Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:08, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғни патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.
Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Тамыры терең патриоттық тәрбие..........................................................
8
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде....................
8
1.2 Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе...........................................................................................................
11
1.3 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.............................................
14
2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері........
19
2.1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері.................................
19
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары.............
21
2.3 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты..........................................................................................................
24
Қорытынды...................................................................................................
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
30
Қосымша(лар)...............................................................................................
33
Мазмұны
Кіріспе....................... |
4 |
1 Тамыры терең патриоттық
тәрбие........................ |
8 |
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде.................... |
8 |
1.2 Патриоттық тәрбиені
дұрыс жүргізу – ең басты
және күрделі мәселе........... |
11 |
1.3 Қазақ халқының патриоттық
дәстүрлері.................... |
14 |
2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері........ |
19 |
2.1 Оқушыларға патриоттық
тәрбие беру негіздері......... |
19 |
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары............. |
21 |
2.3 Оқушыларға патриоттық
тәрбие берудің негізгі |
24 |
Қорытынды..................... |
27 |
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................ |
30 |
Қосымша(лар).................. |
33 |
Кіріспе
Қазіргі таңда
Қазақстан Республикасының әлеу
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: «Қазақстандық жастарды патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылады. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер, бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы күрделі тәрбие үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Отансүйгіштік тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және біздің анықтауымызша жасөспірімдердің патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады. Спорттағы жетістіктер, ерлік патриотизмнің ең жоғарғы әлеуметтік белсенділігі тұрғысында жеке тұлғаның мінез-құлқы мен санасында нақты сапалық көріністерді білдіреді.
Әлемдегі дамыған елдер
қатарына теңесу тікелей өз отанын
сүйетін, отаншыл ұрпақ тәрбиесіне
тікелей байланысты болатынын ескерсек,
өскелең ұрпақты тек рухани-
Алдағы уақытта Қазақстанды әлемге, бойында нағыз шынайы қазақстандық рухы бар, отаншыл жастар ғана таныта алады.
Жалпы қай қоғам болмасын сол қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеуге тырысқан. Біз қозғап отырған ұлтжанды, ел жанды, отаншыл, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесінде өзекті мәселе болған.
Қазақстан мектептері мен оқу-тәрбие мекемелерінде өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге, отан сүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесіне қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдердегі белгілі бір оқу-ағарту мекемелеріндегі жай-күйін зерттеу оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттары бойынша қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
Адам баласының әрқайсысының өз пешенесіне жазылған өмір жолы болатыны тәрізді кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан түрде көрініп келе жатқан күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінен бұрыңғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті есім. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту — қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну»,- дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі [5].
Ұлы бірлік, отансүйгіштік – рухтың аса бір қасиетті тірегі. Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен астасып жатуының терең мәнін де содан іздеген жөн. Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттеріне сәйкес өріс алған. Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.
Сонау Мөде хан, Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым, кейінгі Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел тағдырына деген жанашырлык болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен бағаланса керек.
Н.Назарбаев ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үрдісіне сай айқындалған. Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамсыз ету» деп жазды ол «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде. Елбасы өзінің теориялық еңбектерінде, мақалалары мен сөздерінде қазақстандық отансүйгіштік деген ұғымдарды әр қырынан ашып көрсетіп келеді. Ол үшін өз отандастарының, ғылыми тілмен айтқанда қоғам организміндегі өзінің саяси еркіндігін айқын сезетін жөне өз Отанын саналы түрде таңдаған азаматтар болуы шарт. Сонда ғана әрбір оқушы өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең пайымдайтын болады [6].
Зерттеу тақырыбының мақсаты – оқушыларға патиоттық тәрбие беру негіздері мен мақсатын және патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу тақырыбының нысаны – патриоттық тәрбиенің даму және қалыптасу үрдісі.
Зерттеу тақырыбының пәні – оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі жұмыстардың мазмұны.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбына жалпы кіріспе, осы зерттеу тақырыбының нысаны, зерттеу тақырыбының пәні, зерттеу тақырыбының мақсаты, зерттеу тақырыбының міндеттері беріледі.
Курстық жұмыстың бірінші тарауы «Тамыры терең патриоттық тәрбие»,-деп аталады. Бірінші тарауда жалпы патриоттық тәрбие беру жайлы айтылып, педагогикалық проблема ретінде қарастырылады. Патриоттық тәрбие берудің кезек күттірмес, маңызды да күрделі мәселе екендігі айтылады, қазақ халқының ерте заманнан бергі патриоттық тәрбие беру дәстүрлері келтіріледі.
«Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері» атты екінші тарауда оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері, патриоттық тәрбиені оқушылар бойында қалыптастыру жолдары, қазіргі кездегі оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты жайлы айтылады.
Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесіндегі Патриоттық тәрбие беру моделі, мектептегі патриоттық тәрбие туралы сынып сағаты, сынып жетекшісінің патриоттық тәрбие жоспары және курстық жұмыс тақырыбы бойынша жасалынған слайд берілген.
1 Тамыры терең патриоттық тәрбие
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде
Патриоттық тәрбие негізі психологиялық-педагогикалық процестің ішкі байланыстарын білдіреді және жасөспірімдерді, ерлік, әскери және прогресті халық дәстүрлерінде оқытудың және тәрбиелеудің бірлігін анықтайды. Отансүйгіштік, отаншылдық тәрбие жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, оларға «ерлік» және «патриоттық» категорияларының практикалық тұрғыда жеке тұлғаның патриоттық танымы және тәрбиесінің жоғары деңгейде қамтамасыздандырылуына бағытталған патриоттық іс-әрекетке араласуына алып келеді. Отансүйгіштік тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық-еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Жеке бас тәрбиесі тәуелсіз Қазақстанның жаңа қоғамында материалдық өндіріс және рухани өмір, сондай-ақ қоғамдық-саяси құрылымдардың толық қатысу әсері арқылы жүзеге асатын объективті әлеуметтік процесс ретінде қаралады.
Қазақ халқының білімпаз да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт анық байқалады: бір жағынан - Қазақстанға, Отанға, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік; екінші жағынан - халықтар достығына шақыруы, үндеуі және қорғауы. Бұл ақиқаттар қазіргі уақытта да өз мәнін жойған жоқ: ізгілікті, өркениетті патриоттық әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болады.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден бір педагогикалық негізі – патриотизм. Бұл «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген. Зерттеуші Г.Д.Махатованың көзқарасы бойынша, «патриотизм»- адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол -әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден керінеді. Егер педагогика тарихына тоқталсақ, түрлі кезеңдерде патриотизм, кеңестік «патриотизм», «ұлтжандылык», «қазақстандық патриотизм», Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған педагогикалық түжырымды ойлар бұл мәселенің тамыры тереңде екендігін көрсетеді [10].
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде «patrіots» - отандас, «paths» - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы - жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау [33].
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриот - Отанын, халқын жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары, спорт белсенділері.
Адам баласының әрқайсысының өз пешенесіне жазылған өмір жолы болатыны тәрізді кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан түрде көрініп келе жатқан күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінен бұрыңғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.
Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті есім. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту – қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну»,-дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі [50].