Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:34, лекция
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
- инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануда мұғалімдердің дайындық кезеңінен аттап өтуі;
- жекеленген мұғалімдердің өзіне қолайлы инновациялық педагогикалық технологияны таңдауда, пайдалануда қиындықтарға тап болуы және оны жеңе алмауы;
- жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мектеп басшыларының енжарлық танытуы;
- жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
- оқу –тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізуде мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан моральдық , материалдық көмектің көрсетілуі;
- жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары қу орнында меңгермегендіктен , жас мамандардың жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
- мектептің озат мұғалімдері инновациялық технологияны пайдаланғанымен, ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;
- мектептің мұғалімдері қысқа арнайы курстарда оқып келген технологияны өз мектебінің , өз сыныбының, өз оқушыларының, әсіресе, әрбір жеке оқушының даралығын есепке алмай, даярлық кезеңнен өтпей, бірден өз іс - әрекетіне енгізіп, өрескел қателіктер жіберіп , өзін де оқушыларды да ығыр қылуы.
Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет.
Педагогикалық технология
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту.Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.
Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу отбасында, өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларда іске асып отырады.
Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленді.
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады
«Дәстүрлі оқыту»
ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский
«ұлы дидактика» еңбегінің негізінде
қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем
мектептерінде қолданылатын сынып-сабақтың
оқытуды ұйымдастыру деп
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар:
- оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз сақталады;
- сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс;
- оқудың негізгі бірлігі-сабақ;
- сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды;
- сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді;
- оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет;
- оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.
Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика оқытудың мақсаттары былайша құрылған еді:
- білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену;
- ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру;
- әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы;
- адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу;
- ой еңбегіне, сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы адамдарды тәрбиелеу;
Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті,дағдыны меңгеруге бағытталған.
Қазіргі жалпы
мектептерде мақсаттар біршама
өзгертілді-идеологизация
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер «білім мектебі» болып саналады. Қазіргі ғылыми техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.
Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына оқушылардың танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы. Қазіргі педагогикалық технологияны обьективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп тануды талап етеді.
«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогика көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды.
Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарт ы деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үрдісінде оқытушының қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, әдістерітәсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің
педагогикалық шеберлігі
-оқыту мақсаты;
-оқыту мағынасы;
-педагогикалық өзара қатынас құралдары;
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушы, мұғалім ;
-іс-қимыл нәтижесі.
Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып келген көптеген анықтамалар бар.
Технологияны – қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы( орыс тілінің түсіндірме сөздігі).
Технология
– бұл өнер, шеберлік, ептілік,өңдеу
тәсілдерінің жиынтығы,қалыпты өзгерту(В.М.
-Оқыту технологиясы-
-Педагогикалық
технология - әлеуметтендіру мен
оқытудың түрлерін, әдістерін, құралдарын,
тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу
амлдарын анықтайтын психо-
- Педагогикалық технология - оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы ( В.П.Беспалко).
-Педагогикалық
технология – оқытудың
-Педагогикалық
технология – оқушы мен
- Педагогикалы
технология- білім беру түрлерін
оңтайландыруды өзінің
-Педагогикалық
технология – педагогикалық
- Педагогикалық
технология- алдыңғы авторлардың
барлық анықтамаларының
«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады:
-ғылыми;
-іс-жүргізу,суреттеу;
-ықпалды іс жүргізу.
Сонымен, педагогикалы технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогика, отндық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны болып таблады.
Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет.
Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылымм мен іс-тәжірибе жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі түрлерін қосатын және қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде пайда болған нәрселерден тұрады.
Бірдей технология түрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып көрінеді.
Бұл жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық қасиеттеріне, оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың жалпы көңіл-күйіне, сыныптағы психологиялық ақуалға көңіл бөлу керек. Бір технологияны қолданған әр түрлі педагогтардың жеткен нәтижесі де әртүрлі болады, бірақ осы технология көрсететін орташа көрсеткішке жақын болады.
Яғни, педагогикалық
технология жеке тұлғаның
«Педагогикалық
технология» деген түсінік «
Технология- оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуне қалай жету керек деген сұраққа жауап береді.Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші.
Педагогикалық технологияны жоспарлау педагогикалық технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады.
Ол тұлғаның
жеке ерекшеліктерін зерттеуді және
оқушылардың жас
Дамыта оқыту технологогиясы -сабақта
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен "Дамыта оқыту" технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар"Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.
Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі "Дамыта оқыту" технологиясындағы сабақтың қүрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
I. Бағдарлау -мотивациялық кезең.
Бул кезең - оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тап-сырамасын тексеру барысының орныңа алынған бул кезең іштей екі Құрылымға бөлінеді.
1. Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу.
Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа та-қырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы актуалдандырылады.
Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдың ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік сурақ-тар мен тапсырмалар даярлайды.
2. Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет буруына жағдай жасайдыдағы, жаңа тақырыпты танып-білу мотивациясын қалайды.
Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сурақ қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?
Өйткені, оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шынды-ғында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен әлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық жағдаяттар туғызу - сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқыи өтілуіне үлкен мән бере қарау керек.
Өйткені, басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырып-ұтың сәтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалык, жағдаяттың қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сәтті былайша түсіндірер едік.
Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сәтін мүғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.
Оқушылардың
осы сәтті сезінуі мұғалімге
олардың таңғалысымен, кез болған
проблеманы шеше алмаған
Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.
XХІ ғасыр
Педагогикалық технологияның
бір түрі — сын тұрғысынан
дамыта оқытуда баланың ізденушілік
зерттеушілік әрекетін
Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайға жағдай керек. Содан барып оны білім алуга ынта-ықыласы артып, әрекетенеді.
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта
оқытудың Д.Б.Эдьконип, В.В.Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы. бағыттаушы.