Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа
Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.
Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................
Тескеру (ақпаратты шығару): кез келген дәйектілікте арнайы кестеде (дыбыссыз және артық қозғалыссыз) есте сақталған таңбаларды көрсету.
Қима қағаз үлгісі:
П5НЦ2Л9ЖВ7ЧТ1КФ |
Кесте үлгісі:
Аудиалдық тәсіл
Оқушыларға 15 секунд ішінде 15 символдан тұратын тағы бір қатарды есте сақтау ұсынылады (көзді жұмып, қозғалыссыз).
Нұсқау: ақпаратты
хабарлайтын дауыс
Тексеру: есте сақталған таңбаларды кез келген дәйектілікте (көзді жұмып, қозғалыссыз) дауыстап айту қажет.
Кинестетикалық тәсіл
Оқушылардың арқасына таяқшамен (саусақпен, қарындаштың теріс жағымен және т.б.) аралығы 1 секунд болатын 15 таңбадан тұратын кезекті қатарды жазады.
Нұсқау: сыналатын адамға оңтайлы салмақ күші мен символдар өлшемін іріктеп алып, түсінудің тиімділігін арттыру үшін алдын ала ықтиярлы таңбалармен жаттыққан жөн. Есте сақтауда арқа тұсындағы сезімдерге (салмақ тереңдігі, ауданы, дәрежесі және т.б.) назар аудару маңызды. Қайта жаңғырту кезінде қарындаштың оқушының арқа тұсындағы қозғалысынан алған әсерді еске түсіру қажет.
Тексеру: параққа кез келген дәйектілікте барлық есте қалған таңбаларды жазып шығу (көзді жұмып, қозғалыссыз).
Символдық дәйектіліктерді құру кезінде З, О, Ч сияқты таңбаларды пайдалануға болмайды, өйткені олардың әріптік-сандық баламалары бар, сондай-ақ көпшілікпен қабылданған сөздерді қолданбаған жөн (ЖОО, БҰҰ).
Төменгі сыныптарда келтірілген тесттер жеке-дара жүргізіледі. Тәжірибені жүргізбес бұрын оқушыларға неғұрлым объективті нәтижелердің алынуын қамтамасыз ететін, яғни тест жадының жалпы көлеміндегі, ақыл-ойдағы, интеллектідегі және т.с.с дамуды анықтауға бағытталмай, тек ақпаратпен жұмыс жүргізудегі жеке-дара қабілеттерді зерттеуге бағытталғаны түсіндірелген нұсқау беріледі.
Әрбір қатысушыға тест жүргізу үшін қажетті құралдар: қима қағаз, парақ, қаламсап және т.б. беріледі.
( кесте 2.7; 2.12; 2.19)
Әдістеме жинақтау негізінде заттар топтарын туыстық ұғымға біріктіру білігін (талдау мен жинақтауды меңгеру, заттарды жіктей алу білігі) диагностикалау жатыр. Сонымен қатар оқушының жасалған жинақтаудың дұрыстығын логикалық негіздеу қабілеті де айқындалады. Әдістеме ақыл-ойдағы артта қалушылықты жақсы анықтайды.
Тәжірибе жеке дара жүргізіледі. Қажетті материалдар – заттар бейнеленген қима қағаздар жиынтығы: осы заттардың үшеуі әрқайсысына тән негізгі белгілері бойынша бір топқа біріктіріле алады, ал төртіншісін осы топқа кірмейтін зат есебінде алып тастау қажет. Тәжірибе үрдіснде жинақтаудың қиындығын есепке ала отырып, қима қағаздар төменде келтірілген ретпен ұсынылады:
1. Кебіс, аяқ, етік, туфли.
2. Қайшы, ұстара, қылқалам, пышақ.
3. Шатыр, фуражка, панама, қалпақ.
4. Керосин шамы, электр шамы, күн, балауыз.
5. Конверт, радио қабылдағаш, телефон, гитара.
6. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
7. Глобус, кітап, жазу үстелі, портфель.
8. Термометр, стакан, шаңғы, рюмка.
Эксперимент алдында мынадай нұсқау беріледі: «Мына қима қағазда төрт заттың суреті бейнеленген. Оларды атап шық (осылайша, оқушыны
келтірілген заттармен таныстығы тексеріледі). Осылардың үшеуі өзара ұқсас, оларға бір ғана атау беруге болады, ал төртінші зат оларға лайық келмейді. Сен лайық емес (немесе алынып тасталуы тиіс) затты атап, қалғандарын қалайша атау керектігін айтуың керек. Бұдан әрі бұл қима қағаз педагог-психологпен бірге талданады, жинақталған үш затқа атау беріледі (аяқ киім) және неліктен төртінші заттың алынып тасталғаны түсіндіріледі (аяқ). Оқушының мектептегі оқуға дайындығы оқу іс-әрекеті негіздері мен негізгі алғышарттарының қалыптасуын, қарым-қатынас жасаудың белгілі деңгейі және өзіндік бағасының дамуын да қамтиды. Оларды анықтау үшін мынадай механизмдерді сипаттауға мүмкіндік беретін әдістемелер кешені ұсынылады:
1.оқу іс-әрекеті алғышарттарының даму деңгейі: ересектің дәйекті нұсқауларын мұқият және дәл орындау білігі; оның тапсырмасы бойынша өз бетімен іс-әрекет ету, әдістеменің қосалқы факторларының көңіл бөлуші әсерін жеңе отырып, мәселе шарттарының жүйесіне бағдарлану білігі.
(кесте 2.8)
Жадында (есте) сақтау қабілетін зерттеу әдістемесі
Кіші жастағы мектеп оқушыларының есте сақтау түрлерін анықтау үшін қарапайым әдістеме ұсынылады.
Зерттеуді жүргізу үшін 4 баған етіп жазылған жеке карточка дайындалады. Мұғалім бірінші бағандағы сөздерді 4-5 секунд кідіріспен оқып шығады (есту арқылы сақтау).
Оқып болған соң 10 секундтан кейін оқушылар есте сақтаған сөздерін жазады, жазып болған соң 10 минут демалады. Екінші бағанды оқушы өзііштей оқып шығады да, бағанды жауып қойып, есте сақтаған сөздерін жазады (көру арқылы есте сақтау). 10 минуттық үзілістен кейін мұғалім үшінші бағандағы сөздерді оқиды, оқушы мұғалімнің соңынан сөздерді сыбырлап қайталап, саусақтарымен ауада жазады (моторлық есте сақтау). Содан кейін есінде сақтаған сөздерді парақтарына жазады. 10 минуттық үзілістен кейін мұғалім төртінші бағандағы сөздерді оқиды, оқушылар карточкадағы сөздерді көзбен бақылай отырып, әр сөзді сыбырлай қайталайды. Әрі қарай есте сақтаған сөздерін жазады (көру – есту – моторлық есте сақтау) .
Тәжірибеге арналған сөздер тізімі
Есту арқылы жадында тұту |
Көру арқылы жадында тұту |
Моторлық есте сақтау |
Көру – есту - моторлық есте сақтау |
дирижабль жарық алма қарындаш найзағай үйрек білезік диірмен тотықұс парақ |
ұшақ шәугім көбелек аяқтар бөрене шырақ қол арба журнал таңқурай баған |
кеме ит парта етік таба қалаш шағын орман саңырауқұлақ қалжың шөп |
қасқыр бөшке коньки самауыр ара ескек жұмбақ серуен кітап трактор |
(2-сынып бойынша нәтижелер қосымшада берілген, 9-кесте; 3-сынып бойынша 14-кесте).
Зейін бөлінісін танып білу.
Оқушыларға нұсқау беріледі: 1-ден 31-ге дейін дауыстап санайды, бірақ үш және үшпен аяқталатын барлық сандарды атамауы керек.
Бұл сандардың орнына “ шатаспаймын” деген сөзді айтып отыруы керек. Мысалы: “бір,екі, шатаспаймын, төрт, бес, шатаспаймын” және т.б.
Дұрыс санаудың
үлгісі: 1,2,-,4,5,6,7,8,9,10,11,12,-,
Қателердің саналуы: максималды – 12, минимум – 0.
Зейіннің жақсы бөлінуі: 0-ден 4 қатеге дейін.
Орташа........................
Орташадан төмен ..... 7-ден 10 қатеге дейін
Нашар........................
(Кесте 2.10, 2.15)
«Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры» әдістемесі
Нұсқау: Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1. Сенің толық аты жөнің қалай?
2. Әкең мен шешеңнің жасы нешеде?
3. Атаң мен әжеңнің аты кім?
4. Сен тұратын мемлекеттің бас қаласы қалай аталады?
5. Сен тұратын көше қалай аталады? (бұл сұрақтың жауабына тым болмағанда туысқандарының бірі тұратын бір көшенің аты аталуы керек.)
6. Сен тұратын немесе туыстарың тұратын үйдің, пәтердің нөмірлері қандай?
7. Сенің үйіңнің айналасында кездесетіруге болатын құстардың атын ата
(бұл жерде тым болған екі түрлі құстың аты аталуы керек)
8. Негізінен қай айда қар түседі және қашан ериді?
9. Қай сағаттарда сен мектепке барасың және қай сағатта қайтасың?
(дұрыс жауапқа сағатты және митутты айтқан саналады)
10.Сенің үйіңде тұрмыста қолданатын қандай құралдар бар?
(дұрыс жауапқа кем дегенде үш әр түрлі құрал айтқан жатады)
(кесте 2.11)
Зейін деңгейін зерттеу
Мәтін: “Қарт ақулар олардың алдында бастарын иді. Қыста бақта алма ағаштары гүлдеді. Ересектер мен баллар су жағасында жүр. Олардың аяқтарының астында мұзды шөл созылып жатты. Ал оған жауаб ретінде мен қолымды изеймін.
Күн ағаштың басына шықты да, басырынып қалды. Арамшөп тікенекті және жемісті. Үстелдіңүстінде біздің қаланың картасы жатты. Адамдарға көмектесу үшін, ұшақ мұнда. Соңыра маған машинаға міну.” (мәтіндегі 10 қатені табу)
Қорытындыны өңдеу кезінде жіберілген қателер санына оқушылардың зейінін аударуы ескеріледі.
Зейіннің жоғары деңгейі – 0-ден 2-ге дейін қате.
Зейіннің орташа деңгейі - 3-4 қате
Зейіннің төменгі деңгейі – 5-тен жоғары қате.
( кесте 2.16)
«Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры» әдістемесі
1.Сенің ата-анаңның толық аты жөні қалай?
2.Әпкеңнің немесе ағаңның жасы нешеде?
3.Жақын туған-туыстарыңның аты-жөні қалай?
4.Сен тұратын облыстың бас қаласы қалай аталады?
5.Сенің туыстарың немесе жақындарың тұратын қала мен көше қалай аталады?
6.Сен тұратын немесе туыстарың тұратын үйдің, пәтердің нөмірлері қандай?
7.Орманда мекендейтін аңдарды қалай атайды?
8.Қай айда ағаштар бүршік жарады және сендер тұратын жерде қай айда
жапырақтар сарғая бастайды?
9.Сенің ата-анаң күнделікті жұмыстан қай уақытта келеді?
10.Сенің үйіңде тұрмыста қолданатын қандай құралдар бар?
( кесте 2.18)
Логикалық ойлау элементтері дамуының диагностикасы («Еркін жіктеу» әдістемесі)
Балаға адамдар, киімдер, жануарлар мен өсімдіктер (жеміс-жидектер), ыдыс-аяқ, жиһаздар, көлік түрлері салынған 16 карточка таратылып беріледі де, соларды топқа жіктеу ұсынылады. Қандай белгілеріне қарай жіктеу керектігі айтылмайды, бала оны өзі ойлап табуы керек. Карточканы дайындау барысында мұғалім балаларға берілген суреттерді басқаша топтауға болмайтынын ескереді.
Нұсқау: “Мына берілген карточкаларды 4 топқа жікте. Әр топты бір сөзбен ата”.
Егер тапсырманы орындау барысында бала қиналса, орындай алмаса, топтауға негіздемені атап, берілген топтар бойынша карточкаларды бөліп қою жүктеледі.
Орындалған жұмыстың бағалануы: барлық көмекті көрсеткеннен кейінде тапсырманы орындай алмауы – 0 ұпай, тапсырманы ауызша нұсқау берген соң орындауы – 1 ұпай, тапсырманы 4 каоточканы жайып көрсеткеннен кейін орындаса – 2 ұпай, негізгі нұсқау бойынша орындауы – 3 ұпай.( кесте 2.20)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің диагностикасы
Бастауыш сынып
оқушысының танымдық диагостикасының
мазмұны төмендегі негізгі
зейін – оның анық көрінісі, нақты объектіге санасын шоғырландыруы (тоқтату).
жады, есте сақтау – оқушының өз тәжірибесін қайта жаңғыртуы және есте сақтауы.
ойлау – адам ойының нақты көрінісі, оның қатынасы мен байланысы.
Оқушылар зейінін зерттеу әдістемесі
Оқу үрдісінде зейінді басқара білу тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптың оқушыларымен жұмыс істеуде зейіннің бөлінушілігі, тұрақтылығы үлкен маңызды орын алады.