Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:37, реферат
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
«Саяси практиканың процесс ретіндегі» ұғымы кең мағынада, тұтастай алғанда қоғамдық организмнің шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси қатынастардың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің сипаты мен ерекшеліктерін қамтиды. Тар мағынасында, жекелеген әлеуметтік жағдайларда, акцияларда саяси қатынастар субъектілерінің мүделерінің жүзеге асуын көрсетеді.
Саяси практиканың ерекшелігінің өзі сонда, ол субъектілердің әрекетінің негізінде өтеді, өйткені олардың мүдделері саясат сферасында айтарлықтай айқын белгіленген. Осы мүдделерді саяси түсінуде, оларды саяси шынайылық сферасына ауыстыруда саяси мәдениет шешуші рөлге ие болады. Саяси мәдениеттің барлық құрылымдық элементтері, яғни идеялар, принциптер, теориялық концепциялар, саяси қызметтің ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары өздерінің шынайы мәні мен көрінісін саяси практикада табады.
Сайланбалы өкілдік шешуші мәнге ие болатын демократиялық қоғамда бұқара өзінің саяси процестерге қатысуы негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы – саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі – саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет.
Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.
Тақырып №14: Саяси элита және саяси басшылық
1. Саяси басшылық: табиғаты, қызметтері, типтері және стилі.
2. Саяси элита. Элитаның қазіргі теориялары.
3. Басқарушы элита және оның саясаттағы ролі.
Дәріс тезисі:
Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталардың қызметтері: стратегиялық, ұйымдастырушылық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.
Элита және топбасшылар саясат субъектілері ретінде.
Саяси басшылықтың типологиясы. Саяси топбасшылықтың түрлері.
Қазіргі Қазақстандағы саяси топбасшылық институты және саяси элита. Қазақстан республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде. Қазіргі Қазақстанның саяси топбасшылары.
Саяси кызметтің нәтижесінде саяси шешімдер қабылданады. Саяси шешімге келу деп саяси билік үшін күреске немесе оны іске асыруға байланысты мақсат пен оған жету жолдарын тандап, белгілі бір тоқтамға келуді айтады. Болашақтағы мақсатты таңдағанда оған қатысушы, әдетте, біріншіден, қай тап немесе әлеуметтік топтың атынан әрекет жасап отырса, солардың, түпкілікті мүддесіне сай келуін ойластырады. Екіншіден, бұл күрескс к,атысушы күштердің арасалмағын, қалай орналасқанын ескереді. Саяси шешім, әдетте, ресми нұсқау, бағдарлама, мәлімдемелср, т.б. арқылы жарияланады. Ал саяси шешімдердің орынды, орынсыздығы жөнінде тез арада қорытынды шығару қиын. Себебі, оның дұрыс, бұрыстығы ондаған, кейде жүздеген жылдардан кейін ғана байқалады.
Шешім қабылдағаннан кейін оны жүзеге асыру мәселесі туады. Оны дұрыстап орындап шығу үшін: а) шешім қабылдаған соң алға қойған мақсат орындалғанша ол жолдан таймаған жөн; б) оны жүзеге асыратын тиімді амал, әдістерді тауып, халықты жұмылдыра білу; в) қойған мақсатқа қарсы бағьпталған әрекеттерге тиянақты тойтарыс бере алу; г) қабылданған шешімді жүзеге асыра алатын қоғамның үлкен топтарынан қолдау таба білу. Шешім қабылдағанда, әлбетте, жағдаймен санасуға да тура келеді (мысалы, балама шешімдердін қандай сипатта болуы, шешім қандай ұйымдастырылу жағдайында қабылданып отыр, т. т.) Оған қайраткердің, өзіне тән ерекшеліктері де әсерін тигізеді.
Саяси қызметте күрделі мәселелерді шешудін, колайлы әдісі — бұл іске мүдделі жақтардың қатысуымен немесе оларсыз кеңейтілген құрамда пікір алысу. Қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша пікір алысу, жан-жақты талқылау, мәдениетті айтысу өркениеттілікті білдіреді.
"Элита" деген сөз француз тілінде тандаулы, іріктелген, сұрыпталған деген мағынаны білдіреді. Адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы ертеден келеді. Ол туралы кезінде қытайдың фәлсафашысы Конфуций (б. з. б. 551—479), Платондар айтқан. Бірақ бұл теорияның тұжырымдамасын ита-лиялык саясатшылар Г.Моска, В.Паретто, немістің әлеуметтанушысы Р.Михельс жасаған. Қазіргі өндірістік дамыған елдерде элитаның құрамы әр түрлі келеді. Оған саяси серкелер, шенеуніктер, зиялылар, бизнесмендер кіреді. Олар жоғарғы (шешімдер кабылдауға тікелей катыса-тын), әкімшілік (министрлік, департаменттер және т. б. басқарушы кызметкерлер) және орта элита болып бөлінеді.
Элита қоғамның басқа бөлігіне билігін тікелей емес, бюрократия немесе өздерінің жақтастары арқылы жүргізеді. Олар қоғамдық пікір қалыптастырып, жұртшылыққа үстемдік етіп отырған саяси тәртіп барлык халықтың қамын жеп, калауынан шығуда деген идеологияны саналарына сіңіруге тырысады.
Сонымен қатар басқарушы элитаға кірмей қалған топ оған кіруге немесе жаңа элитаны құруға күреседі.
Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халыктың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға койған мақсатка жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бүл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқару-шы қызметгі ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастаушылықтың (лидерліктін) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардын. ішінде ерекше көзге түсетін
Н. Макиавеллидін. "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағы-нушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауы-на сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлык қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналык пен әділетгіліктіц үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықгың табиғаты әр түрлі түсіндірілді.
Тақырып №15: Әлемдік саясат және халықаралық қатынас
1. Әлемдік саясат ұғымы.
2. Халықаралық саясат субъектілері.
3. Халықаралық қатынастар типтері мен түрлері.
Дәріс тезисі:
Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде.Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар) Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар мен құндылықтар. Геосаясат.
Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлерісалдары, алдын алу және шешу тәсілдері.
ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.
Бұл тақырьпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халақаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі ,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.
Тақырып №16: Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері
1. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері
2. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық
Дәріс тезисі:
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы. Жаһандық проблемалар типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалу мәселелері.
Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау.
Қазіргі заманның жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар. Екінші дүнисж үзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқгалып өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суи бастайды. Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді.