Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:08, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғни патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.
Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Тамыры терең патриоттық тәрбие..........................................................
8
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде....................
8
1.2 Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе...........................................................................................................
11
1.3 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.............................................
14
2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері........
19
2.1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері.................................
19
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары.............
21
2.3 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты..........................................................................................................
24
Қорытынды...................................................................................................
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
30
Қосымша(лар)...............................................................................................
33
Қазақ халқының білімпаз да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт анық байқалады:
- Қазақстанға, Отанға, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік;
- халықтар
достығына шақыруы, үндеуі
Бұл ақиқаттар қазіргі уақытта да өз мәнін жойған жоқ: ізгілікті, өркениетті патриоттық әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болады.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрніс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриот - Отанын, халқын жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары, спорт белсенділері. Қазіргі тәуелсіз ел жағдайында жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана-тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі арнайы спорт мектептің де басты мақсаты деуге болады.
Патриоттық іс-әрекет, оқу-танымдық, қоғамдық-саяси, спорт-қорғаныс, ойын, еңбек, көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттер және ұжымдық қарым-қатынас барысынан жинақталатын интегралды (теңгермелі) білім болып табылады. Сондықтан, патриоттық тәрбие азаматтылық тәрбиемен тығыз байланысты болғандықтан, мұнда ішкі өзара байланыстар және зандылықтар жүзеге асырылады. Сондықтан, жас іштей азаматтылық талаптарын қалыптастыра алуы үшін және оның орындалуына өзіндік іштей сенімі болуы үшін кез-келген іс-әрекет азаматтылық санасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Патриоттық
іс-әрекет барысында
Оқушының патриоттық іс-әрекетке дайын болуы, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік таныту шегіне көтерілуімен анықталады. Тәрбие қағидаларынан шыға отырып, болашақта жоғары адамгершілікті және азаматтылықты саналы өмірден өз орнын таба алатын, өз ата-бабаларының батырлық істерін жалғастыра алатын адам тәрбиелеу өзекті мақсаттардың біріне айналды. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.
Қажеттілікті зерттеу оның белсенділікті қозғаушы жеке тұлға қызметінің себебі болатынын көрсетті. Оларды қанағаттандыру жағдайларға сәйкес өзгеріп отырады. Қажеттіліктер мен мүдделер адамның патриотизмінің қалыптасуына саналы және белсенді серпін беретін патриотизмнің қозғалыстағы күші болып табылады. Олар себептік әрекеттерде іске асырылады. Патриотизм дамуының белсенді және баяу пайда болуы жеке тұлғаның қажеттіліктеріне, мүдделеріне және себептеріне байланысты.
Патриоттық тәрбиенің құрамдас бөлігіне енетін-әлемтанушылық көзқарас, идеялық сенімділік, ниет тазалығы, еңбексүйгіштік, дене шындалуының жетілуі, психологиялық дайындық жасөспірмдерге жаттығулар барысында беріледі. Оларға белсенді қатынасу нәтижесінде, оқушылардың алған білімдері біртіндеп сенімге айналады, қабілеттілік, моральді-еріктілік мүмкіншіліктерін кеңейтіп, жеке тұлғаның өз әрекетіне деген жауапкершілігін арттыра түседі.
Дегенмен, оқу процесінің мазмұны оның уақыты жағынан нақтыланған, бұл жағдайдың өзі тәрбие мүмкіншілігін шектей түседі. Сабақта патриоттық тәрбиеге байланысты барлық мәлімет-оқиғаларды толығынан қамту мүмкін емес. Оның үстіне қоғам жеке тұлғалардан құралмайды, ол осы тұлғаларды қарым-қатыстары мен байланыстарының жалпы ортақтығын да білдіреді. Спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие іс-әрекетінде осы байланыстар мен қарым-қатынастардың ортақтығы анық және жиі байқалады. Бұл қатынас адамның өзге адамдармен қарым-қатынасының ерекше түрі, субъектілердің өзара қарым-қатынасы ретінде - дәл осы арада көрінеді.
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде», «Тарих толқынында» деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рөл атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз – Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу [6]. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек», - деді [9].
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан [6]. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.
Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рухтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар [10]. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да [10].
Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер «ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен» десе, ал кейбіреулер «ұлтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен», дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
«Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең» [11]. Себебі ол бүкіл ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық, шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. «Қос азаматтық», «Қос тілдік» деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс.
Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та.
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» деген өлеңінде былай деген:
“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадымына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті, болса да,
Төрт анаға өңін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы [41].
Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар. Қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.
Сонымен, оқушыларға патриоттық тәрбие беру негізі - ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары - ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.
2.3 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез-келген сыртқытжәне ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді».
«Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар – намысында және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп- қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу». «Батылдық – іс-әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық». «Табандылық – батырлардың қалқаны». «Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес, деген жағдайдың өзіне абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс». «Отан дегеніміз – халық».
Патриотизм – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің екінші жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.
Қазақтың патриоттық-отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамырын тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетаным-көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық – отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш- жігері мен ақыл- қайрат жұмсап, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір жас буында патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Патриоттық сана, патриоттық сезім көрсеткіші – оқушының іс-әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет оның даму, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында тыңдаушы қоршаған ортамен құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттерді дамуына ықпал етеді, басқаша айтқанда өз басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне ұштастырады.
Жалпы патриотизм сөзі гректің «Отан», «ел» деген сөзінен шыққан. Патриоттық идея – Отаншылдық адамға туа біткен қасиет емес, ол жүре түзелетін адамның саналы өміріндегі қабаттас құбылыс. Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі – туған жер табиғаты, ана тілі, салт – дәстүрі, тарихи ата-бабаларының ерлігі. Олар әр адамзат бойына намыс, ар, сүйіспеншілік ұялатады.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ата – буынның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай халықтікі болмасын, озық тәжірибені жатсынбай қабылдағаны дұрыс. Осыған орай өзге емес, өзіміздің ата-бабаларымыз, яғни батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов және тағы да басқалардың өткен ерліктері, көрсеткен қызметтері неге тұрады?! Тек солардың Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арқасында ғана қазір бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз [43].