Саяси партиялар жөне партиялық жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:37, реферат

Описание работы

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

Работа содержит 1 файл

61__.-__.doc

— 839.50 Кб (Скачать)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САЯСАТТАНУ

 

 

Оқу-әдістемелік кешен

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе – 2008

 

 

 

«Саясаттану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен.

 

 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды. №2 хаттама, 13 қараша 2008 ж.

 

 

Құрастырған:      А.С.Жалмағанбетова – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының

                             «Әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Саясаттану. Оқу-әдістемелік кешен.  Ақтөбе: Ақтебе мемлекеттік педагогикалық институты, 2008. - 68 бет.

 

«Саясаттану» пәні бойынша  барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен студенттердің ғылым жөнінде негізгі білімдері мен интелектуалды көзқарастарын қалыптастыруда қажетті оқу-әдістемелік құжаттардан тұрады. Саяси білімнің негізгі мақсаты студенттерді қоғамдағы күрделі саяси ортада дұрыс саяси бағдар алуға,  өз мүдделерін дұрыс түсінуге, қорғай білуге, бостандықтары мен құқықтарын сақтай білуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының алдында тұрған тапсырмалады шешудегі белсендікіктерін арттыру. Жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын қазақ бөлімінің студенттеріне қазіргі саяси ғылым мен ой-сананың, мәдениеттердің негіздерімен танысуға көмек көрсету деп есептейміз. Курс ғылымның қалыптасу мәселелерінің қандай болатындығы, саясаттану туралы, оның мазмұны, саяси идеялар мен ілімнің дамуы, билік феномені; қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, оларға тән қасиеттер мен ерекшеліетері, саяси режимдер, олардың типтері, демократиялық жүйеге көшу,логикасы, мемлекеттің орны мен ролі, қозғалыстар мен партиялар, қоғамның саяси мәдениеті, саяси элита мен жетекшілік сияқты курстың аса маңызды тақырыптарын қамтиды. 

 

 

 

 

Пікір жазғандар:

 

А.Т.Тайжанов – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі.

А.Ж.Мұханбетжан – философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры. 

Алғы сөз

 

 

Пән бойынша жасалған оқу-әдістемелік кешен «4» сәуір 2007 ж. № 074 А бұйрықты орындау негізінде дайындалған. Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен оқу процесіне жағдай тудыратын барлық оқу-әдістемелік материалдармен толтырылған. Алайда біз силлабусты әдейі оқу-әдістемелік кешенге қоспай отырмыз. Себебі, силлабус бұл – оқу-әдістемелік кешеннің анағұрлым динамикалық, әрдайым өзгеріп тұратын, үнемі қозғалмалы бөлімі.

Адамзат дүниесі өз дамуының әрбір кезеңінде бүкіл ынта-жігері бағытталуға тиісті кезектегі басты мәселені анықтап отыратындығы белгілі.

              Бүгінгі біз өмір сүріп отырған ағым – ХХІ ғасырда қоғамдық-саяси өмірдің өзгеріп, қоғамдағы пәрменді жаңғырулар мен әлеуметтік дүниеде күрделі ауысулар болып, жаңарып, соны бір бастау алып келе жатқан кезең. Қазіргі адамзат әлемі өзінің сапалы жаңа кезеңге ауысу үстінде десек болады. Ең алдымен қазіргі кезең постиндустриялық қоғамнан информациялық қоғамға өту тенденциясымен айқындалмақ. Екіншіден, дербес Қазақстан Республикасының аясында қалыптасып келе жатқан этносаяси ойлар жүйесіндегі демократиялық процестердің өзі халықтың алдында ұлттық сананы, танымның, ақыл-парасаттың өрісін өрге сүйреп, әлемдік өркениет деңгейіне көтеру мақсатын қойса, үшіншіден, қазіргі саяси-әлеуметтік мәдениеттің негіздерімен қарулануды талап етеді. Төртіншіден, тұтас мемлекет деңгейінде және халықаралық қатынас саласында азаматтар арасындағы өзара ықпал жүйесінің өркениеттік  нормаларын танып-білуді керек етеді. Бесіншіден, қазақ халық болып қалыптасу дәуірінде араб, парсы, түркі мәдениеттерінің ықпалын сезініп отырса, ұлттық жүйеге айналу дәуірінде орыс мәдениетінің ықпалы зор болды. Міне, осының әсерінен мәдениетте ассимиляциялық құбылыстардың толқыны байқалып отырады. Осыдан этно-лингвистикалық нигилизмнің қалыптасқаны белгілі. Алтыншыдан, кешегі Кеңестік дәуір кеңістігіндегі халықтар сияқты, қазақ елінің жарты ғасырдан астам уақыт бойы дүниежүзілік саяси ғылыми мәдениеттің жетістіктерімен кең түрде танысуына мүмкіндіктері шектеулі болды.

              Ұсынылып отырған тақырыптар қоғамдық пәндер бойынша мемлекеттік стандарт негізінде  тізіліп жасалынған. Бағдарламада саясаттанудың классикалық негіздеріне және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси болмысына, дүниежүзілік шындыққа кешенді түрдегі танымдарға қадамдар жасалынады.

 

 

 

 

 

 

Пәннің тақырыптық жоспары

 

Тақырыптың атауы

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

Тақырып 1: Саясаттану ғылым ретінде.

1

1

-

2

Тақырып 2: Салыстырмалы саясаттану.

-

-

 

2

Тақырып 3: Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері                      

2

2

-

2

Тақырып 4: Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы

1

-

-

2

Тақырып 5: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

1

-

1

2

Тақырып 6: Билік саяси феномен ретінде                                                  

1

1

-

2

Тақырып 7: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлттық саясат

1

-

2

2

Тақырып 8: Қоғамдағы саяси бәсекелестік пен оппозиция.

-

-

2

2

Тақырып 9: Қоғамның саяси жүйесі                                             

1

1

2

2

Тақырып 10: Мемлекет және азаматтық қоғам

1

1

-

2

Тақырып 11: Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар

1

1

-

2

Тақырып 12: Саяси тәртіп

1

-

-

2

Тақырып 13: Қоғамды демократияландыру және саяси модернизация  

1

1

1

2

Тақырып 14: Қазіргі сайлау жүйесі.

-

-

1

2

Тақырып 15: Саяси процесс және саяси қызмет

1

-

2

2

Тақырып 16: Саяси сана мен саяси мәдениет

1

-

-

2

Тақырып 17: Саяси болжамдау.

 

-

 

2

Тақырып 18: Саяси элита және саяси басшылық

1

-

-

2

Тақырып 19: Саяси технологиялар

-

-

1

2

Тақырып 20: Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

1

1

-

2

Тақырып 21: Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері

2

-

2

2

Тақырып 22: Егемен Қазақстанның саяси мәселелері

2

1

2

2

Барлығы:

20

10

16

44


 

Дәріс сабағының мазмұны

 

Тақырып №1: Саясаттану ғылым ретінде

1.       Саясаттану ғылым және пән ретінде

2.       Саясаттану ғылымының объектісі және пәні

3.       Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдері

4.       Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Дәріс тезисі:

1. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады.Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретіндегі зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері әлеуметтанудың саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өз зерттейтінмәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Шамамен алғанда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады. 1857 жылы АҚШ-тағы  Колумбия колледжінде Фрэнсис либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы  колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылады.саясаттану ұғымы гректің “Politik” және  “Logos” – деген сөздерінен шыққан. Біріншісі – мемлекеттік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі –ілім, ғылым денген мағынаны білдіреді. Жалпы саясаттану дегеніміз қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы  мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, оны ұйымдастыру жолдары, тәсілдері, принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда саясаттану – саясат  пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.

  2. Саясаттануды өз алдына алдына дербес ғылым дейтін болсақ, оны зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен,  оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық-саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі  және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар, және ұлыстар, әлеуметтік топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасындағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясаттанудың объектісі –саясат. 

Сонымен, саясаттану ең алдымен саясаттың қоғамдық құбылыс екенін дәлелдеп, оның мәні мен мазмұнын, мақсатын, міндетін, қоғамдағы орны мен рөлін, әлеуметтік негіздерін, саясаттың объектісі мен субъектісін зерттейді.

Қорыта келгенде саясаттанудың зерттеу пәні ретінде төмендегі мәселелерді айтуға болады:

-қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен қызметі;

-мемлекеттік саясатты жасау тәсілдері мен оны іске асыру;

-қоғамдық-саяси қатынастарды реттеу мәселелері;

-демократия мәселесінің бүкіл кешені;

-саяси билік мәселелері,

-адамды саяси ортаға бейімдеу;

-саяси ойлар тарихы және оның негізгі ағымдары;

3.       Саясаттанудың  заңдарын үш топқа бөлуге болады.

1.Саяси-экономикалық заңдар

2. Әлеуметтік заңдар

3. Саяси психологиялық заңдар 

Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:

1.       Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.

2.       Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.

3.       Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.

Саясаттанудың ғылым ретінде өзіндік категориялары бар. Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси субъект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси құқық, мемлекет, саяси конфликт, саяси дағдарыс, саяси элита, және т.б.

Барлық ғылымдардағыда сияқты саясаттануға да төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән: жүйелік тәсіл, бихевиористік тәсіл, сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі,салыстырмалы тәсіл.

4. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ –қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды пайдаланады.

Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.

Саясаттануды оқып-үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде,  демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қөорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі   әлеуметтік – саяси  жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мұддесін қорғой білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды.        

Информация о работе Саяси партиялар жөне партиялық жүйе