді. Бұл өздік жұмыстың жаңа материалды игеру түріне жатады. Мысалы, 1-сыныптың математика оқулығында (27-бет) “Қосу амалының ауыстырымдылық қасиеті” деген тақырып қарастырылады. Мұнда көрнекілік арқылы қосындылар құрастырылып, олардың компонеттерінің атауларын еске түсіріп алғаннан кейін оқушыларға қосылғыштардың орындарын ауыстырып, қосындылардың мәндерін салыстыруды ұсынамыз. Осыдан соң оқушылардың назарын қосындыларда “не өзгерді, не өзгермеді?” – деген сұрақтарға аударып, ережені оқушылардың өздері тұжырымдауына мүмкіндік береміз. Сондай-ақ, осы беттегі чемодан көтерген баланың суретіне қарап, оқушылар үлкен санға кіші санды қосу жеңіл болатынын өздері түсіне алады. Осы заңдылыққа байланысты өмірде кездесетін жағдайларға оқушылардың өздері мысалдар келтіруі өте маңызды.

Мұнда жаңа материалды өз бетінше игеру тапсырмаларына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Осыдан кейін тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды, ережені оқушының өзі табуына, байқауына, тұжырымдауына жол ашылады, тек қойылатын сұрақтар жүйесі мұқият құрылуы керек.

Оқушылардың жаңа материалды жеке игеруінде оқулықпен жұмыс істей білудің атқарар рөлі ерекше. Оқулықпен тиімді жұмыс істей білу үшін оқушының қажетті іскерлігі мен дағдысы болуы тиіс.

Шағын комплектілі мектептерде оқушыны оқулықпен жұмыс істеуге ерте бастан, яғни, бала мектепке келген күннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер мұғалім осы күннен бастап оқушының оқулықпен жұмыс істеуін дұрыс жолға қойса, онда келешекте мұғалімнің күнделікті жұмысын ұйымдастыру жеңіл болады. Оқушының оқулықпен жұмыс істеуінің белгілі іскерлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі оның оқулықпен жұмыс істей білуінің маңызын көрсетті, ол мұғалім баяндаған материалды үйге өз бетімен толықтыруға,сондай-ақ, жаңа материалды өз бетінше игеруге және өтілген материал бойынша практикалық іскерлік дағдыларын толықтыра түсуге болатынын түсінуі тиіс. Егер оқушы 1-сыныптан бастап оқулықпен жұмыс істеудің осындай қағидаларын меңгерсе, онда 2-сыныпта қарастырылатын қиын емес тақырыптарды оқушылардың өздері меңгеруіне ұсынуға болады. Мұнда мұғалім тек оқушыға таныс емес белгілер, таңбалар және сөздер туралы түсінік берсе жеткілікті. Мысалы, 1-ші және 2-шы сыныптар қатар оқитын шағын комплектілі мектептерде 2-сыныпта қарастырылатын “Амалдардың орындалу реті. Жақшалар” тақырыбын оқушылардың өз бетінше игеруіне болады.1-сынып оқушыларында өз бетінше жұмыс істеу дағдылары әлі қалыптаса қоймағандықтан, бұл сыныпта мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстар көбірек болуы тиіс. Ал, 2-сыныпта оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары біршама қалыптасып қалғандықтан мұндай тапсырмаларды көбірек ұсыну керек.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері