Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 21:24, автореферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту бүгінгі білім жүйесіне қажет те пайдалы мәселе. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары білім алудың құрылысына өзгерістер, жаңалықтар енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындауға қажеттілікті туғызды.
Зерттеу жұмысында салыстыру, қатысымдық, бақылау және эксперименттік, практикалық, түсіндірмелі-көрнекілік, кітаппен жұмыс істеу, интерактивтік т.б. әдістер қолданылды. Бұл әдістердің барлығы да сабақ үрдісінде қатысым әрекеті арқылы жүзеге асырылды.
Екіншісінде студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) туралы мәселе қозғалады. Студенттің өздік жұмысы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқытылатын оқу пәндерінен білімдерін кеңейту, толықтыру, тереңдету мақсатында жүргізілетін оқудың түрі. Өздік жұмыс оқытушы мен студенттің қалауы бойынша аудиторияда да аудиториядан тыс жерлерде де орындалады. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудағы мақсат студенттің ғылымның белгілі саласы бойынша материалды терең меңгеріп, дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қабілетін дамытатын дағды мен бейімділікті қалыптастыру; логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын талдауды ғылыми тұрғыдан тұжырымдауды қамтамасыз ететін оқудың түрі.
Студенттің өздік жұмысының нәтижесі реферат, баяндама, конспект, сөздіктермен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, курстық жұмыс, диплом жұмысы, ғылыми мақала, бейнетүсірілім, коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, мәлімдеме, жеке сұхбаттасу т.б. түрлерінде іске асырылады.
Студенттің өздік жұмысының өз бетінше білімін толықтырудағы маңызына мән беріп, зерттеген ғалымдар С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев, Р.А.Низамов, В.А.Сластенин, Ж.Е.Сәрсекеева, С.Г.Тәжібаева, Р.Шаханова, Н.Шадиева т.б. өздік жұмыстың көп аспектілі құбылыс екендігін айтады.
Ғалым Е.Я.Галант студенттің өздік жұмысы ұйымдастырушылық қабілеті (жұмысты жоспарлай білу, уақытты бөлу, жоспар жасау, конспектілеу), ой дербестігі (материалды таңдау, жүйелеу, салыстыру, өз бетінше қорытындылау), әрекет дербестігі арқылы іске асатынын атап көрсетеді.
«Қазақ диалектологиясын» меңгертуде студенттерге ғылыми әдебиеттерді талдау, пікір білдіру, түйінді тұжырымдарды жинақтап конспект жасау, диалектологияға қатысты мәселелерді қысқаша түрде сараптап тезис құрастыру, баяндама жасау, реферат дайындау, т.б. жұмыс түрлері ұсынылды.
1-тапсырма (2 модуль 3 сабақ) Говорлардағы синтетикалық тәсіл арқылы сөз тудыруды анықтап, ғылыми әдебиеттерден күрделі конспект жасау.
Жаттығудың мақсаты – диалект тудыратын тәсілдерді бекіту, олардың сөзжасамдық қасиетімен танысу, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу.
Жаттығудың міндеті – синтетикалық тәсілдің сөзжасамдық қасиетін айқындау; говорлардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау; ғылыми
әдебиеттермен танысу; қажетті мәліметті сұрыптап алу.
Жаттығудың тиімділігі – ғылыми әдебиеттен тақырып бойынша берілген материалдарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Тәсілдердің сөзжасамдық қасиетін анықтауға септігін тигізеді.
Жаттығудың нәтижесі – ғылыми әдебиетпен жұмыс жасап үйренеді; өзіне қажетті мәліметтерді екшелеп ала білу дағдысы қалыптасады; синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын диалектілердің табиғатын түсінеді.
Дұрыс ұйымдастырылған өздік жұмыс студенттердің танымдық қызығушылығын тудырып, өз бетімен жұмыс істей алу қабілетін нығайтуға көмектеседі. Берілетін тапсырмалардың теориялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалуы, қойылатын талаптардың студенттердің жас ерекшелігіне сай лайықталып берілуі жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын бірлікте жүргізуге арналған сабақ жоспары: (4-модульдің 3-сабағы).
Сабақтың тақырыбы: Диалектілерді қазақ ғалымдарының топтастыруы.
Сабақтың түрі: семинар-практикум.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің жинаған теориялық білімдерін (лекциядан алған) практикамен ұштастыра отырып, жүйелі түрде пікір айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тілді құрметтеуге, асыл сөз маржандарын теріп алып, күнделікті қарым-қатынасқа түсіру мүмкіндігін саралау.
Дамытушылық: Студенттердің танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау т.б психикалық әрекеттерін жетілдіру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық-ұжымдық жұмыстар, сұрақ-жауап, баяндау, интерактивтік топтық ойын әдістері, үлестірмелі карточкамен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: карта, буклет, бейнетүсірілім (проектор арқылы көрсетіледі), тақта, плакаттар, диалектологиялық сөздік, тұрмыстық қолданысқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру жұмысы.
1. Топ студенттерін шағын 4 топқа (4-5 студенттен) бөліп, әр топқа конвертке салынған бір-бір сурет таратылады. Топ студенттері диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып, суреттің диалектілік атауы қай салаға жататындығын анықтайды (10мин.).
2. Әр топ қазақ ғалымдарының (С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев) диалектілердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
ерекшеліктеріне слайд арқылы талдау жасайды (20мин.).
3. Ұжым болып диалектолог-ғалым Ғ.Қалиевтің сұхбатын тыңдайды.
1. Қазіргі кездегі қазақ диалектологиясының зерттелу жайы, өсу жолы туралы не айтасыз?
2. Егемендігімізді алған бүгінгі таңдағы сөздік қорымызды диалектілер арқылы байыту мәселесіне көзқарасыңыз, пікіріңіз?
Студенттерге сұхбат берген ғалымның аты-жөні беймәлім қалады да, сұхбаттағы пікірді сабақтай отырып дайындалған сөзтізбек арқылы шешіледі (10 мин).
4. Бейне-көріністі тамашалай отырып, кездескен диалект сөздерді тауып, оның қай аймақта, қандай мағынада (әдеби баламасы) қолданылатындығын анықтайды (7 мин.).
5. Қорытынды. Интерактивтік ойын арқылы өткен материалдарды қайталай отырып бүгінгі сабақты бекіту (3).
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылған тапсырмалардың нәтижесі эксперимент жүзінде дәлелденуі екінші тараудың төртінші тармақшасында айтылады. Эксперимент үш кезеңде жүзеге асырылды.
Бірінші анықтау экспериментінде «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту үшін диалектолог оқытушылардың тәжірибесімен танысып, оқу үдерісіне бақылау жасалды. Бақылау және тәжірибе топтары белгіленді. Бұл топтармен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтай отырып, материалдар іріктелді.
Қазақ филологиясы бойынша сауалнама алынды. Сауалнама сұрақтарын таразылағанда студенттердің көркем әдебиетті аз оқитынын, баспасөз материалдарымен жеткілікті дәрежеде таныс еместігі анықталды. Диалект туралы түсініктері де тар шеңберде болды.
Бұл эксперименттің нәтижесі
төмендегі көрсеткіште
ЭТ БТ
ТТ-Тәжірибе тобы; БТ-Бақылау тобы
1-сурет – Студенттердің экспериментке дейінгі білім, білік дәрежесі
Оқыту тәжірибесін өткізу кезінде типтік, оқу жоспарлары негізге алынып, оқытушы дайындаған жұмыс бағдарламасы негізінде силлабус дайындалды. Силлабус мазмұнына сай әр сабақтың кең түрдегі жоспары жасалды. Онда оқыту материалдары нақты көрсетіліп, сол бойынша тәжірибе тобында сабақтар жүргізілді.
Дайын пән пакеті бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесі төмендегідей болды.
Екінші модульдің
1 сабағы 2 сабағы 3 сабағы
2-сурет – Дайындалған пән пакеті бойынша берілген жұмыстардың көрсеткіші
Оқыту экспериментінде осы аталған мәселелер сараптаудан өтіп, «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытудың мақсаты мен міндеттері нақтыланып, қамтылатын білім мазмұны іріктелді. Ұсынылған әдістеме негізінде сабақ жүргізіліп, зерттеу қорытындылары бойынша толықтырулар ендірілді.
Жоғарыда айтылған дәріс түрлері қолданылды.
Қазақ диалектологиясын терең меңгертуге көмектесетін жаттығу жұмыстары ұсынылды:
1-жаттығу. Тақырып бойынша кездескен диалектілерге глоссарий жасаңыз
Жаттығудың мақсаты – диалектілерді іріктеп алу, глоссарийдің мәнін түсіну.
Жаттығудың міндеті – диалектілік терминдерді іріктеу, оларға талдау жасау, анықтамаларын глоссарий формасында ұсыну.
Жаттығудың тиімділігі – терминдердің мәнін анықтауға көмектеседі, глоссарийді жасап үйренуге мүмкіндік тудырады, терминдерді еске сақтауға көмектеседі.
Жаттығудың нәтижесі – ғылыми терминдердің рөлін анықтау арқылы ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырады. Анықтама жазу арқылы ойын дәл, қысқа, ұтымды жеткізуге үйренеді. Ғылыми стилі қалыптасады.
Тірек-сызбалар арқылы тапсырмалар берілді.
1-жаттығу. Төмендегі сөздердің говорлық вариантын табыңыз, оны басқа түркі тілдерімен салыстырыңыз.
Әдеби тілде |
Говорда (қай?) |
Түркі тілдерінде | |||
қырғыз |
ұйғыр |
өзбек |
түрікмен | ||
Болат |
|||||
Бітіру |
|||||
Бата |
|||||
Бүтін |
|||||
Пейіл |
|||||
Пікір |
|||||
Пиғыл |
|||||
Маңдай |
|||||
Келешек |
|||||
Аңдау |
|||||
теңде |
|||||
Сақта |
|||||
Жоқта |
Жаттығудың мақсаты – қазақ тіліндегі говорларды туыстас тілдермен салыстыру, айырмашылықтарын анықтау.
Жаттығудың міндеті – говорлардың вариантын айқындау, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау, түркі тілдерімен салыстыру, өзіндік айырмашылықтарын дәйектеу.
Жаттығудың тиімділігі – туыстас тілдердегі говорлармен танысу арқылы білімін кеңейтуге мүмкіндік береді, өзіндік талдау жасауға жаттықтырады, сөздің этимологиясын терең түсінуге көмектеседі.
Жаттығудың нәтижесі – Салыстыру әдісін пайдалану арқылы дүниетанымын кеңейтеді, мәдениаралық қарым-қатынасты жүзеге асырады,туыстас тілдердің тарихымен танысу арқылы ұлттық құндылығымызды бағалауға үйренеді.
2-жаттығу. 1. Диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып, сызбада көрсетілген үлгі бойынша синтетикалық тәсіл арқылы жасалған диалект сөздерді теріп жазыңыздар.
2. Диалект сөз жасаудың 4 түрінде сөз түрлендіруші, сөз тудырушы деп неге бөлінбеген, себебін түсіндіріңіз.
Диалект сөз жасаудың жолдары |
Синтетикалық тәсіл арқылы сөз жасау | ||
1. |
Әдеби негіз+әдеби қосымша=диалект сөз |
Сөз түрлендіруші |
Сөз тудырушы |
2 |
Диалектілік негіз + әдеби қосымша = диалект сөз |
||
3 |
Әдеби негіз + диалектілік қосымша = диалект сөз |
||
4 |
Диалектілік негіз + диалектілік қосымша = диалект сөз |
||
Жаттығудың мақсаты – синтетикалық тәсіл арқылы диалект сөз жасау жолдарын меңгерту, диалектологиялық сөздікпен жұмыс жасауға үйрету.
Жаттығудың міндеті – сөздікпен жұмыс жасай алу, говорлардағы синтетикалық сөз тудыру жолдарын білу, теориялық біліктілігі болу.
Жаттығудың тиімділігі – диалектілік негіз, диалектілік қосымша, әдеби
негіз, әдеби қосымша, олар арқылы диалект сөздің жасалуы т.б. мәселелерді меңгереді, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады, сөздің этимологиясын анықтауға үйренеді.
Жаттығудың нәтижесі – ғылыми әдебиеттермен, сөздіктермен жұмыс істеуге төселеді, әдеби сөз бен диалект сөздің аражігін ажырата алады, оны практикада қолданудың қаншалық қажеттігіне өзіндік пікір қалыптастырады.
Шығармашылық жұмыс түрлері (реферат, баяндама, конспект жасау, өзіндік пікір білдіру, тезис дайындау, курстық жұмыс, диплом жұмысы т.б.) «Қазақ диалектологиясы» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын толық қамтып, студенттердің ақпараттық, танымдық, коммуникативтілік, лингвоелтанушылық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталды.