Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау. 9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы. 12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары. 21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері. 23
2.2 Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері. 31
2.3 Ойлау қасиеттері. 32
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
Ойлауды зеттеу әдістері. 34
Ойлаудың даму ерекшеліктері. 37
Баланың ойлауының дамуы. 38
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

Работа содержит 1 файл

ойлау.doc

— 294.50 Кб (Скачать)

     Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау–ми қыртысының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атақарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.         

   

1.2 Ойлаудың психологиялық  теориясы.

     Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады. Осы уақытқа дейін үстемдік еткен ассоциативтік психология барлық психикалық процестер ассоциациялар заңы бойынша өтетін және сананың құрылуы аз не көп күрделі комплекстердің ассоциациялары арқылы біріктірілген қарапайым сезімдік түсініктерден тұратын ережеден бастау алады.

     Сондықтан да ассоциативтік психология  өкілдері ойлауды арнайы зерттеуді  қажет деп таппады: олар шынында  да оны өз теориясының алғышартынан  құрастырды.

     Ұғымдар түсініктермен ұқсастырылды  және белгілердің ассоциативті  байланысқан жиынтығы ретінде  тұжырымдалды: пікірлер түсініктердің  ассоциациясы ретінде; ой қорытындысы–оның  тиянақтарына қызмет ететін екі  пікірдің арасындағы ассоциация  ретінде және одан шығатын үшінші түсінік ретінде қарастырылды. Бұл тұжырымдама Д. Юмнан басталады. Ол XIX ғасырдың соңынан бастап үстемдік еткен болатын.

  1. Ойлаудың ассоциативтік теориялары.

     Құрылымдық психологияға сәйкес  жеке сезімдік елестер психологиялық  тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде түсініледі. Бұл бағыттардың психологтардың негізгі қойған міндеті– ойлаудың белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру. Ұғымдардың қалыптасуы елестерді ассоциациялау барысында жүзеге асады деп есептелінді. Пікір ұғымдарды ассоциациялау, ал ой қорытындысы пікірлердің ассоциациялау нәтижесі ретінде түсіндірілді.

     Осылайша, мәнді мен жалпының  арасына теңдік белгісін қою  тұтас аcсоцианизмге тән құбылыс  болды. Бұл бағыттағы теоряиларға  келесі тұжырымдар енді:

  1. Г. Мюллердің “диффузиялық репродукциялар” теориясы. Берілген тұжырымдамаға сәйкес, екі (немесе одан да көп) елестердің үйлесімі былайша қалыптасады: субъекте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрізді басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
  2. Ойлау үйрену ретінде. Бұл жерде талдаудың негізгі элементтері болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесімге келтіру заңдылықтары бөлініп шығады. Жаңа стимул–реакциялық байланыстар, яғни шартталу механимздері инттелектуалдық мінез– құлыққа тән емес. Сондықтан ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық міндетті шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

     Ассоциативті теория ойлаудың  мазмұнын түйсінудің сезімдік  элементтеріне апарады, ал оның  өту заңдылықтарын ассоциативті заңдарға апарады. Бұл екі жағдай да жарамсыз. Ойлау өзінің сапалы ерекше мазмұны мен өтудің сапалы ерекше заңдылықтарына ие. Ойлаудың ерекше мазмұны ұғымдарда көрінеді; ұғымдар түйсінулер немесе түсініктердің ассоциативті байланысқан қарапайым жиынтығына апарылмауы керек.

     Тура сол сияқты ойлау процесінің  өту заңдылықтарын ассоциативті  процестерді (кеңістік пен уақытта  араласу бойынша ассоциация заңдары)  анықтайтын ассоциативті байланытсрамен  заңдарға апарылмауы керек.

     Ойлау процесінің ассоциативті процестен ең бірінші маңызды айырмашылығы мынада, ойлау процесінің өтуі өзінің санадағы заттық мазмұнының байланыстарымен азды–көпті адекватты бейнелегендермен реттеледі; ассоциативтік процесс тек қана кеңістікте және уақытқа араласу бойынша ұғылмаған байланыстарды алған субъектінің мәліметтерімен немесе кездейсоқ субъективті әсерленулерімен ғана анықталады. Әр бір субъектіде олар сол заттар үшін қаншалықты маңызды екендігіне қарамастан, сол әсерлену мәліметтері қаншалықты біріктірілгеніне қарамастан қабылданады. Сондықтан да, ассоциативті байланыстар танымның әлі жетілмеген сатысы болып табылады. Онда тек қана мәнді байланыстар ғана бейнеленеді, және әрбір жеке жағдайда ассоциациялар кездейсоқ сипатқа ие болады.

     Ассоциациялық процесте процестің өтуін объективті анықтайтын қатынастар мен байланыстарды субъект заттық мазмұнның байланысы ретінде ұғынбайды. Сондықтан да процестің мазмұны танымдық қатынаста субъективті, және сонымен қатар оның өтуі автоматты турде субъектіден тәуелсіз болады; субъект оның өтуін реттемейді. Ассоциативті процесте субъектіге тәуелсіз бірқатар субъективті түсініктер өтеді; ассоциативті процестің мақсатты бағыты жоқ.

     Әрбір түсінік ассоциациялар  бойынша кез келген түсінікті  шақыра алады, олар өздерінің қатысыуымен кеңістік немесе уақытша араласуларда көрінеді, ал мұндай түсініктер әдетте көп болады. Ассоциативті шақырылған түсініктердің әрқайсысы өз кезегінде ассоциациялардың әр түрлі жақтарына тарап кететін бастапқы нүктесі болып табылады.

     Сонымен, алғашқы және соңғы түсініктер арасындағы байланыстарға негізделген ассоциациялар бір жақты емес: процесс бағыттылықтан айырылады, онда оны ұйымдастыруды реттеп, отыру деген болмайды. Мысалы, кездейсоқ келген ойлар әр жаққа шашырап, үзіле берсе, олар бір затқа қатысты жинақылықты және шоғырланған бағыттылықты талап ететін ойлау жұмысынан шығып қалады, сөйтіп біз шешіп отырған міндетте өз “ойымыздың адасуға, шаршауға әкелеміз және кездейсоқ армандарымыз да ыдырайды; алайда осы армандарда ассоциациялардың қарапайым тізбегіне қарағанда бағыттылық көп болады”. Ойлау процесінде ассоциацияның осы механизмнің әрекетін “шашыраңқылық” жағдайымен түсіндіруге болушы еді, алайда ойлау операцияларының бірізді жүру барысында ойлау операциялары реттелген, дұрыс өту барысынан, оның жолынан ойды ауытқытып, кездейсоқ ассоциациялар бойынша шыға келген бейнелер пайда болады.

     Сөйтіп, жоғарғы ойлау процесі  және қарапайым ассоциативтік  процестердің өту сипаты бір–бірінен  мәнді айырмашылығы болады, сондықтан  да екіншіні біріншісіне апару мүлдем дұрыс болмайтын еді.

     Ассоциативті теорияның алғашқы  алғышарттарынан бас тартпай  ойлау процесінің бағытталған  сипатын түсіндіру үшін, ол бойынша  барлық ойлау процестері сезімдік  деректер мазмұнын өндіретін  репродуктивті сипатқа ие болады деген көзқарасты ассоциациялармен қатар осы теорияны жақтағандар персеверацияны (Г. Мюллер), пайдалануға тырысты. Персеверация тоқтау түсінігі бағытында көрінеді, әрбір жолы біздің түсініктердің өту барысына қайтадан кіреді. Сөйтіп, адамның артынан қандай да бір мотив ілесіп қалмайды. Жабысқақ идеялар персеверацияның соңғы патологиялық формасын көрсетеді.

     Ойлау бағыттылығын түсіндіру  үшін персеверативті үрдісті  пайдалану талпынысы Г. Эббингауздың  формуласынан айқын көрінді: “реттелген  ойлау –бұл идеялардың секірісі және жабысқақ түсініктердің арасындағы орташа бір нәрсе деп айтуға болады”. Сөйтіп, ойлау екі патологиялық күйдің теңдей әрекет етуші түрінде түсіндіріледі – оны түсіндіру жүзеге асатын негізде осы теорияның алғышарының ойлаудың табиғатына сәйкес келмеуінің айқын дәлелін көреміз.

     Адамның психикалық өмірінің  әмбебап заңдылықтары ассоциация  принципімен байланысты. Ассоциацияның  негізгі заңы: ассоциация жиі  қайталанған сайын, дұрыс әрі  берік болды. 

     Ассоциацияның төрт негізгі түрі бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңістіктік іргелестік бойынша, қатынас бойынша.         

     Ассоциациялардың заңдылықтары  Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерінде зерттелінді. Бұл жерде ассоциация психикалық бірлігі және түсіндіруші принципі ретінде қарастырылды. Ассоциациялар ойлау белсенділігін түсіндіре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсіз ақыл–ойдың туа біткен қабілеті деп білген. Бұлар да рационалдық сезімдікке баланып, субъекттің іс-әрекет белсенділігі талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердің ырықсыз ілесуі кез келген ақыл-ой процесінің жүзеге асу типі ретінде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердің пайымдауынша, ойлау–ассоциацияларды жинау процесі.     

     Идеялардың репродукция (қайта өңделуі) сауалы ақыл–ой іс-әрекетінің ассоциативтік теориясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылғандықтан, оны жиі репродуктивті психология деп атаған. 

     Отандық психологияда ассоцианистік  тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелінді. Ассоциациялардың ойлау механизмі ретіндегі мәні А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды.

      2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп–сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылр–О. Кюльпе және К. Бюллер, ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.

     Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген негізгі мәселелер: a) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механимдерін түсіндіру.

     Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың  тәсілдерін таңдау процесі мен  қолдану сипаты субъектпен шешілетін  нақты міндеттерге байланыстылығын  атап өтті. Осылайша, вюрцбурлық  мектептің негізгі қосқан үлесі–“міндет”  ұғымын енгізуі (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъекттің өзінің ішкі ойлары, елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сқраққа жауапты іздей, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрді.    

     Сенсуалистік ассоциациялық психология жүргізген логикалықты сезімдікке апарған мәліметтер, ойлау психологиясын жасауды өзінің негізгі міндеті деп санаған вюрцберг мектебі логикалықты сезімдіктен рационалды, идеалистік тұрғыда бөлуге қарсы қойды.

     Франциядағы А. Бинемен қатар ойлау психологиясын жүйелік зерттеуді бастаған вюрцберг мектебінің өкілдері, ең алдымен, ассоциативті психологияның сенсуализміне қарсы, ойлау, қабылдау және түйсінудің көрнекі–образды мазмұнына апарылмайтын ерекше мазмұны бар деген ережені алға тартты. Алайда ойлаудың көрнекі сезімдік мазмұнға апаралмайтындығы жайлы дұрыс тұжырымдар оларда бір–бірінен жалған ажыралатын тұжырымдармен біріктірілді: “таза” сезімдік “таза” ойлауға қарсы қойылды; олардың арасында бірліксіз тек сыртқы қарама–қайшылық орнатылды. Нәтижесінде Вюрцберг мекбетінде ойлаудың және сезімдік пайымдаудың ара қатысын дұрыс ұқпайға алып келді.

     Ойлау процесін субъективті түсініктердің  қарапайым ассоциацияларына апаратын  ассоциативті психологияның субъективизміне  қарсы Ф. Брентано мен Э. Гуссерлярдан келген интенция ұғымына сүйенген вюрцбург мектебі ойлардың заттық бағыттылығы жайлы тұжырымды жылжытты және ойлау процесіндегі заттың ролін бекітті.

     Алайда идеалистік философияға  сәйкес шыққан вюрцбург мектебі  ойлауды болмыстың барлық сезімдік мазмұнына сырттай қарсы қояды, ойлаудың бағыттылығын затқа (интенция) қарсы қойып ол таза актіге (схоластиктік философиядағы actus purus) және барлық мазмұнынан тыс мистикалық белсенділікке айналды. Осы таза ойлар идеалды объектілермен ара қатыстырылды, ал идеялық мазмұны өзі трансцендентті ойлау болып табылады. Ойлаудың одан тәуелсіз іштей ара қатыстылығы жайлы дұрыс тұжырымдар трансцендентті идеяларға қарсы тұратын таза мазмұндық белсенділік жайлы жалған метафизикалық тұжырымдамаға айналды.  

     Ойлау процестерін түсініктерді сыртқы механикалық тіркеуге апаратын ассоциативті теорияның механизміне қарсы вюрцбург мектебінің өкілдері ойлаудың бағытталған, реттелген сипаты жайлы тұжырымды қойды. Алайда ассоциативті психология өкілдерінің ойлаудың механикалық тұжырымдамасына вюрцберг мектебінің өкілдері міндетті шешкенде ассоциативті процестерді мақсатқа бағыттайтын детерминацияланған үрдістер (Н. Ах) жайлы телеологиялық тұжырымдаманы қарсы қойды. Міндетті шешуге жарамды болатын ойлаудың маңызды ішкі ерекшеліктерін ашудың орнына механикалық ассоциативті процестерімен шешілмейтін міндеттерге өзіндік таралуға деген қабілетті қосақтады.

     Осы телеологизмді жеңуге және ойлау процесінің өтуін түсіндіруге ұмтылған О. Зельц ойлауды зерттейтін еңбегінде мынадай дұрыс тұжырымды жасады, яғни тиңмді ойлау, репродуктивті және детерминацияланған әр түрлі үрдістердің  қозғалысы, жеке түсініктердің констеляцияларынан тұрмайды, ол белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған әдістердің рөлін атқаратын арнайы операциялардың жұмыс істеуімен байланысты болады. Ойлау процесінің өтуі актуальды зияткерлік операцияларды шешуге арналған міндеттермен немесе ішкі бағдарлардың арасындағы ара қатыспен анықталады.

Информация о работе Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет