Оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғни патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
4
1 Тамыры терең патриоттық тәрбие..........................................................
8
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде....................
8
1.2 Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу – ең басты және күрделі мәселе...........................................................................................................

11
1.3 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.............................................
14
2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері........
19
2.1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері.................................
19
2.2 Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары.............
21
2.3 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі мәселелері, мақсаты..........................................................................................................

24
Қорытынды...................................................................................................
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................
30
Қосымша(лар)...............................................................................................
33

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 278.50 Кб (Скачать)

 

 

1.3 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері

 

 

«Мен қазақпын мың  өліп мың тірілген», - деп жырлаған Міржақып Дулатов өзінің қазақ екенін мақтан тұтты, ержүрек, батыр, отансүйгіш, ақкөңіл, жомарт, қонақжай қазақ болып туылғанына қуанды. «Қазақ» деген ұлттың атын өзіне пір тұтті. Сол себепті де «Оян, қазақ!» деп барлық қазақ даласына жар салды, Отанын сүйді, елін құрметтеді. Сол отансүйгіштіктің арқасында халқына жаны ашып, оны алға қарай сүйреді, тек қана алға ұмтылдырды. Бұл тек Отанға берілген, елім деген азаматтың ғана қолынан келер іс. Осы секілді елім, жерім деген, елі үшін қызмет етіп, туған жері топырағы үшін қан төккен азаматтар қаншама?! Қазақ халқының қанында бар рух басқа ұлттың қанында кездеспейді деп айтсақ артық болмас. Қызу қанды, мықты рухты, ер жүректі, сегіз қырлы, бір сырлы алып алдаспандарымыз. «Халық қазанын қайнаттым, қолымның қане қарасы, ел қазанын қайнаттым, етімнің қане жарасы» деп, тек елі үшін қызмет етті емес пе?

Кейін шегіне артқа көз салсақ, яғни өткен тарихымызға үңілсек, сонау Абылай хан, Тәуке хан, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Райымбек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқалар- халық басына күн туған сәтте елім деп елжіреген, жерім деп жырлаған, Отаным деп отқа түскен аталарымыз. Аталарымыз ғана емес-ау, сол кезде халқымыз арқасын сүйеп, саясында паналаған бәйтерегіміз. Олар торғайдың балапанын қорғаштап шырылдағанындай, елін қорғап шырылдап, түнде ұйқы, күндіз күлкіден айрылып, не көрмеді. Жаугершілік заманда өз басын ойлап, өз қамын күйттемей, тек Отаны үшін қызмет етіп, ерлік көрсетті. Қазақ халқының патриоттық сезімге беріліп, жарығы еміс- еміс түсіп тұратын шамның сәулесінде қолына қалам алып, жырлаған ақын-жазушылары, жыраулары бір төбе. Шабыт келгенде биік таудың бөктерінде, жасыл шөптің мамығында, ашық аспан астында, талай-талай елге, халыққа арналған сүйіспеншілікке толы жырлар төгілгеніне, өткен тарихымыз, одан қалды біз куәміз. Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың ақ қағаз бетіне түскен әрбір әріптері, жазулары халқымыздың мұңын мұңдап, жырын жырлап тұрды. Осы секілді Отаны үшін талай қиындыққа барған, соқтықпалы соқпақтан өткен, сындарлы кезеңдерді басынан кешірген ата-бабаларымызды айтып, жаза берсек, талайды таңды атырып, талай күнді батыратынымыз хақ. Әрине біз бұған мақтануымыз керек. Қазір бейбітшілікке өмір сүріп, уайым қайғысыз күн кешіп жатқанымыз тек солардың арқасы [13].

Отанға деген сүйіспеншілік сезім әрбіреуіміздің жүрегіміздің түкпірінде орын алуы, терең бойлауы тиіс. Еліңе қызмет еткенің – өзіңді керекті азамат ретінде сезінгенің, Отаныңды сүйгенің – өзіңді бақыттымын дегенің. Елге, туған жерге деген сүйіспеншілік ата-анаңа, отбасыңа, туған-туыстарына, дос-жарандарыңа деген сүйіспеншіліктен басталса керек. «Отан отбасынан басталады» демекші, Отанға қызмет ету, отбасына қызмет етуден басталмақшы.

Патриоттық сезім айналаңа деген көзқараспен жан-жағыңа деген байланыспен, ата – анаңа деген сезіммен ұштасады.

Отанын сүю дегеніміздің тағы бір қыры – ел басына күн туғанда ерлік көрсету, ештеңені елеместен күресу. Ерлік кісінің қайрат-жігерінің, ақыл-ойының, ар-намысының жеңісті де жемісті көрінісі. Ал халықты, Отанды қорғау – ерліктің, адамгершіліктің асқар шыңы. Ерліктің жалыны ұлттық сезімдерден, ұлттық мақтаныштан, адамгершілік ар- намыстан ұшқындайды.

«Ер елі үшін туады, елі  үшін өледі», «Болат қойнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Отан отбасынан басталады», «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген мақал – мәтелдер, аталы сөздер осы сүйіспеншілікпен байланысты, оқушыларды ерлікке, батылдыққа, шыншылдықа тәрбиелейді. [30]. Өркениетті елге қажетті ұлтжанды азамат тәрбиелеу – негізгі міндетіміз. Жалпы алғанда егеменді ел болып отырған шақта біздің Отанымызға қалай болғанда да білімді, тәрбиелі, өз Отанын сүйетін, патриоттық сезімге бай азаматтар қажет. Ал осындай білімді ұлтжанды азаматтар даярлау бүгінгі күннен басталу керек. Өз еліне, қоғамына жанашырлықпен қарайтын жас буынды тәрбеиелу - әрбіреуіміздің міндетіміз. Біз ұлы М.Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзін еске түсірсек ертеңімізді ойлап, ел қамын жесек жас ұрпаққа жастайынан патриоттық тәрбие беруіміз керек. Көпұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты – жалпы адамзаттың және патриоттық құндылықтардан сусындаған ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу [13].

Бізде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ата-бабаның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай халықтікі болмасын, озық тәжірибені жатсынбай қабылдағаны дұрыс. Осыған орай өзге емес, өзіміздің ата–бабаларымыз, яғни батырларымыз – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов және тағы да басқалардың өткен ерліктері, көрсеткен қызметтері неге тұрады? Тек солардың Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арқасында ғана Ұлы Жеңіске жетіп, қазір тыныш, бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. «Отан үшін отқа түс, күймейсің», «Өтіріктің балын жалап тірі жүргеннен, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген аталы сөздерін үлгі-өнеге етіп кеткен бабамыз Бауыржан Момышұлынан, қасық қаны қалғанша Отаны үшін күрескен апайларымыздың ерліктерін, тәлім- тәрбиелік жақтарын жас ұрпаққа сәт сайын айту- патриоттық тәрбиенің бір қыры [14].

Қазақтар ежелден басқа  халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы  Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:

«Туған жерге туың тік».

«Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне».

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас» т.б. болып кете береді [30].

Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Қандай бір халық  болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы  да жалпы шығыс, оның ішінде түркі  тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Бірақ кешегі кеңес заманында  таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы  кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.

Біз интернационалдық (ұлтаралық  татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.

Осыған орай қазақтың би-шешендерінің сөздеріне жүгінейік.

Төле Би:

«Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол».

Майқы Би:

«Бірлік түбі береке,

Береке түбі мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел болуды ойлаңдар».

Қазыбек Би:

«Алтын ұяң-атаң қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат».

Әйтеке Би:

 «Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,

   Біз үш жүз керіспейік, келісейік» [2]. Би-шешендердің сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады.

Немесе қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға  қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Қамбар, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Қарқабат, Сураншы, Саурық, Сырым, Исатай сияқты батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен [3]. Батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады

Осыған қоса бабаларымыз, ел қорғаған азаматтарымыз: Бәйдібек баба, Қойгелді, Сыпатай, Сәмен, Рысбек, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Туғанбай, Тұрлығул т.б. істеген ерліктері бүгінгі қазақстандық патриотизмге негіз бола алады.

1941-1945 жылдардағы соғыста 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысып, соның жартысынан көбі елге ормалды. Сол соғыста мерт болды.

1941 жылы соғыстың алдыңғы шебі  Брест қамалын қорғауда ерлік  көрсеткен қазақстандықтар: Г.Жұматов,  Ш.Чултуров, Қ.Иманқұлов, Е.А.Качан, Ш.Сулейменов, М.Ниязов, Т.Сатыбалдин, Н.Сыдықов т.б.

Мәскеу түбіндегі Волокалам  тас жол бойында ерлікпен күрескен В. Панфилов, Бауыржан Момышұлы басқарған 316-атқыштар дивизиясы, оның ішінде 28 батырлардың ерлік тарихы ерекше ел аузында аңызға айналды.

1941-1945 жылғы соғыста 500-дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атанды. Батырлар санынан Қазақстан Одақтағы халықтар арасында үшінші орында.

Солардың ішінде Кеңестер Одағының екі рет батыр атағын алғандар: Т.Бильгельдинов, И.Павлов, С.Луганский, Л.Беда. Батырларымыз М.Ғабдуллин, М.Бөкенбаев, С.Баймағамбетов, С.Шәкіров. Батырлықпен көзге түсіп, бірақ кезінде батыр ала алмаған жамбылдықтар Ы.Сүлейменов, А.Сухамбаев. Қазақстандық партизандар: Г.Омаров, С.Төлешов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, М.Мұқанов. Қыздарымыз Ә.Молдағұлова, М.Мәметоваларда ерліктің арқасында Кеңестер Одағының батыр атағын алғандар [4]. Осылардың ерліктері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі екені айқын.

Қазақстандықтардың Отан соғысындағы  ерліктері туралы белгілі ғалым-тарихшы-академик М.Қозыбаев кезінде еңбек жазып, сұрапыл соғыс жауынгерлерінің ерліктерін дүниежүзіне паш еткен [5].

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көп ұлтты Қазақстан Республикасы өзінің ән-ұранын, туын, ұлттық белгісін, ұлттық валютасын шығарып алға қадам басу керек болды. Еліміздің тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Бұл кезеңде «кеңестік патриотизм мен интернационализмді немен ауыстыру керек?», деген сұрақ тұрды. Осыған орай кейбір азаматтардың арасында: «Бізге тек ұлттық тәрбие, қазақтың ұлтжандылығы керек», - деген сыңай танытты. Біз мұны бүгінгі таңда дұрыс бағыт деп санамаймыз. Себебі көп ұлтты мемлекетте басқа ұлт өкілдерін де сыйлауымыз керек. Оларда да ұлттық намыс бар. Сондықтан Қазақстан халқы татулықта, ауызбірлікте бірге еңбектеніп, оқып білім алу қажет. Ол үшін осындай мемлекеттің мемлекеттік, ұлттық идеологиясы болу керек. Соны қалыптастыру қажет. Оған қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ортақ істерінің маңызын насихаттау. Соған мұрындық болатын көп ұлтты мемлекеттің ортақ істерінің бірі 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының 60-жылдығын тойлау сияқты іс-шаралар.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», - дегенін келтіруге болар еді. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз». Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: «Біз қайдан шықтық?», «Біз кімміз?», «Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?», «Сол дәуірде не жоғалттық?», «Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен, жанын пида қылған ата-бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз?» т.б. сұрақтарға жауапты осы мектеп қабырғасында сабақ беру барысында іздегеніміз жөн. Себебі мектеп оқушыларына осы сұрақтар төңірегінде жауаптар беру керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.

Тарихты кітаптан оқу өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды. Бұл да қазақстандық патриотизмнің негізі.

 

 

2 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері

 

 

2.1 Оқушыларға патриоттық  тәрбие беру негіздері

 

 

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір жас буында патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Қазақ тілінде «патриотизм» деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды.


 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патриоттық сана, патриоттық сезім көрсеткіші - оқушының іс әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет оның даму, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында тыңдаушы қоршаған ортамен құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттері дамуына ықпал етеді, басқаша айтқанда өз басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне ұштастырады.

Жалпы патриотизм сөзі гректің «Отан», «ел» деген сөзінен шыққан. Патриоттық идея – отаншылдық адамға туа біткен қасиет емес, ол жерде түзелетін, адамның саналы өмірінде қабаттас құбылыс. Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі - туған жер табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, тарихи ата-бабаларының ерлігі. Олар әр азамат бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатады.

Отаншылдық тәрбие негізі психологиялық-педагогикалық процестің ішкі байланыстарын білдіреді және жасөспірімдерді, ерлік, әскери және прогресті халық дәстүрлерінде оқытудың және тәрбиелеудің бірлігін анықтайды. Отансүйгіштік, отаншылдық тәрбие жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, оларға «ерлік» және «патриоттық» категорияларының практикалық тұрғыда жеке тұлғаның патриоттық танымы және тәрбиесінің жоғары деңгейде қамтамасыздандырылуына бағытталған патриоттық іс-әрекетке араласуына алып келеді.

Отансүйгіштік тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық-еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбие-леудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.

Жеке бас  тәрбиесі тәуелсіз Қазақстанның жаңа қоғамында материалдық өндіріс және рухани өмір, сондай-ақ қоғамдық-саяси құрылымдардың толық қатысу әсері арқылы жүзеге асатын объективті әлеуметтік процесс ретінде қаралады.

Информация о работе Оқушыларға патриоттық тәрбие беру