Саяси партиялар жөне партиялық жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:37, реферат

Описание работы

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

Работа содержит 1 файл

61__.-__.doc

— 839.50 Кб (Скачать)

Алайда құрылымданған сословиелерге, таптарға, әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа да топтарға бөлінген қоғамда жүзеге асатын демократиялық басқару, тиісті түрде модификацияланбауы мүмкін емес.

Сондықтан біз демократияны қоғамның саяси құрылымы ретінде, саяси режим ретінде қарастырамыз.

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы  мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түрінде қызмет етіп, дамиды.

Демократиялық қоғам – ашық қоғам. Ол басқа қоғамдармен, мемлекеттермен жан-жақты байланыстарды жүзеге асырады. Бұл байланыстар экономикалық пайда, рухани баю, теңқұқықты айырбастар жасау мен ынтымақтастық өмір сүру тәрізді бірнеше мақсатты көздейді. Ашық қоғамда мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлі құқықтық нормалармен қатаң анықталған төменгі деңгейге дейін шектелінген.

Жоғарыда қарастырылған саяси режимдердің авторитаризм, тоталитаризм, демократия тәрізді ұғымдары – белгілі бір дәрежеде шынайылықтан тыс жатқан идеалды конструкция. Шынайы саяси өмір қай режимнің болмасын маңызды белгілері сақталатын өтпелі кезеңдерге толы.

 

 

Тақырып №11: Қоғамды демократияландыру және саяси модернизация

1.       Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен тәртіп ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.

2.       Демократияның жалпы принциптері мен институттары

3.       Саяси бейімделу ұғымы

Дәріс тезисі:

Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен тәртіп ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.

Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпы принциптері мен институттары. Тура және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылықтары. Демократия сабақтары. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.

Саяси жүйені бейімдеу мәселелері. Саяси бейімделу ұғымы. Саяси бейімделу және тоталитаризмнен демократияға өту. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары.

Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кра-тос"— билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің гұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің тендігі, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес кәзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтьң заң жүзінде мемлекетгік биліктің бірден-бің баапауы саналуы. Ол мемлекетге ұйымдастырушы, конституциялық биліктін, халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға ез өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен| жөне референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкол демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін жатқызды.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық

принципке жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ен, алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-езі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке багынуы жататын., Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы,, онымен санасу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердін, болуы, тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі.

 

 

Тақырып №12: Саяси процесс және саяси қызмет

1.       Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.

2.       Саяси процесс типтері мен сатылары.

3.       Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде.

Дәріс тезисі:

Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. Саяси процестің құрылымы. Саяси процестің өмір сүруінің режимі. Саяси процесс сатылары. Саяси процесс типологиясы.  Сыртқы және ішкі саяси процестер.   Ашық және жасырын саяси процестер. Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси қызмет сипаттамасы. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси жүріс-тұрысжәне формалары. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.

Қоғамдық, өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген езгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жагдайдан екінші жагдайга келіп, ауысуын, өзгеруін, қозгалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты ролді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді кабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.б. да солардың іс-қимылдарымен айқындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртгы қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция кабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процссс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады.

Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.б.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат тандалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т.б. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс — күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамныц саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

 

 

 

 

 

 

Тақырып №13: Саяси сана мен саяси мәдениет

1.       Саяси сананың мәні мен формалары

2.       Саяси мәдениет, ұғымы, мәні мазмұны

3.       Саяси пікірталас мәдениеті

Дәріс тезисі:

Саяси мәдениет адамзаттың жалпы өркениеттік дамуының элементі болып табылады.Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Қолданбалы тұрғыда аталмыш ұғымды ашудағы бірінші тәсіл үшін саясаттанулық энциклопедиялық сөздіктегі саяси мәдениеттің анықтамасын алуға болады: «Саяси мәдениет – саясат сферасындағы әлеуметтік қауымдастықтар мен жеке адамдардың тарихи тәжірибесі, жады, олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпалын тигізетін бағдарлары, дағдылары».

Әрине беріліп отырған анықтама осынау проблемаға жақындата түсетін, бастапқы тәсіл үшін ғана құндылыққа ие. Аталмыш ұғымның тек жоғарыда аталған белгілерге ғана телу саяси мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің фундаментальды құбылысының мазмұнын толықтай бейнелеп бере алмайды. Бұл анықтамада саяси мәдениеттің тек субъектілік аспектісі, яғни, ғана,атап айтар болсақ субъектінің тәжірибесі, оның жады, бағдарлары мен дағдылары ғана бейнеленген.

Мәдениет – адамзат данышпандығының жемісі,ол – адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі,бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет – әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады,табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді.Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі.Сондықтан мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әртүрлі позициядан қарастыруға болады.

Саяси мәдениет мәдениеттің бір бөлігі ретінде биліктің қалыптасуы және қолданылуымен байланысты саяси шынайылық сферасында, субъект-субъектілік қатынастарда көрінеді. Яғни, саяси мәдениет саясат сферасындағы субъектілердің тарихи тәжірибесі мен өзара әрекеттесуінің жалпылануы мен беріліп отырылуын көрсетеді. Ол – қоғамдағы биліктік қатынастармен, яғни әлеуметтік субъектілердің мүдделерін жүзеге асыру үшін билікті қалыптастыру және пайдаланумен байланысты адамдардың ерекше рухани-саяси қызметтерінің туындысы.

Сонымен, өте тар пәндік мағынада саяси мәдениетті биліктік қатынастар мәдениеті,билік құру мәдениеті деп атауға болады.

Тұтастай алғанда, саяси мәдениеттің қызмет етуі адамдардың тіршілік әрекетінде дағды күші ретінде көрінетін инерция күші деп атауға болатын құбылысты тудырады, алайда шынайы өмірде пайда болатын проблемалар және оларды шешудің қажеттілігі әлеуметтік-саяси практиканы инерциялық жолдан, оның дағдылы, үйреншікті қағидаларынан шығарып жібереді, ал бұл шұғыл  бетбұрыстарды, түпкілікті жаңаруларды,сапалы өзгерістерді талап етеді. Саясаттың қуатты «тетігінің» қатысынсыз бұл проблемалар өздігінен шешілмейді. Қозғалыстың жаңа орбитасына өту үшін адамдардың байыпты біріккен күші, әртүрлі күштер мен құралдарды пайдалану, элитаның пассионарлық қызметі талап етіледі.

Сонымен, саяси мәдениеттің дамуындағы жаңару тенденциясы қоғамдағы қызмет атқарып отырған биліктік және саяси қызметті ұйымдастырудың, тәсілдердің, құралдардың формаларының іргесі сөгіліп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайтын, қоғам организмінде пайда болатын қайшылықтарды адамдар үшін ауыртпалықсыз және қоғам үшін тиімді шешілуіне мүмкіндік туғызбайтын жағдайларда пайда болады. Осы адамдар қауымдастығының тіршілік әрекетінде қызмет ететін саяси мәдениет жеткіліксіз, ал билік құрылымдарының қызметі – тиімсіз болады. Міне, осы тенденция бұқаралық санада өзгерістерді күту ретінде, саяси дағдарыс ретінде көрінеді.

Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу  мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.

Информация о работе Саяси партиялар жөне партиялық жүйе