Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 16:31, реферат
Бұдан бұрынырақ айтқанымыздай, Карно циклының пайдалы әсер коэффицентінің мәні кез-келген денелер үшін бірдей және температураға тәуелді. Карно циклының осы ерекшелігін басқа да термодинамикалық шамалар арасындағы байланысты табуға қолданады. Мысалы сұйықтың қаныққан буының қысымы мен температурасының арасындағы тәуелділікті беретін Клапейрон- Клаузиус теңдеуін шығаруға болады.
Температурасы Т сұйық қысымы Рқ.б өзінің буымен тепе- теңдікте болсын делік. Осы температураға сәйкес сұйықтың молекулалық Vс , будың мелекулалық көлемі Vқ.б болсын ( С сұйық, қ.б қаныққан бу).
Р, V диаграмасында (1-сурет) жүйенің бастапқы күйін а нүктесі сипаттайды. Жүйе изотермалық ұлғайып в қалпына барсын делік. Қарастырып отырған жүйе- өз буымен тең-теңдікте болатын сұйық тұрақты қысымда - Рқ.б изотермиялық кеңейеді, бұл кезде сұйықтың n киломолі буланады. Сұйық күйдегі заттың n киломолінің көлемі n Vс, ал қаныққан бу күйінде оның көлемі n Vқ.б.
Сөйтіп жүйе а күйден b-ға көшкенде көлемін n(Vқ.б - Vс,) шамаға өзгертеді.