Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:35, автореферат
Ірі таспалы конвейерлердің (ІТК) кернеулі-деформациялық күйін зерттеу арқылы конвейердің жүк тасымалдау кезіндегі таспасының көлденең ауытқуының себептері анықталды. Конвейердің жұмыс істеу кезіндегі істен шығу жағдайларын қарастырып, олардың арасындағы аналитикалық тәуелділіктер анықталған. Өндірістегі жұмыс істеп тұрған ірі конвейерлерге жүк тиеу кезінде пайда болатын өнбойлық және көлденең тербелістер анықталып, оларды пайдалану тиімділігін жоғарылату жолдарын көрсететін әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Тұрдалиев Әуезхан
Ірі таспалы конвейерлердің
пайдалану тиімділігін
05.05.04 – Жол, құрылыс және көтеру-тасымалдау машиналары
Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін жазылған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Диссертациялық жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде орындалған
Ғылыми кеңесшісі: техника ғылымдарының докторы
Джиенқұлов С.А.
Ресми оппонентері: техника ғылымдарының докторы Қадыров А.С.
техника ғылымдарының докторы Қайнарбеков А.
техника ғылымдарының докторы Қайым Т.Т.
Жетекші ұйым: М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Диссертация 2008 жылдың «_26___»
желтоқсанында сағат «__14-00__
Диссертациямен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кітапханасында (050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22) танысуға болады.
Автореферат 2008 жылдың «_26___» қарашасында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Б.Сазамбаева
КІРІСПЕ
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Ірі таспалы конвейерлердің (ІТК) кернеулі-деформациялық күйін зерттеу арқылы конвейердің жүк тасымалдау кезіндегі таспасының көлденең ауытқуының себептері анықталды. Конвейердің жұмыс істеу кезіндегі істен шығу жағдайларын қарастырып, олардың арасындағы аналитикалық тәуелділіктер анықталған. Өндірістегі жұмыс істеп тұрған ірі конвейерлерге жүк тиеу кезінде пайда болатын өнбойлық және көлденең тербелістер анықталып, оларды пайдалану тиімділігін жоғарылату жолдарын көрсететін әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қабылданған және күшіне енген «Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж. Индустралды-инновациялық даму стратегиясына» байланысты өндірістік салалардың дамуы, өндірілген өнімдердің бәсекелегіш қабылеттілігін арттыру, қолданыстағы мәшиналар мен жабдықтардың тиімділігін жоғарлату туралы күрделі мәселелерді іске асыру қарастырылған. Соған орай, арнайы көліктік техниканың механикалық жүйелері сапасы мен сенімділігіне түрлі тұрақсыз факторлар жоба жасау және пайдаланушылық кезеңдеріндегі ықпалын бағалауға арналған әдістердің әзірленуі маңызды және талап етілетін техникалық проблемасы болып табылады.
Өндірістің барлық салаларында жоғарыда көрсетілген мәселелердің шешілуін терең ғылыми зерттеу және техникада түбегейлі өзгерістермен атқарылатын жұмыстардың технологиясы негізінде жүзеге асырылатын болады. Көрсетілген мәселелердің шешілуі жүктерді тасмалдаудағы еңбек өнімділігін екі есеге өсіруді, атқарылатын жұмыстардың өзіндік құнын 30% дейін төмендетілуін қамтамасыз ететін икемді технологиялық желілерді автоматтандыру, сондай-ақ, механикаландыру үшін өндірісті конвейерлермен жабдықтау болып табылады.
Жоғары түрпілі ірі кесекті қатты тау жыныстарынан тұратын жүктерді тиеп, тасымалдау кезінде жұмыс органдарының қосымша жүктемелердің әсерінен жиі істен шығып қалатынын тәжірибенің өзі көрсетіп жүр. Осыған орай, осы кемшіліктерді жою және техниканы одан әрі жақсарту талаптарының бірі конвейерлердің параметрлерін дұрыс таңдап алу және түсетін күштерін дәл есептеу болып саналады. Сондықтан зерттеушілер алдына келесі талаптар қойылады:
- конвейер жүктелген кезде
таспадағы жүктердің
- осы құбылыстардың конвейердің
жұмыс қабілеттілігіне
- пайдалану тұрғысынан
қарастырғанда сенімділік
Соған байланысты, таспалы
конвейердің параметрлерін
Жұмыстың нысаны: Ірі таспалы конвейерлер, жұмыс органдарында пайда болатын динамикалық процесстер, олардың конвейер элементтеріне және механикалық жүйенің техникалық күйіне әсері.
Жұмыстың идеясы: Ірі таспалы конвейерлердің пайдалану сенімділігі мен жұмыс істеу қабілетін жоғарылату.
Жұмыс мақсаты: Ірі таспалы конвейерлерді пайдалануды тиімділігін жоғарылату және олардың кернеулі-деформациялық күйін есептеудің теориялық негізін жасаудың әдістемелік кешенін құру.
Қойылған мақсатқа байланысты төмендегідей зерттеу міндеттері алға қойылған:
- ірі таспалы конвейерлерді зерттеу және пайдалану шарттарын талдау;
- ірі таспалы конвейерлердің негізгі парамтерлерін бағалау және олардың элементтеріне әсер ететін жүктемелерді дәйектеу;
- ірі таспалы конвейерлердегі таспаның кернеулі-деформациялық күйін кешу салдарынан оның көлденең ауытқуын анықтау;
- ірі таспалы конвейерлердің айнымалы қозғалысындағы таспаның өнбойлық және көлденең тербелістерінің математикалық модельдерін жасау;
- ірі таспалы конвейерлердің механикалық жүйесінің техникалық күйін зерттеу;
- ірі таспалы конвейерлердегі таспаның көлденең ауытқуын анықтау бойынша сынақтық зерттеулер жүргізу;
- ірі таспалы конвейерлердің жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау;
- ірі таспалы конвейерлерді қолдануда пайдалану тиімділігін анықтау және олардың кернеулі-деформациялық күйін анықтаудың теориялық негіздерінің әдістемелік жиынтығын жасау.
Зерттеу әдістері: математикалық статистика мен ықтималдық теориясы, математикалық және физикалық модельдеу, пластиналар мен қабықшалар теориясы, серпімділік теориясы, зертханалық және өнеркәсіптік машиналар үшін жоспарлау теориясын пайдалану арқылы сынақтық зерттеулер жүргізулерден тұратын зерттеудің кешендік әдісі негізінде жүргізіліді.
Жұмыс нәтижелерінің жаңалығы:
- жүк тасымалдағандағы жүктемеге байланысты жүк тасымалдайтын таспаның көлденең ауытқуының аналитикалық тәуелділігі табылды;
- ірі таспалы конвейердің тұрақты және айнымалы қозғалғандағы таспасының кернеулі-деформациялық жағдайының және өнбойлық-көлденең тербелістерінің математикалық модельдері жасалды;
- ірі таспалы конвейердің кернеулі-деформациялық жағдайын есептеудің теориялық негізінің жаңа әдістемелік кешен жасалды;
- үйме жүктерді конвейерге тиеу кезінде соққыдан пайда болатын таспа бойымен тарайтын толқындар бірінші рет зерттеліп, олардың жүктемелердің қалыптасуына әсері анықталды;
- өнбойлық және көлденең толқындардың әсерлерінен пайда болатын күштердің әсерімен таспаның көлденең бағытта ауытқуы анықталды;
- ірі таспалы конвейердің механикалық жүйесінің техникалық күйін анықтап, пайдалану тиімділігін жоғарылату жолдарының әдістемелік ұсыныстары берілді.
- жүкті тиеу кезіндегі жүктеменің ірі конвейер таспасының кернеулі-деформациялық күйіне байланысты көлденең ауытқуын анықтайтын аналитикалық тәуелділіктер алынған;
- ірі таспалы конвейер элементтерінің қызмет ету мерзімін есептеуде ескеру үшін өнбойлық-көлденең тербелгендегі жүк және таспаның өзара әсерлесу заңдылықтары анықталған;
- жүктелген ірі конвейер таспасының айнымалы қозғалысы кезінде элементтерінде пайда болатын кернеулі-деформациялық күйінің математикалық модельдері жасалынып, солардың негізінде ол күйді тудыратын әсер-күштердің құрамы анықталды;
- ірі таспалы конвейердің механикалық жүйесінің техникалық күйін анықтайтын әдістемелік ұсыныстар жасалды;
- алынған теориялық негіздерді пайдалану нәтижесінде ірі таспалы конвейерлердің жұмыс істеу қабілеттін жоғарылату үшін олардың кернеулі-деформациялық күйін анықтайтын әдістемелік кешен жасалды;
- өндірістік факторлардың әсерін анықтай отырып оларды дер кезінде жою арқылы ірі таспалы конвейерлердің функционалдық жүйелерінің сенімділігі мен пайдалану тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Ғылыми қағидалардың,
тұжырымдар мен ұсыныстардың негізделінгендігі
мен сенімділігі эксперименттер
Жұмыстың теориялық маңызы. Таспалы конвейерлерді пайдалану сенімділігін есептеу теориясының қазіргі күйін және тау-кен, кен-байыту өндірістері мен құрылыс индустриясындағы ірі таспалы конвейерлерді пайдалану тәжірибесін талдау негізінде ірі таспалы конвейерлердің құрылымдық параметрлері мен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін негізгі факторлар (температуралық, күштік, үйкелістік, деформациялық құрамдар) анықталған;
Ірі таспалы конвейерлердің
механикалық жүйелеріндегі
Пайдаланудағы жұмыс істеу
қабілеттілігін жоғарылату бойынша
ұсыныстар жасауға мүмкіндік
беретін ірі конвейерлік
Конвейер таспасының өнбойлық
және көлденең тербелістерін сипаттайтын
математикалық модельдер және кернеулі-деформациялық
күйі негізінде ірі таспалы
Осының нәтижесінде
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кен байыту өндірістерінде және құрылыс жүйесінде еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі бағыттарының бірі болып жүк тасымалдаудың тиімділігін жоғарылату жолдары яғни өнімділігі аз ескірген таспалы конвейерлерді өнімділігі жоғары түрімен алмастыру болып табылады.
Кейінгі жылдары конвейер
жүйелерін есептеу әдістерін
жетілдіру салаларында едәуір прогреске
қол жеткізілді. Өндіріс жағдайларына
байланысты конвейерлерді нақты
есептеу және таңдап алудың талдамалы
әдістері әзірленіп, кеңінен қолданылуда
жобалау сапасы мен деңгейін едәуір
арттыруға, тиімділігі жоғары есептеу
техникасы мен математикалық
үлгілеу әдістерін қолдану
Конвейер желілерін
Таспалы конвейерлердің
жұмыс қабілеттілігін берілген
сенімділігі және төзімділігі
негізінде қамтамасыз ету,