Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 21:24, автореферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту бүгінгі білім жүйесіне қажет те пайдалы мәселе. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары білім алудың құрылысына өзгерістер, жаңалықтар енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындауға қажеттілікті туғызды.

Работа содержит 1 файл

kenjebaeva.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

       «Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» шығармасындағы диалектизмдердің қолданысы (І-ІІ кітабы бойынша)» атты тақырыпта диплом жұмысы дайындалды.

      Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде диалектологияның совет дәуірінде пайда болып, ғылыми негізінің салынуы жергілікті халық тіліндегі ерекшеліктердің мол қорын (олардың ішінде диалектілік, кәсіби сөздер де, болмаса әдеби емес, ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздер де бар) жинап, жаппай сипаттап зерттеуге мүмкіндік береді.

      Диплом жұмысында жазушының «Қан мен тер» шығармасындағы балықшылар өмірін суреттейтін жергілікті тіл ерекшеліктері этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылды.

      Диплом жұмысының мақсаты. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалуының қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісін, өріс алу бағытын   анықтау.

      Диплом жұмысының міндеттері. Жазушының жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдануын анықтау; диалектизмдердің эмоциялы-экспрессивті әсерін анықтау; диалектизмдерді қолданудағы жазушының стильдік мақсатын айқындау; көркем шығармадағы диалектизмдерге талдау жасай отырып, Батыс Қазақстан өңірінде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттау.

      Диплом жұмысының жаңалығы. Қазақстанның Батыс өңірі тұрғындары тіліне тән жергілікті тіл ерекшеліктерінің этномәдениетпен сабақтастығы этнолингвистикалық аспектіде қарастырылып, төмендегідей нәтижелер қорытындыланды: жазушының жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдануы анықталды; қазақ әдеби тілі лексикасын толықтырып, әр алуан қажеттіліктерін өтеуге жарайтын диалектизмдер мен кәсіби сөздер қатары анықталды.

       Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Тілдік ерекшеліктерді, яғни диалектілерді тілімізде қолдану, дұрыс қолданыс пен бұрысын саралай білу теориялық білімнің нәтижесін көрсетеді.

Болашақ мұғалім тіл тазалығына мән беріп, күнделікті қолданыста сөз байлағын, тіл шеберлігін игеруі қажет. Осы тұрғыдан диалект сөздерді білу,

оның тарихына бойлай алу практикалық құндылығын танытады.

      Оқу жылының соңындағы тәжірибелік топ пен бақылау тобының тапсырған тест қорытындысы

 

тест

жоғары

жақсы

қанағаттанарлық

Төмен

ТТ

25%

65%

10%

-

БТ

20%

43.5%

28.5%

8%


 

      3-сурет Бақылау эксперименті бойынша білім деңгейінің қорытынды көрсеткіші

      Бақылау экспериментінде студенттердің оқыту тәжірибесінен кейінгі білім дәрежесі тексеріліп, нәтижелеріне талдау жасалды. Ұсынылған әдістеме өзінің тиімділігін байқатты. Студенттер модуль бойынша қамтылған тақырыптарды қойылған талап бойынша орындауға тырысып, жоғары балл жинауға ұмтылды. Бұл олардың пәнді игеруге деген қызығушылығын арттырып, білім қорының молаюына септігін тигізді. Әр сабаққа дайындалған пән пакеті жеке-жеке жұмыс түрлері болып есептеліп, студенттің берілген білім мазмұнын кешенді, жүйелі түрде меңгеруіне мүмкіндік туғызды.

       Қорыта келгенде, зерттеу жұмысы бойынша мынандай тұжырымдар жасауға болады:

      - «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың әдістемесі қажетті білімді өз бетінше ала отырып, оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға жәрдемдеседі;

      - ұсынылған жұмыстар жүйесі студентті сыни тұрғыдан ойлай білуге, білім мазмұнын терең игеруге, жоғары нәтижеге жетуге септігін тигізеді;

      - жұмыста басшылыққа алынған ұстанымдар пән мазмұнын жан-жақты игерте отырып, рухани құндылықтарды тани және бағалай білуге көмектеседі;

       -  диалектологиялық практика кезінде атқарылған жұмыстар адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетін қалыптастырып, рухани дүниесін кеңейтуге мүмкіндік тудырады;

       - жаттығулар жұмысы студенттің білім, білік дағдысын жетілдіре отырып, ойлау қабілетін арттырады, білімін жүйелейді;

       - тірек-сызбалар қажетті материалдарды сұрыптап қолдануға мүмкіндік туғыза отырып, өзіндік ой қозғауға жетелейді;

       - сабақ үрдісінде қолданылған шығармашылық жұмыстар студентті сауатты жазуға, еркін сөйлеуге, ғылыми стильді орынды пайдалануға төселдіреді;

       - шығармашылық жұмыстардың әр түрлі формада ұсынылуы студенттің ақпараттық, танымдық, коммуникативтілік, лингвоелтанушылық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді;

       - дәрістің түрлендіріліп өткізілуі студенттің білімін тереңдетіп, қосымша ақпараттарды ұтымды қолдануға мүмкіндік беріп, білімін жүйелейді;

      - диалектілердің көркем шығармадағы қолданысын талдау студенттердің әдеби стильде  сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;

      - диалектілерге этимологиялық, этнолингвистикалық талдау жасау тіл тарихын меңгеруге жетелейді;

       - диалектілерді әдеби тілмен, түркі тілдерімен салыстыра қарастыру өз мәдениетін бағалауға, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге ынталандырады;

       - диалектологиялық, этимологиялық, терминдер т.б. сөздіктерді пайдалану студенттің сөздік қорын кеңейтіп, танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді;

       Реферат, баяндама, тезис, конспект жасау, курстық және дипломдық жұмыс жазу ақпараттық, коммуникативтілік, лингвоелтанушылық құзіреттілігін жетілдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

      1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 176 б. 

      2 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. – Астана, 2007. 

      3 Қазақстан Республикасы «Білім мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан мұғалімі, 2000. – № 33-34.

      4 Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілді бөлімдерде модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. п.ғ.докторлық дисс. ... . 13.00.02. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001. – 397 б.

      5 Бейсенбаева З. Жоғары оқу орындарында сөзжасам пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік  негіздері. п.ғ.докторлық дисс. ... .  – Алматы, 2004. – 322 б.

      6 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде (Аударған  Д.А.Қойшыбекова). – Алматы, 2002. – 180 б.   

      7 Аймауытов Жүсіпбек. «Еңбекші қазақ» газеті 1926 ж. 9 наурыз.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі

      1 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы диалектизмдер // «М.Әуезовтің рухани әлемі және классикалық әдебиет: Жастар көзқарасы. Ұрпақтар сабақтастығы» атты Абай атындағы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде ЮНЕСКО басшылығымен өткен жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. Жинақ. – Алматы: Ғылым, 2000. – 77-80 б.

      2 Оқытудағы жаңа технология, оның мәні мен мазмұны, түрлері, ерекшеліктері // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Хабаршы. Филология сериясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – № 9 (60). – 83-86 б.

      3 Қазақ тілін модуль арқылы оқытудың тәрбиелік мәні // Қазақ филология ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы. Абай атындағы Алматы унивенрситетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция материалдары.  – Алматы, 2003. 16-

17 мамыр. – 160-163 б.

      4 Қазақ тілін оқыту барысында  жеке тұлғаны қалыптастыру // «Қазақ тілі тарихының  мәселелері». Профессор Ғ.Қалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Жинақ.  – Алматы, 2004. – 125-130 б.

        5 Қазақ тілін модуль арқылы оқытудың психологиялық негіздері  // «Мемлекеттік тілді үйрету жолдары: теориясы мен тәжірибесі». Ғылыми-әдістемелік семинар материалдары. – Астана, 2004. – 210-216 б.

      6 Қазақ диалектологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені (050117-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына). Абай атындағы ҚазҰПУ-дың редакциялық баспа бөлімі. – Алматы, 2007. – 64 б. (Қ.Қалыбаевамен бірлескен авторлықта).

       7  Кредиттік жүйе бойынша қазақ диалектологиясын модуль арқылы оқыту // «Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері». Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Жинақ. – Алматы,  2008. – 251-256 б.

      8  Қазақ говорларындағы синтетикалық сөз тудыруды модуль арқылы оқыту // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. «Филология ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2008. – №2 (24). – 121-124 б.

       9 Қазақ диалектологиясындағы дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді модуль арқылы оқыту // «Профессор Ф.Мұсабекова және тіл білімі мен әдістеме мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық,практикалық конференция материалдары. – Алматы: Баянжүрек, 2009.– 142-145 б.

      10 Қазақ диалектологиясын оқытудағы модуль бағдарламасын жасаудың ұстанымдары // «Түркі әлемі: тіл, қоғам, мәдениет». Профессор Б.Сағындықұлының 70ж. арн. халықаралық-ғылыми теориялық конференция материалдары. Жинақ. әл-Фараби атындағы ҚазҰПУ. Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу академиясының баспаханасы, 2009. – 588-596 б.

      11 Диалектілік кірме  сөздерді модуль арқылы оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы. – 2009. – № 6. – 100-105 б.

       12 Кредиттік жүйедегі  оқыту технологияларының (модульдік) қолданылуы // Ұлағат. Ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым. – 2009. – № 3. – 111-122 б.

       13 Модульдік технология арқылы қазақ диалектологиясы курсының силлабусын дайындау әдістемесі // «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқыту технологияларын тәжірибеге енгізудің жолдары». Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы: Елтаным баспасы, 2010. – 38-42 б.

       14 Жоғары оқу орнында Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқыту әдістемесі // Білім технологиялары. Ғылыми-әдістемелік журнал. – Алматы, 2010. № 3  – 20-25 б.  

      15 Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру //  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – 2010. № 1.

Резюме

Автореферата  диссертации на соискание ученой степени кандидата

педагогических наук по специальности

13.00.02 – Теория  и методика обучения и воспитания

(казахский  язык в начальной, средней и  высшей системе образования)

 

Кенжебаева  Гульдарига Мерекебайкызы

 

Методика обучения в высших учебных заведениях дисциплины  «Казахская диалектология» на основе  модульных технологий

 

        Актуальность исследования. Без внедрения в систему образования страны передовых технологий обучения, невозможно  подготовить грамотного, всесторонне развитого специалиста. Освоение новых технологий благоприятно влияет на становление интеллектуального, профессионального, человеческого, духовного, гражданского облика  преподавателя, способствует самореализации и   эффективному развитию  учебно-воспитательного процесса.

Для перевода специфики  преподавания дисциплины «Казахская диалектология» в новое качество, отвечающее требованиям  современности, необходима дальнейшая разработка теории модульного обучения и вытекающих из нее научных средств познания форм и методов обучения. Создание соответствующих научных средств позволит обеспечить возможность реального использования огромного потенциала модульного обучения в обучении  казахской диалектологии.

Разработка концептуальных основ модульного обучения в рамках  преподавания дисциплины «Казахская диалектология» - объективная необходимость сегодняшнего дня. В процессе обучения   филологов дисциплине «Казахская диалектология» в вузах возникает необходимость дать студентам не только профессиональные  компетенции, но и на основе внедрения модульных технологий  обогатить  словарный запас обучаемого, расширить его кругозор. Вышеперечисленные проблемы дают возможность определить актуальность нашего исследования.

        Объект исследования: процесс обучения дисциплины «Казахская диалектология» на факультетах филологии в высших учебных заведениях при модульной организации.

        Предмет исследования: теоретико-методологические основания, обеспечивающие максимальную эффективность обучения  дисциплины «Казахская диалектология» на факультетах филологии в высших учебных заведениях на основе использования технологии модульного обучения.

         Гипотеза исследовательской работы: гипотеза исследования строится на утверждении того, что эффективность обучения дисциплины «Казахская диалектология»  обеспечивается, если учебный процесс организуется в соответствии с технологией модульного обучения - использованием основных  правил преподавания языкознания через модульные технологии,  посредством языкового общения –чтения, слушания, разъяснения, объяснения,  письма. При таком построении модуля студенты получат знания  в соответствии с новыми моделями и парадигмами образования - расширится кругозор студента, обогатится его словарный запас.

Информация о работе Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның