Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 08:21, курсовая работа
Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.
КІРІСПЕ 3
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау. 9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы. 12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары. 21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері. 23
2.2 Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері. 31
2.3 Ойлау қасиеттері. 32
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
Ойлауды зеттеу әдістері. 34
Ойлаудың даму ерекшеліктері. 37
Баланың ойлауының дамуы. 38
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41
Жалпылау дегеніміз–бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Жалпылаудың негізінде жаңа ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады.
Жалпылау арқылы шындықтағы
2.3 Ойлау қасиеттері.
Кез келген психикалық процесс
тәрізді ойлаудың да өзіндік
параметрлері қасиеттері
Ойдың сыңдылығы–адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті.
Ойлаудың асығыстығы–адам сауалды, мәселені жан–жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бәр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беруі.
Ойлаудың тездігі–адамның жаңа жағдаятты тез түсіне алып, тез ойлау негізінде дұрыс шешім қабылдай алуы.
Ойлаудың дербестігі–адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алумен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенің дұрыс шешілу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемділігі–ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған, таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін білдіреді.
Ойлаудың тереңдігі–күрделі сауалдардың мәніне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдігі–адамның,
Басқа да психикалық құбылыстар сияқты, ойлаудың психологиялық зерттеуде, қаншалықты қиын болса да объективті зерттеу жолынан басқа жол жоқ. Интроспекцияны психиканы зерттеу әдісі ретінде қолдануға талпыныстар психологияның осы саласында да жетістікке алып келмеді. Ойлауды зерттеудің объективтілігі ойлау туындататын, оның ағысына әсер ететін сыртқы жағдайларды анықтауды талап етеді. Мысалы, адамның алдына қойылған міндеттердің ерекешілеіктері оның іс-әрекетіне мәнді әсер етеді. Әрине, бұл әсер іс-әрекеттің ішкі жағдайларымен де анықталады. Ойлауды зерттеудің объективтілігі, сондай–ақ адамның ойлауы көрінетін іс- әрекеттің ерекшеліктерін тұтастай белгілеуді (фиксациялауды) талап етеді. Біз ол ерекшеліктер бойынша ойлаудың ағысы туралы пайымдау жасаймыз: тапсырманы шешу, шешудің типі, шешу уақыты, шешу барысындағы спонтанды айтылулар, сырттай пайымдау, психофизиологиялық реакциялардың ерекшеліктері және т.б. Ойлау психологиясында эмпириялық материалды жинаудың барлық негізгі әдістері кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі. Бір қарағанда бұл әдістің ойлауды зерттеуге қатысы жоқ болып көрінеді. Бірақ олай емес. Әр түрлі табиғи жағдайлардағы адамның әрекеттерін бақылай отырып, оның тапсырманы шешу процесіндегі мимикасын және пантомимикасын бақылай отырып, оның басқа адамдармен өзара әрекетінің ерекшеліктерін бақылай отырып ойлау туралы да көп нәрсені білуге болады. Мысалы, үй жағдайларындағы оқушының оқу іс- әрекетін бақылай отырып, оның ұсынылған тапсырмаларды қаншалықты үнемі шешетіндігін, шешуге қанша уақыт жұмсайтындығын, оның күш салуларының нәтижелері қандай екенін тіркеуге болады. Мұндай бақылаулардың нәтижелері нақты тапсырмаларды шешуге әсер ететін баланың оқуға деген қатынасы туралы, оның ойлау іс-әрекетінің ұйымдасқандығы туралы, жеке ақыл–ой дағдыларының қалыптасу деңгейі туралы пайымдаулар үшін негіз болуы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойын оның іс-әрекетін бақылай отырып, бала қолданатын ойындардың қандай тип екенін белгілеуге және оның бейнелік ойлауының даму деңгейі туралы болжам айтуға болады. Интенсивті ақыл–ой еңбегі процесіндегі жеткілікті тәжірибелі ойлап тапқышты түрлі сөздіктермен, тезаурустармен, шетел сөздерінің анықтамаларымен көруге болады. Бұл ерекшелік нақты тапсырманың шешімін іздеуге тартылатын білімдер шеңберін бейнелейді.
Осы барлық жағдайларда
Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.
Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.
Ойлау психологиясында
Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялық–техникалық жаққа, ал екіншісінде–қажеттіліктік– мотивациялыққа.
Әңгімелесу әдісі зерттелушінің шешіліп оытрған тапсырмаға қатынасын, зерттелушілердің өздерінің ойлау процестерін қалай түсінетіндігін (рефлексияны) өзінің ойлау мүмкіндіктерін бағалауын (өзіндік бағалауды) анықтауға мүмкіндік береді. Тура сұрақтарға да (“Сізге ұсынылған тапсырма таныс па, әлде таныс емес пе?”), жанама сұрақтарға да (“Сіз осы тапсырманы қалай қабылдайсыз?”) берілген жауаптары қызықтырады. Қойылған сұрақтардың суггестивтілік деңгейін ескеру қажет. Зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы жақсы өзара қатынастарды, өзара түсіністіктерді қалыптастыру оның әңгімелесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әңгімелесу үнемі әңгімелесуге қатысушыны бақылаумен толығады. Әңгімелесу әдісі психологиялық әдебиетте көмекші ретінде квалификацияланады, ол бақылау мен эксперименттің мәліметтерін нақтылау үшін, сонымен қатар зерттелушіні бастапқыда зерттеу үшін қолданылады. Ойлауды зерттеулерде сонымен бірге сауалнама да жүргізіледі. Зерттеушілер қойылған сұрақтарға жауапты өздері қалыптастырулары тиіс ашық сауалнамалар зерттелушінің ойлауын үлкен шамада белсендіреді, бірақ оларды статистикалық тұрғыда өңдеу қиын болады.
Іс-әрекеттің өнімдерін зерттеу ойлауға қолданған кезде тек ауызша немесе жазбаша (күнделіктер, хаттар) формадағы сөздік–сөйлеу өнімдерін, бейнелік–сөйлеу өнімдерін (суреттер, сызбалар) ғана емес, сонымен қатар нақты заттарды (машиналарды, приборларды, құрылғыларды) талдауды, жасап шығару және жаңалық ашудың тарихын талдауды білдіреді. Б.М. Тепловтың “Ум полководца” және М.Г. Ярошевскийдің “Сеченов и мировая психологическая мысль” атты еңбектері эксперименттік емес әдістерге негізделген зерттеулердің үлгісі бола алады.
Тесттер әдісінің көмегімен
Ойлауды зерттеуде тек сапалық
қана емес, сондай–ақ сандық әдістер
де қооданылады: интеллектінің
құрылымын зерттеудегі
Ойлауды зерттеу әдістерінің
әрқайсысының өзінің күшті
Қалыптастырушы эксперимент
Қазіргі кездегі әдебиетте
Ойлауды зерттеу әдістерінің
саналуандығы ойлауды
Кез келген басқа да психикалық процестер ретінде ойлау да онтогенез барысында біртіндеп, қарапайымдыдан күрделіге қарай жетіледі. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым–қатынас жасуының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған йод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының
дамуында елеулі кезең болып
табылады. Мектепке барғанға дейін
бала ойлауды ұзақ даму
Информация о работе Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет