Оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғни патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Тамыры терең патриоттық тәрбие..........................................................
8
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде....................
8
1.2 Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе...........................................................................................................

11
1.3 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.............................................
14
2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері........
19
2.1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері.................................
19
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары.............
21
2.3 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты..........................................................................................................

24
Қорытынды...................................................................................................
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
30
Қосымша(лар)...............................................................................................
33

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 278.50 Кб (Скачать)

Көп ұлтты Қазақстан  үшін отансүйгіштік сезімнің рухани сападағы тату-тәтті тірлік, азаматтық  келісімге ғана емес, мемлекеттік  материалдық негізін нығайтуға  да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Ұлы бірлік, отансүйгіштік – рухтың аса бір қасиетті тірегі. Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен астасып жатуының терең мәнін де содан іздеген жөн. Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттеріне сәйкес өріс алған.

Бұрын-соңды даму үрдісінде  отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі. Сонау Мөде хан, Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым, кейінгі Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел тағдырына деген жанашырлыққа болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен бағаланса керек [31].

Н.Назарбаев ұсынған  жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үрдісіне сай айқындалған. Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамсыз ету» деп жазды ол «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде [6].

Елбасы өзінің теориялық  еңбектерінде, мақалалары мен сөздерінде қазақстандық отансүйгіштік деген  ұғымдарды әр қырынан ашып көрсетіп келеді Ол үшін өз отандастарының, ғылыми тілмен айтқанда қоғам организміндегі өзінің саяси еркіндігін айқын сезетін жөне өз Отанын саналы түрде таңдаған азаматтар болуы шарт. Сонда ғана әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең пайымдайтын болады.

Ел өміріне қатысты  сан алуан мәселелердің баршаға  бірдей жақын әрі түсінікті болуы  да осыған байланысты. Осы орайда қазақ  ұлтының қоғамдағы бііктіруші рөлін  күшейту деген қағидаға тағы бір  орала кеткен жөн сияқты. Бұл үрдістің нәтижелі өрбуі тек қазактарға ғана байланысты емес екендігін ашық айту керек. Елдік касиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзіледі.

Президент Н.Назарбаевтың қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу  ісін жаңа мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры да осында жатыр. «Ал оны елдің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек».

Қазақтың патриоттық-отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық-отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-жігері мен ақыл-қайратын жұмсап, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.

Елбасы айрықша назар  аударып отырған мемлекеттік  рәміздер мен заңға құрмет көрсету  бүкіл өркениетті қоғамдардың өмір салтына айналған дәстүр. Ол ел бірлігі  мен демократиялық үрдістерге адалдық  отындай қастерленеді. Адам жанының ең бір нәзік пернелерін дәл басуға негізделген бұл моралдік сана деңгейіне зор қозғаушы күш мемлекет пен прогрестің іргетасы міндетін атқарады.

Алайда, жас адамның  тағдыры бүкіл адамзат кеністігінің құрамында болғаңдықтан, ол қоғам тағдырымен тығыз байланыста екені белгілі. Сондықтан «бүгінгі әлеуметтік саяси орта адамға өзі өмір сүріп отырған мемлекеті мен қоғамы, ел-жұрты, атамекені және жалпы адамзат өркениетінің тағдыры алдындағы жауапкершілікті майындауды ескертеді» дейді. Бұл ретте ол көнені жоққа шығару, патриоттық тәрбиені әлсірету, көне ататектілік, танымдылық тәрбиелік өзектен адасып қалу секілді кемшіліктерді белгілейді. Ата-бабадан қалған отаншылдықтың киелі шарттарын жаңартуда «белгілі бір этномәдени» тәрбие жүйесін қалыптастыру керек екенін дәлелдеуге ұмтылған. Менің пікірім бойынша, ол үшін, ең алдымен, қазақ жұртының ішкі патриоттық «менін» құрайтын этно-әлеуметтік мінез-құлқы қандай болған, ол қандай ұстанымдарға негізделгендігінің мәнін ашу қажет.

 

 

1.2 Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе

 

 

Ақиқат қашанда киелі  сезімнен, ұлағатты сөзден, өнегелі әрекеттен нәр алып, өз иірімін таппақ. Рухани байлыққа, ұлттық болмысымызға алып – қосары жоқ қоғамдық ортада адам қызметі келеңсіз жіктеліп, жасанды мінез, жылтыр сөз тамыр жаяды. Мұндай кезде тәрбиенің тәлімді, ішкі ықпалды түрінен гөрі, кездейсоқ сыртқы көрініс басым болады. Ал, бірлігі, ұлт дамуы көкейкесті басты мақсат биігіне көтерілген қоғамда азаттық идеясы азаматтық ой – толғаныстардың жаңа қарқынмен оянуына ықпал етеді.

Еркіндік, Елдік, Бірлік идеясын ұран етіп көтерген халық саяси құрсаудан босанып, рухани күштен қуат алды, ал бұл мақсаттардың қозғаушы күші, әрине отансүйгіштік, ұлттық, патриоттық сезім екенін әр күн сайын айтып, есте ұстауымыз керек, сонымен қатар оны жас ұрпаққа уағыздау үлкен міндет болып табылады.

«Ері жоқ- ел жетім, елі жоқ – жер жетім» дегенді ұлағатты өмірлік қоғамда санаған жұрт еліне лайық ер, еріне сай ел қалыптастыруды азаматтық парыз деп санайды. Әрі бұл өскелең өмірдің, өзгерген заманның талабы да. Ендеше «Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, қазақ өзінің ұлттық болмысын нығайтып отырса, бұл өзі жұртты қорлау, өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс деген қағиданы жас ұрпақ әрқашан есте ұстауы хақ. Бұл да патриоттық тәрбиенің бір бөлігі тәрбиеліліктің көрінісі болып табылады.

Патриоттық күш - халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрде жүргізілген ұлттық, патриоттық тәрбие негізінде қалыптасып, тектілікке жеткізер рухани құндылық күш, адам мен қоғамның алға қойған ортақ мақсаттарына қол жеткізер киелі мақсат.

Қазір патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезден де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке тәрбиелеу өте - мөте маңызды болмақ.

Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен елін сүю, ұлтын ардақтау сынды тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы отансүйгіштік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Жас ұрпақты төл-тума тарихымызбен байланыстырып отыруымыздың ролі аса маңызды. Сонда ғана патриоттық бағыттағы тәрбие екі аяғын тең басар еді. Халқымыздың тарихы теңіздей терең. Соны бала сапасына жеткізе білсек, онда терең тоқталып өтетін бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерлігін, өздерінің ер жүрек жауынгерлігінің арқасында қазіргі күнгі жерімізді сақтап қалуы, қазақ халқынан көптеген ғұлама ғалымдар, ақындар, оқымысты адамдар шығатындығын, халқымыздың ұлылығын айта отырып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім, ұлтжанды қасиетін қалыптастыруға болады. Халқымыздың тәлім- тәрбиесі теңдесі жоқ даналықтың қайнар бұлағы болғандықтан көңілі ояу, көзі ашық, ұлтжанды халқын, Отанын сүйетін азаматтарымызды тәрбиелеу – негізгі міндет.

Ұлтжандылық – патриоттықпен, ұлтқа деген сүйіспеншілікпен мәндес, ұлттық тұтас идея мен мемлекеттің ұлт ретінде алға дамуының басты бағдарының қозғаушы күші. Басқаша айтсақ, жалпы адамзаттың құндылықтарды игерудің өркениеттік үрдістердің ұлттық жолы мен үйлесімді жетістіктерін жинақатумен жүйелеудің бағдары, серпілісті қозғалыстық мақсатты кезеңі. Тағдырымызбен тамырлас, тарихымызбен тағдырлас, тау суындай арынды да сарқылмас құдіретті күш бар, ол – отансүйгіштік, ұлтжандылық деген ойды жас ұрпақ бойына сіңіре білуі қажет.

Таптық саясат қысымы тұсында аталмыш атауға, яғни ұлтын сүю, Отанын сүюге секемдік білдіруімізбен қатар, ол ұлтшылдық ұғымымен алмастырған кездер де болды.

Әсіресе, мұндай үрдіс елін, жерін, Отанын, Ұлтын сүю мәселесіне деген біржақты көзқарас үстемдігі саясаты турасында белең алып өрбіді. Бірақ, елім деп еңіреген, тәңірімен тағдырынан адаспай, тәубасын ұмытпаған елін сүйген, жеріне берілген ел боздақтары ел, жер, тіл, ұлт тағдырын ойлап, арттарына ұлағатты өсиеттер қалдырды, сол өсиеттерімен, ғибратты, тәлімді ақыл-кеңестерімен жас ұрпақты, балаларды патриоттық сезімге тәрбиелейді. Бүгінгі таңда патриоттық тәрбиенің жемісті де жеңісті болуы үшін осындай ел боздақтарын үлгі етуіміз керек.

Тәуелсіздік тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік, «Ұлтты тану – ұлттық дамудың негізгі шарты», «Атасыздық – отансыздық, отансыздық опасыздық, опасыздық - имансыздық», «Ұлт мүддесі мен ел игілігі екі тепкі, бір қамшы белсенділік «тәрк етеді», «Әділет бар жерде ынтымақ бар», «Өз басыңнан бақ ауса да, ел басынан бақ аумасын» деген секілді патриотизмге толы сөз тіркестерін әрбір азамат құлағына құюмен қатар, оларды мәңгі сақтауларына ықпал жасау қажет-ақ.

Қазақ халқының ұлттық сипатын білдіріп тұратын көрнекі жерлер мен орындар көп-ақ. Бұл жерде айтайын дегеніміз жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұлттық музейлерге, көрмелерге апарып, рухани байлыққа толы қазыналарымызды көрсетумен қатар, таныстырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені ұлттық сипатқа толы құндылықтарды көріп өскен азамат қана Отанын, ұлтын құрметтемек.

Ел боздақтарының ескерткіштеріне апарып гүл шоқтарын қойып, оларға ізгі ниет білдірудің үлкен маңызы зор. Ескерткіштерге құрмет көрсете отырып жас ұрпақ өз Отанына да құрмет көрсетеді, бағалай біледі. Жоғарыда айтылып өткендердің бәрі – жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің бір жолы.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, жүрекке жол салар да, жүректен орын алар да өлең болмақ. Сол себепті жас ұрпақтың жүрегінен Отансүйгіштіктің орын алуы, ол мәңгі сақталуы үшін патриоттық өлең- жырларды көп оқыту керек. Мысалы, орны толмас ақынымыз да асылымыз Мұқағали Мақатевтың «Үш бақытым» атты өлеңі неге тұрады!? Бұл өлеңді оқыған әрбір азаматтың бойында міндетті түрде жылы сезім оянатыны белгілі. Осы сынды санасақ сан жетпес өлең- жырларымыз көп-ақ. Олар тек өлең жыр болып қана қоймай, еліміздің болашағы үшін қызмет етуі қажет. Ал бұл мәселені іске асырып, жас ұрпаққа беру тек қана біздің қолда екенін ұмытпау керек деген ой әрбіреуімізде қалыптасуға тиіс. Осы сөзімізге дәлел ретінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» деген өлеңін алайық. «Ленинградтық өрендерімнің» әрбір жолы мен шумағы сол кездегі жауынгерлерімізге рух беріп, демеп, «Отан үшін алға» деп ұран салуларына  көмектескені бізге де, сізге де мәлім. Міне, өлеңнің құдіреті деп осыны айт. Ол патриоттық тәрбие бере отырып, Отанын, елін, жерін, халқын жаудан қорғап қалуға септігін тигізді [31].

Тәрбие – шегі жоқ, шеті жоқ, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жататын құбылыс. Тәрбиенің қырлары көп. Солардың бірі – патриоттық тәрбие. «Тәртіпке бағынған құл емес» демекші, жас буын патриоттық тәрбиеге бағынып, шын ниетпен қабылдаған да ғана ол өз жемісін бермек.

Қазіргі нарық, аласапыран кезеңде бұл өте өзекті мәселе болып отыр. Өйткені «қазақпын», «ұлтым қазақ» деп айтуға, қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын бауырластарымыздың бар екені жасырын жайт емес. Әрине, ондай қандастарымыздың қабырғамызды қайыстыратыны белгілі. Ұлттық намысы жоқ, ұлттық сипаттан жұрдай кейбір азаматтар шет ел асып кетіп жатқанын да жасыра алмаймыз. Оларды естігінде немесе көргенде «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген нақыл сөзді естімеген, естісе де оның мәні мен мазмұнына терең үңілмеген екен-ау деген ойда қаласың. «Қарғайын десем жалғызым» деген нақыл сөзді еске ала отырып, шетке шығарып тастай алмаймыз. Олай етсек, сүйегімізге таңба болар еді. Керісінше, оларды түзу жолға салып, өз ұлтынан, Отанынан, елінен артық ештеңе жоқ екендігін түсіндіру керек. Жүректеріне қалай да болса жол салып, патриоттық тәрбиені талмай шаршамай жүргізу – кезек күттірмес мәселе. Сонда ғана біз ел болып қала аламыз, сонда ғана біз ұлттық болмысымызды сақтай аламыз.

Еліміздің әрбір азамат ұлттарының, тілдерінің өзге екеніне қарамастан, әр басқан қадамын елім деп басып, әр істеген ісін Отаным деп істеп, қасық қаны қалғанша халқым деп өтсе, жерім деп жырласа, туған өлкем деп тыныс алса, патриоттық тәрбиенің жемісті болғаны.

Қандай бағыттағы тәрбие болмасын бұқаралық ақпарат құралдарының әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі кезеңде теледидардан беріліп жатқан бағдарламалардың, газет немесе журнал бетіне жарияланып жатқан мақалалардың көбісі ұлттық сипатқа сай келмейді десек артық айтқандық болмас. Әрине бұл жас буынға тәрбие берудегі әлсіз тұс болып табылады. Қазіргі көгілдір экраннан күндіз-түні тынбай беріліп жататын атыс-шабыс, түсініксіз кинолардан немесе мәні мен мағынасы жоқ телесериалдардан гөрі патриоттық тәрбие беретін программалар көрсетілсе, құба-құп. Мысалы, өткен ғасырларда ата-бабаларымыз елін, Отанын қалай қорғағаны хақында түсірілген және ұлттық болмысқа толы фильмдер көрсетілсе, онда балалардың одан үлгі,тәрбие, тәлім алып, мақтанышпен айтып жүреді. Ұлтын, тарихын мақтан тұту – патриоттық тәрбиеліліктің бір көрінісі. Баспасөз беттерінде де осы сынды әңгіме, мақалаларды жиі-жиі жариялау арқылы патриоттық тәрбиені дұрыс бағытта жүргізе аламыз. Өткен тарихымызды көріп немесе одан өскен әрбір азамат қазіргі күнгі тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің заманның қадірін білер еді, түсінер еді.

Отанын сүйген, елін сыйлаған адамдар ғана Ұлы Жеңіске ұмтылады. Ұлттық болмысын сақтап, елін қорғаштап, жерін жаулардан аман сақтап қалады. Патриоттық тәрбиеден терең сусындаған әрбір саналы азамат Отанын сүйеді, елін қорғайды, ұлтжанды азамат болады. Сондықтан патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе.

Информация о работе Оқушыларға патриоттық тәрбие беру