Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:34, лекция
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ , ал есептегіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова және басқа авторлардың еңбектерінде көрсетілгенде, информатиканың мынадай: процедура,функция, рекурсия , тармақталу, цикл мәліметтер құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды меңгеру операциялық деп аталатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға ықпал етеді.
Осының өзі - ақ оқу пәні ретінде информатиканы мектепке енгізудің алғы шарттарын жасады. Сонымен қатар білім алушылардың жас кезеңі жөніндегі мәселелерде көтерілді.
Ойлау стилі балаларда ішкі сыныптарда басталатыны белгілі.Бұл балалардың ойлау қабілетіне ықпал ететін іргелі бірқатар математикалық ұғымдарды бастауыш ектепте меңгертумен түсіндіріледі.
Базалық сапа ретінде
қарастырылуы тиіс оқушылардың
ғылыми дүниетанымын қалыптастырылуды
сөз етсек , информатиканың негізгі
ұғымдарының артықшылығына
Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың қажеттігін мынадан-ақ көруге болады:білім берудің алғашқы кезеңінде информатиканың әдістерін меңгерген оқушы мектептің қалған сатыларындағы білім алуда ( атап айтқанда , түрлі пәндердегі сабақтарда) адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді пайдалану дағдысын меңгереді.
С.Пейперт, Ю.Первиннің
еңбектеріндегі «информатика курсы» түсінігі
аясында «Информатика» деп
Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп, мынадай пайымдаулар жасауға болады.
Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.
Екіншіден, бастауыш мекктепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге алып келеді.
Бұл жерде мынаны ұққан жөн:»информатика» мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде –біреуінің ролін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұтатады.
Осы кілтті
дұрыс пайдалана білген
Информатиканы ерте жастан оқытудың үмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана түседі .Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулеріндегі ерте жас кезеңіндегі оқушыларға компьютерлік сауаттың алғашқы эксперименттерін беріп қою жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен басиауыш білім және түбірлі түсініктер іс-әрекет әдіс тәсілдері жөнінде нақты саут беру жайы айтылады.
Атап айтқанда,В,Буцик
кіші мектеп жасындағыларға басиауыш
компьютерлік сауатберудің мынадай
әдістемесін ұсынады:бірінші
Сонымен қатар Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында мынадай негіздерді енгізе отырып , әдістемелік жүйе ұынады.
1.Мектепте компьютерді қолданудағы басты мақсат дүниетанымдық және
жалпы мәденилік сипатта болуы , баланың тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.
2.Оқытудың мазмұны
мен әдістемесі оқушылардың
теориялық ойлауын дамытуы
Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толытыратын компьютердің екі қызметін:өошеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.
Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта отырып соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп алу қажеттігін дәлелдейді.
Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда , ішкі мектеп жасындағыларға түрлі пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.
Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін компьютерді пайдалану жөнінде бірнеше бағытты айтуға болады:
- информатика элементтерін оқыту;
- нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені түбегейлі өзгеріске ұшыратуға соқтырмай,ЭЕМ-СЫН бесаспап құралы ретінде пайдалану;
- Кіші мектеп жасындағыларда компьютерлік сауаттың жекелеме элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс әрекетіндегі әдіс тәсілдері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру ( компьютер құрал емес, оқыту арқылы меңгерілетін пән)
-
Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары
Осы заманғы
білім беру жүйесінсіз әрі алысты
барлап, кең ауқымды ойлай білетін
осы заманғы мұғалімдерсіз инов
Бүгінгі таңдағы
мектептердің алдында тұрған мәселе
оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны
оқу әрекетіне қалыптастыру,
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»
• Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
• Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
• Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
• Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
• Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
«Не істей алу керек ?»
• Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
• Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
• Әр сабақты жоспарлау.
• Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
• Оқу модулын құрастыру.
• Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
• Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
• Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
• Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
• Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
• Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Жаңа технологияның топтастырылуы:
І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.
Педагогикалық қарым-қатынас технологисы.
Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.
Амоношвилидің ізгілік технологиясы.
Ильиннің жүйесі.
ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология.
Ойын технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.
Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы.( Шатталов)
ІІІ.Оқу үрдісін
тиімді ұйымдастыру және басқару
негізіндегі педагогикалық
Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.
Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы.(Лысенкова)
Деңгейлеп оқыту технологиясы.(Қараев)
Деңгейлеп диференциялау технологиясы.
Міндетті нәтиже
негізінде деңгейлі-
Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік технологиясы.(Закатова)
Жекелей оқыту технологисы.(Инге Унг және Шадриков)
Бағдарламалық оқыту технологисы.
Ұжымдық оқыту технологиясы.(Дяченко Ривин)
Топтық оқыту технологиясы.
Компьютерлік оқыту технологиясы.
ІV.Дидактикалық білім көтеру және материалды педагогикалық технологиялар.
Дидактикалық
бірліктерді ірілендіру.(
Ақыл-ой іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы.(Валович)
V.Жеке пәндік педагогикалық технологиялар.
Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)
Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)
Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы.(Зайцев)
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)
Сабақтың тиімді
жүйелік негізіндегі педагогика
Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.
С.Т.О. технологиясы.
VІ.Альтернативті педагогикалық технология
Вольдорф педагогикасы.(
Еркін еңбек технологиясы. (Ферт)
Ықтималдық білім технологиясы.(Лобок)
VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.
Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.
Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.
Дамыта оқыту жүйесі.
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)
Дамыта оқыту технологиясы.(
Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.
«Жүректен жүрекке»
Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.
Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың таным
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендірудің алғышарттары қарастырылмаған, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны енгізуде төмендегідей кемшіліктер орын алуда.Атап айтқанда:
- білім сапасының төмендігі;
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқыту нәтижесінің болмауы;
- директивтік құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің жоқтығы;