Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 21:24, автореферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту бүгінгі білім жүйесіне қажет те пайдалы мәселе. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары білім алудың құрылысына өзгерістер, жаңалықтар енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындауға қажеттілікті туғызды.
378.016 : 811.512.122' 28
КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ
Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі:
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық
Диссертация 2010 жылы 01 шілдесінде сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13; кіші конференцзал) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Абай
атындағы Қазақ ұлттық
Автореферат 2010 жылы 31 мамырда таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту бүгінгі білім жүйесіне қажет те пайдалы мәселе. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары білім алудың құрылысына өзгерістер, жаңалықтар енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындауға қажеттілікті туғызды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында [1], 2007 жылдың 15 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, «жалпы білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
ХХІ ғасыр ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Оқыту үрдісінде алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді қолдануға айрықша назар аударылуы тиіс. ХХІ ғасыр білім беру және оның ең маңызды құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын ғасыр болып отырған кезде, кез келген басқармашылық шешім ғылыми зерттеулер негізінде қабылдануы қажет. Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану үрдісіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы, ана тілі, ділі арқылы қалыптастыру. Ғылым мен білімді бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру тек қазақ тілі құнарында өркендету, білім технологияларының ұлттық дербестігіне кепілдік берумен шешіледі.
Еліміздің білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына көмектеседі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Сондықтан жоғары оқу орындарында кез келген пәнді оқыту технологиялары мен кредиттік оқыту жүйесін ұштастыра жүзеге асыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Соған орай жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың қажеттілігі туындауда. Модульдік оқыту технологиясы – даралап оқыту ұстанымдарына негізделгендіктен жоғары оқу орнындағы кредиттік жүйемен оқитын студент жеке бағдарлама бойынша өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
ХХ ғасырдың орта тұсында АҚШ-тың білім жүйесіне енген кредиттік технология, қазіргі кезеңде біздің білім жүйемізге де еніп отыр. Кредиттік технологиямен оқытуға көшудегі басты мақсат – білім жүйесін әлемдік білім деңгейіне теңестіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеріп тұратын заманында кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті маман болуына мүмкіндік жасау. Кредит – студенттің оқу мазмұнын өздігінен меңгеруі. Яғни, кредиттік жүйемен оқыту – жоғары оқу орнында студенттердің жеке жоспармен білім алуына мүмкіндік береді. Ол білім берудің демократиялығын көрсетіп, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алуды өзінің ерекшелігі мен қалауына орай жоспарлап, қалыптастыра алатындығында.
Кредиттік жүйемен оқыту – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады.
Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнінің ғылыми негізі қалыптасып, теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, практикалық жағынан қолданылу аясы бір ізге түскенімен оның әдістемелік тұрғыдан зерделенуі кенже қалып келе жатқаны бәрімізге аян. Жоғары оқу орындарында филолог мамандар дайындауда «Қазақ диалектологиясы» пәнін оқыту барысында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырумен қатар сөздік қорын байытып, дүниетанымын кеңейтуде модульдік технологиямен оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерделеп, білім беру жүйесіне енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Осы айтылған мәселелер зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнының филология факультетінде «Қазақ диалектологиясы» пәнін модуль арқылы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында филолог мамандарды дайындау
барысында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер «Қазақ диалектологиясы» пәнін
жоғары оқу орнында модульдік технологиямен оқыту ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделсе; оған тіл салаларының модульдік технология арқылы оқытуға негізделген қағидалары пайдаланылса; диалект сөздерді талдау технологиясының заңдылықтары белгіленіп, негізгі ұстанымдары анықталады. Олардың жалпы дидактикалық ұстанымдармен байланысы көрсетілсе; модуль арқылы оқыту технологиясын тілдік қатынастың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттері арқылы жүзеге асады. Модуль арқылы оқыту технологиясына сипаттама беріліп, оның негізгі белгілері, талдау деңгейлері анықталса, онда қазақ диалектологиясы пәні жоғары оқу орындарында модульдік технологиямен оқыту ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етіледі және студенттерге жаңа білім моделі мен парадигмаларына сәйкес сапалы білім беріледі. Студенттердің ұлттық дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры молаяды, өйткені модульдік технология – студенттердің білімді, білікті, құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технология болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Кредиттік жүйемен оқитын жоғары оқу орнында қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытудың тиімділігін, басты қағидаларын, ерекшеліктерін айқындау, ұтымды әдістемесін жасау.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес зерттеу міндеттері:
- жаңа технологиялардың белгілерін, мақсатын, міндетін, ерекшеліктерін талдай келіп, модульдік технология арқылы оқытуға анықтама беру;
- модульдік технология арқылы оқытуды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
- модульдік технологиямен оқытуда басшылыққа алатын дидактикалық ұстанымдарды анықтау;
- модульдік технологиямен оқытудың әдістерін саралау және жүйелеу;
- білім беру үрдісінде модульдік технологиямен оқытудың тиімді жолдарын көрсету;
- кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жаңа қоғамға бейімделген дағдыларын жетілдіруге қажетті әдістемелік жұмыс түрлерін ұсынып, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнының филология факультетінде «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқыту тіл білімі салаларын ғылыми негізде терең меңгеруге, тілді қатысымдық тұрғыдан әдеби нормалармен игеруге, диалект сөздердің көркем әдебиетте қолданудың тиімділігі мен ерекшелігін игеруге ықпал етеді. Студент пен оқытушының өздік жұмысында (СОӨЖ) алынған тапсырмалар студенттің дүниетанымын кеңейтіп, ғылымға, тіл тарихына деген қызығушылығын арттырады, логикалық ойлау жүйесін дамытады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеуде оқытудың жаңа технологиялары
туралы ой-пікірлер, жинақталған тәжірибелер, лингвистика, педагогика, психология ғылымдарының білім берудегі соңғы жетістіктері және ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектер мен оқулықтар, оқу құралдарындағы
білім беру технологияларының теориялық-практикалық қағидалары басшылыққа алынды.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Баяндау, сипаттау, салыстыру, жүйелеу, талдау, техникалық құралдармен жұмыс істеу, бақылау, қорыту, сауалнамалық әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Диалектология пәнін модульдік технология арқылы оқытуға қойылатын талаптар анықталды.
2. Кредиттік жүйемен оқитын жоғары оқу орындарының филология бөлімі студенттеріне «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың әдіснамалық негізі айқындалды.
3. «Қазақ диалектологиясын» оқытудың ұстанымдары айқындалып, кредиттік жүйенің талаптарына сәйкес материалдар блоктық жүйеге түсіріліп, оны жүргізудің әдістері көрсетілді.
4. «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі ұсынылды:
а) «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқыту бойынша оқу кешендері (модуль бағдарламасы, силлабус, жұмыс бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар, оқу құралы, көрнекіліктер) жасалып, тәжірибеге енгізілді.
ә) «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар жүйеленді.
5. «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқытуда өздік жұмыстарды орындаудың тиімді тәсілі анықталып, студенттердің білімін бақылау мен бағалаудың ұтымды жолы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқытуда алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар осы пәннің оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады. «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқыта отырып, бүгінгі заман талаптары мен дүниежүзілік деңгейге теңестіруді көздеп отырған білім берудің жаңа стандартына сәйкестендіру мақсатында студенттерге білім негіздерін ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгертеді, олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Кредиттік оқу жүйесінде білім алушы студенттің жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға мүдделі субъект ретіндегі болмысы ғылыми негізде теориялық тұрғыдан дәлелденеді.