Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау. 9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы. 12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары. 21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері. 23
2.2 Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері. 31
2.3 Ойлау қасиеттері. 32
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
Ойлауды зеттеу әдістері. 34
Ойлаудың даму ерекшеліктері. 37
Баланың ойлауының дамуы. 38
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

Работа содержит 1 файл

ойлау.doc

— 294.50 Кб (Скачать)

     Ойлау саласындағы дара айырмашылқтарға келетін болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекеті жеке дара ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен–бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы және т.б. сапаларымен ажыратылады.

     Ой-өрісі кең адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ақыл–парасатты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын қате деп сыналып табылған әдіске жоламайды.

     Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санысады. Осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Бұған қарама–қарсы қасиет–ойдың асығыстық түрі. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай үстімен, жеңілдің астымен жүреді. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымдамаға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді.                      

    

  • 3.3 Баланың ойлауының дамуы.
  •      Баланың ақыл ой дамуының тарихын зерттеу, әрине,  үлкен теориялық және практикалық қызығу туғызады. Ол ойлаудың табиғатын және оның дамуының заңдылықтарын терең тануға апаратын негізгі жолдардың бірі. Баланың ойлауының даму жолдарын зерттеу практикалық педагогикалық қызығуды білдіреді.

         Ойлауды түпкілікті зерттеу оның  әр түрлі процестерін, жақтарын, кезеңдерін яғни абстракциялар  және жалпылаулар, түсініктер  және ұғымдар, пайымдау және  ой қорытындыларын арнайы талдауды, бөліп алуда талап етеді. Алайда ойлаудың шынайы процесі осы барлық жақтар мен кезеңдердің бірлігі мен өзара байланысын қосады. Ойлаудың дамуының нақты тарихы, әсіресе оның алғашқы қадамдары, оның пайда болуын,-ол қалай болуы керектігін, мүмкін әлі жазылмаған шығар–адамда ойшылдық қалай дамиды, кішкентай бала қалай ойлаушы тірі жанға айналады деген тарихтың маңызды заңдылықтары ашылуы керек.           

          
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ҚОРЫТЫНДЫ

          В.В. Холодная еңбегінде адам мәселесін танымдық әрекеттің субъектісі ретінде талдау, тұлға ойының белсенділігі құрылымында орталық орынды иеленетін ұғымдық ойлау сияқты, танымдық процесті психикалық ұйымдастыруды зерттеу қажет деп ұйғарады.

         Ұғымдық ойлауды зерттеудің теориялық  өзектілігі таным психологиясы  үшін ұстанымдық маңызы бар  бірқатар мәселелердің өзектілігімен байланыстырылған болып табылады. Бұл көбінесе дүние туралы объективті білімнің мүмкіндігін анықтайтын факторлар туралы, жаңа білімнің пайда болу феномендерімен байланысты өнімді ойлау әрекетінің механизмдері туралы, және бұл ақырында, парасаттылық сияқты адамның тамаша қасиетінің психологиялық негізі туралы мәселе болып табылады. Ұғымдық ойлауды зерттеу адам ойының жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеумен, танып жатқан субъектінің ойлау мүмкіндіктерінің деңгейін анықтаумен біртұтас болып табылады. Сонымен бірге, ұғымдық ойлау табиғатын танымдық әрекеттің ең жоғары формасы ретінде қарастыру бізді адам тұлғасын қалыптастырудағы когнитивті фактордың рөлі туралы мәселеге әкеп соқтырады.

         Ұғымдық ойлауды зерттеудің практикалық  өзектілігі оқыту процесін оңтайландыру мәселесімен тығыз байланысты. Шын мәнісінде, оқыту процесінің негізгі функцияларын тиімді жүзеге асыру, дәлірек айтқанда: оқушыларға негізгі білімдер жүйесін беру қажеттілігімен байланысты білім беру функциясы, оқушылардың ойлау қабілеттерін ынталандырумен байланысты дамытушы функциясы және, ақырында, тұлғаның кәсіптік– танымдық бағытын қалыптастыратын тәрбиелеу функциясы, шамасы, тек оқыту субъектінің танымдық әрекетінің психологиялық заңдылықтарын есепке алу негізінде ғана және бірінші кезекте ұғымдық ойлау сияқты жетекші танымдық процестің қасиеттері негізінде қамтамасыз етіледі.

         Бұл еңбек теориялық–эксперименттік  зерттеу болып табылады. Оның негізгі міндеті–автордың соңғы сегіз жылғы жұмысы барысында жинақтаған эксперименттік тарауларға теориялық тарау алғышарт болады, онда ұғымдық ойлау психологиясы саласындағы жұмыстардың жағдайын талдау жүргізіледі, ұғымдық ойлау табиғатын білуде зерттеушіге қажет болатын қарама–қайшылықтардың негізгі теориялық-әдіснамалық себептері анықталады; бұл кезде танымдық процестің психологиялық зерттеу саласын білу әрекеті жасалады. Еңбектің теориялық тұжырымдамасы Л.М. Веккердің соңғы жылдардағы кейбір идеяларының тікелей әсерімен жасалған.

         Оның психологиялық талдауында  ұғымдық ойлауды біз ойдың интегралды жұмысының формасы деп түсінеміз: бір жағынан, ұғымдық ойлау когнитивті белсенділіктердің көптеген түрлерінің интеграциясының әсері ретінде, екінші жағынан–адамның бүкіл ойлау сферасын интегралдау факторы ретінде қарастырылады. Мұндай тәсілдің негізінде ұғымдық ойлауды кешенді эксперименттік зерттеу әрекеті жасалады.

         Ұғымдық ойлау–айтарлықтай күрделі  зерттеу объектісі, сондықтан  біз экспериментте пайдаланылатын  әдістік процедуралардың шекті  қарапайымдылығына ұмтыламыз. Сонымен бірге, әдістердің және алынған деректердің сенімділігін растау мақсатында біз жасағкан әдістік процедуралар (немесе белгілі әдістердің пайдаланылған модификацияланған тәсілдер) іріктеуі фронталды “көп фокусты” зерттеу принципі негізінде құрылды: зерттеліп жатқан объектінің бір сипаттамасы (мысалы, біздің жағдайда ұғымдық психикалық құрылымын әр түрлі деңгейде ұйымдастыру ерекшеліктері) әр түрлі әдістік құралдар көмегімен зерттелді, дәл сол уақытта біз бір әдістік процедураны әр түрлі эксперименттік материалда қолдандық (мысалы, пиктографикалық әдістің модификацияланған тәсілі көркем тілдің алты концептісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау үшін пайдаланылды).

         Ұғымдық ойлауды зерттеуге психологиялық  тәсілдің талаптары туралы, біздің  түсініктерімізге сәйкес, эксперименттік материалды мазмұндау үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: 1) психикалық құрылымның эмпириялық сипаттамаларын табу; 2) ұғымаралық байланыстарды орнату процестерінің негізінде жатқан психологиялық механизмдерді зерттеу; 3) жеке ой құрылымында ойлаудың орнын талдау (ұғымдық ойлауды қалыптастыру деңгейінің, ой әрекетінің жекелеген түрлерімен және танып жатқан субъект тұлғасының кейбір қасиеттерімен байланыстары білінді).

         Жүргізілген зерттеу біздің алдымызға  ұғымдық ойлау табиғатына қатысты жаңа мәселелерді қойғанын айтып кеткн жөн, олардың пайда болу фактісі, бір жағынан, алға қойылған нәтижелердің толық жеткіліксіздігі туралы айтады; екінші жағынан, танымдық әрекет психологиясы саласында бірқатар теориялық және эксперименттік мәселелерді зерттеудің жалғасуы  туралы ойлануға мәжбүрлейді.    

         Адам міндеттерді шешкенде және  ұғымдарды қалыптастырғанда оған  ойлау қатысады, ал міндетті шешуге  ұғымдарды қалыптастыру қатысады.  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1. Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. Алматы ЖШС “Шұғыла” 2008 ж.
    2. Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант” баспасы 2006 ж.
    3. Жарықбаев Қ. Психология: арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, “Білім”, 1993 ж.
    4. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
    5. Бап–Баба С.Б. Жалпы психология. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2005 ж.
    6. Бап–Баба С.Б. Жантану негіздері. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2003 ж.
    7. Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы: “Қазақ университеті” 1993 ж.
    8. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
    9. Общая психология. Под ред. А.В. Петровского. 2-изд. – Москва, 1977 г.
    10. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: “Білім”, 1996 ж.
    11. Немов Р.С Психология. -М., 1998 ж.
    12. Рубинштейн Л.С Основы общей психологии. -М., 1998 ж.
    13. Гамезо М.В. Атлас по психологии. –М., 1997 ж.
    14. Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., 1997 ж.
    15. Столяренко Л.Д. Психология. Алматы 2010 ж.
    16. Никандров В.В. Психология. Алматы 2009 ж.
    17. Петровский А.В. Психология. Алматы 2007 ж.
    18. Темірбеков А. А., Балаубаев С. Психология. Алматы “Мектеп” 1966 ж.
    19. Джемс У. Психология. М., 1991 ж.

      20. Реан А.А.  Общая психология и психология  личности. Алматы 2009 ж 
       

        

                        
     
     
     
     
     
     

     

                              


    Информация о работе Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет