Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау. 9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы. 12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары. 21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері. 23
2.2 Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері. 31
2.3 Ойлау қасиеттері. 32
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
Ойлауды зеттеу әдістері. 34
Ойлаудың даму ерекшеліктері. 37
Баланың ойлауының дамуы. 38
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

Работа содержит 1 файл

ойлау.doc

— 294.50 Кб (Скачать)

     Осы уақытқа дейін кеңестік  психологияда адам психикасының  әлеуметтік –тарихи табиғаты  Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі және жан–жақты зерттелді. Бұл екі зерттеуші де көшбасшы және атақты кеңес психологтарының қатарына жатады. Олар спихология ғылымында өз мектептерін және бағыттарын құрды. Олардың бір–бірімен психикалық тұжырымдамаларын салыстыруы және талдауы тек психология үшін ғана емес, сонымен қатар философия, логика және әлеуметтану үшін де өзекті. Біз осы еңбегімізде осындай философиялық–психологиялық талдауды жүзеге асыруды мақсат еттік. Л.С. Выготскийдің теориясындай С.Л. Рубинштейннің теориясы да ойлау психологиясының бай эксперименталды материалында жан–жақты мұқият қарастырылған. Бұл аспектіде біз көбінесе екі тұжырымдаманы да қарастырамыз.

     Майкл Коул және Сильвия Скрибнердің “Мәдениет және ойлау” атты еңбектерінде мәдениетті өмір сүретін халықтардың танымдық іс - әрекетін зерттеуде тест әдісін қолдануға қатты сыни көзбен қарайды. М. Коул және С. Cкрибнер бұл әдістің толығымен ғылымға сай келмейтіндігін және оның көмегімен сенімді мәліметтер алуға қабілетсіздігін ашып көрсетеді. М. Коул және С. Скрибнер өз еңбектерінің соңғы бөлімінде кеңестік психологияның позициясына, оның ішінде Л.С. Выготскийдің теориялық көзқарасына сүйенеді.

     М. Коул оның әріптестерінің  зерттеу жолы қоғам дамуының  түрлі деңгейінде өзгеретін, адамдардың шынайы қоғамдық практикасындағы кез келген танымдық іс-әрекет негізі деп саналатын тарихи материализмнің даму бейнесі дегеннен шықпайды. Осының барлығының кітаптың авторлары дұрыс логикалық жолда келе жатыр деген дерек туындайды; бұл олардың зерттеу бағыты жоғары бағалатынлығына және олардың еңбектері отандық оқырмандар назарынан тыс қалмайтындығына сенім туғызады.

     К. Дункер шығармашылық ойлауды  эксперименталды зерттеуде оның  жалпы  кезеңдерін бөліп шығару мен “іштен сөйлеу” әдісін енгізуді дамытуды, проблемалы жағдайларды эксперименттік өңдеуді өз еңбегінде көрсетеді.

     Гештальт психологияның өкілі К. Дункердің еңбегін де Ж. Пиаже мектебіндегі ойлаудың дамуын зерттеу мен шығармашылық тапсырмаларды шешу процесін зерттеуді қарастырады.

     О. Кюльпе–ойлау психологиясының Вюрцберг мектебінің негізін салушы. Ол Вундтың идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып, жоғары психикалық функцияларды–ойлау және ерік–күшін зерттеу үшін инстроспекция әдісін пайдалана бастады. Оның зерттеулерінің пәні “эмпириялық ойлау” аталған және “таза ойлауды, нақты ойлауды өзінді жүзеге асыратын  психологиялық акті мен жай–күйлер болды. Кюльпеннің атауы бойынша, психикалық актіні бақылау “жүйелік инстроспекцияның” көмегімен орындалады.

     О. Зельцтің ғылыми жұмысының басы Вюрцберг мектебі шегінде ойлаудың эксперименталды зерттеулерімен, оның әдістері мен көріністерін дамытуымен байланысты. Ол ассоциативтік тұжырымдамалардың сынаушы талдауы негізінде “спецификалық реакциялар” мен “комплекс теориясында” сипатталған және кең атақ аталған репродуктивті міндеттердің шешу процесінің жалпы принциптерін ұсынды. Зельц міндеттерді шешу әдісі сияқты, ойлау операцияларын анық жіктеді. Содан соң ол ойлау іс- әрекетінің жалпы заңдылықтарын ерекшелей отырып, өз теориясын өнімді ойлауға таратты.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

    1.1 Ойлау.

     Психология тарихының бас кезінде,  әсіресе ол XIX ғысырдың аяғында,  Еуропада пайда болған кезде  ойлауға деген қызығушылық басым  болды. Бақылау ғылыми әдіс  болғандықтан ертедегі зерттеушілер (мысалыц, Кюлпе) сынаушыларға ойлануды және өз ойларын суреттеуді ұсыну арқылы дұрыс ойлауды зерттеген деп санады. Бұл инстроспективті ықпал көп нәтижелер берді, олар өз кезегінде тиімді ойлаудың кейбір факторларын анықтауға үлес қосты.

     XX ғасыр бойынша арасында В.  Вундт, Джеймс, Торндайк, Дьюи, Дж. Уотсон  және Вертгеймер бар көптеген  атақты психологтар өздері таңдап  алған теориялық  модель негізінде  ойлау тақырыбына көңіл бөлді.

     Соңғы жиырма жыл бойы психикалық  зерттеудің заңды тақырыбы ретінде ойлау тағы да бір кезеңдік қайта жаңғыруды басынан өткізді (Bourne and Dominowsky, 1972; Erickson and Jones, 1978; Mayer, 1983). Бұл қайта жаңғыруды логикалық ойлау мен ой пікірлер бойынша жасалған экспериментке жатқызуға болады. 

     Біздің қоршаған дүние туралы  білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан  басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Себебі ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкінідік беретін қасиет болады. Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі.

     Ойлау дегеніміз–сыртқы  дүние заттары  мен құбылыстарының  байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

     Ойлау–жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта эасау жолымен жасалады. Ойлау–ақыл–ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау қорынан ес сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа ақпарат қайта өзгереді, “қорытылады”, нәтижесінде қайталанбайтын ерекше нәтиже алынады.   

      Егерде сіз, Германиямен соғыс  кезінде II Николай патша Ресей  азаматтарының негізгі мұқтаждықтарын  елемеді деп оқысаңыз, онда ұзақ мерзімді естен Николайдың әйелі Александра тегі бойынша неміс болған деген мәлімет жайлы ақпаратты алып шығуы мүмкін, ал бұл екі жағдай бірігіп Ресей тарихына әсер етті деген ұйғарымға итермелейді. Әрине бұл мысал осы жерде көрсетілгеннен де гөрі күрделірек, себебі жоғарыда келтірілген қарапайым ойлардың дамыту үшін міндетті шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену мен пікір айтуға сүйенуге тура келеді.

     Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін, көбіре ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.

     Сонымен, жекеден жалпыға және  жалпыдан қайта жекеге көпсатылы  ауысу ерекше психикалық процесс  ойлау негізінде жүзеге асады.

     Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.

     Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мысалы, біз қазір тап болған жағдайға ұқсаса, оқиғаларды жиі, арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда болған ассоциациялар біздің ой мәселесін шешуімізде пайдаланылады. Олар бізді одан алыстатпай, оның жауабына, шешіміне жақындатады.

     Адамның ойы әрқашан да сөз  арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.

     Бала тілі шықпай тұрған кезде  де ойлай алады. Нәресте айналасындағы  дүниені бірінші сигнал жүйесінің  қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

     Ойлау адамның сыртқы дүниемен  қарым–қатынас жасау процесінде  туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін–объективтік шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын–оның қажеттіліктері.         

     Ойлау-өзіндік ішкі қарама–қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама–қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.

     Ойлау “ішкі” процесс пе немесе  ол мінез–құлықта көрінгендіктен  бар болып санала ма, міне осы  даулы мәселелер әлі күнге  дейін жалғасып келеді. Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше минут алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған кезде ойлау қатыса ма? Әрине, қатысады және ешқандай да сыртқы мінез–құлық байқалмағандықтан бұл жағдайда кейбіреулер қорытынды элепирикалық бақылауға емес, өз пайдасына негізделген деп айтар еді. Ойлаудың жалпы анықтамасы бұл шиеленісті ішінара шеше және онда біздің талқылауымызға көмектесе алар еді. Әдетте ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады (Mayer. 1983);

  1. Ойлау когнитивті болып табылады, яғни “іштей” ақыл ойда өтеді, алайда оны мінез–құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.
  2. Ойлау–ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.
  3. Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді “шешетін” немесе оның шешілуіне бағытталған мінез–құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған.

     Ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау сияқты когнитивті процестерді қарастырмастан бұрын, біз әрине, алдыңғы тақырыптарды талдауды аяқтаймыз, себебі ол ақпараттарды өңдеу тізбегінің соңғы буыны болып табылады, сонымен қатар олар “жоғары деңгейдегі” танымдық іс-әрекетке жатады. Ойлау “жоғары деңгейдегі” танымдық іс- әрекет ретінде сипатталады, себебі ол ақпараттарды өңдеу процесінің анағұрлым іргелірек компонентіне тәуелді болып табылады, Осы ақпараттардың өңдеудің бірізділігінде қабылдау, паттерндерді тану және ес феномендері ерте пайда болған жағдайда ғана олар “симметриялық” деген мағына негізінде танымдық іс-әрекеттің “төменгі деңгейін” құрайды.    

     Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет  ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты  таниды, дүниені өзгерту арқылы  оны түсінеді. Әрекет ойлаудың жүзеге асуының бірінші ретті формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, содан соң барып теориялық ойлаудың операцияларына айналды, Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық операция ретінде немесе практикалық іс-әрекеттің бір компоненті ретінде туындап, содан кейін барып дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критерийі болып табылады. Бірақ егер де біз бір есепті тек практикалық түрде ғана шешетін болсақ, онда оның тек көрнекі және мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берілген жеке жағдаятты ескере отырып шешеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда қайтадан есепті шешуге тура келеді, және тағы да бұл жеке міндетті ғана шешу болып табылады. Ал егер берілген есептің жалпыланған мазмұнын құрастырып, оны шешудің жалпыланған тәсілін табатын болсақ, бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдайға сәйкес болатын, практикалық–шешімін ғана емес, сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптік біртекті жағдайлардың барлығына ортақ шешімін таба алады.

     Айтып өткеніміздей, когнитивті модельдің берілген компоненттері бір– бірінен оқшауланбайды; осыған сәйкес ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау танымдық процестердің ертеректегі сатыларынан бөлінбейді.  

     Іс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық  ойлаудың өзі жекеден жалпыға,  жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге,  мәннен құбылысқа өту процесі  болып табылады. Шынайы ойлау–ол  ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен оның өнімінің бірлігі негізінде түсініледі.

     Ойлау процесі күрделі процесс  әрі ақпараттарды өңдеудің қорытынды  сатысын кезеңіне жақын келетіндіктен  оны зерттеу біздің түсіну  деңгейіміз бен техникалық мүмкіндіктеріміздің  шегінен шығады деп жоғарыдағы айтылған ойларға қарсылық білдіруге. Мұндай  мәлімет аздап шын да, аздап жалған да бола алады. Ойлау процесінің көптеген ерекшеліктерінің құпия болып қалатынын мойындамау, әрине қиын, алайда когнитивті психологияның соңғы жиырма жылда жеткен жетістіктері, ойлауға қатысты кейбір фактілерді ашуға қабілетті және оларды дұрыс мағыналы психологиялық теориялардың қатарына қосатын теориялық модельдер мен зерттеу әдістерінің керемет арсеналдарын берді.  

     Сонымен, ойлау–аса күрделі психикалық  процесс. Осы зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары сиқяты ойлау формаларының табиғатын зерттейді.

Информация о работе Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет