Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:08, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғни патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.
Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Тамыры терең патриоттық тәрбие..........................................................
8
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде....................
8
1.2 Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе...........................................................................................................
11
1.3 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.............................................
14
2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері........
19
2.1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері.................................
19
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары.............
21
2.3 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты..........................................................................................................
24
Қорытынды...................................................................................................
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
30
Қосымша(лар)...............................................................................................
33
Қазақ халқы ұлттық мүдде, тұтастық, ынтымақтастық мұратын алдына негіз ете отырып, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық қасиетін жоғары ұстауды негіз еткен.
Қазақ халқы елі мен жерін жауға бермей ұрпақтарына аманаттауы бұл ұлттық рухтың биік шыңы деуге болады. Қазақ халқының тарихында ұлттық рухтың биіктеу шыңы тарихи оқиғалардан көрініс табады.
«Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Бұл туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жақсы жан – тәнімен сезіну керек», - деген ел президентінің ғибрат сөзі патриоттық ұғымының, ел мен жердің бүтіндігін сақтау, халықтар достығы мен бірлігі екенін нақтылай түседі.
Тәуелсіз ел ретінде өткен 20 жыл ішіндегі қол жеткен ең ірі жетістіктердің бірі – ұлттар арасындағы араздықтың жоқтығы.
Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде жалпы адами мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып саналатын ұлтаралық қатынас мәдениеті үлкен рөл ойнайды. Ұлт бар жерде ұлтаралық қатынас сөзсіз болады. Ал ұлтаралық қатынас арқылы тұтас қоғамның мәдени дәрежесі көрінеді. Сол себепті оқушыларды интернационалдық, яғни ұлтаралық тәрбиеге баулудың мыңызы зор. Өзімен қатар өзге ұлтты да сүйіп, сыйлау – біздің мәдениетімізідің жоғарылылығын, тұғырымыздың биіктігін, еліміздің тәуелсіздігі мен ынтымақтастығын көрсетеді.
Бойымызда отансүйгіштік, ерлік, батырлық, патриоттық сезімдерді арттыру үшін өткен ата-бабаларымыздан үлгі өнеге, тәлім-тәрбие алуымыз керек. Оларды қуана еске алып, мақтана айту – қазақ халқының әрбір перзентінің парызы.
Таңның атысы, күннің батысында тек еліңді еске түсір, Отаныңды ойла, туған жеріңді жырла. Сонда ғана сен «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» демекші, кіші емес кісі боласың, ел қажетіне жарар нағыз азамат боласың. Сонда ғана сен бақытты боласың деген қасиеттерді жастардың бойына сіңіру - негізгі міндеттердің бірі. Патриоттық тәрбие – тамыры терең тәрбие. Сол себепті патриоттық тәрбие тамырын кеңге жаюы тиіс.
Патриоттық тәрбие – еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы жаңа сапаға ие болып, тәрбие процесіне жаңаша көзқарас қажет болып отырғандықтан, қазіргі кезеңнің күрделі шарттары аясында іске асырылуда. Мұның барлығы патриоттық тәрбиенің төмендегідей өзіндік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді:
Сонымен, оқушыларға патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты – оқушының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.
Қорытынды
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыо болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза, бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді.
«Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.»
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші – танымдық, екінші – тәрбиелік, үшінші – дамытушылық.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларында – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі, шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті.
Тарих сабағын әдебиет, қазақ тілі, география пәндерімен байланыстырып, аралас сабақтар өткізуге, оқушылардың жан-жақтылығын дамытуда тарих пәнінің үлесі зор. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында «20 жылдағы 20 жетістік» жыл бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу – әр ұрпақтың міндеті.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз – бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қорыта айтқанда, оқушылармен
осы жоғарыда баяндалғандай тағы
да басқа әдістерді қолдана
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Ұлттық білім беру
жүйесі арқылы жасөспірімдерді
Ұлтжандыққа тәрбиелеудің
2. Исабеков Д.. Сенім салтанаты //Егемен Қазақстан №10,11қаңтар, 2006.
3. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев. Қ.Р Конституциалық заңы // ЕҚ №8-9 10-қаңтар, 2006.
4. Студенттерге патриоттық тәрбие берудің маңыздығы//М.Ауезов атындағы ОҚМУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Шымкент, 2008 ж.
5. Назарбаев Н.Ә.. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996, 254-258 б.
6. Назарбаев Н.Ә.. Еуразия жүрегінде. - Астана, 2005, 318 б.
7. Шаймерденұлы Е.. Елтану әліппесі. - Алматы, 1998, 143-148 б.
8. Бейсенбаева А., Л.Аукаримова, Отансүйгіштікке тәрбиелеу//Бастауыш мектеп, №9, 2005.
9. Бекайдар Т.. Елін сүйген ұрпақ - ұлт мақтанышы//Қазақстан мектебі, №9, 2003.
10. Махатова Г.. Мақсат - Отаншылдыққа тәрбиелеу//Қазақстан мектебі, №12, 2006.
11. Светлана С.. Тәуелсіздік тірегің //Қазақстан мектебі, №9, 2002.
12. Ыбыраймова Н.. Менің Қазақстаным!// Қазақстан мектебі, №2, 2002.
13. Жаманқұл П.. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдалану //Бастауыш мектеп, №2, 2002.
14. Аңсабаева М.. Сөнбес жұлдыздар//Қазақстан мектебі,№12, 2003.
15. Қалиев Ж.. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Астана, 2005.
16. Мәметек А.A. Еліме, халқыма, қазақтарға шапағатыңды аяма деп тіледім Алладан //Нұр-Дала, №10, 2006.
17. Найзабекова Н.. Патриоттық тәрбие - педагогикалық проблема// Бастауыш мектеп, №6, 2005.
18. Назарбаев Н.Ә..Бейбітшілік кіндігі. - Алматы, 2001.
19. Құрманбаева М.. М.Ғабдулин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. - Алматы, 2003.
20. Бегалиев Т.. Педагогика қысқаша лециялар курсы. - Тараз, 2002.
21. Сайдахметова Л.. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу. - Алматы, 2002.
22. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. - Алматы, 1995.
23. Кенжебаева Р.. Оқыту үрдісінде педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру. - Шымкент, 2005.
24. Назарбаев Н.Ә.. Тарих толқынында. - Алматы, 1999.
25. Қоянбаев Ж.Қ.. Педагогика. - Алматы, 2000.
26. Назарбаев Н.Ә.. Сындарлы он жыл. - Алматы, 2003.
27. Тасболатов Қ.. Қазақстандық патриотизмнің ұлттық және ұлтаралық үйлесімі // Отан тарихы, №3, 2001.
28. Ахметова А.. Патриотизм - өміршеңдік өлшемі // Арай, №2, 1997.
29. Массов В.М.. Номады и древние цивилизаций: динамика и типология взаимодействий // Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. - Алматы, 1989.
30. Қазақтың мақал-мәтелдері. - Алматы: «Атамұра», 1955 ж, 87-92 б.
31. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: «Рауан», 1993, 28-30 б.
32. Батырлар жыры. - Алматы: «Атамұра», 1955, 147-151 б.
33. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы: «Алма-Ата», 1978.
34. Қозыбаев М. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. - Алматы, 1979.
35. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы, 1999, 187, 201-206 б.
36. Абшанкова Ғ..Отанын сүюге тәрбиелеу//Бастауыш мектеп, №1, 2005.
37. Қазақ Совет энциклопедиясы, 4-том. - Алматы, 1978.
38. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. - Алматы, 2000 ж.
39. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. - Тараз, 1999.
40. Педагогика тағылымы. - Алматы, 2003.